Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда



Pdf көрінісі
бет74/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

Қоғамдық мүдде субъектілері
400.8 
Осы Бөлікте келтірілген талаптар мен қолданбалы материалдардың 
кейбірі қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар ретінде анықталған 
белгілі бір ұйымдарға қоғамдық мүдде дәрежесін көрсетеді. 
Фирмаларға қосымша ұйымдарды немесе ұйымдардың белгілі бір 
санаттарын қоғамдық мүддені білдіретін ұйымдар ретінде қарастыру 
керек, керек жоқтығын анықтауға кеңес беріледі, өйткені оларда 


128 
мүдделі тараптардың үлкен саны және кең ортасы болады. Ескерілуге 
тиісті факторларға жатады: 
• 
Бизнестің сипаты, мысалы, көптеген мүдделі тараптар үшін 
сенімгерлік басқарудағы активтерді иелену. банктер мен 
сақтандыру компаниялары, сондай-ақ зейнетақы қорлары 
сияқты қаржы мекемелері мысал бола алады; 
• 
Мөлшері. 
• 
Қызметкерлер саны. 
Пайдалануға және таратуға шектеуі бар есептер
400.9 
Аудит есебі пайдалану мен таратуға шектеуді қамтуы мүмкін. Егер 
бұл солай болса және 800-бөлімде баяндалған шарттар сақталса, онда 
осы Бөліктегі тәуелсіздік талаптары 800-бөлімде қарастырылғандай 
өзгертілуі мүмкін. 
Аудит және шолу тексерісі бойынша тапсырмалардан басқа, сенімділік білдіру 
бойынша тапсырмалар
400.10 
Аудит немесе шолу тексерісі бойынша тапсырмалар болып 
табылмайтын сенімділік білдіру бойынша тапсырмалар үшін 
Тәуелсіздік стандарттары 4B - Аудит және шолу тексерісі бойынша 
тапсырмалардан басқа сенімділік білдіру бойынша тапсырмалардың 
тәуелсіздігі Бөлігінде баяндалған. 
Талаптар және қолданбалы материал 
Жалпы 
R400.11 
Аудиторлық тапсырманы орындайтын фирма тәуелсіз болуы керек. 
R400.12 
Фирма аудиторлық тапсырмаға қатысты тәуелсіздік қатерлерін 
анықтау, бағалау және жою үшін 120-бөлімде баяндалған 
тұжырымдамалық негізді қолдануы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет