Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда



Pdf көрінісі
бет19/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

Қауіпті бағалау 
R120.7  
Кәсіби бухгалтер негізгі қағидаларды сақтау қаупін анықтаған кезде, 
бухгалтер мұндай қауіптің қолайлы деңгейде екенін бағалауы керек.
Қолайлы деңгей
120.7 A1 
Қолайлы деңгей - бұл үшінші тараптың негізді және ақпараттық 
тестісін қолданатын кәсіби бухгалтер негізгі қағидаларды ұстанады 
деген қорытынды жасайтын деңгей.
Қауіп деңгейін бағалауға әсер ететін факторлар
120.8 A1 
Кәсіби бухгалтер қауіптерді бағалау кезінде сапалық және сандық 
факторларды, сондай-ақ егер мүмкін болса, бірнеше қауіптердің 
жиынтық әсерін ескеру қажет.
120.8 A2 
120.6 A1 тармағында сипатталған шарттардың, саясаттар мен 
рәсімдердің болуы, сондай-ақ іргелі қағидаларды сақтау қатерлерінің 
деңгейін бағалау кезінде маңызы бар факторлар болуы мүмкін. 
Мысалы мұндай шарттар, саясаттар мен рәсімдер өзіне мынаны 
енгізеді: 


28 
• 
Корпоративтік басқару талаптарын.
• 
Мамандығы бойынша жұмыс істеу тәжірибесі, оқуына 
және білімен қойылатын талаптар.
• 
Кәсіби бухгалтер мен жалпы жұртшылыққа әдепті емес 
мінез-құлыққа назар аударуға мүмкіндік беретін 
шағымдарды қараудың тиімді жүйелері. 
• 
Әдептілік талаптарының бұзылуы туралы анық хабарлау 
міндеттемесі. 
• 
Кәсіби немесе реттеуші мониторинг және тәртіптік 
рәсімдер. 
Жаңа ақпаратты немесе фактілер мен жағдайлардың өзгеруін қарау 
R120.9 
Егер кәсіби бухгалтер қауіптің жойылғанына немесе қолайлы 
деңгейге дейін төмендеуіне әсер етуі мүмкін фактілер мен жағдайлар 
жөнінде жаңа ақпаратты немесе оның өзгеруін білсе, бухгалтер бұл 
қауіпті қайта бағалап, тиісті түрде жоюы керек.
120.9 A1 
Кәсіби қызмет барысында қырағылықты сақтау кәсіби бухгалтерге 
жаңа ақпараттың пайда болғанын немесе фактілер мен жағдайларда 
өзгерістер болғанын анықтауға көмектеседі:
(а) 
Қауіп-қатердің деңгейіне ықпал етуге; немесе
(b) 
Бухгалтердің анықталған қауіптерді жою үшін сақтық 
шараларын қолдану туралы тұжырымдарына әсер етеді.
120.9 A2 
Егер жаңа ақпарат жаңа қауіпті анықтауға әкелсе, кәсіби бухгалтер 
бұл қауіпті бағалап, қажет болған жағдайда жоюы керек. ( R120.7 
және R120.10 тармақтарына сілтеме).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет