Кодексі (2010. 04. 05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен )



бет27/46
Дата01.07.2016
өлшемі2.46 Mb.
#169182
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46

421-бап. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге

тауарларды және көлiк құралдарын әкетпеу не осы аумаққа

қайтармау

1. Белгiленген мерзiмдерде, егер мұндай әкету мiндеттi болып табылса, бұрын әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу, егер мұндай қайтару мiндеттi болып табылса, бұрын әкетiлген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қайта әкетудiң немесе әкелудiң дәлелi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден органына жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру, не аварияның немесе жойқын күштiң әсерi салдарынан, табиғи тозуы немесе азаюынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе шығын болуы себебiнен бұған мүмкiндiктiң болмауы, не шет мемлекет органдарының және лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiмен байланысты олардың иелiктен шығарылуы, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

422-бап. Тауарларды жою тәртiбiн бұзу



Меншiк иесiнiң немесе мүдделi адамның тауарларды жою тәртiбiн бұзуы, яғни кеден заңдарымен белгiлеген тауарларды жою, жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды тиiстi кедендiк режимде орналастыру талаптарын, шектеулердi және шарттарды сақтамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  423-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)

423-бап. Белгiлi бiр кедендiк режимде орналастырылған тауарлармен

және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар жасау, жай-күйiн

өзгерту, пайдалану және билiк ету

Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк режимiне сай келмейтiн операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және билiк ету, сол сияқты осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де шектеулердi, талаптарды және кеден режимi шарттарын сақтамау, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшi тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 424-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  424-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)



424-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды

және көлiк құралдарын өткiзген кезде тарифтiк емес реттеу

шараларын және басқа да шектеулердi қолдану тәртiбiн сақтамау

1. Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, заңдармен және нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленетiнтарифтiк емес реттеу мен шектеу шараларын қолдану тәртiбiн бұза отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған ретте, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. алынып тасталды

425-бап. Жеке тұлғалардың оңайлатылған, жеңiлдiк тәртiбiн бұза отырып

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды

өткiзуi

Осы Кодекстiң 432-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын оңайлатылған немесе жеңiлдiк тәртiбiн бұза отырып, жеке тұлғаның Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзуi, қылмыс белгiлерi болмаған ретте, -



айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 426-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  426-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)



426-бап. Кеден бақылауына соқпай Қазақстан Республикасының кеден

шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу

1. Кеден бақылауына соқпай, яғни Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлеген орындардан сыртқары немесе кедендiк ресiмдеу жүргiзудiң белгiленген уақытынан тыс, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының екі жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  427-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)



427-бап. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн

тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, соның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа тәсiлдердi пайдалану немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар тәркiлене отырып немесе онысыз, сондай-ақ құқық бұзушылықтың тiкелей объектiлерi болып табылатын тауарлар мен заттарды жасырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзу үшiн пайдаланылған арнайы әзiрленген құпия орындары бар тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  428-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)

428-бап. Құжаттарды немесе ұқсастыру құралдарын алдап пайдаланып,

Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды

және көлiк құралдарын өткiзу

Қазақстан Республикасының кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар ретiнде жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар, дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру арқылы Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу, сондай-ақ сәйкестендiрудiң қолдан жасалған құралдарын не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты ұқсастыру құралдарын пайдалану, осы Кодекстiң 429 және 432-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 429-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  429-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)



429-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын декларацияламау немесе жалған

декларациялау

1. Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды және көлiк құралдарын декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни тауарлар мен көлiк құралдары, олардың кедендiк режимi және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер туралы белгiленген жазбаша, ауызша немесе өзге нысанда мәлiмдемеу немесе жалған мәлiмдеу, осы Кодекстiң 409, 413, 414, 424-428, 432-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

лицензияның, арнаулы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуы тоқтатыла тұрып, орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының үш жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 430-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  430-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)

430-бап. Кеден ережелерiн бұза отырып, Қазақстан Республикасының

кеден аумағына әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын

тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету

1. Қазақстан Республикасының кеден аумағына кеден бақылауына соқпай не осындай бақылаудан жасырын, не құжаттарды немесе сәйкестендiру құралдарын алдап пайдаланумен, әкелiнген, не декларацияланбаған немесе жалған декларацияланған тауарларды және көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау, иемденiп алу, пайдалану немесе билiк ету, сол сияқты басқаларға қарағанда өзге мақсатпен оларға осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз пайдаланылатын немесе иелiктен айырылатын, кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде оларға кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, сақтау және иемденiп алу, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - он бестен жиырма беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отыз беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 431-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



431-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтар бөлiгiнде оларға қатысты

кедендiк жеңiлдiктер берiлiп, шартты түрде шығарылған

тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану мен билiк ету

тәртiбiн бұзу

Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз басқаларға қарағанда өзге мақсатпен осындай жеңiлдiктер берiлуiмен байланысты кеден төлемдерi мен салықтары бөлiгiнде кеден жеңiлдiктерi берiлiп, шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және билiк ету, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

432-бап. Кедендiк төлемдер мен салықтардан заңсыз босатуға немесе



оларды төмендетуге бағытталған iс-әрекеттер

Кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi кедендiк декларациялар мен өзге де құжаттарда кедендiк режим, кеден құны не тауарлар мен көлiк құралдарын шығарған ел туралы дұрыс емес мәлiметтер немесе кедендiк төлемдер мен салықтардан босату немесе олардың мөлшерiн азайту үшiн негiз болатын өзге де дұрыс емес мәлiметтер беру, осы Кодекстiң 425, 428, 429-баптарымен көзделген жағдайларды қоспағанда,қылмыс белгiлерi болмаған ретте, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

433-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтарды тиiстi негiздерсiз

қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды

қайтармауға бағытталған iс-әрекеттер

Қазақстан Республикасының кеден органына - төленген кедендiк төлемдердi қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не тиiстi негiздемесiз толық көлемiнде қайтаруға құқық беретiн дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар беру, қылмысбелгiлерi болмаған кезде, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 434-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 434-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

434-бап. Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу

мерзімдерін бұзу

Кедендік төлемдерді және салықтарды белгіленген мерзімдер ішінде төлемеу, -

лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес айыппұл салуға әкеп соғады.

 

435-бап. Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге



асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасы кеден

органдарының шешiмдерiн орындамауы

Банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың кiнәсiнен төлемшiнiң кедендiк төлем шоттары бойынша кеден төлемдерiн өндiрiп алу немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы Қазақстан Республикасы кеден органдарының шешiмдерiн орындамауы, -

лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 436-бап өзгертілді

436-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 437-бап өзгертілді



437-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

438-бап. Лауазымды адамдардың және өзге де қызметкерлердiң кеден

iсiнде қолданылатын талаптарды орындамауы

Ұйымдардың лауазымды адамдарының және өзге де адамдардың кеден iсiнде қолданылатын талаптарды орындамауы, сол сияқты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша заңды тұлға үшiн жұмыстар орындайтын өзге де жеке тұлғалардың осындай талаптарды орындамауы, кеден ережесiн бұзғаны үшiн аталған заңды тұлға жауапқа тартылған жағдайларда, кеден органының лауазымды адамын кедендiк бақылау жүргiзу үшiн аумаққа және үй-жайға кiруiне кедергi жасау, -

ескерту жасауға немесе оннан елуге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

27-тарау. Көлікте, жол шаруашылығында және



байланыста әкімшілік құқық бұзушылық

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 439-бап өзгертілді

439-бап. Темiр жол көлiгiнде қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн

ережелердi бұзу

1. Темiр жол арқылы күш көлiгiмен өту, мал айдап өту, темiр жолдарға арнап оқшауланған жерлерде мал жаю ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екiге дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Темiр жолды, отырғызылған қорғаныш ағаштарды, қар тоқтатқыш қоршауларды және басқа да жол объектiлерiн, сигнал беру және байланыс құрылыстары мен қондырғыларын бүлдiру, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жүктердi тиеу және түсiру кезiнде белгiленген көлемдердi сақтамау, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жетiге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Темiр жолдарға поездар қозғалысын бұзуы мүмкiн заттар төсеу, лақтыру немесе қалдыру, -

бес айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Белгiленбеген жерлерде темiр жол арқылы өту, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан бiрi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

6. Темір жолдарды техникалық пайдалану ережелерінің талаптарын бұзу, -

жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға — бестен жетіге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — сегізден онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 440-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



440-бап. Темiр жол көлiгi құралдарын пайдалану ережелерiн бұзу

1. Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру, поезд жүрiп бара жатқанда отырғызу және түсiру, вагондардың тепкiшектерi мен төбесiнде жүрiп-тұру, қажетсiз ретте поезды өз бетiнше тоқтату, -

бiр айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Поездар вагондарының терезелерi мен есiктерiнен қоқыстарды және өзге де заттарды тастау, поезд жүрiп бара жатқан кезде сыртқы есiктердi заңсыз ашу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң бестен бiрiне дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  440-1-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді)

440-1-бап. Теміржол жылжымалы құрамын мем лекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану

1. Теміржол жылжымалы құрамын уәкілетті органда мемлекеттік тіркеусіз немесе қайта тіркеусіз пайдалану, —

жеке тұлғаларға — екі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырма айлық есептік көрсет кіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішін де қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —

жеке тұлғаларға — бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

441-бап. Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын және олардың iшкi

жабдықтарын бүлдiру

Ортақ пайдаланыстағы көлiк құралдарын, атап айтқанда, темiр жол көлiгiнде жолаушылар вагондарын және локомотивтердi, теңiз және өзен көлiгiнде кемелердi, автобустарды, троллейбустарды, трамвайларды бүлдiру, сондай-ақ олардың iшкi жабдықтарын бүлдiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 442-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

442-бап. Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн

бұзу


1. Әуе кемелерiнiң ұшуы, зымырандарды ұшыру, атыстың барлық түрлерiн өткiзу, жарылыс жасау жұмыстары кезiнде немесе Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде материалдық объектiлердi көтеруге, жылжытуға немесе түсiруге байланысты басқа да қызметтi жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану тәртiбiн бұзу, -

құқық бұзушылықты жасаудың құралы болған затты өтемiн төлеп алып қоя отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бiрден онға дейiнгi, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

құқық бұзушылық жасаудың құралы болған затты тәркiлей отырып немесе онысыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 443-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет