Күнтізбелік- тақырыптық жоспарлау



бет2/14
Дата02.05.2024
өлшемі122.76 Kb.
#500362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
2023-2024 оқу жылы КТП 7-11 сынып

7-сыныптардағы физика пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми көзқарасының негізін қалыптастыру. Әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауды, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) оқушылардың әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеру;
2) оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдану болып табылады.
Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында «7» –сынып, «2.1» – екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» –оқыту мақсатының реттік саны.
7-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 10 зертханалық жұмыс және 8 практикалық жұмыстан тұрады. Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін мыналарды жасау ұсынылады:
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық авторы: Р. Башарұлы. Алматы «Атамұра» 2017ж.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау-ЖБ-45 минут
Бөлім бойынша жиынтық бағалау –ЖБ-15 –25 минут.
8-сыныптардағы физика пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми көзқарасының негізін қалыптастыру. Әлемнің жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауды, бақылау қабілеттерін дамыту және табиғат құбылыстарын талдау және таңдау арқылы өмірге қажетті практикалық есептердің шешімдерін таба білуге дағдыландыру.
Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
1) оқушылардың әлемнің қазіргі физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың ғылыми әдістерін меңгеру;
2) оқушылардың зияткерлік, ақпараттық, коммуникативтік және рефлективтік мәдениетін дамытуға, физикалық экспериментті орындау және зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;
3) оқу және зерттеу қызметіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу;
4) табиғат ресурстарын пайдалануда және қоршаған ортаны қорғауда, адамды және қоғамды қауіпсіз өмір сүрумен қамтамасыз етуде меңгерген дағдыларды қолдану болып табылады.
Бағдарламада «оқыту мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқыту мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 8.3.2.6. кодында «8» –сынып, «3.2» – үшінші бөлімнің екінші бөлімшесі, «6» –оқыту мақсатының реттік саны.
8-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 11 зертханалық жұмыс және 7 практикалық жұмыстан тұрады. Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін мыналарды жасау ұсынылады:
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық авторы: Б.А.Кронгарт, Ш.Б.Насохова 2018ж. «Мектеп» баспасы, 2018ж.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау-ЖБ-45 минут
Бөлім бойынша жиынтық бағалау –ЖБ-20 –25 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет