Күндізгі оқу факультеті



бет1/6
Дата03.07.2016
өлшемі1.66 Mb.
#173883
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6


Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі

Төтенше жағдайлар Комитетінің



Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті



Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

5В100100 «Өрт қауіпсіздік» мамандығы бойынша дипломлық

жұмысты (жоба) дайындау бойынша




ТАПСЫРМА


Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Өскемен қаласындағы ағаштарды өндеу «Милиса» ЖАҚ комбинатында өртті сөндіру параметрлері дамуының негізгі анықтамалары»
1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 10 ж/қ «16» қыркүйек 2014 ж.
2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі «05» маусым 2015 ж.
3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер нысанның жобасы.
4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:




п/п

Тарау атауы


орындалу мерзімі

1

Кіріспе

17.10.2014

2

Диплом тақырыбыныңмақсатымен тапсырмасын түсіндіру

25.10.2014

3

Шақыруды өңдеу

02.11.2014

4

ШҚО ТЖД ММ«ӨС және АҚЖ» өрт бөлімдерінің жауынгерлік іс-әрекетінің сараптамасы

10.11.2014

5

Нысанның жедел-тактикалық сипаттамасы

25.12.2014

6

Өрт және оның құбылыстары

20.01.2015

7

Өрттердің дамуы

28.01.2015

8

Өрттегі бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының шешуші бағыты

01.02.2015

9

Ғимараттың қабаттарында өрттерді сөндіру

10.02.2015

10

Жылжымалы өрт техникасымен «Милиса» ЖАҚ өртті сөндіруді ұйымдастыру

20.02.2015

11

Өрттің негізгі параметрлерін болжамдау (1 нұсқа)

28.02.2015

12

Өртті сөндіруді ұйымдастыру

05.03.2015

13 1

Өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасы

14.03.2015

14

«Милиса» ЖАҚ -нің өрт кезінде жағдайын болжамдау (2 нұсқа)

27.03.2015

15


Өрт сөндіруді ұйымдастыру

01.04.2015

16


Өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасы

06.04.2015

17


Өрттегi жауынгерлiк iс-қимылдарды жүргiзу

20.04.2015

18


Өртте күштер және құралдармен басқарудың негізгі принциптері

05.05.2015

19


Өрт сөндіру басшысы

15.05.2015

20


Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері

20.05.2015

21


Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

22.05.2015

22


Қорытынды

01.06.2015

23


Әдебиеттер тізімі

03.06.2015

5. Тапсырманы тапсыру мерзімі «____»______________ 2014 жыл.


6. Бекітемін:

ө.қ.қ. подполковнигі Карденов С.А.
7. Жетекші:

ө.қ.қ. полковнигі Булкаиров А.Б.
8. Тапсырманы орындауға қабылдадым:

ө.қ.қ. қатарындағы Ергалиев А.Д.



Мазмұны

Кіріспе

4

1. Өрт және оның дамуы

6

1.1. Өрт және оның құбылыстары

6

1.2. Өрттің негізгі параметрлері

7

1.3. Өрттің аймақтары мен стадиялары

14

1.4. Өрттегі газалмасу

16

1.5. Өрттердің дамуы

18

2. Ағаш өңдеуші комбинаттарда өрт туындау қатерін талдау

21

2.1. Ағаш өңдеуші комбинаттардың қысқаша сипаттамасы

21

2.2. АӨК-тарындағы өрт түрлерін талдау

26

2.3. Өрт түрлерінің мысалы

27

2.4. Кәсіпорынның технологиялық қызметінің сипаттамасы

30

3. АӨК-тардағы және кесілген материалдар қоймаларындағы өрт сөндіру тактикасы

32

3.1. Ағаш өңдейтін кәсіпорындарда өрттің өршуі мен оны сөндірудің ерекшеліктері

32

3.2. Ағаш материалдарының қоймаларында өрттің өршуі мен оны сөндіру ерекшеліктері

34

3.3. Ағаш қоймаларында өртті сөндіру

37

4. Объектінің инженерлік-техникалық шешімдерін талдау

43

4.1 Объект сипаттамасы

43

4.2. Дөңгелек орман материалдарының ашық қоймалары

45

4.3. Баланстық ағаш, шайыр және үйінді сақтау отындарының ашық қоймалары

46

4.4. Сыртқы өрт қарсы су қамтамасы

48

4.5. Технологиялық үдерістің өрт қауіптілігі

48

4.6. Жұмыстың технологиялық үдерісі

53

5. АӨК-тарында өрт туындау кезінде өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік әрекеттерін жоспарлау

55

5.1. Дайын цилиндрлік бөренелердің негізгі қоймаларында өрттің пайда болуларынң негізгі параметрлерін болжамдау

55

5.2. Өртті сөндіруді ұйымдастыру және күштер мен құралдарды басқару

58

5.3. АТТ даярлау цехында өрт туындау жағдайын болжау

61

5.4. Өрт сөндіруді ұйымдастыру

64

6. Қабылданған шешімдердің экономикалық негізделуі

69

7. Өртті сөндіру кезіндегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау

72

Қорытынды

73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

74


Кіріспе
Өртті сөндіру өрт көзін жою және оның салдарын төмендетуге бағытталған өрт сөндіру қызмет бөлімшелерінің жауынгерлік әрекеттерінің негізгі түрі болып табылады.

Өртте қалған адамдарды құтқару, меншіктің барлық формаларын күзету және азаматтардың мүліктерін сақтап қалу – өрт сөндіру бөлімінің әрбір қызметшісінің киелі парызы.

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздеріне берілген жұмысқа шын ниетпен қарауға, заңдардың, басшылардың анттары мен бұйрықтарын нақты орындауға жауапты болуы қажет. Моральді және физикалық күштердің толық қысымы бар жауынгерлік әрекеттерді жүргізуі, бұл уақытта батылдық, ерлік, ынта, төзімділік, тапқырлықты бейнелеу және объективті қалыптасқан жағдайларда ақталынған кәсіби тәуекел қабылдап, жауынгерлік міндетін атқаруға ұмтылуы қажет.

Өрт кезіндегі өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамының негізгі міндеті адамдарды олардың өмірлеріне келетін қатерден құтқару және өртті тұмшалау үшін қажетті күштер мен құралдарды әскери ашылуының аяқталу сәтінде ол қабылдаған өлшемдер бойынша өрт көзін жою.

Өртті сөндіру сәтті аяқталу үшін қажет:


  • Барлық командирлер мен өрт сөндірушілердің тәртібі, шешуші және белсенді әрекеттері, жоғары тактикалық дағдылары;

  • Шешуші бағытты дұрыс анықтау;

  • Шешуші бағытта күштер мен құралдарды ендіру мен заманауи зейіндеу және оларды қабілетті басқару;

  • Бөлімшелерді өрт сөндіру техникасы және өрт сөндіру-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.

Ағаш өңдеуші кәсіпорындар жоспарлау күрделілігімен, терезе ойықтарының және кірістерінің шағын санымен, адамдар мен материалдық құндылықтардың үлкен санын зейіндеу, термиялық ыдырауы мен жануы уытты заттардың бөлінетін түттінің интенсивті туындауы, жарылырстармен қатарласып жүруі мүмкін түрлі физикалық-химиялық қасиеттерге ие материалдардың бар болуымен сипатталынады.

Дипломдық жоба объектісі болып ШҚО, Өскемен қ-сы орналасқан ЖАҚ «Мелиса» ағаш өңдеуші комбинаты табылады.

Дипломдық жоба мақсаты объектінің өрт сөндіру күйін талдау, өрттің туындау мүмкіндігі туындаған кезде артқа қалдыруға болмайтын және қорғау жұмыстарын ұйымдастыру, сонымен қатар күштер мен құралдарды басқару.

Берілген жобаның міндеттері:



  • Объектінің өрт сөндіру қатерінің жан-жақты талдауы;

  • Объектінің оперативті-тактикалық сипаттамаларын меңгеру;

  • Объект өртінің дамуы мүмкін көрсеткіштер есебі;

  • Объектіде туындауы мүмкін өрт көзін жоюға арналған қажетті күштер мен құралдарды анықтау;

  • Төтенше жағдай туындаған орында артқа қалдыруға болмайтын және өрт сөндіру жұмыстарын жүргізу;

  • Мүмкін ТЖ кезіндегі экономикалық шығындарды анықтау.


1. Өрт және оның дамуы
1.1. Өрт және оның құбылыстары
Өрт – адамдардың өмірі мен денсаулығына, мемлекет пен қоғамның қызығушылығына, адамдарға материалдық шығындар әкелетін бақылаусыз жану.

Өрт жанудан басқа уақыт пен кеңістікте дамитын массо- және жылу алмасу құбылысын қосатын қиын физико-химиялық процесс. Бұл құбылыстар өзара тығыз байланысты және өрт параметрлерімен сипатталады: жану жылдамдығы, температурасымен, және т.с.с. жағдайлар қатарымен анықталады.

Массо- және жылу алмасу құбылысын өрттің өлшемі мен пайда болу орнына тәуелсіз жалпы құбылыстар деп атайды. Өрт кезінде жану процессі жеткілікті үлкен уақыт аралығында адаммен басқарыла алмайды. Бұл процестің әсері үлкен материалдық шығындарға әкеледі.

Жалпы құбылыстар жеке құбылыстардың пайда болуына әкелуі мүмкін, яғни өртте болатын немесе болмайтын. Оларға жататындар: жарылыстар, құрылыс конструкцияларының, технологиялық аппараттар мен қондырғылардың деформациясы және бұзылуы, резервуарлардан мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы және басқа да құбылыстар.

Жеке құбылыстардың пайда болуы тек өртте қолайсыз жағдайларда ғана пайда болуы мүмкін. Осылайша, өрттің үлкен ұзақтылығы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы тек ғимараттарда және ашық өндіріс орындарында өтеді; мұнай өнімдерінің қайнауы немесе лақтырылуы – тек қара және суланған мұнай өнімдерінің жануы кезінде.

Өрт сонымен бірге қоғамға тек материалдық емес, сонымен қатар моральді шығындарға әкелетін әлеуметтік құбылыстармен өтеді. Адамдардың өлуі, термиялық зақымдалу және токсикалық жану өнімдерімен улану, адамдар көп келетін объектілерде үрейдің пайда болуы және т.б. - өртте болатын құбылыстар. Бұл ерекше құбылыстар тобы психологиялық ауыртпалыққа және адамдарды стресс күйіне әкеледі.

Біздің және дамыған елдердің статистикалық есептеулері бойынша, түрлі тағайындаулы ғимараттарда адамдардың өлімі мен шығыны өрттің қауіпті факторларына байланысты. Қауіпті факторлар зақымдалуға, адамдардың өлімі мен улануына, сол сияқты материалдық құндылықтардың жойылуына әкелетін өрт факторларымен түсіндіріледі.

Адамдарға әсер ететін өрттің қауіпті факторлары (ӨҚФ) болып табылады: ашық от және ұшқындар; заттардың, қоршаған ортаның жоғары температурасы; токсикалық жану өнімдері, түтін; оттегінің төмендетілген концентрациясы; агрегаттардың, қондырғылардың құрылыс конструкцияларының құлайтын бөліктері және жарылыстың қауіпті факторлары.

Өндірістік және қойма ғимараттарындағы өрттер ең үлкен материалдық шығындарға әкеледі, ӨҚФ адамдардың өлімі тұрғын ғимараттарда өтеді. Көп қабатты өндірістік ғимараттарында өрттер сирек болады, бірақ вертикаль бағытта тез таралады, олардың материалдық шығындары бір қабатты ғимараттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Үлкен материалдық шығындар мен адамдардың өлімін ірі өрттер әкеледі.

Адамдардың өлімі, негізінен, өрт дамуының бастапқы кезеңдерінен басталады. Өртте ең жиі балалар, қарт кісілер және мүгедектер қайтыс болады.

Өрттер санының өсуі, адамдар мен өлімі материалдық шығындар шамасы өндіріс концентариясымен, өртке қатысты жаңа қауіпті технологияларды құрумен, өрт бөлімдерінің қамтамасыз етілу деңгейімен және уақытында шараларды қолданылмаумен анықталады.

Осылайша, өртте бір-бірімен өзара байланысқан түрлі құбылыстар өтеді. Олар жалпы физико-химиялық және әлеуметтік-экономиялық заңдар негізінде жүреді, оларды білу арқылы өрттегі жағдайды сапалы бағалауға және өртті сөндіруге қолайлы шешімді енгізуге тиімді. Өртті детальді оқу және олармен күрес тактикасын өңдеу мақсатында, барлық өрттер топтар, класс және түрлер бойнша топтастырылады. Олардың топтастырылуы ұқсастық әсерлері негізінде өткізіледі.

Қоршаған ортамен массо- және жылу алмасу шарты бойынша барлық өрттер үлкен екі топқа бөлінген – ашық кеңістікте және қоршауларда.

Жанғыш заттар мен материалдар түріне байланысты өрттер А, В, С, Д класстарына және А1, А2, В1, В2, Д1, Д2 және ДЗ подкласстарына бөлінген.



А классты өрттерге қатты заттардың жануы жатады. Бұл жағдайда егер ағаш, текстильді өнімдер, қағаз бықсушы заттары жанатын болса, онда өрттер А1 подклассына жатады; ал бықси алмайтын заттар, мысалы пластмассалар А2 подклассына жатады.

В классына жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтар жатады. Олар В1 классына жатады, егер суда ерімесе (бензин, дизтопливо, мұнай және т.б.) және В2 классына суда еритін (мысалы, спирттер).

Егер жануға газдар, мысалы сутегі, пропан және т.б. қатысса, онда өрттер С классына жатады, металлдар жануы кезінде – Д классына. Д1 — жеңіл металлдардың жануын бөледі, мысалы, алюминий, магний және т.б.; Д2 – сілті және басқа да ұқсаса металлдарды, мысалы натрий, калий. ДЗ — металлоқұрамды қосылыстардың жануы, мысалы металлоорганикалық немесе гидридтердің.


1.2. Өрттің негізгі параметрлері

Өртке қарсы қорғау жүйесінде өрт қауіпсіздігі сұрақтарын шешу үшін, оның даму процесінде өрттің тәртібін, өрттегі жағдайды дұрыс бағалауды білу қажет. Өрт дамуының жобалауы жанудың таралу жылдамдығы мен бағытын, өрттің даму ұзақтылығын, температураның уақытта өзгеру және газ ортасының компоненттерін, газ алмасу қарқындылығының есептеу әдістерін және өрттің басқа да параметрлерін қолдануды ұсынады.

Әрбір өрт, түрлі құбылыстарды анықтайтын жағдай түрінде болады, мысалы, өрт кезінде жел жылдамдығы мен бағытының өзгеруі. Сондықтанда өрттің дамуын жобалау мүмкін емес. Бірақ өрттер жалпы заңдылықтарға ие.

Өртте болатын негізгі құбылыстар – бұл газо- және жылуалмасу процесстерінің жануы. Олар уақыт пен кеңістікте өзгереді және өрт параметрлерімен сипатталады. Өрт қоршаған орта заттары және энергиясымен ашық термодинамикалық жүйе ретінде қарастырылады.

Өртте болатын процесстерді және оларды сипаттайтын параметрлерді қарастырайық.

Өртте жанғыш заттар мен материалдардың жану процесі тотығудың химиялық реакциясы және физикалық құбылысы түрінде өтеді, онсыз жану мүмкін емес.

Жанудың негізгі шарттары болып табылады: жанғыш заттардың болуы, тотықтырғыштың химиялық реакция аймағына өтуі және жылудың үзіліссіз бөлінуі.

Заттар мен материалдар бойымен жану процесінің таралуы және пайда болуы біртіндеп өтеді. Жану көзі жанғыш затқа әсер етеді, оның қызуын тудырады, бұл жағдайда беттік қабат қатты қызады, беттіктің белсенділігі өтеді, термиялық және физикалық процесстерден заттар мен материалдар буланады, аэрозольді қоспалардың түзілуі өтеді. Түзілген газ тәрізді өнімдер экзотермиялық айналымға өтуге қабілетті, ал жанғыш материалдардың қатты бөлігінің дамыған беттігі оның ыдырауына қабілетті. Газ тәрізді өнімдердің бу концентрациясы, булану деструкциясы критикалық мәнге жетеді, заттар мен материалдардың қатты бөліктерінің газ тәрізді өнімдері тұтанады. Бұл өнімдердің жануы жылу бөлінуге, беттік температурасының өсуіне және жану өнімдері концентрациясының өсуіне әкеледі. Тұрақты жану, химиялық реакция аймағында термиялық ыдыраудың жану өнімдерінің түзілу жылдамдығы тотықсыздану жылдамдығынан кіші болғанда басталады. Онда жану аймағында бөлінетін жылу әсерінен жанғыш заттар мен материалдардың келесі аумақтарында қызу, деструкция, булану және тұтану өтеді.

Өртте жану процесінің дамуын сипаттайтын факторлаға жататындар: өрт ауыртпалығы, жану жылдамдығы, материал бетінен жалын таралуының сызықты жылдамдығы, өрт ауданы, жанғыш материалдардың беттік ауданы, жылу бөліну қарқындылығы, жалын температурасы және т.б.

Өрт ауыртпалығы еден бетінің бірлігіне қатысты жылу мөлшері түрінде түсіндіріледі, ол өрт кезінде бөлме немесе ғимарат ішінде бөлінеді.

Өрт ауыртпалығын Р, МДж/м2, тұрақты және уақытша өрт ауыртпалықтарының қосындысы түрінде анықтайды. Тұрақты өрт ауыртпалығына құрылыс конструкцияларындағы жануға қабілетті заттар мен материалдар жатады. Уақытша өрт ауыртпалығына өндірістердегі заттар мен материалдар жатады, соның ішінде жануға қабілетті технологиялық және санитарлы-техникалық қондырғылар, оқшаулағыш, шығынды қоймалардағы материалдар, жиһаз және т.б.

Тұрақты және уақытша өрт ауыртпалықтарын келесі формулалармен анықтайды:

, (1.1)

мұндағы М­i – i заты мен материалының массасы, кг; Q – жану кезінде 1 кг. – i заты мен материалымен бөлінетін жылу мөлшері, МДж/кг; S – ғимараттар мен имараттардың ауданы, м2; j – уақытша өрт ауыртпалығына заттар мен материалдар түрлерінің саны; k – тұрақты өрт ауыртпалығына заттар мен материалдар түрлерінің саны.

Ғимараттар мен имараттардың есептелген өрт ауыртпалығы заттар мен материалдардың жануын, ғимараттар немесе олардың бөліктерінің геометриялық өлшемдерін, өрт ауыртпалығына қажетті өртке қарсы техниканың бар болуын ескереді және мына формула бойынша анықталады:



, (1.2)

мұндағы Р– өрт ауыртпалығы, МДж/м2; а–тығыздыққа тәуелді заттар мен материалдардың жану жылдамдығының коэффициенті; b – ғимараттың параметріне тәуелді заттар мен материалдардың жану жылдамдығының коэффициенті; с – өртке қарсы техниканы бейнелейтін коэффициент.

Өрт ауыртпалығын және есептелген өрт ауыртпалығын сол сияқты кг/м2 анықтауға жіберіледі. Онда, объектінің өрт ауыртпалығы 1 м2 ауданға немесе бөлме еденінің ауданына келетін барлық жанғыш және қиын жанатын материалдар массасымен түсіндіріледі.

Есептелген өрт ауыртпалығы өрт ұзақтылығын сипаттайды (ауыртпалық үлкен болған сайын, өрт соғұрлым ұзақ).

Жану жылдамдығы жану кезінде уақыт бірлігінде материал массасының жоғалтуымен түсіндіріледі. Термиялық ыдырау процесі заттар мен материалдар массасының төмендеуімен жүреді, есептеуде ол уақыт және аудан бірлігінде массалы жану жылдамдығы кг/(м2*с) тәрізді болады және мына қатынаспен анықталады

, (1.3)

мұндағы dm – материал массасының элементарлы өзгеруі, кг, , с уақыты ішінде; S – жану ауданы, м2.

Жанудың массалы жылдамдығы заттың немесе материалдың агрегаттық күйіне, бастапқы температурасына және басқа да жағдайларына тәуелді. Жанғыш және жеңіл тұтанғыш сұйықтықтардың массалы жану жылдамдығы олардың булану қарқындылығымен анықталады. Қатты заттардың массалы жану жылдамдығы жанғыш түріне, өлшеміне, бос беттік шамасына; өрт температурасына және газалмасу қарқындылығына тәуелді. Массалы жану жылдамдығына қоршаған ортадағы оттегі концентрациясы өз әсерін тигізеді.



Жалынның сызықты таралу жылдамдығы (өрттің) берілген бағытта уақыт бірлігінде жалын майданының қозғалысымен сипатталады. Ол жанғыш заттар мен материалдар түрі және табиғатына, бастапқы температураға, жанғыштың тұтануға қабілеттілігіне, заттар мен материалдар бетіндегі жылулық ағын тығыздығына тәуелді.

Жанудың сызықты таралу жылдамдығы м/с, жанғыш материал беттігі бойынша мына қатынаспен анықталады:



, (1.4)

мұндағы, l – бір бағытта жалын майданымен өтілген қашықтық, м; – жалын майданының таралу уақыты, с.

Жану ауданының беттік ауданына қатынасы беттік жану ауыртпалығы коэффициентімен КП сипатталады:



, (1.5)

КП шамасынан өрт параметрлері өзгереді. Осылайша, қамтамасыз етілген газ алмасу кезінде КП ұлғаюынан, жанудың таралуы мен жылдамдығы, өрт температурасы өседі.

Бұл, өз кезегінде, сөндіру параметрлерінде және қажетті от сөндіргіш заттарды беруді, сөндіру уақытын, сол сияқты өртті жоюға қажетті жалпы күштер мен құралдар санын керек етпейді.

Қоршаулардағы өрт температурасы бөлмедегі газды ортаның орта көлемді тнмпературасымен түсіндіріледі, ашық кеңістіктердегі өрт температурасы – жалын температурасымен. Қоршаулардағы өрт температурасы, ереже бойынша, ашық кеңістіктегіге қарағанда төмен болады.

Жану процесін сипаттайтын ең басты параметрлердің бірі өрт кезінде жылу бөлудің қарқындылығы болып табылады. Бұл шама өрт кезінде бөлінетін жылу мәніндегі уақыт бірлігіне тең. Ол заттар мен материалдардың жану жылдамдығымен және жылу құрамымен анықталады. Жылу бөлу қарқындылығына оттегі құрамы және орта температурасы әсер етеді, ал оттегі құрамы қоршаулардағы өрттер кезінде бөлмеге ауа қарқындылығының енуіне және ашық кеңістіктердегі өрттер кезінде жалынды жану аймағына ауаның өтуіне байланысты. Ауа ағынымен реттелетін өрттер кезінде, жылу бөліну қарқындылығы келетін ауа шығынына пропорционал:



, (1.6)

мұндағы,– жанудың толық коэффициенті; η – уақыт бірлігінде қатты немесе сұйық күйден газ тәрізді күйге ауысуы кезінде келетін заттар мен матиериалдардың жану жылдамдығы; – келетін ауадағы оттегі концентрациясы; L1 – жанғыш материалдың жануына қажетті оттегінің теориялық мөлшеріество; G – бөлмеге енетін ауа шығыны, м3/с;

Егер өртте жану ауа ағынымен шектелмесе, жылу бөліну қарқындылығы жалынмен қамтылған материал бетінің ауданына байланысты. Жалынмен қамтылған заттар мен материалдар бетінің ауданы өрт барысында тұрақты шама болып қала беруі (мысалы, сұйықтықтың резервуарда жануы, құлатылу және т.б.) немесе өзгеруі мүмкін (мысалы оттың жиһаз және басқа жанғыш материалдар бетімен таралуы). Өрттегі жылу бөліну қарқындылығы газ алмасуға байланысты және мына формула бойынша анықталады:



(1.7.)

Өрт кезінде газ тәрізді, сұйық және қатты заттар бөлінеді. Оларды жану өнімдері деп атайды, яғни жану нәтижесінде түзілген заттар. Олар газды ортада таралады және түтіндену құрады.



Түтін – бұл газ, бу және қатты бөлшектерден тұратын ауаның және жану өнімдерінің дисперсті жүйесі. Бөлінген түтін көлемі, оның тығыздығы және улылығы жанғыш материал қасиеті мен жану процесінің өту жағдайына байланысты.

Өртте түтін түзілу өрттің барлық ауданынан бөлінетін түтін мөлшерімен алынады, м3/с. Ол мына қатынаспен анықталуы мүмкін:





мұндағы φ – пропорционалдық коэффициенті; Vm – жанудың массалық жылдамдығы; Vп.г – бір килограмм жанғышты жандыру кезінде түзілген жану өнімдерінің көлемі, м3/кг; Тд және То – түтін және қоршаған орта температурасы, К.

Ғимараттар мен бөлмелердің түтіндену процессі жану кезінде түзілген және ғимараттан жойылатын Vуд түтін мөлшеріне тәуелді. Егер бұл айырмашылықты бөлме көлеміне W теңестірсек, түтіндену қарқындылығын аламыз, м3/(м3с):


(1.9)

мұндағы W – бөлме көлемі, м3; z – түтін концентра­циясы (пайыз үлесінде).

Бөлме көлемінен басқа, осы формулаға кіретін барлық шамалар уақыт аралығында өзгереді. Сондықтан да практикалық есептеулер үшін, берілген мәндерді дифференциалды түрде жазып алу қажет. Онда бөлмедегі түтін концентрациясына сүйене отырып, өрт анализі немесе белгілі бір объектінің жедел құжаттарын өңдеу кезінде жеңілдік береді.

Түтін концентрациясы – бұл бөлме көлеміндегі жану өнімдерінің мөлшері. Оны зат мөлшерімен сипаттауға болады г/м3, г/л немесе көлем үлесінде.

Түтін тығыздығынан көру қабілеттілігі экспериментальды жолмен дәлелденген, мысалы, егер заттар 3м арақашықтықта 21 Вт топтық шамның жарықтандырылуымен көрінсе (көміртегінің қатты бөлшектері 1,5 г/м3)– түтін оптикалық тығыз; 6 м дейін (0,6–1,5 г/м3 көміртегінің қатты бөлшектері) – түтін орта оптикалық тығыз; 12 м дейін (0,1–0,6 г/м3 көміртегінің қатты бөлшектері) – түтін оптикалық әлсіз.

Өрттегі газ алмасу – бұл жану кезінде жылу бөлінумен шақыртылған газ тәрізді массалардың қозғалысы. Газдар қызған кезде, олардың тығыздығы төмендейді, және олар суық атмосфералық ауаның тығыз қабаттарымен шығарылады және жоғарыға көтеріледі. Жалын факелының негізінде жану аймағына ауа ағынының енуіне қабілетті сирету пайда болады, ал жалын факелының үстінде – артық қысым. Ашық кеңістіктерде және үлкен емес ауданды бөлмелерде газ алмасу аэродинамика заңы негізінде өткізіледі, және газ алмасу процесін қарастыру арнайы білімдерді қажет етеді.

Бөлме ішіндегі өрт кезінде, газ алмасу процессі термодинамикалық параметрлер көлемінде (Рτ, r, Тτ – қысым, тығыздық, температура) табиғи газ алмасу заңының негізінде базаланады.

Бөлмедегі газ алмасу процесіне бөлме биіктігі, ойықтардың геометриялық өлшемдері, жел бағыты мен жылдамдығы көп әсер етеді.

Өртте газ алмасу процесі бөлмелерде, сонымен қатар ғимараттарда да түтінденуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Өртте газ ағындарын басқару бойынша ұйымдастыру жұмыстары ғимараттар мен қос бөлмелерде түтінденуді тоқтатуға қабілетті, ол өртті жою және тоқтату жұмыстарын жеңілдетеді.




Сур. 1.1. Өрттегі жылу берілу

Өртте болатын ең басты процесстердің бірі жылу алмасу болып табылады. Жану кезіндегі бөлінетін жылу, біріншіден, өрттегі жағдайды қиындатады, екіншіден, өрттің даму себептерінің бірі болып табылады. Бұдан басқа, жану өнімдерінің қызуы, газ ағындарының қозғалысын тудырады (жану аймағының жанында орналасқан бөлмелер мен территориялар).


Жану реакциясының аймағында қанша жылу бөлінсе, сонша ол одан шығарылады. Түсіндірме ретінде (сур 1.1) қызмет етеді.

Qоб = Qг + Qср, (1.10)

мұндағы Qоб – жануға дайындалған жанғыш заттардың жылу шығыны; Qср – жану аймағынан қоршаған кеңістікке жылудың өтуі.

Жанудың жалғасуы үшін жылудың белгісіз бөлігі қажет етіледі. Бөлінетін жылудың барлығы 3 % дейін сәулелену жолымен жанып жатқан заттарға және булануға беріледі. Бұл жылу мөлшерін өрт кезіндегі жануды тоқтатудың әдістері мен тәсілдерін тоқтату және сөндірудің нормативты параметрлерін анықтау кезінде қолданады.

Сыртқы ортаға берілетін жылу өрттің таралуына жағдай жасайды, температураның жоғарылауын, конструкциялардың деформациясын тудыртады және т.с.с.

Өрттерде жылудың көп бөлігі конвекциямен беріледі. Осылайша, бұл әдіспен резервуарда бензиннің жануы кезінде жылудың 57–62 % беріледі, ал орман штабельдері жанғанда 60–70 %.

Әлсіз жел кезінде жылудың көп бөлігі атмосфераның жоғарғы қабаттарына беріледі. Қатты жел кезінде жағдай қиындай түседі, өйткені қызған газдар ағыны көлденең таралады.

Ішкі өрттер кезінде (яғни қоршаулардағы өрттер) сыртқы өрттерге қарағанда жылудың көп бөлігі конвекциямен беріледі. Ғимараттар ішіндегі өрттер кезінде жану өнімдері корридорлар, саты торлары, лифт шахталары, вентканалдар бойымен қозғала отырып, жылуды кездескен конструкциялар мен материалдарға береді. Мынаны ескеру қажет, конвекционды ағыстар жылдамдығы мен жану өнімдерінің қызу температурасы жоғары болған сайын, жылу қоршаған ортаға соғұрлым көп беріледі.

Ішкі өрттер кезінде жылу жанып жатқан бөлмеден қорғағыш конструкциялар, металл құбырлар, балкалар арқылы көршілес бөлмелерге өтеді. Резервуарларда сұйықтықтар өрті кезінде жылу қара мұнай өнімдерінің лақтырылуы мен қайнауын тудырта отырып, төменгі қабатпен беріледі.




Сур. 1.2. Сәулеленудің қарқындылық бағыты
Жылудың сәулеленумен берілуі сыртқы өрттер үшін тән. Жалын беті үлкен болған сайын, оның қаралық дәрежесі соғұрлым төмен, жану температурасы жоғары болған сайын, жылу соғұрлым көп беріледі. Қуатты сәулелену газмұнай фонтандары, резервуарларда ЖТС және ЖС, орман штабельдерінің жануы кезінде байқалады. Бұл жағдайда жылудың 30-дан 40 % - дейін үлкен арақашықтарда беріледі.

Ең қарқынды жылу жалын факеліне беріледі, иілу бұрышының ұлғаюынан жылудың қарқынды берілуі төмендейді (сур. 1.2).

Қоршаулардағы өрттер кезінде сәулелену қимылы жанып жатқан бөлмелердегі құрылыс конструкциялары және жылу экраны тәрізді түтіндеумен шектеледі. Жану аймағынан алыстатылған участоктарда сәулеленудің жылулық әсері өрттегі жағдайға әсер етпейді. Бірақ, жану аймағына жақын болған сайын, оның жылулық әсері қауіптірек болады.

Практика көрсеткендей, 80–100 °С тең құрғақ және 50–60 °С ылғал ауа температурасы кезінде, адам арнайы жылу қорғағышсыз тек саналған минуттар аралығында жүре алады. Ең жоғарғы температура және бұл аймақта ұзақ уақыт бойы болу, жылулық соққыға, естен тануға және өлімге душар етеді.

Түсетін жылулық ағын жалын факелы мен объект арасындағы қашықтыққа тәуелді. Бұл параметрмен сәулеленуші объект үшін қауіпсіз жағдай байланысты.

Сур. 1.3. Өрттегі аймақтар:

1 – жану аймағы;

2 – жылулық әсер аймағы;

3 – түтіндену аймағы.

Кейбір материалдар үшін жіберілетін жылулық ағын тығыздығы мен температурасы анықтамалық әдебиеттерде көрсетілген. Мысалы, адам үшін сәулеленудің шекті қарқындылығы 1050 Вт/м; адамның қорғалмаған дене бөлігінің қызу температурасы 40 °С аспауы тиіс. Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі үшін 7500 Вт/м және 393 °С тең.

Бөлмедегі өрттер кезіндегі жанғыш газдар, жалын факелы және қорғағыш конструкциялардың жылу алмасу процесі бір мезгілде жылулық сәулелену, конвекция және жылу өткізгіштікпен жүзеге асырылады.

Ішкі өрттерде сәулеленумен берілетін жылу бағыты конвекцияның жылу беруімен сәйкес келмейді, сондықтан да бөлмеде қорғағыш конструкциялардың беттік аймақтарына ғана әсер ететін аймақтар болуы мүмкін.

1.3. Өрттің аймақтары мен стадиялары

Өрт дамитын кеңістік үш аймаққа бөлінеді: жану, жылулық әсер және түтіндену (сур. 1.3).

Жану аймағы деп, жалынның диффузионды факелінде термиялық ыдырау процесстері немесе жанғыш заттар мен материалдар (қатты, сұйық, газ, бу) булануы өтетін кеңістікті айтады. Жану жалынды (гомогенді) және жалынсыз (гетерогенді) болуы мүмкін. Жалынды жану кезінде жану аймақтарының шектері жанғыш материал беті және жалынның жұқа қабаты болып табылады, жалынсыз – жанғыш заттың қызған беттігі.


Сур. 1.4. Өрттегі жану аймақтары:

а – ашық кеңістікте;

б, в – қоршауларда.

Жалынсыз жанудың мысалы ретінде кокстың, ағаш көмірінің жануы, талшықтардың, торфтың бықсуы бола алады.

Жалынды жану аймақтарының шегі сызба түрінде сур. 1.4 (а. б. в) көрсетілген.

Жылулық әсер аймағы жану аймағының шектеріне қосылады. Кеңістіктің бұл бөлігінде жалын бетінің, қоршаған қорғағыш конструкциялар және жанғыш материалдар арасында жылу алмасу процесстері өтеді. Қоршаған ортаға жылудың берілуі жоғарыда қарастырылған әдістермен жүзеге асады: конвекция, сәулелену, жылуөткізгіштікпен.

Түтіндену аймағы адамдардың дем алу органдарының қорғау құралдарынсыз келуі және көру қабілетінің жетіспеушілігінен өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылдарды қиын орындалуымен түсіндірілетін, жану аймағына қосылатын кеңістік.

Ғимараттар мен имараттардағы өрттер кезінде өрттің қауіпті факторлары түтіндену аймағында қалып қойған адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында жеке құрамның жауынгерлік жұмыстарды орындау қиындығы болып табылады. Бұдан басқа, түтінденген бөлмелердегі жеке құрам жұмысы белгілі дағдыларды, жоғары физикалық және психологиялық дайындықты қажет етеді.

Түтіндену аймағына жылулық әсер аймағы жатады.

Түтіндену аймағының шектері деп түтін тығыздығы 1-10-4÷6-10-4 кг/м3 құрайтын, заттар көрінуі 6-12 м, түтіндегі оттегі концентрациясы 16% және дем алу органдарын қорғау құралдарынсыз адамдардың өмірі мен денсаулығына улы газдар қауіп төндірмейтін шектер саналады.

Өрт кезінде жану аймақтарының шегін орнату мүмкін емес, өйткені олар әрдайым өзгеріп отырады.

Өрттің даму процессінде үш стадияны ажыратады: бастапқы, негізгі(дамыған) және соңғы. Бұл стадиялар өрттің қай жерде өткеніне байланысты емес: ашық кеңістікте немесе бөлмеде.



Бастапқы стадияға өрттің жану көзінен дамуы сәйкес келеді; бөлме толығымен жалынмен қамтылған сәтке дейін. Бұл стадияда бөлмедегі температураның өсуі және онда газ тығыздығының төмендеуі өтеді. Бұл жағдайда ойықтар арқылы газдардың жойылуы, келетін ауа мөлшерінен жоғары.

Өрттің бастапқы стадиясында ауа және бөлмедегі жану өнімдері көлемде өзгереді, бірнеше ондық паскальге дейін артық қысым пайда болады, оның нәтижесінде газ қоспасы құрылыс конструкцияларының, терезе, есік және басқа да саңылаулар арқылы сыртқа шығады. Жану концентрациясы біртіндеп төмендейтін бөлмедегі ауа оттегісімен әрекетке түседі. Егер бөлме қоршаған ортадан оқшауланған болса, мысалы терезе ойықтарының шынылануы бұзылмаса немесе мүлдем жоқ болса, есіктер тығыз жабық болса, жану процесінің дамуы баяулайды немесе мүлдем тоқтатылады. Кері жағдайда өрттің бастапқы стадиясында жану белгілі бір бөлме ауданына таралады, конструкциялар мен материалдар қыздырылады, бөлменің орта көлемді температурасы 200–300 °С дейін көтеріледі, түтінде көміртегінің оксид және диоксид құрамы өседі, қарқынды түтін бөліну өтеді және көру қабілеттілігі төмендейді. Бөлменің көлемі, оның герметизация дәрежесі және өрт ауыртпалығының таралуына байланысты өрттің бастапқы стадиясы 5–40 мин жалғасады. Бірақ адамға қауіпті жағдайлар 1-6 минуттан кейін пайда болады.

Өрттің бұл стадиясы, ереже бойынша, құрылыс конструкциялардың от төзімділік дәрежесіне әсер етпейді, температурасы төмендеу болғандықтан.

Жалынның сызықты таралу жылдамдығының шамасы тұрақсыз және көптеген факторларға, сол сияқты өрт даму стадиясына тәуелді болғандықтан, сөндірудің күштері мен құралдарын есептеудің өрт геометриялық параметрлерін практикалық есептеу кезінде жабық бөлмелердегі дамудың алғашқы 10 минутында ол 0,5 коэффициентімен алынады. Өрт дамуының сызықты жылдамдығы бастапқы стадиядағы жану процесіне қарағанда екі есе баяу жүреді.

Бөлменің өрт дамуының негізгі стадиясына орта көлемді температураның максимумға дейін жоғарылауы сәйкес келеді. Бұл стадияда, жанғыш заттар мен материалдардың көлемді массасының 80–90 % жанып кетеді, бөлмедегі газдар тығыздығы мен температурасы уақыт аралығында біршама өзгереді. Өрт дамуының берілген режимы квазистационарлы (орнатылған) деп аталады, бұл жағдайда бөлмеден шығарылатын газдар шығыны келетін ауа ағынына және пиролиз өнімдеріне тең.

Өрттің соңғы стадиясында жану процессі аяқталады және температура біртіндеп төмендейді. Шығарылатын газдар мөлшері, жану өнімдерінен және келетін ауа мөлшерінен төмен болады.


1.4. Өрттегі газалмасу

Өртті сөндіруде газ ағындарымен басқару жедел-тактикалық іс-қимылдардың ең негізгісі болып табылады, ол өрт сөндіру және құтқару жұмыстарын табысты жүргізу мақсатында орындалады.

Өртте газ алмасудың өзгеру көмегімен түтіндену аймақтарының өлшемдерін азайтуға, жану бағытын өзгертуге, жану аймағында өтетін процесстер жылдамдығына әсер етуге болады.

Газ алмасу қарқындылығын, жану аймағына келетін ауа ағынының жылдамддығымен түсіндіруге болады. Қызған жану өнімдері, реакция аймағында бөлмеге енетін ауа тығыздығымен салыстырғанда артық қысымды тудырта отырып, жоғарыға көтеріледі. Бөлменің төменгі бөлігінде тотығу реакциясына қатысатын ауадағы отттегі қысымының парционалды өзгеруінен, сирету пайда болады. Қысым сыртқы бөлме көлеміне немесе көршілес жанып жатқан бөлме қысымына тең бөлме биіктігі тең қысымдар деңгейі деп аталады. Осы бөлме деңгейінің жоғары бөлігі түтінмен толтырылса, төменгісі – жану өнімдерінің концентрациясы, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамына дем алу органдарын қорғау құралдарынсыз жұмыс істеуге бөгет келтірмейді. Егер тең қысымдар деңгейінде бөлмеде шартты тығыздықты өткізсек, онда оны тең қысымдар тығыздығы деп атауға болады. Жану аймағына таза ауаны енгізіп тұрған ойық жану өнімдерін сыртқа шығару сәті басталады, бұл жұмыс аймағын қиындатады.

Тең қысымдар деңгейінің түсіріруі, өрт бөлімшелері жеке құрамының дұрыс емес іс-қимылдарынан басталуы мүмкін. Мысалы, келетін және шығарылатын ойықтар аудандарының бұзылуынан, жауынгерлік қанат жаю және оқпаншылардың жану ошағына өтуін қиындатады.

Тең қысымдар деңгейі төмен орналасқан сайын, соғұрлым түтіндену аймағы көп көлемді алады, жану өнімдерінің қос бөлемелерге таралу қауіптілігі пайда болады.

Өрттермен табысты күресу үшін, өрт бөлімдерінің жеке құрамы өртте газ ағындарымен басқару әдістерін жетік білулері тиіс.

Олардың алғашқысын ғимарат аэрациясының өзгеруі деп атауға болады, яғни ғимараттағы терезе, есік, қоршағыш конструкциялардағы саңылауларды ашу және жабу.

Тең қысымдар деңгейі әрдайым тартпалы немесе енетін ойықтар аудандарына жақын орналасады. Сәйкесінше, өрт сөндіру жағдайларында, бөлмедегі тең қысымдар деңгейін реттеуге, түтіннен бос жұмыс аймағын жасауға болады. Бірақ, мынаны ұмытпау қажет, бдөлмедегі шығармалы және тартпалы ойықтар белгілі бір қатынаста орналасуы тиіс. Мысалы, шығармалы ойықтар үстінде тартпалы ойықтар ауданының өсуі бөлменің іші және сыртындағы қысымның төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл мақсатта шығармалы ойықтар уаданы тартпалы ойықтар ауданынан 1,5-2 есе көп болуы ұсынылады. Жауынгерлік жағдайда бұл қатынас тең қысымдар деңгейімен байқалады және бөлменің қоршағыш конструкцияларында қосымша саңылауларды жасаумен реттеледі.

Егер де өрт жағдайында қосымша төменгі ойықтар арқылы күшиер мен құралдардың енгізілуі қажет етілетін болса, жоғарыда ұсынылған қатынастармен жоғарғымойықтарды үлкейту қажет.

Өрт түтін сорғыштарын желдетумен қолдану, екінші әдіс болып табылады. Соңғылардың қолданылуы қорғалатын объектте өңделетін жедел-тактикалық құжаттарда айтылуы тиіс.

Қозғалмалы желдету қондырғылары өрттің түрлі мүмкін нұсқауларында қолданылады: жанып жатқан бөлмеге таза ауаны жіберу; жанып жатқан бөлмеден жану өнімдерін шығару; түтін сорғыштарды қиылыстырып қолдану, яғни олардың бір бөлігін жанып жатқан бөлмеге ауаны кіргізу үшін қолдану, ал қалған бөлігін – одан түтінді шығаруға.

Сур 1.5. Түтін сорғыштардың жұмыс істеу сызбасы:

а)бөлмеде бір ойықтың бар болуы кезінде;

б) бөлмеде бірнеше ойықтың бар болуы кезінде.

Үшінші әдіс өрт бөлімшелері жеке құрамының сәйкес от сөндіргіш заттарды қолданумен қорытындыланады. Мысалы, бөлмелердегі өрттерде газ тәрізді массалардың қозғалыс бағытын ойықтардағы ұстатқыштармен өзгертуге, түтіннің таралуын болдырмас үшін орташа және жоғары қысқалықты ауа-механикалық көбікті қолдануға болады. Көбік түтінді бөлмеден шығару үшін де кең қолданылады. Бірақ бұл әдісті орындау кезінде бөлмеге оның бөгетсіз кіру шараларын қарастыру қажет.

Сөндіру процесінде өрт бөлімшелерінің жеке құрамы шашыранды суды жиі қолданады. Бұл жағдайда түтінде орналасқан көміртегінің қатты бөлшектері ылғал әсерінен қоршалады, бөлме температурасы төмендейді, кейбір суда ерігіш улы жану өнімдерінің концентрациясы азаяды, ал бұл, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге қолайлы болып табылады.
1.5. Өрттердің дамуы
Жану ауданының өзгеру белгісі бойынша өрттерді таралатын және таралмайтын деп бөлуге болады.

Өрттер өлшемі және материалдық шығыны, ұзақтылығы және басқа да ұқсастық пен айырмашылықтар бойынша топтастырылады.

Бұдан басқа, топтастыруда жеке топшаны атап өту қажет, ашық кеңістіктегі өрттер – массалы өрттерді, ол жанғыш материалдар ірі қоймаларында және өнеркәсіп өндірістеріндегі болатын өрттер жиынтығымен түсіндіріледі. Жеке өрттер, жеке ғимараттар мен имараттардағы өрттермен жобаланады. Бір участокта ғимараттар мен имараттардың қарқынды жануы жаппай өрт деп аталады. Әлсіз жел немесе ол мүлдем болмаған кезде жаппай өрт отты шабуылға ауысуы мүмкін. Отты шабуыл – бұл турбулентті жалын факелы жану өнімдерінің қуатты конвективті колонкаларымен 14-15 м/с жылдамдығымен шығарылатын өрттің негізгі формасы.

Қоршаулардағы өрттерді екі түрге бөлуге болады: ауа алмасумен және өрт ауыртпалығымен реттелетін өрттер.



Ауа алмасумен реттелетін өрттер бөлменің газды ортасында оттегі құрамының өтуімен және жанғыш заттар мен материалдардың артып қалуымен түсіндіріледі. Бөлмедегі оттегі құрамы оның желдету шарттарымен анықталады, яғни өрттің бөлмеге механикалық желдету жүйелерімен және ауа шығыны немесе шығармалы ойықтар ауданымен.

Өрт ауыртпалығымен реттелетін өрттер бөлмеде артық ауа оттегісінің өтуі және өрт ауыртпалығынан өрттің даму тәуелділігімен түсіндіріледі. Бұл өрттер, өздерінің параметрлері бойынша ашық кеңістіктегі өрттерге жақындайды.

Қоршауға әсер ету сипаты бойынша өрттер жергілікті және көлемді болып бөлінеді.

Жергілікті өрттер қоршаулардағы әлсіз жылу әсерімен сипатталады және жануға қажетті артық оттегі кезінде дамиды, және жанғыш заттар мен материалдар, олардың күйі мен бөлмеде орналасуына тәуелді.

Көлемді өрттер қоршаулардағы қарқынды жылу әсерімен сипатталады. Желдетумен реттелетін көлемді өрт үшін жалын факелі мен газды қабат арасындағы түтін газдарының бар болуы сипатты, жану процесі ауа оттегісінің артық қысымы кезінде өтеді және ашық кеңістіктегі жану жағдайларына жақындайды. Өрт ауыртпалығымен реттелетін көлемді өрттер үшін жалын факелі мен газды қабат арасындағы түтін газдарының бар болуы сипатсыз.

Қоршаулардағы көлемді өрттерді ашық өрттер деп аталады, ал есік және терезе ойықтары жабық кезінде өтетін жергілікті өрттерді – жабық деп атайды.

Түрлі айырмашылық және ұқсастық белгілері бойынша келтірілген өрттер топтастырылуы шартты болып табылады, өйткені өрттер өзінің даму барысында бір класс, түр, топ түрінен басқаға өтуі мүмкін. Бірақ өрт сөндіру практикасы үшін, қарастырылған топтастырылу қажет, өйткені жануды тоқтатудың әдістері мен тәсілдерін, от сөндіргіш заттар түрін, өрттің даму сәтінде бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарын анықтауға мүмкіндік береді.

Өртті сөндіру кезінде мүмкін болатын жағдайлар:



  1. көмекті қажет ететін адамдардың көп болуы және олардың арасында үрейдің пайда болуы;

  2. бөлмелердің қиын жоспарлануы;

  3. оттың конструкциялар, канал, желдету және пневмотранспорт жүйелері бойымен, терезе ойықтары, лоджия, балкондар, жанғыш материалдар, технологиялық құрылғылар арқылы көлденең және тік бағытта таралуы;

  4. температураның тез өсуі және жылу ағындарының ашық ойықтар арқылы орын ауыстыруы;

  5. заттар мен материалдардың термиялық ыдырауы нәтижесінде газоауалы және буауалы қоспалардың түзілуі;

  6. түтін, улы өнімдердің бөлінуі және олардың тез таралуы;

  7. электр кернеуінің астындағы құрылғылардың бар болуы;

  8. ҚӘУЗ, бактериялық зақымдалу, жарылысты және радиоактивті заттар мен материалдардың бар болуы;

  9. жоғары қысымды баллондар, ыдыстар, аппараттардың бар болуы;

  10. технологиялық құрылғы, ғимараттар мен имараттардың конструктивті элменттерінің деформациялануы және бұзылуы;

  11. ғимараттарда материалды, ғылыми және басқа да құндылықтардың көп мөлшерде болуы.


2. Ағаш өңдеуші комбинаттарда өрт туындау қатерін талдау
2.1. Ағаш өңдеуші комбинаттардың қысқаша сипаттамасы
Ағаш өңдеуші комбинат – ағаш өңдеуші комбинатты электр энергиясымен, бумен және сумен қамтамасыз ететін құрылыс жабдықтарының, тасымалдаушы құрылғылардың, көмекші және қойма ғимараттарының өндіріс кешені бар ағаш өңдеуші кәсіпорын. Ағаш өңдеуші кәсіпорындар өндірілетін өнім түрі бойынша жіктелінеді: ағаш кесуші-өңдеуші – ағаш материалдарын, ағаш кесткіш және бұйымдарды құрастырғыштарды, стандартты үй құрастыру түйіндері мен бөлшектерін өндіру үшін; жиһаздық – жиһаз бөлшектері мен жиһаздарды даярлау үшін; фанералық – жапсырмалы фанераларды және тара – тараны өндіру үшін арналған.

Ағаш өңдеуші комбинаттағы өндірісті ұйымдастырудың неғұрлым келешекті заманауи өндіріс формасы ағаштың толықтай қайта өңделуін қарастырады (кешенді пайдалану). Бөренелерді кесілген ағаш дайындамаларына есу кезінде үйінділер мен жақтаулар түріндегі кесек қалдықтар туындайды (есілетін шикізаттың 20 пайызына дерлік). Олар құнды өнімді өндіру үшін пайдаланылған, мысалы, ағаш тақтайлары, целююлоза, жапсырма бөлшектер мен дайындамалар. Станокты жоңқалар, кесек қалдықтар мен үгінділер түріндегі ағаш өңдеу қалдықтары сондай-ақ ағаш жоңқалары тақтайларын, арболит, ағаш ұны және басқа өнімдерін өндіру үшін пайдаланылуы қажет. Салдарынан, бірінші ретті шикізатты және қалдықтарды кешенді қайта өңейтін ағаш өңдеуші комбинаттың құрамында тек ғана ағаш кесуші, ағаш құрғатушы және ағашты өңдеуші өндірістер ғана емес, сонымен қатар АӨК-тарына келіп түсетін барлық ағашты толықтай пайдалануды қамтамасыз етуші ағаш тақтайлар мен басқа бұйымдар өндірістері де бар болуы қажет. Өнімді даярлау барлық үдерістер мен өндірістерді автоматтандыру және механикаландыруға, жоғары өндірісті жабдықтарға базаланады.

Есілетін бөренелерді қайта өңдейтін ағаш кесуші өндіріс базасында жұмыс атқарушы ағаш өңдеуші комбинаттар, әдетте шикізат бар жерлерде (орман көп аудандарда) немесе балықтпа жолдарының қималарында және темр жолдар бойында (1-2 айлық қор есебінен), 15-30 күнге есептелінген аралық қорды сақтауға арналған кесілген ағаш материалдарының ашық қоймасы (егер қоймада кесілген ағаш материалдарын табиғи кептіру қарастырылса немесе кесілген ағаш дайындамалары су транспортымен жіберіледі, қоймалар 5-6 ай қоры есебімен есептелінеді.).

Ағаш өңдеуші комбинаттарда сондай-ақ жабдықты ағымдағы жөндеуге арналған жөндеу-механикалық шеберханалар, техникалық материалдар қоймалары, отын-жанармай материалдарының қоймасы, компрессорлық цех, трансформатты подстанция, технологиялық буды бөлуге және ғимаратты жылытуға арналған қазандық цехы, отын қоймасы. АӨК-тарын жүргізу кезінде цех аралық транспорттан өзге кей-кезде сыртқы транспортта бар, оның ішінде транспорттық құралдар және гараждар. АӨК-тарында су құбырлары, канализация, бу құбырлары, үгінділер мен жоңқаларды пневмотранспорттауға арналған қондырғылар, түрлі эстакадалар, автокөлікті жолдар.

Барлық негізгі өндірістер бір ғимаратта бұғатталған 4 жақтаулы ағаш кесу өндірісі базасындағы ағаш өңдеуші комбинаттың генералды жоспарының схемасы, ол алаңша бөлігінің орталығына орналастырылады. Балқымамен келіп түсетін ескіш сорттаушы бөрене тасушысы алдына кранмен қат-қабатқа немесе ауданшаға жүктелінеді және салынады. Оның көмегімен бөренелер ағаш есуді өнлірістің су бассейніне беріледі, ал қажеттілік туындаған кезде сортталынады және кранмен қат-қабаттарға жинақталынады. Бассейннен бөренелер бөрене тасымалдауышпен ағаш есушы жақтауларға беріледі, олар бұғатталған ғимараттарда орналасқан. Бөренелер тақтайшаларға есіледі, өлшемдері мен сортары бойынша сортталынады да, ағашты кептіруші қондырғыға келіп түседі және сирек кесілген ағаш дайындамаларын қоймаларына келіп түседі. Құрғақ тақтайлар шеберханалық бұйымдар мен бөлшектерді өңдеуге беріледі. Одан кейін ол осы ғимараттың өз ішінде орналастырылған дайын өнім қоймасына беріледі.

Ағаш өңдеуші комбинаттарындағы негізгі технологиялық жабдықтар: бөренелерді есуге арналған шеңбер бойынша есуші станоктар мен екі қабатты ағаш есуші жақтаулар, автоматты және жартылай автоматты ағындық желілер мен ағаш өңдеу бұйымдарына арналған кесілген ағаш дайындамадарын өңдеу бойынша станокты жабдықтар; бөренелерді есу және кесілген ағаш дайындамалары қоймаларындағы крандық жабдықтар мен тақтай бұйымдарын даярлауға арналған даярлаушы және пресстеу жабдықтары. Бір ғимараттарда 2,4 немесе 8 ағаш есуші жақтауларды орнатқан жөн. Ағаш есудің үлкен өлшемдері қажетті болған жағдайда бірнеше 8-жақтаулы ағаш есуші цехтар жабдықталынады. Орман ресурстарының жоғары концентрациясы кезінде дөңгелек орманның әрбір 2—10 млн. м3 сайын қайта өңдейтін кешенді кәсіпорындар тұрғызылады. Бұл кезде бір ғимаратта 1—1,5 млн. м3 өңдеуге есептелінген жабдықтарды бір ғимаратқа орнатқан жөн.

Ағаш өңдеуші комбинаттардағы түрлі өндірістер, әдетте бұғатталған ғимараттарда – бір немесе бірнешеуінде орналастырады (қазандық цехын және отын-жанармай материалдарының қоймасын есепке алмағанда). Олар әдетте жекелеген ғимараттарда орналастырылады. Бөренелерді есуші және кесілген ағаш материалдарының ашық қоймалары өндірістік цехтардың қабылданған жинақталуымен сәйкес орналасуы қажет. Және де дұрыс жүк ағындарын және тиеу-жүктеу жұмыстарының минимумын қамтамасыз ету қажет.

АӨК-тарында су траспортына келіп түсетін ескіш қоймасы кесілген ағаш материалдарының қоймасына қатысты өзен бойымен жоғары қарай орналастырылады, ол бойынша қарама қарсы ағындарды жоққа шығарады және жүктеу-тиеу қоймалық жұмыстарының қалыпты шарттарын қамтамасыз етеді.

Капиталды салымдардың тиімділігі артады. Бұғаттау кезінде индустриалды конструкцияларды, жөндеудің алдыңғы қатарлы әдістерін даярлау мүмкіндіктері артады, құрылыс көлемі кемиді, ұзақтылық мерзімдері кенеттен қысқарады.

Кесілген ағаш дайындамаларының қоймасы желдетілетін жақсы жоспарланған және арнайы даярланған ауданда орналастырылады. Жергілікті мекен сондай-аө өзен бойымен жоғары қарай орналасытырылады. Қазан цехы өндірістерге – буды өндірушілерге жақын орналасады, ал отын қоймасы – траспорттық жолдарға жақын. Зауыт ішілік автожолдар жүкті тиеуге тәуелді 4-5 және 9 м ені бойынша орналастырылады.

Барлыық өндіріс ғимараттарында тұрмыстық бөлмелер қарастырылған: киім шешетін, су себезгі және дем алыс бөлмелері. Ашық ауада жұмыс атқаратын жұмысшылар үшін комбинат ғимаратының ішінде немесе одан жекелей орналасуы мүмкін жылытуға арналған және темекі шегуге арналған ғимараттар бөлінеді.

Өндірістік ғимараттарда және АӨК-тарының қоймаларында өрт су құбырлары мен су қоймаларының қондырғылары қарастырылады. Станоктардан үгінділерді және жоңқаларды жою және оларды ары қарай қайта өңдеу орынына жеткізіп салу пневматикалық транспоҮТПен іске асырылады. Пневмотранспорт құбырлары арнайы эстакадалардағы АӨК-тары территорияларына жинақталынады, цехтарда – жер асты каналдарында немесе жабуларға бекітіледі.

Ағаш өңдеуші комбинат ғимараттары бірегейленген жинақталуышы темір бетон конструкциялары мен бөлшктерінен құрылады. Жекелеген жағдайлар ғимараттардык кірпіштен іске асырылады. Орман аудандарында ағаш кесуші және ағаш өңдеуші цехтар әдетте бүтіндей ағаштан жасалған және ағаш конструкцияларын пайдалану арқылы тұрғызылады.

Ағаш өңдеуші комбинатты бұғатталған ғимаратта орналастыру кезінде кәсіпорын аймағы дәл осындай АӨК-тарымен салыстырғанда 40-50 кемиді, олардың өндіріс жекелеген ғимараттарда орналастырылған. Бұл кезде зауыт ішілік транспорттық жолдардың ұзақтылығы 20-40, электр желілері – 10-15, су құбырлары желісі мен канализация – 15-25, жылу желілері – 30-40 қысқарады. Ғимаратта тұрғызу мен салу бойынша жұмыс көлемдері де қысқарады. АӨК құрамындағы бұғатталған ғимараттар әдетте бір қабатты, көп ұшқырлы, фонарсыз жазық төсеніші бар, ішкі су құйылыстары мен жасанды жарықтандыруы бар төсенішті бола алады. Мұндай ғимараттар үшін 18 және 24 м ұшқырларын пайдаланған жөн; екі қабатты ағаш есуші өндірістер үшін 6*6 м бағана торлары қабылданған.



Ағаш өңдеуші комбинаттың ары қарайғы дамуы құрылыста ағашты тұтыну үлесі қысқарады деген есептен және әсіресе ағашты дөңгелек немесе құрылыс жабдықтарындағы конструктивті материалдар сияқты тақтайларды пайдалану қысқарады. Ауыл шаруашылығының пиломатериалдарға деген қажеттілігі ары қарай негізінен қысқа өлшемді дайындамаларды пайдалану есебінен жабылуы қажет. Типті өлшемдердің саны сондай-ақ кеми түседі. Ағаш өңдеуші комбинаттарда өндірістер, үдерістерді автоматтандыру ендіріледі, жекелей алғанда бөренелерді есуде және тақтайларды сорттау кезінде; жасандыларды, автоматты басқаруы бар конвейерлік құрғатушылардағы жоғары температураларда құрғату кезіндегі пайдалану бірден артады. «бірлік пакет» қағидасы бойынша пакетті қалыптстырушы және пакетті салушы машиналардың базасындағы жұмыстар жүйесін пайдалану кең қолданыс табады. Ағаш өңдеуде жоғары жиілікті жапсырмаларды және жоғары кернеулі өрістердегі бояуды пайдаланумен автоматтандырылған желілер пайдаланылады.
Ағашты өңдеу, құрғату және қорғау. Ағашты даярлау.


Ағаш сапасына өте қатты оның даярлау уақыты әсер етеді. Ағашты даярлаудың оптималды периоды деп күз бен қыс саналады. Егер ағашты даярдау басқа уақытта іске асырылса, онда ол шіруге және түрлі зиянкестермен зақымдалуға шалынуы мүмкін. Одан басқа, уақытылы даярланбаған ағаш оңтайлы мерзімде даярланған ағашқа қарағанда барлық сипаттамалары бойынша нашар.
Ағашты өңдеу, құрғату және қорғау. Ағашты даярлау.


Ағашты құрылыста пайдалану диапазоны – үйлерді салудан инерьерді осы материалдан жасалынған түпнұсқалы дайындамалармен рәсімдеуге дейін. Ағаш үйлер көптеген себептерге байланысты танымал. Біріншіден, ағаш – жеткілікті түрде қол жетімді құрылыс материалы. Екіншіден, ол жылу оқшаулағыш қасиеттермен, беріктілікке және ұзақ мерзімділікке ие, алайда мұның барысында ол жан-жақты өңдеуге жақсы беріледі, ал ол өз кезегінде ойлау шегінің мүмкіндіктерін елеулі түрде кеңейте түседі. Үшіншіден, ағаш әдемілік және экологиялық қасиеттеріне ие.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет