6
|
|
4
|
Жоспарлы экономиканың ерекшеліктері: КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлар мемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды. Нарықтық экономиканың ерекшеліктері: Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика. Нарықтық экономикаға көшу себептері:
1. Одақтас республикалармен экономикалық байланыстың үзілуі.
2. Республикалардың арасында уақытында өнімдердің жеткізілмеуі 3. 90-жылдары экономика деңгейі 55%-ға төмендеді.
Нарықтық экономикаға көшу барысындағы қиыншылықтардың себептерін анықтаңыздар.
1. Басқа республикаларға қарағанда Қазақстанның шикізат саласы ескірген инфрастуктура, кәсіпорындар мен техникалық жабдықтар, экстенсивті дамыған ауылшаруашылығы дүниежүзілік стандартқа сәйкес келмеді.
2. Өндірістік қуаттарды, құрылыс нысандарын іске қосу күрт қысқарды.
3. Көлік байланысы 60%-ға қысқарды
|
8
|
|
5
|
Қазақстандағы 90-жылдардағы дағдарыс кезіндегі әлеуметтік саланы сипаттаңыз. Нарықтық қатынастарға өтудің алғашқы кезеңінде қазақ халқының басым бөлігінің өмір сүру деңгейі нашарлап, кедейшілік белгісі біліне бастады. Қоғамда табыс деңгейі бойынша ерекшеленетін әлеуметтік жіктелу жүрді, яғни дәулетті және кедей адамдар тобы қалыптасты. Әсіресе жалақылары төмен, әлеуметтік санатқа жататын топтың жағдайы қиын халде еді. Мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, бюджет қызметкерлері осы санатқа кірді.
2000 жылдардағы әлеуметтік саланың дамуын сипаттаңыз. 2000 жылдың басында әлеуметтік саясат тұрақты экономикалық өсу жағдайында жүргізілді. 8 Басқа дұрыс жауаптарды қабылдауға болады 30 Зейнеткерлерге, ҰОС мен еңбек ардагерлеріне, көпбалалы аналарға, толық емес отбасына, жағдайы төмен тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету басты мақсат болды. Елдегі ақшаның құнсыздану көлемі 2002 жылы жеті пайыздан төмен мөлшерге түсті. Тұрғын үй құрылысын сипаттаңыз.
Нарыққа көшкеннен кейін тұрғын үй саласында айтарлықтай өзгерістер болды. 1993 жылдан бастап тұрғын үй алуға ұзақмерзімді және қысқамерзімді несиелер беріле бастады. Еліміз нарықтық қатынастарға енуіне байланыты адамдарды үймен қамтамасыз ету тоқтатылғанымен, мемлекет әлеуметтік қорғауды қажет ететін халықтың үй алуына жағдай жасады. Мемлекет тарапынан ұзақмерзімді жеңілдікпен несие беру арқылы халыққа көмек берілді. Жақын шетелдердегі қазақ диаспорасының жағдайын сипаттаңыз. Қазақ диаспорасы саяси және діни себептердің салдарынан күштеу немесе мәжбүрлеу сипатындағы көші-қонды бастан кешірді. Қазақ диаспорасы өкілдері барша қазақ халқының құрамдас бөлігі болып табылады. Бірақ өткен тарихтағы ішкі және сыртқы саяси оқиғалар салдарынан қазіргі кезде Отаныннан тыс жерлерде, яғни Азия, Батыс Еуропа және Америка елдерінде тұрады. Қазіргі кезде түрлі ақпарат көздерінің мәліметтері бойынша, сырттағы қазақ диаспорасы өкілдерінің саны 5 млн-ға жуық.
|
8
|
|
|
Барлығы
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |