Кодексі анықтамалығы тәуелсіздіктің халықаралық Стандарттарын қоса алғанда


Талаптар және қолданбалы материалдар



Pdf көрінісі
бет17/207
Дата08.03.2023
өлшемі2.52 Mb.
#470518
түріКодекс
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   207
IESBA Kazakh 2020кодекс15.02.22.

Талаптар және қолданбалы материалдар
Жалпы 
R120.3 
Кәсіби бухгалтер 110 бөлімде баяндалған іргелі қағидаларды 
сақтауға төнген қауіпті анықтау, бағалау және жою үшін 
тұжырымдамалық негізді қолдануы тиіс. 
120.3 A1 
Тұжырымдамалық негізде қолданылатын қосымша талаптар және 
қолданбалы материалдар мына бөлімдерде баяндалған: 
(а) 
2-бөлім - Бизнестегі кәсіби бухгалтер
(b) 
3-бөлім - Жарияға мүдделі тәжірибелі кәсіби бухгалтер
(c) 
Халықаралық тәуелсіздік стандарттары:
(i) 
4A-бөлім - Аудиттің тәуелсіздігі және шолу тексерісі;
(ii) 
4B-бөлім - Аудит және шолу тексерісінен өзгеше 
сенімділікті сипаттау бойынша тапсырмалардың 
тәуелсіздігі.


25 
R120.4 
Кәсіби бухгалтердің әдеп мәселесін қарастыру кезінде мәселенің 
туындағанын немесе туындау мүмкіндігін ескеруі тиіс. Егер жеке 
тұлға тәжірибелі бухгалтер болып фирма иесімен немесе 
қызметкермен, мердігермен бухгалтер арасындағы қатынасқа сәйкес 
кәсіби қызметті орындайтын болса, онда ол 2 бөлімнің ережелерін 
сақтауға тиіс. 
R120.5 
Тұжырымдамалық негізді қолдану кезінде кәсіби бухгалтер міндетті:
(а) 
Кәсіби пікірді білдіруге; 
(b) 
Жаңа ақпараттарға, сондай-ақ фактілер мен жағдайлардың 
өзгеруіне мұқият болуы тиіс;
(c) 
120.5 A4 параграфта баяндалған үшінші жақтың ақылға 
қонымды және ақпараттардырылған тестісін қолдану қажет.
Кәсіби пайымдау практикасы 
120.5 A1 
Кәсіби қорытынды шығару кәсіби қызметтің нақты көлемін және 
сипатын қоса алғанда өлшенетін фактілер мен дағдайларға, кәсіби 
білімге, біліктілікке және тәжірибеге, дайындыққа сәйкес қолдануды, 
сонымен қатар қарым-қатынасты және қызығушылықты танытуды 
білдіреді. Кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін кәсіби бухгалтер іс-
әрекеттің қол жетімді бағыттары туралы негізделген шешімдер 
қабылдау және мұндай шешімдердің осы жағдайларға сәйкес 
келетіндігін анықтау үшін тұжырымдамалық негізді қолданған кезде 
кәсіби шешім қажет.
120.5 A2 
Белгілі фактілер мен жағдайларды түсіну тұжырымдамалық негізді 
дұрыс қолданудың міндетті шарты болып табылады. Осы түсінікке 
жету үшін қажетті әрекеттерді анықтау және негізгі қағидалардың 
орындалғаны туралы қорытынды кәсіби пайымдауды қажет етеді. 
120.5 А3 
Кәсіби пайымдауды жасау кезінде, кәсіби бухгалтер басқалармен 
қатар, мыналарды ескеруі тиіс: 
• 
Бухгалтерге белгілі маңызды ақпарат фактілер мен 
жағдайларда болмауы мүмкін деп қауіптенуге негіз 
болса.
• 
Белгілі фактілер мен жағдайлар және бухгалтердің 
үміттері арасындағы сәйкессіздіктердің болуы.
• 
шешімдерді шығару деген бухгалтерлің жеткілікті білімі 
мен тәжірибесінің болуы.
• 
Қажетті білімі мен тәжірибесі бар өзге адамдармен 
ақылдасу қажеттілігі.


26 
• 
Шешім 
шығару 
негізі 
ретінде 
ақпараттардың 
парасаттылығы. 
• 
Өзін-өзі ескерту мүмкіндігі немесе кәсіби пайымдауға 
ықпал ете білуі.
• 
Қолда бар ақпараттан жасалуы мүмкін басқа да ақылға 
қонымды тұжырымдар болуы мүмкін. 
Ақылға қонымды және үшінші тараптың ақпараттандырылуы
120.5 A4 
Үшінші тараптың ақылға қонымды және ақпараттандырылған тестісі 
- бұл кәсіби бухгалтердің екінші тараптың осындай тұжырымға келе 
алатындығын қарастыруы. Мұндай қарау ақылға қонымды және 
ақпараттандырылған үшінші тараптың көзқарасы тұрғысынан 
жүргізіледі, ол бухгалтер қорытынды шығару кезінде білетін немесе 
білуі мүмкін іске қатысты барлық фактілер мен мән-жайларды 
өлшейді. Ақылды және ақпараттандырылған үшінші тарап бухгалтер 
болудың қажеті жоқ, бірақ бухгалтердің тұжырымдарының 
орындылығын бейтарап түсіну және бағалау үшін тиісті білім мен 
тәжірибеге ие болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   207




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет