Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда



Pdf көрінісі
бет12/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

Кодексті Бұзу 
R100.4 
R400.80 - R400.89 және R900.50 - R900.55 тармақтары Халықаралық 
тәуелсіздіктің стандарттарын бұзуды қарастырады. Кодекстің кез 
келген басқа ережесінің бұзылуын анықтаған кәсіби бухгалтер 
бұзушылықтың маңыздылығын және оның бухгалтердің негізгі 
қағидаларды сақтау қабілетіне әсерін бағалауы керек. Сондай-ақ 
бухгалтер міндетті: 
(a) 
Бұзушылықтың салдарын қанағаттанарлық түрде жою үшін 
барлық ықтимал іс-әрекеттерді мүмкіндігінше тезірек 
қабылдауға; сондай-ақ 
(b) 
Бұзушылық туралы тиісті тараптарға хабарлау керектігін 
анықтайды. 
100.4 A1 
Мұндай бұзушылық туралы хабардар болуыға тиісті тараптарға оған 
ықпал етуі мүмкін адамдар, кәсіби немесе реттеуші орган немесе 
қадағалау органы кіреді. 


18 
110-БӨЛІМ 
НЕГІЗГІ
 
ҚАҒИДАЛАР  
Жалпы 
110.1 A1 
Кәсіби бухгалтерлер үшін бес негізгі әдеп қағидалары бар: 
(a) 
Адалдық -барлық кәсңби және іскерлік қарым-қатынастарда 
турашыл және адал болу.
(b) 
Объективтілік - кәсіби немесе іскерлік пайымдауларға, 
мүдделер қайшылығына немесе басқалардың тиісті емес 
ықпалына қауіп төндірмеу. 
(c) 
Кәсіби құзыреттілік және тиісті күтім мынандай болуы тиіс: 
(і) 
Клиент немесе жұмыс беруші ұйым қолданыстағы 
техникалық және кәсіптік стандарттарға және тиісті 
заңнамаға негізделген құзыретті кәсіби қызметтерді 
алуын қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде кәсіби білім 
мен дағдыға қол жеткізу және қолдау; сондай-ақ 
(ii) 
Техникалық және кәсіптік стандарттарға сәйкес әрекет 
ету. 
(d) 
Құпиялылық-кәсіби және іскерлік қарым-қатынастар 
нәтижесінде алынған ақпараттың құпиялылығын сақтау. 
(e) 
Кәсіби мінез-құлық - тиісті заңдар мен ережелерді сақтау және 
кәсіби бухгалтер білетін немесе білуі керек кез келген мінез-
құлықтан аулақ болу, оның кәсібіне нұқсан келтіруі мүмкін. 
R110.2 
Кәсіби бухгалтер барлық негізгі қағидаларды сақтауы керек. 
110.2 A1 
Іргелі әдеп қағидалары кәсіби бухгалтерден күтілетін мінез-құлық 
стандартын белгілейді. Тұжырымдамалық негіздер бухгалтердің 
негізгі қағидаларды сақтауға көмектесу үшін қолдануы керек 
көзқарасты белгілейді. 111-115-кіші бөлімдерде негізгі қағидалардың 
әрқайсысына қатысты қолдану жөніндегі талаптар мен материалдар 
баяндалған. 
110.2 А2 
Кәсіби бухгалтердің бір іргелі қағиданы сақтауынан бір немесе 
бірнеше басқа іргелі қағидаларды сақтауға қайшы келетін жағдайға 
тап болуы мүмкін. Мұндай қажет болған жағдайда бухгалтер 
анонимді түрде кеңес алу мүмкіндігін қарастыра алады: 
Фирманың немесе жұмыс беруші ұйымның басқа қызметкерлерінен. 
Корпоративтік басқаруға жауап беретін тұлғадан. 


19 
Кәсіби ұйымнан. 
Реттеуші органнан. 
Заңгер кеңес берушіден. 
Алайда, мұндай кеңес бухгалтерді жанжалды шешу үшін немесе 
қажет болған жағдайда кәсіби шешім қабылдау міндетінен 
босатпайды, ал егер заңмен немесе нормативтік актілермен тыйым 
салынбаған болса, жанжалды тудыратын мәселеден алшақтатылады.
110.2 А3 
Кәсіби бухгалтерге мәселенің мәнін, кез келген талқылаудың егжей-
тегжейін, қабылданған шешімдер мен олардың негіздемесін құжаттау 
ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет