Кодексі (2010. 04. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен )



бет13/46
Дата01.07.2016
өлшемі2.46 Mb.
#169182
түріКодекс
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46

194-1-бап. Акцияларды сатып алу тәртiбiн бұзу

Акцияларды сатып алудың Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiбiн бұзу, оның iшiнде акцияларды сатып алу кезiндегi олардың құнын айқындаудың қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысы бекiткен әдiстемесi болмаған жағдайда акционерлiк қоғамның орналастырылған акцияларын осы қоғамның сатып алуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 195-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



195-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасау тәртiбiн бұзу

Бағалы қағаздармен мәмiлелер жасаудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 195-1-баппен толықтырылды



195-1-бап. Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау

мақсатында мәмiлелер жасасу

Бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы жасау мақсатында бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiмен мәмiлелер жасасу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - қырықтан үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 196-бап өзгертілді; ҚР 2005.08.07. № 72-IIIЗаңымен 196-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



196-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар бойынша құқықтарды есепке алу және растау тәртiбiн бұзу

Бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушысының бағалы қағаздарды ұстаушылардың тiзiлiмдерi жүйесiн немесе нақтылы ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi жоқ құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, -

заңды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 196-1-баппен толықтырылды



196-1-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы

Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, -

лауазымды тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 197-бап өзгертілді



197-бап. Бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс ету мерзiмiн бұзу

Эмитенттiң бағалы қағаздарды орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есеп-қисапты табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 197-1-баппен толықтырылды



197-1-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды бұзуы

Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда ұйымдастырушының олардың қызметiне заңдарда белгiленген талаптарды әлденеше рет (қатарынан күнтiзбелiк айлар iшiнде екi және одан да көп) бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұлсалуға әкеп соғады.

198-бап. Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының есеп-қисаптарды табыс ету мерзiмiн бұзуы

Бағалы қағаздар рыногына кәсiби қатысушының бағалы қағаздар рыногындағы уәкiлеттi органға өз қызметi туралы есеп-қисаптарды табыс етудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 199-бап өзгертілді

199-бап. Эмитенттiң өз қызметi туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты жариялауы

Эмитенттiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жариялануға тиiс бағалы қағаздар рыногындағы қызмет туралы толық емес немесе дұрыс емес ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

200-бап. Бағалы қағаздар рыногындағы ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi бұзу

Бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртiппен және жағдайларда ақпаратты ашу жөнiндегi мiндеттi орындамауы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 13.03.03 ж. № 394-II Заңымен 201-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

201-бап. Жинақтаушы зейнетақы қорларының және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарды бұзуы

Жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылардың (алушылардың) жеке шоттарындағы зейнетақы жиналымдарын есепке алу тәртiбiн бұзуы, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдардың кастодиан-банктермен және жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара қарым-қатынастардың бағалы қағаздар рыногы туралы заңдарда белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 201-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



201-1-бап. Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актісінің талаптарын бұзу

1. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актісінде өзінің қызметі, инвестициялық қордың таза активтерінің құрамы мен құнын сипаттайтын көрсеткіштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын талаптарды, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртібін бұзуы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Пайлық инвестициялық қор компаниясын басқаратын акционерлік инвестициялық қордың дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

202-бап. Бағалы қағаздар туралы ақпаратқа құқықтарды бұзу



Бағалы қағаздар туралы коммерциялық құпия болып табылмайтын ақпаратты жасыру, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногы субъектiлерiнiң оны алуына кедергi келтiру, егер бұл әрекет iрi залал келтiруге әкеп соқпаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

203-бап. Төлемдер жүргiзу бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген шектеулердi бұзу

Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына төрт мың айлық есептiк көрсеткiштен астам сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге асыруы, -

төлемдi жүзеге асырушы заңды тұлғаға төлем сомасының бес процентiне дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 204-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.04.12. № 97-IV ҚРЗаңымен (бұр.ред. қара) 204-бап өзгертілді



204-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi

1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ақшалай мiндеттемелердi азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңдарда белгiленген тiркеусiз және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан тыс қабылдау жөнiндегi, мемлекеттiк мекеменiң немесе оралымды басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi, -

елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 204-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)



204-1-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзу

1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы -

айлық есептік көрсеткіштің бір жүз отыздан бір жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Тауар биржасының сауда қызметін және биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес өзге де қызметті жүзеге асыруы -

айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз сексеннен бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу -

жеке тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – айлық есептік көрсеткіштің жүз жиырмадан жүз қырыққа дейінгі, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің үш жүз сексеннен төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі талаптарды сақтамауы -

айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 



16-тарау.

 тіркеу салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

 

2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV(бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 205-бап өзгертілді

205-бап. Салық органында салық есебiне қою мерзiмiнiң бұзылуы

1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайды қоспағанда, салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларғаотыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Салық органында тiркеу есебiне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн тоқсан күннен астам уақыт бұзу, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - сегіз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларғажетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 205-бап 2-1-бөлікпен толықтырылды

2-1. Дара кәсіпкердің дара кәсіпкерді, жеке нотариусты, адвокатты мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген өзгерістерді енгізу үшін тұратын орнының өзгеруі туралы тіркеу деректерін өзгерту туралы салық өтінішін берудің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімін бұзуы – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен үшінші бөлік өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Салық төлеушiнiң қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салық өтінішін берудiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес айлық есептік көрсеткіш, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - есепке тұрмаған кезең үшін салық салынатын айналым сомасының он бес проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтiң салық заңдарында белгiленген жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органдарында тiркеудiң Қазақстан Республикасының салық заңдарында белгiленген мерзiмiн бұзуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға -тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту. Осы тарауда пайдаланылатын салық заңдарының ұғымы мен терминдерi Қазақстан Республикасының салық заңдарында олар пайдаланылатын мағынада ғана қолданылады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 205-1-баппен толықтырылды; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред.қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен 205-1-бап жаңа редакцияда (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 205-1-бап өзгертілді



205-1-бап. 205-1-бап. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметтi заңсыз жүзеге асыру

1. Арнаулы салық режимін қолданған кезде қызметті Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы режим үшін көзделген шарттарды бұза отырып жүзеге асыру, -

жеке тұлғаларға - сегіз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Дара кәсіпкердің патент алуға есептеме беру мерзімін күнтізбелік отыз күнге дейінгі мерзімге бұзуы -

он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Дара кәсіпкердің патент алуға есептеме беру мерзімін күнтізбелік отыз күннен астам мерзімге бұзуы -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Патент негізінде арнаулы салық режимі қолданылған жағдайда дара кәсіпкердің кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтініштің қолданысы кезеңінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы, -

жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

7. Осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 205-2-баппен толықтырылды



205-2-бап. Тұлғалардың қызметті тоқтата тұру туралы өтінішінің қолданылуы кезеңінде қызметті жүзеге асыруы

Қызметті тоқтата тұру туралы өтініштің қолданылуы кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметін тоқтата тұруға құқығы бар тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы, - жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 206-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 206-бап жаңа редакцияд; 2006.11.12. № 201-III ҚР Заңымен (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚРЗаңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара) 206-бап өзгертілді



 206-бап. Салық есептілігін, сондай-ақ салық төлеушінің мониторингін жүргізуге қажетті не шартты банк салымына байланысты құжаттарды табыс етпеу

1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген мерзімде салық органына салық есептілігін табыс етпеуі, -

жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға- отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - қырық бec, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

3. Салық төлеушілердің мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрдегі), сондай-ақ мониторинг бойынша есептілікті ірі салық төлеушінің уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не оны табыс етуден бас тартуы, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға- отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларғаүш жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекет­сіздік), -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Салық агентінің шартты банк салымы туралы шартты табыс салығын шартты банк салымы арқылы төлеген жағдайда салық органына табыс етпеуі не уақтылы табыс етпеуі -

дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, адвокаттарға – он, заңды тұлғаларға, оның ішінде, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шағын не месе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге – отыз, заңды тұлғаларға, оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме, филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын резидент еместерге елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Салық төлеушінің салық органына жеңілдікті салық салынатын мемлекетте орналасқан және (немесе) тіркелген, Қазақстан Республика-сының Салық кодексіне сәйкес салық салынуға жататын резидент емес заңды тұлға пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомасын айқындау үшін қажетті құжаттарды табыс етпеуі, –

жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге – бір жүз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 206-1-баппен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді)

206-1-бап. Мәмілелердің мониторингі бойынша трансферттік баға белгілеу кезінде бақылау мақсатында берілетін есептілікті, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарды табыс етпеу

1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында белгіленген мерзімде салық органына мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті табыс етпеуі, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъек тілері болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептіліктің деректері мен тексеру барысында алынған деректер арасында тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 2 000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшерде алшақтық анықталған жағдайда,-лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта бизнес субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Салық төлеушінің трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды (оның ішінде электрондық түрде), сондай-ақ мәмілелердің мониторингі жөніндегі есептілікті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген мерзімде табыс етпеуі не табыс етуден бас тартуы, –лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз елу айлық есеп тік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік), – лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екі жүз елу, ірі кәсіпкерлік су бъек тілері болып табылатын заңды тұлғаларға жеті жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен 206-2-баппен толықтырылды

206-2-бап. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қыз меттен босатылған адамдардың, сол сияқты аталған адам дардың жұбайының (зайыбының) қаржылық бақылау шараларын бұзуы

1. Келеңсіз себептермен мемлекеттік қызметтен боса тылған адамдардың мемлекеттік қызметтен боса тылғаннан кейін үш жыл бойы жыл сайын, сол сияқты аталған адамдардың жұбайының (зайыбының) кірістер, мүлік туралы декларацияларды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген басқа да мәліметтерді бермеуі, дер кезінде бермеуі немесе толық емес, дәйексіз мәліметтер беруі, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайталап жасалған, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттер, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2005.22.11 № 89-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 207-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  207-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет