Кодексі (2010. 04. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен )



бет36/46
Дата01.07.2016
өлшемі2.46 Mb.
#169182
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46

568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар

1. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бірінші бөлігінде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторлары құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 569-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 569-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 569-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



569-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган

1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкі летті орган осы Кодекстің 381, 381-2, 382, 383, 384 және 384-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазаларды қолдануға құқылы.

 

ҚР 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 08.04.04 ж. № 542-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.11.12.№ 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 570-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 570-бап өзгертілді



570-бап. Салық қызметi органдары

1. Салық қызметі органдары осы Кодекстiң 88 (үшiншi, төртiншi, бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, үшінші бөліктерінде), 166, 205-212,215-219, 357-2 (бірінші бөлігінде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Салық қызметі органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.

 

ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен 570-1-баппен толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред.қара); ҚР 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 570-1- бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV(бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 570-1-бап өзгертілді



570-1-бап. Қаржы полициясы органдары

1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 161-1, 164, 169-1, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 206-2, 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен



 (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 571-бап өзгертілді

571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2(бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) алып тасталды

2) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгінде), 178, 179-2, 184-2, 186, 204 , 357-2 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы құқылы.

3) алып тасталды

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 571-1-баппен толықтырылды. ҚР 2005.21.10. № 80-III заңымен өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР 2007.21.07.№ 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңымен 571-1-бап жаңа редакцияда



571-1-бап. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган

1. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 167-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.

 

2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 571-2-баппен толықтырылды

571-2-бап. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган

1. Банкроттық саласында мемлекет тік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, осы Кодекстің 155-1-бабында (бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілітті органның басшысы және оның орынбасарлары, банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық орган дарының басшылары және олардың орын басарлары құқылы.

 

ҚР 28.03.03 ж. № 398-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III(2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ; 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 572-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2009.04.07. № 167-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресмижарияланғаннан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен(бұр.ред.қара) 572-бап өзгертілді



572-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң органдары осы Кодекстiң 166-1, 168, 168-2 168-2 1-1, екінші, үшінші, 4-1, бесінші, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктер), 169, 180, 182, 187, 188 (бірінші және үшінші бөліктерінде), 188-1, 218, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында, сондай-ақ жиналуы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк органдарының құзыретiне кiретiн алғашқы статистикалық деректер бөлiгiнде 381-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасы, оның орынбасарлары, аумақтық филиалдардың басшылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi органдарының, сондай-ақ оның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғандығы туралы хаттама жасауға құқығы бар қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi осы Кодекске сәйкес айқындалады.

 

ҚР 03.06.03 ж. № 428-II Заңымен 573-бап өзгертілді; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен 573-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР 06.07.04 ж. № 572-II; 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.23.12. № 107-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ) ; 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара) Заңдарымен 573-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 573-бап өзгертілді



573-бап. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және

қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган

1. Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 88 (1, 1-1 және 1-2 бөліктер),158-1, 158-2, 167-1 (бірінші бөлігі), 168-2 (бiрiншi - тоғызыншы , он екінші бөлiктер), 170-174, 175 (бiрiншi бөлiк), 175-1, 175-2, 179-3, 191, 193,194-1, 195, 195-1, 196, 196-1, 197, 197-1, 198, 199, 201, 201-1, 218, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi органның бiрiншi басшысы және оның орынбасарлары құқылы.

 

13.03.03 ж. № 394-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 08.04.04 ж. № 542-II ҚР Заңымен; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 574-бап өзгертілді



574-бап. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтiк қорғау органдары

1. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдары осы Кодекстің 88 (екін ші бөлігінде), 88-1 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкімшілік құкық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау органдарының басшылары, олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк айыппұл салуға құқылы.

ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 574-1-баппен толықтырылды



574-1-бап. ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III(бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 575-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 575 -бап өзгертілді



575-бап. Шекара қызметiнiң органдары

1. Шекара қызметiнiң органдары осы Кодекстiң 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және Қазақстан Республикасы шекара қызметi органдарының атынан әкiмшiлiк жаза қолдануға:

шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бiрлестiктердiң басшылары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

шекара отрядтарының бастықтары, шекаралық бақылаудың әскери бөлiмдерiнiң, әскери теңiз бөлiмдерiнiң командирлерi мен олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

3. Қазақстан Республикасының континенттiк қайраңындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға:

1) Қазақстан Республикасы континенттiк қайраңының минералдық немесе жанды ресурстарын шетелдіктерге немесе шетелдік заңды тұлғаларға не шет мемлекеттерге заңсыз бергенi үшiн;

Қазақстан Республикасы шекара қызметiнiң басшысы мен оның орынбасарлары, арнайы бiрлестiктердiң басшылары мен олардың орынбасарлары - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мiндеттердi атқаратын шекара корабльдердiң (катерлерiнiң) командирлерi - айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.

2) 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара);

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ҚР Заңдарымен 576-бап өзгертілді



576-бап. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары

1. Мемлекеттiк құпияларды қорғау органдары осы Кодекстiң 357-2 (бірінші бөлігінде), 385, 386 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және белгiленген әкiмшiлiк жазаларды қолдануға:

Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның басқарма бастығы мен оның орынбасары, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң департаментi бастығы мен оның орынбасары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;

Мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi, жеке тұлғаларға жиырмаға дейiнгi, заңды тұлғаларға екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 576-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара )



576-1-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын

мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар

1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар 357-2-бапта (бірінші бөлігінде)көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-2-баппен толықтырылды ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 586-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара )



576-2-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi

қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары, түзеу мекемелерiнiң , тергеу изоляторларының бастықтары құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-3-баппен толықтырылды



576-3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесінің тергеу изоляторында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін) қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ұлттық қауіпсiздiк органдары тергеу изоляторларының бастықтары құқылы.

 

 



ҚР 2007.21.07. № 299-III Заңымен 576-4-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 576-4-бап өзгертілді; 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен 576-4-бап жаңа редакцияда (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар

1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, онын шы бөліктерінде), 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

 

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 576-5-баппен толықтырылды (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді)



576-5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті орган

1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 311-1 (бірінші-алтыншы бөліктер), 357-2 (бірінші бөлік) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолда нуға білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.

 

2008.05.07 № 59-IV ҚР Заңымен 576-6-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)



576-6-бап. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган

1. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 357-2-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

 

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен Заң 576-7-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)



576-7-бап. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган

1. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган 357-2-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

2. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 576-8-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)



576-8-бап. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган

1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 204-1-бабында, 357-2-бабында (бірінші бөлігі) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

 



4-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу

 

33-тарау. Негізгі ережелер

 

577-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.

 

578-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң тәртiбi



1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртiбi осы Кодекспен айқындалады.

2. Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң ережелерiмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес айқындалады.

 

579-бап. Өтiнiш жасау



1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiш мәлiмдеуге құқығы бар.

2. Өтiнiш жазбаша түрде мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс.

3. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады.

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 580-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

580-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi болдырмайтын

мән-жайлар

1. Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы;

3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;

4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның кейбiр ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылуы;

5) әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуi;

6) әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы;

7) iсi жүргiзiлiп отырған жеке адамның қайтыс болуы.

8) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем дердің түсуін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерді салық есептілігі нысанын электрондық түрде ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде орындамауына әкеліп соғуы;

9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру заңды болып табылғанда немесе осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.

 

581-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар



Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен, 67, 68-баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi болуына байланысты материал прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына берiлген жағдайда қысқартылуы мүмкiн.

 

582-бап. Прокурорлық қадағалау



Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.

 

583-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуде прокурордың



заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, өзге де уәкiлеттi органға немесе оның лауазымды адамына наразылық келтiруге;

2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқау беруге;

3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өзiне бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;

4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқартуға;

5) әкiмшiлiк жаза туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;

6) әкiмшiлiк ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;

7) өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;

8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.

2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында аталған актiлерi дереу орындалуға тиiс. Прокурордың аталған актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленгендей жауапты болады.

 

34-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет