Кодекс Республики Казахстан Об административных правонарушениях Әкімшілік құқық бұзушылық туралы



бет62/68
Дата24.02.2016
өлшемі5.14 Mb.
#13981
түріКодекс
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68
356, 357-1, 357-4, 376-баптар);

мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның (147-11 (жетінші және тоғызыншы бөліктері), 147-12 (екінші және үшінші бөліктері (тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын асырып жіберу бойынша), 356, 357-1, 357-2 (екінші бөлігі)-баптар);

атом энергетикасы жөніндегі органдардың (222, 315, 316-баптар, 317-1 (машиналар мен жабдықтарға қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша);



Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің (298 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 298-1 (екiншi бөлiгi), 303 (екiншi бөлiгi), 304 (екiншi бөлiгi), 305 (екiншi бөлiгi), 306 (екiншi бөлiгi), 355, 388, 390 (екінші бөлігі), 391 (екінші бөлігі), 391-1 (екінші және үшінші бөліктері), 393, 394 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері)-баптар);

мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының (344-бап (үшiншi бөлiгi) (мемлекеттік құпияларға байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн), 386-бап (үшiншi бөлiгі);

Республикалық ұланның (388-бап), Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (355, 362-1, 388-баптар);

күзету іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің (135-1, 336, 160, 220, 323 (екінші бөлігі), 330, 331, 332, 333, 336 (1-1, үшінші және төртінші бөліктері), 355, 356-2, 362-1, 368, 369 (екінші бөлігі), 370, 371 (екінші бөлігі), 373, 388, 463 (1-1-бөлігі) 465, 472, 473, 529-баптар);



Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының (168-5, 168-8, 176 (үшінші бөлігі), 177-3, 177-4, 177-5, 184-1 (бесінші бөлігі), 309-5 (бірінші бөлігі), 356-баптар);

мемлекеттік еңбек инспекциясы органдарының (87 (бесінші және алтыншы бөліктері), 87-2, 317-1 (химиялық өнімдерге қойылатын қауіпсіздік талаптарын бұзушылық бойынша), 356-баптар);

білім беру саласындағы уәкілетті органның (87-2, 311-1 (жетінші бөлігі) 356, 357-1-баптар);

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының 81 (екінші және үшінші бөліктері), 127 (екінші бөлігі), 163-6, 237-1, 309-1 (жетiншi, сегiзiншi бөлiктерi), 309-2 (төртінші бөлігі), 309-4 (сегiзiншi, тоғызыншы бөлiктерi), 309-5 (екінші бөлігі), 342, 342-1 (бірінші, үшінші бөлік, бесінші бөліктің екінші, үшінші абзацтары), 343, 357-1, 357-2 (екiншi бөлiгi), 346 - 352, 374-1, 375-баптар);

атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның (175-бап (екінші бөлігі) (осы бұзушылықтарды жеке сот орындаушылары жасаған кезде);

медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау органдарының (85 (төртінші және бесінші бөліктері), 85-1 (екінші бөлігі), 85-2 (екінші бөлігі), 322 (бесінші бөлігі)- баптар);



монополияға қарсы органның (147, 147-1 (екінші бөлігі)-баптар;

діни қызмет саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның (375-бап (екінші, алтыншы және тоғызыншы бөліктері (бұл бұзушылықтарды орталық мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жасаған кезде);

ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органның (230-1, 230-2-баптар);

облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілiктi атқарушы органдарының (163-6, 226 (бірінші және екінші бөліктері) 349-баптар);

түзеу мекемелерiнің немесе тергеу изоляторларының (367-бап) уәкiлеттi лауазымды адамдарының құқығы бар;

2) сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етушi уәкiлдiк берген мемлекеттік сот орындаушылары, сот приставтары және соттардың басқа да қызметкерлерi (513 - 524, 528 - 531-баптар);



3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң уәкiлеттi қызметкерлерi (158, 168-3, 179 (бірінші және екінші бөліктері), 179-1, 183, 187, 188 (екiншi бөлiгi), 356, 357-1, 357-5-баптар);

4) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) әкімдері уәкілдік берген лауазымды адамдар (514-2-бап).

2. Осы Кодекстiң 543 - 576-10-баптарында көрсетiлген органдардың қарауына жатқызылған әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға осы органдардың оған уәкiлдiк берiлген лауазымды адамдарының құқығы бар. Одан басқа, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаларды жасауға:



көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның лауазымды адамдарының (175 (екінші бөлігі) (бұл бұзушылықтарды жолаушыларды тасымалдаушылар жасаған кезде), 451 (екінші бөлігі), 452, 453 (екінші және үшінші бөліктері), 454, 455 (үшінші бөлігі), 457, 477 (төртінші бөлігі), 478, 479, 480 (үшінші және төртінші бөліктері), 481 (автомобиль көлігінде және қалалық рельстік көлікте құқық бұзушылықтар жасағаны үшін)-баптарында);

орман, балық және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органдардың мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдарының (121, 125, 126, 250, 252, 282 - 298-1, 299, 302 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 304 (бірiншi және екiншi бөлiктерi), 305 (бірiншi және екiншi бөлiктерi), 306 (бірiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар);

жануарлар дүниесiн қорғау мәселелерiмен айналысатын аңшылық және балық аулау шаруашылығы қорықшыларының, директорларының (298, 298-1 (бірiншi және екiншi бөлiктерi) - баптар) құқығы бap.

 

09.08.02 ж. № 346-II; 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 09.07.04 ж. № 583-II 637-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.21.07. № 308- III (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 637-бап өзгертілді; 2011.10.02. № 406-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.02.07. № 111-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 126-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 637-бап өзгертілді



637-бап. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғауы

1. Прокурор осы Кодекстiң 80-87, 89-110-1, 111-2, 111-3, 151, 158-5, 334-1, 342-344, 346-352, 353, 356-1, 356-2, 357-3, 366, 375, 381-1, 388-1, 513, 516-1,521-1, 531, 537-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығарады.

2. Прокурор өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөнiнде қаулы шығаруға құқылы.

3. Прокурордың әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау жөніндегі қаулысында осы Кодекстiң 635-бабында көзделген мәлiметтер болуы тиiс.

 

ҚР 12.07.01 ж. № 240-II 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 174-III (бұр.ред.қара ); 2007.09.01. № 213-III; 2008.04.07 № 55-ІV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 638-бап өзгертілді



638-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасау мерзiмдерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалу фактiсi анықталғаннан кейiн дереу, «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым салынған монополистiк қызметті жүзеге асыру кезiнде - тергеу немесе тексеру нәтижелерi бойынша тиiстi шешiм қабылданғаннан кейiн, салық салу не бюджет қаражатын пайдалану саласындағы, техникалық реттеу және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша - тиiстi тексеру аяқталғаннан кейiн, ал осы Кодекстің 710-1-бабында айқындалған тәртіппен айыппұл төленбеген жағдайда осы Кодекстің осы бабында белгіленген мерзім өткеннен кейін жасалады.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың мән-жайларын, өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлға жеке басын немесе заңды тұлға туралы мәлiметтердi және заңды тұлғаның өкiлiнiң жеке басын қосымша анықтау талап етiлген жағдайларда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама көрсетілген деректер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, ал осы Кодекстiң 168, 168-6, 168-7, 169-баптарында, 172-2-бабының (бірінші және екінші бөліктерінде), 179-бабының (үшінші және төртінші бөліктерінде), 180, 182, 187, 188, 357-2 (бірінші бөлігі), 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзушылық болып табылған кезде, екінші және үшінші, 3-1, 3-2 және 3-3-бөліктерінде) және 467-1-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі материалдарды аумақтық филиалдарға беру кезінде құқық бұзушылық немесе оны жасаған адам табылған кезден бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.

3. Сараптама жүргiзу талап етiлетiн жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама сараптама қорытындысы алынған сәттен бастап бір тәулiк iшiнде жасалады.

3-1. 240 (бірінші бөлігінде), 250 (бірінші бөлігінде), 261, 265, 304 (екінші бөлігінде)-баптарда көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшерін белгілеу талап етілген жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасының мөлшері белгіленген кезден бастап бір тәулік ішінде жасалады.

4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген талаптар жеке адамның анықталмауына байланысты атқарылмауы мүмкiн жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы бапта белгiленген мерзiмдерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау фактiсi бойынша жасалады.

5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдар бойынша дәлелдеме ретінде сертификатталған, арнайы техникалық бақылау-өлшем құралдарының және аспаптарының деректері пайдаланылған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама құқық бұзушы болмағанда да жасалуы мүмкін.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 639-бап өзгертілді



639-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайтын жағдайлар

1. Ескерту немесе айыппұл түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған кезде, егер айыппұл бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаса және тұлға (жеке тұлға, орган немесе заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлға) құқық бұзушылық жасау фактiсiн мойындаса және осы баптың 1-1, 1-2 және екінші бөлiктерінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды. Қаржы және сауда саласындағы құқық бұзушылықты қоспағанда, ескерту түрiндегi жазаны соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде ресiмдейдi. Айыппұл түрiнде жаза қолданылған кезде қатаң қаржылық есептiлiк құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi квитанция берудi соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде жүзеге асырады.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам ескертудің немесе төлем құжатының екінші данасына қол қою арқылы қолданылған жазаға өзінің келісетінін растайды.

1-1. Осы Кодекстің 539-бабының үшінші бөлігінде, 639-бабының үшінші бөлігінде аталған жағдайларды қоспағанда, жол жүрісі қауіпсіздігі саласында және автомобиль көлігі саласында әкімшілік құқық бұзушылық жасалған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалмайды.

Айыппұл түріндегі жазаны оған уәкілетті лауазымды адам осы Кодекстің



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет