111-БӨЛІМШЕ - АДАЛДЫҚ R111.1 Кәсіби бухгалтер барлық кәсіби және іскерлік қарым-қатынастарда
бухгалтердің тікелей және адал болуын талап ететін адалдық
қағидасын ұстануы керек.
111.1 A1
Адалдық шыншылдық пен адал болуды білдіреді.
R111.2 Егер кәсіби бухгалтер ақпараттары:
(а) айтарлықтай жалған немесе жаңылыстыратын мәлімдемені
қамтыған;
(b) ойланбаған мәлімдемелерді немесе ақпаратты қамтыған; немесе
(c) егер олқылық немесе түсініксіздік жаңылыстыратын болса,
талап етілетін ақпаратты бермейді немесе жасырады,
деп санаған есептіліктермен, декларациялармен, хабарламалармен
немесе өзге де ақпараттармен саналы түрде байланыспағаны жөн.
111.2 A1
Егер кәсіби бухгалтер осындай есепке, декларацияға, хабарламаға
немесе басқа ақпаратқа қатысты өзгертілген есептілікті ұсынса,
бухгалтер R111.2 параграфын бұзбайды.
R111.3 Кәсіби бухгалтер R111.2 параграфында сипатталған ақпаратпен
байланысты екенін білгенде, бухгалтер осы ақпараттан бас тарту
үшін шаралар қабылдауы керек.
112- БӨЛІМШЕ - ОБЪЕКТИВТІЛІК R112.1 Кәсіби
бухгалтер
бухгалтерден
кәсіби
немесе
іскерлік
пайымдауларға, мүдделер қақтығысына немесе басқалардың заңсыз
ықпалына қауіп төндірмеуін талап ететін объективтілік қағидасын
ұстануы керек.
20
R112.2 Егер жағдайлар немесе қатынастар бухгалтердің осы қызметке
қатысты кәсіби пікіріне дұрыс әсер етпесе, кәсіби бухгалтер кәсіби
қызметпен айналыспауы керек.
113- БӨЛІМШЕ - КӘСІБИ