218-бап. Банк операциялары туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс ету
Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша операциялар туралы көрiнеу жалған мәлiметтер табыс етуi, сол сияқты осы банктiң iс жүзiндегi қаржылық жай-күйiмен көрiнеу қамтамасыз етiлмеген тапсырмалар, кепiлдiктер және өзге де мiндеттемелер беруi, егер бұл iс-әрекеттер жеке немесе заңды тұлғаға не мемлекетке iрi залал келтiрмесе, -
лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Құқық бұзушылық жасалған кездегi бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома - жеке тұлғаға келтiрiлген, екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен асатын сома заңды тұлғаға келтiрiлген залалдың iрi мөлшерi деп танылады.
2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 219-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 219-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
219-бап. Салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау
1. Салық төлеушiнiң салық қызметi органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы, -
жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
жеке тұлғаларға - он бec, лауазымды адамдарға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайдан басқа) салық тексеруiн жүргiзушi салық қызметi органы лауазымды адамының келiп кiруiне заңсыз кедергi келтiру, -
жеке кәсiпкерлерге және лауазымды адамдарға қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, (әрекетсіздік) -
лауазымды адамдарға және жеке кәсiпкерлерге алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану
саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 220-бап өзгертілді
220-бап. Жарылғыш материалдарды, радиоактивтi және өзге де
экологиялық жағынан қауiптi заттарды пайдалану ережелерiн
бұзу
1. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, жарылғыш материал дарды, пиротехникалық заттарды, радиоактивтi, бактериологиялық, химиялық және қадағалау органдарының бақылауындағы өнеркәсiп салалары мен объектiлердегi өзге де экологиялық қауiптi заттар мен қалдықтарды өндiру, сақтау, көму, жою, пайдалану, кәдеге асыру, тасымалдау немесе өзгедей айналысу ережелерiн бұзу, қылмыс белгілері болмаған кезде, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы Кодекстің 317-1-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, ядролық материалдарды, арнаулы ядролық емес материалдарды және ядролық қызметке қатысы бар қосарлы мақсаттағы бұйымдарды өндiрудiң, сақтаудың, көмудiң, пайдаланудың, кәдеге асырудың, тасымалдаудың немесе өзге де айналысудың белгiленген ережелерiн бұзу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 221-бап өзгертілді
221-бап. Жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiндегi ережелердi бұзу
Өнеркәсiп, тау-кен және құрылыс жұмыстары салаларында не төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдардың және басқа да мемлекеттiк қадағалау органының бақылауындағы объектiлерде жұмыстарды қауiпсiз жүргiзу жөнiнде белгiленген ережелердi бұзу, егер бұл адам денсаулығына абайсыздықтан ауыр және орташа ауырлықта зиян келтiруге әкеп соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 222-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
222-бап. Ядролық және техникалық қауiпсiздiктiң белгiленген нормалары
мен ережелерiн бұзу
1. Атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және техникалық қауiпсiздiктiң белгiленген нормалары мен ережелерiн бұзу; атом энергиясын пайдалану объектiлерiн орналастыру, осы объект жобасында көзделген барлық құрылыстарды iске қоспай тұрып атом энергиясын пайдалану объектiсiн iске қосуға қабылдаудың талаптарын сақтамау; атом энергиясын пайдалану жабдықтары мен объектiлерiн жеткiзу, монтаждау, сынақтан өткiзу, iске қосудың, сондай-ақ пайдаланудан алудың белгiленген талаптарын бұзу, егер бұл әрекеттер адам өлiмiне немесе қоршаған ортаны радиоактивтiк зақымдауға әкеп соқтырмаса, -
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Арнайы рұқсатсыз, лицензиясыз атом энергиясын пайдалану объектiлерiнде жұмыстар жүргiзу, сондай-ақ ядролық материалдармен және радиоактивтi заттармен айналысу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -
атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтің белгілі бір түріне берілген лицензиядан, арнайы рұқсаттан айыра отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 223-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
223-бап. Электр және жылу пайдаланатын қондырғыларды техникалық
пайдалану мен қауiпсiз қызмет көрсету ережелерiн бұзу,
сондай-ақ энергия тұтынудың белгiленген режимдерiн бұзу
Авария қаупiне, қоршаған ортаның ластануына, өртке немесе қызмет көрсетушi адамның өмiрiне қауiптi жай-күйге әкеп соқтыратын, электр және жылу пайдаланатын қондырғыларды техникалық пайдалану мен қауiпсiз қызмет көрсетудiң белгiленген ережелерiн бұзу, не басқа да энергия тұтынушыларды шектеуге және одан ажыратуға әкеп соқтыратын энергия тұтынудың белгiленген режимiнiң бұзылуына жол беру, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 224-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
224-бап. Электр желiлерiн бүлдiру
Тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде үзiлiс туғызған және залал келтiрген электр желiлерiн (әуе электр беру желiлерi, жер асты және су асты кабель желiлерi, трансформаторлық және өзгертушi қосалқы станциялар, бөлiп таратқыш құрылғылар мен ауыстырып қосқыш пункттер) бүлдiру, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.04.07 № 166-IV ҚР Заңымен 224-1-баппен толықтырылды
224-1-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасында белгіленген тиісті білікті энергия өндіруші ұйымдар өндіретін электр энергиясын сатып алу міндетін орындамау және (немесе) тиісінше орындамау, –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен мерзімін бұзу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу, —
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 225-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
225-бап. Жылу желiлерiн бүлдiру
Жылу желiлерiн (құбырлар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу камераларын, сорап станцияларын) бүлдiру, егер бұл әрекет адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтiрудiң нақты қатерiне соқтырмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 225-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 225-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
225-1-бап. Электр желiлерi мен жылу желiлерiнiң күзет
аймақтарында жұмыстар жүргiзу
Қарамағында электр және жылу желiлерi бар ұйымдардың келiсiмiнсiз электр және жылу желiлерiнiң күзет аймақтарында құрылыс, монтаж, жер қазу, тиеу-түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды салуға байланысты iздестiру жұмыстарын жүргiзу, алаңдарды, автомобиль көлiгiнiң тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру, материалдарды қоймаға салу, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау мен төгу, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екіден онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
226-бап. Газ пайдаланудың ережелерi мен нормаларын бұзу
Газ шаруашылығы ұйымының рұқсатынсыз газ пайдалану қондырғыларына газ жiберу немесе газ тұтынудың белгiленген режимiн сақтамау, -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
227-бап. Газ пайдалану қондырғыларын газдың жұмсалуын есепке алмай
пайдалану
Газ пайдалану қондырғыларын газдың жұмсалуын есепке алмай немесе газ қолдана отырып өндiрiлетiн жылу энергиясы мен өнiмдi есепке алмай пайдалану, не газ пайдалану қондырғысының жобасында көзделген газдың жану процестерiн автоматты түрде реттеу құралдарының немесе газдың ұтымды әрi тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ететiн жылу-техникалық бақылау приборларының немесе жылуды пайдалануға жарататын жабдықтың болмауы (бұзылып қалуы), -
лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
228-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын қамтамасыз етуге
шаралар қолданбау
Газ тұтынушы ұйымдар үшiн көзделген резервтiкi отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз ету шараларын қолданбау немесе газ пайдалану қондырғыларын резервке қойылған отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 229-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
229-бап. Газ құбырлары мен олардың жабдықтарын бүлдiру
1. Газ құбырлары мен олардың жабдықтарын бүлдiру немесе газ приборларын желiге заңсыз орнату, ауыстыру, iске қосу, сондай-ақ оларды пайдаланудың ережелерiн аварияға себеп болуы мүмкiн өзгедей бұзуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан он беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Газ құбырлары мен газ жабдықтарын пайдалану ережелерiнiң аварияға себеп болуы мүмкiн қайталап бұзылуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 230-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
230-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде аумақтарды
бүлдiру
Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс материалдарын үйiп тастау, қазылған жердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен жөндеу аяқталғаннан кейiн тәртiпке келтiруге шаралар қолданбау, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
18-тарау. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы
әкімшілік құқық бұзушылық
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 231-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
231-бап. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама мен
мемлекеттік нормативтердің талаптарын бұза отырып,
жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау,
құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс
материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын
шығару мен қолдану
1. Сәулет-құрылыс қызметі саласында заңнама талаптарын бұза отырып, жобалау алдындағы, іздестіру, жобалау, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау, құрылыс материалдарын, бөлшектері мен құрастырмаларын шығару, қолдану, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүзден тоғыз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 232-бап өзгертілді
232-бап. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын
жүргiзу кезiнде бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау
құжаттарының талаптарын бұзу
1. Құрылыс-монтаж және жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң пайдаланылу сапасын нашарлатуға, берiктiгiн, орнықтылығын төмендетуге әкеп соқтыратын бекiтiлген құрылыс нормаларының және жобалау құжаттарының талаптарын бұзу, -
лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттардың, құрылыстардың, олардың бөлiктерiнiң немесе жекелеген құрастырмалы элементтерiнiң берiктiгiн, орнықтылығын жоғалтуға әкеп соқтыратын осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген iс-әрекеттердi жасау, -
қызметтің тиісті түріне берілген лицензиядан айыра отырып не онсыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден сегіз жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 233-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 233-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
233-бап. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау
құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта
жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж,
жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу
1. Белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау құжаттамасынсыз объектілерді тұрғызу және қайта жаңғырту кезінде құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, -
жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
лицензиядан айыра отырып не онсыз және жүргізіліп жатқан жұмыстарын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — айлық есептік көр сет кіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — үш жүз ден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 234-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
234-бап. Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс
материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша
құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу
кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы
техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу
Объектiлердi тұрғызу және қайта жаңғырту, құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құрастырмалар дайындау бойынша құрылыс-монтаж, жөндеу-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде нормативтiк құжаттармен көзделген атқарушы техникалық құжаттамаларды ресiмдеу ережелерiн бұзу, -
ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 235-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 235-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
235-бап. Белгіленген тәртіппен сараптамадан өткізілмеген
немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсатсыз
объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделi
жөндеу
1. Заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік сараптамадан өткізілмеген немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу құқығына рұқсатсыз объектілерді салу, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 236-бап өзгертілді
Достарыңызбен бөлісу: |