195
төндірмейді.
604.4 A2
Салық декларациясын ресімдеу бойынша қызметтер мыналарды
қамтиды:
• Тиісті салық органдарына ұсынылуы қажет төленуге тиісті
салық сомасын (әдетте стандартты нысанда) қоса алғанда,
ақпаратты құрастыру және
жинақтау арқылы клиенттерге
салық есептілігі бойынша міндеттемелерін орындауда
көмек көрсету.
• Өткен транзакциялар бойынша салық декларациясын өңдеу
мәселелері бойынша кеңес беру және аудит тапсырыс
берушісінің атынан салық органдарының қосымша ақпарат
пен талдау туралы сұрауларына жауаптар (мысалы,
түсіндірмелер беру және қолданылатын тәсілді техникалық
қолдау).
604.4 A3
Салық декларациясын
дайындау қызметтері, әдетте, тарихи
ақпаратқа негізделеді және негізінен қолданыстағы салық
заңнамасына сәйкес осындай тарихи ақпаратты талдау мен ұсынуды,
соның ішінде прецеденттер мен қолданыстағы тәжірибені қамтиды.
Бұдан басқа, салық декларациялары
салық органы орынды деп
санайтын кез келген тәртіппен қаралуға немесе бекітілуге жатады.
Бухгалтерлік жазбаларды дайындау үшін салықтарды есептеу
Барлық аудит клиенттері
604.5 A1
Кейіннен фирма тексеретін бухгалтерлік жазбаларды дайындау
мақсатында аудитке тапсырыс беруші бойынша ағымдағы және
кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің (активтерінің)
есептеулерін дайындау өзін-өзі тексеру қаупін тудырады.
604.5 A2
604.3 А2-тармағында көрсетілген
факторларға қосымша аудитке
тапсырыс берген клиент үшін осындай есептеулерді дайындау
кезінде туындайтын қауіп деңгейін бағалау үшін маңызы бар фактор
есеп айырысу фирма пікір ұсынуға негіз болған қаржылық
есептілікке елеулі әсер ете ала ма, жоқ па болып табылады.
Қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар болып табылмайтын клиенттердің аудиті
604.5 A3
Аудитке тапсырыс беруші қоғамдық мүдде
субъектісі болып
табылмаған кезде өзін-өзі тексерудің осындай қаупінен қорғалуы
мүмкін іс-әрекеттердің мысалдары мыналарды қамтиды:
• Қызмет көрсету үшін аудиторлық топтың мүшелері болып
табылмайтын кәсіпқойларды пайдалану.
196
• Қызмет көрсетуге қатыспаған,
орындалған аудиторлық
жұмысты немесе қызметті тексеретін тиісті тексерушінің
болуы.
Қоғамдық мүдделерді білдіретін клиенттердің аудиті
R604.6
Фирма немесе желілік фирма қаржылық есептілік үшін елеулі
бухгалтерлік жазбаларды дайындау мақсатында қоғамдық мүддені
білдіретін ұйым болып табылатын аудитке тапсырыс беруші үшін
ағымдағы және кейінге қалдырылған
салық міндеттемелерінің
(немесе активтерінің) салық есептеулерін дайындамауы тиіс, ол
бойынша фирма өз пікірін білдіретін болады.
604.6 A1
Өзін-өзі тексеру қатерін жою үшін 604.5 A3 тармағында
қорғаныштық болуы мүмкін іс-қимылдар
мысалдары қоғамдық
мүддені білдіретін және фирма өз пікірін білдіретін қаржылық
есептер үшін маңызды емес ұйым болып табылатын аудит тапсырыс
берушісіне ағымдағы және кейінге қалдырылған салықтық
міндеттемелердің (немесе активтердің)
салықтық есептеулерін
дайындау кезінде де қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: