487-бап. Жерасты коммуникацияларының байқау құдықтарын күтiп-ұстау
ережелерiн жол қозғалысы қауiпсiздiгiне қатер төндiретiндей
дәрежеде бұзу
1. Жерасты коммуникацияларының жолдардың жүретiн бөлiктерiндегi байқау құдықтарын күтiп-ұстау ережелерiн бұзу, сондай-ақ жолдың үстiне судың, техникалық сұйықтардың, будың шығып кетуiне және соның салдарынан жол бетiнiң бұзылуына, жол үстiне мұз қатуына, көрiну жағдайының шектелуiне және басқа кедергiлерге әкеп соқтыратын жер асты коммуникацияларының ақауларын жоюға шаралар қолданбау, -
жерасты коммуникацияларының күтіп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдардың денсаулығына жеңiл зақым келтiрген, көлiк құралдарын, жүктердi және өзге де мүлiктi бүлдiрген нақ сол бұзушылық, -
жерасты коммуникацияларының күтіп-ұсталуына жауапты лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 488-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
488-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi қорғау мен пайдалану
ережелерiн бұзу
1. Белгiленген тәртiппен келiсiп алмай автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жер резервтерiн жырту, екпелердi шабу, түбiрiмен қопару және бүлдiру, жердiң шымын және топырағын алу, материалдар мен жүк жинау, топографиялық және басқа жұмыстарды жүргiзу, жол қиылыстары мен кiрме жолдарды жабдықтау, ғимараттар, жер асты және жер үстi құрылыстары мен коммуникацияларын салу, жарнама және өзге ақпарат орнату, сондай-ақ бөлiнген белдеу шегiнде белгiленгеннен тыс жерде от жағу, мал жаю, қоқыс пен қар төгу, сауда жасау, жолдың су ағар жүйесiне канализациялық, өнеркәсiптiк, мелиорациялық және сарқынды суларды жiберу не жол жиегiн арық ретiнде пайдалану, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, жол-көлiк оқиғасына әкеп соқтырып, адамдарға жеңiл дене жарақатын түсiрген көлiк құралдарын немесе өзге де мүлiктi бүлдiрген, не осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған бұзушылық, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, жеке кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 489-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
489-бап. Жер пайдаланушылардың автомобиль жолдарын және жол
құрылғыларын пайдалану мен қорғау ережелерiн бұзуы
Жаяу жүретiн жолдар мен өткел (өтетiн) көпiршелердi, автомобиль жолдарын су басып кетуiне және автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуге iргелес жер пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелердегi бөлiнген белдеудiң батпақтануына жол беретiн суғару жүйелерiн орналастыру, жөндеу және ұдайы тазалап отыру жөнiндегi мiндеттердi, сондай-ақ осы пайдаланушыларға бекiтiлiп берiлген учаскелерден шығатын жолдарды немесе өткел көпiршелердi қоса алғанда, ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарына кiрме жолдарды техникалық жағынан жарамды қалпында және таза етiп күтiп-ұстау жөнiндегi мiндеттердi орындамау, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірден үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 490-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
490-бап. Магистральдық құбырларды қорғау ережелерін бұзу
Магистральдық құбырларды қорғау ережелерін бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бірге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
491-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды(2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен
492-бап. Электр байланыс желiлерiне қосылатын құрылғыларды
(жабдықтарды) заңсыз қосу
1. Электр байланысы желiлерiне қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) заңсыз қосу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
қосылатын құрылғыларды (жабдықтарды) тәркілей отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. Қосылатын құрылғылар (жабдықтар) деп желiлерге қосылатын және абоненттердiң пайдалануындағы абоненттер байланыс арналары арқылы жiберген ақпаратты беру және қабылдау үшiн электр және радиобайланысы дыбыстарын қалыптастыратын техникалық құралдар (радиотрансляциялық нүктелер, телефон аппараттары, телефакстер, деректердi беру құрылғылары, әртүрлi телематикалық қызметтердiң қосылатын құрылғылары, кәбілдік теледидар құрал-жабдығы, телефон арнасының ұзартқыштары, радиотелефондар және басқалар) түсiнiледi.
493-бап. . 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды(2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 494-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 494-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
494-бап. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиіліктi
құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ
радиожиіліктерді пайдалану ережелерін бұзу және
арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды
немесе жоғары жиілікті құрылғыларды шет елдерден
әкелу
1. Радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу және пайдалану, сондай-ақ радиожиіліктерді пайдалану ережелерін бұзу және арнайы рұқсат алмай радиоэлектрондық құралдарды немесе жоғары жиілікті құрылғыларды шет елдерден әкелу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммер ция лық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -
радиоэлектрондық құралдар немесе жоғары жиілікті құрылғылар тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммер ция лық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодексте радиоэлектрондық құралдар деп бір не бірнеше радиотаратушы не радиоқабылдағыш құрылғылардан немесе олардың құрамаларынан және радиотолқындарды таратуға және қабылдауға арналған көмекші жабдықтан тұратын техникалық құралдар түсініледі.
2. Осы Кодексте жоғары жиілікті құрылғылар деп, электр байланысы саласында қолдануды қоспағанда, радиожиілік энергиясын өнеркәсіптік, ғылыми, медициналық, тұрмыстық мақсаттарда жинақтап таратуға және жергілікті пайдалануға арналған жабдық немесе аспаптар түсініледі.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 494-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді); 2009.10.07 № 178-IV ҚР Заңымен 494-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
494-1-бап. Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұзу
1. Негізгі байланыс операторының телеком муникация желілерін ортақ пайдаланылатын теле ком муникация желілеріне қосудан негізсіз бас тар туы, сондай-ақ трафикті өткізу тәртібін бұзуы —
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Телекоммуникация желілерін Қазақстан Рес публикасының байланыс саласындағы заңна масында көзделген ортақ пайдаланылатын теле ком муникация желілеріне қосу мерзімдерін бұзу, —
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөлік терінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), —
шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау және сақтау жөніндегі міндеттерді бұзушағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, байланыс қызметтерін көрсету туралы лицензиядан айыруға әкеп соғады.
2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен 494-2-баппен толықтырылды
494-2-бап. Байланыс желісіне заңсыз қол жеткізу
1. Байланыс желісіне – байланыс құралдарын, желілерін қамтитын және телекоммуникациялар немесе почта байланысы үшін көзделген технология лық жүйеге заңсыз қол жеткізу, –
жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар бо лып табылатын заңды тұлғаларға – жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, –
жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің отыздан алпысқа дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден жеті жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 495-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
495-бап. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау
ережелерiн бұзу
1. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызбаса, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Байланыс желiлерi мен байланыс құрылыстарын қорғау ережелерiн бұзу, егер бұл бұзу байланыстың тоқтауын туғызса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 496-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 496-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
496-бап. Сәйкестігі міндетті растауға жататын, бірақ одан өтпеген байланыс құралдарын пайдалану
1. Қазақстан Республикасы телекоммуни кациясының біртұтас желісінде техникалық реттеу саласында сәйкестігі міндетті растауға жататын және одан өтпеген техникалық байланыс құрал дарын пайдалану, сол сияқты электромагнитті сәулелендіру көзі болып табылатын радио электрондық құралдар мен жоғары жиіліктегі құрылғыларды, почта байланысының техникалық құралдарын пайдалану, —
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - алпыстан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -
сертификатталмаған байланыс құралдарын тәркілей отырып немесе онсыз, ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз жиырмадан жүз елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
497-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
ҚР 07.01.03 ж. № 372-II Заңымен 497-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 497-1-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
497-1-бап. Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану
жөніндегі талаптарды бұзу
Ақпараттық ресурстарды қорғау құралдарын пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 07.01.03 ж. № 372-II Заңымен 497-2-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 497-2-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
497-2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжаттар және
электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзу
1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді куәландырушы орталықтың орындамауы, айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді тіркеу куәлігі иесінің орындамауы, -
айлық есептік көрсеткіштің бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Басқа тұлғаның жабық кілтін заңсыз алу және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасын заңсыз пайдалану, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заң актісінде көзделген міндеттерді электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушылардың орындамауы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 07.01.03 ж. № 372-II Заңымен 497-3-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 497-3-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
497-3-бап. Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңдарын бұзу
Жеке және заңды тұлғалар туралы жасырын мәліметтері бар ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және моральдық зиян келтіру, олардың Қазақстан Республикасының заң актілерінде кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруын шектеу мақсатында пайдалану, -
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 498-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
498-бап. 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен алып тасталды (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 499-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
499-бап. Байланыс құрылыстарын заңсыз салу
Байланыс құрылыстарын арнайы рұқсат алмай салу, -
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
500-бап. Телефон-автоматтарды бүлдiру
1. Телефон-автоматтарды қасақана бүлдiру, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 501-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
501-бап. Пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік
белгілерін жасау немесе өткізу
Пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік белгілерін өткізу мақсатында жасау немесе өткізу, -
пошта төлемінің қолдан жасалған мемлекеттік белгілері, сондай-ақ оларды жасау құралдары тәркілене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпістен жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
502-бап 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
28-тарау. Жалпыға бiрдей әскери міндеттілік, әскери
қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылықтар
503-бап. Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне
тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органына
бермеу немесе уақтылы бермеу
Бастапқы әскери есепке алынуға не шақыру учаскелерiне тiркелуге тиiс азаматтардың тiзiмдерiн жергілікті әскери басқару органынабермеу немесе уақтылы бермеу, -
меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың, оқу орындарының лауазымды адамдарына, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
504-бап. Азаматтардың, лауазымды адамдардың және заңды тұлғалардың
азаматтық қорғаныс жөнiндегi мiндеттердi орындамауы
Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк актiлердi орындамауға байланысты құқыққа қарсы әрекеттердi (әрекетсiздiктi) жүзеге асыру, -
азаматтар мен лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
505-бап. Жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламау
Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе азаматтарды әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамының жергілікті әскери басқару органының шақыруы туралы азаматтарға хабарламауы, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органыныңшақыруы бойынша азаматтарға дер кезiнде келу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеуi, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
506-бап. Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрғылықты
азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi уақтылы
бермеу
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi тұрақты тұрып жатқан азаматтар құрамындағы өзгерiстер туралы мәлiметтердi әскери есеп жүргiзу жүктелген органдарға уақтылы бермеу, -
ұйымдардың басшыларына немесе ұйымдардағы әскери есепке алу жұмысына жауапты басқа да лауазымды адамдарға, сондай-ақ тұрғын үйлердi пайдалануды жүзеге асыратын ұйымдардың лауазымды адамдарына және үй иелерiне он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
507-бап. Әскери мiндеттiлер, шақырылушылар мен азаматтар туралы
мәлiметтердi хабарламау
1. Медициналық-әлеуметтiк сараптама комиссиясы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың мүгедек деп танылуы туралы жергілікті әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Азаматтық хал актiлерiн жазу органы лауазымды адамының әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтардың азаматтық хал актiлерiнiң жазбаларына өзгерiстер енгiзiлгендiгi туралы жергілікті әскери басқару органына белгiленген мерзiмде хабарламауы, -
он айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Меншiк нысанына қарамастан, ұйым басшысының немесе басқа лауазымды адамының жұмысқа (оқуға) қабылданған, тұрғылықты жерi бойынша әскери есепке тұруға мiндеттi, бiрақ тұрмаған азаматтар туралы әскери есепке алуды жүзеге асыратын органға хабарламауы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
508-бап. Азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерiн
орындамауы
Әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергілікті әскери басқару органының шақыруы бойынша белгiленген мерзiмде дәлелдi себепсiз келмеуi не әскери есептен шықпай басқа ауданға не қалаға (аудандарға бөлiнбейтiн) тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелге алты айдан астам мерзiмге) кетуi немесе әскери есепке тұрмай тұрақты немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұрғылықты жерге (шетелден оралуы) келуi, сондай-ақ әскери есептi жүзеге асыратын органға өзiнiң отбасы жағдайының, аудан немесе қала (аудандарға бөлiнбейтiн) шегiнде тұрғылықты жерi, бiлiмi, жұмыс орны мен лауазымы өзгергендiгi туралы дер кезiнде хабарламауы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
509-бап. Медициналық тексеруден немесе жиындардан жалтару
1. Азаматтарды әскери есепке алу жөнiндегi комиссияның немесе шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексеруден жалтару, -
әскери мiндеттiлерге айлық есептiк көрсеткiштiң - екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, ал шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы, -
айлық есептiк көрсеткiштiң екiден беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
510-бап. Әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiру немесе жоғалту
Әскери билеттi немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарын қасақана бүлдiруi немесе жоюы, сондай-ақ әскери билеттiң немесе әскери қызметке шақырылуға тиiс азаматтың басқа да әскери есепке алу құжаттарының иесiнiң кiнәсiнен жоғалуы, -
ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң екiден бiр бөлiгiнен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен 511-бап өзгертілді (бұр.ред. қара)
Достарыңызбен бөлісу: |