Күнтізбелік-тақырыптық жоспар «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы»



бет1/3
Дата13.09.2022
өлшемі41.03 Kb.
#460648
  1   2   3
қазақ әдебиеті 5-сынып ДАЙЫН


Түсінік хат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР МП 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығы); «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығы) және «2022-2023 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатын басшылыққа ала отырып құрылды.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру. «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламалары оқушылардың бойында адамгершілік, рухани құндылықтармен қатар функционалдық сауаттылығын арттыруды, көркем-әдеби шығарманы талдау
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады: түсіну және жауап беру; анализ және интерпретация; бағалау және салыстыру. «Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау; әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу; көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау; шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. «Анализ және интерпретация» бойынша әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау; шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау; көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау; көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу. «Бағалау және салыстыру» бойынша шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру; әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу; әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту. Бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады.
Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді. «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу бағдарламасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді. Бұл пән әдеби шығармаларды оқытып қана қоймай, танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға да негізделген
«Қазақ әдебиеті» пәнінен кітап оқу дағдыларын қалыптастырудың нормалары (оқу жылдамдығы):

сыныптар

Міндетті деңгей

Мүмкіндік деңгей

5-сынып

110-120 сөз

120-150сөз

Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны:





Сынып

Үлгілік оқу жоспары бойынша

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

ІVтоқсан

5-сынып

2

2

2

2

Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі:

2-11 сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны

баға

0-39

қанағаттанарлықсыз – «2»

40-64

қанағаттанарлық- «3»

65-84

жақсы –«4»

85-100

өте жақсы- «5»

Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша «Рухани жаңғыру» идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады. «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын: «Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі бойынша пән мазмұнындағы ел тәуелсіздігі жолындағы күрестер тарихы арқылы тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғауға; «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі (Қазақстан халқы Ассамблеясы тақырыбы аясында) бойынша халқымыздың бірлігі пен этносаралық татулығын сақтауға; Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге; «Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғауға; «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» принципі бойынша. ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануға; «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білуге; «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге;


«Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға тәрбиелеуді пән мазмұнында қамтылған тақырыптарды меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады. Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет