Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


(теңiзiнiң) және iшкi суларының режимiн бұзу



бет28/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48

                (теңiзiнiң) және iшкi суларының режимiн бұзу

      1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетiндегi және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiптi бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңiзiнде) және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болған көлiк құралдары мен өзге де заттары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 390-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.12.19. N 11 (ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

      391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк


               шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi
               бұзу

      1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзу, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -
      Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      391-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк


                 шекарасы режимiн бұзу

      1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн бұзу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеушiлiк, iздестiрушiлiк немесе өзге де қызметтердi жүргiзу, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болған көлiк құралдары мен өзге де заттары тәркiлене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың тiкелей нысанасы болған көлiк құралдары мен өзге де заттары тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
      Ескерту. 391-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27. N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк


               шекарасы арқылы заңсыз алып өту

      1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк


               шекарасын күзету жөнiндегi өз мiндеттерiн
               атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды
               өкiмiне немесе талабына бағынбау

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкiмiне немесе талабына бағынбау, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

      394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның


                Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы

      1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тiркелу мерзiмдерiн не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың тәртiбiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -


      он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз келуiнен, белгiленген мерзiмдерде қайтып кетуден  жалтаруынан, келу мақсатының визада не тiркеу кезiнде көшi-қон карточкасында көрсетiлген мақсаттарға сай болмауынан, сондай-ақ нақты тұратын жерi тiркеу кезiнде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуiнен, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жол жүру қағидаларын сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу қағидаларын бұзуы, -
      он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
      Ескерту. 394-бап жаңа редакцияда - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      394-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау

      Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдердi орындамауы –
      айлық есептiк көрсеткiштiң бiр жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға әкеп соғады.
      Ескерту. 25-тарау 394-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      395-бап. Жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан


                Республикасында шетелдiктердiң болу қағидаларын
                бұзуы

      1. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырған Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасында болу, ел аумағында жүрiп-тұру құқығына құжаттарды ресiмдеу және белгiленген болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан қайтып кетуi жөнiнде шаралар қабылдамауы, –


      бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын дара кәсiпкердiң, лауазымды адамның немесе заңды тұлғаның оларды уақтылы тiркеу, олардың Қазақстан Республикасына келу, оның аумағында болу және жүрiп-тұру құқығына құжаттарды ресiмдеу және белгiленген болу мерзiмi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасынан қайтып кетуi жөнiнде шаралар қабылдамауы, –
      лауазымды адамдарға – он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Қазақстан Республикасына заңсыз келуден, оның аумағында заңсыз жүрiп-тұрудан, белгiленген мерзiмде Қазақстан Республикасынан қайтып кетуден жалтарудан, нақты тұратын жерi тiркеу кезiнде көрсетiлген мекенжайға сәйкес келмеуiнен көрiнген, Қазақстан Республикасында шетелдiктердiң болу қағидаларын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын үй беру, -
      жеке тұлғаларға ескерту жасауға, лауазымды адамдарға – он, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – он бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының аумағына келген шетелдiкпен немесе азаматтығы жоқ адаммен мәмiлелер жасасуы, -
      лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Осы баптың бесiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      лауазымды адамдарға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 395-бап жаңа редакцияда - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн


                тарту қағидаларын бұзу және шетелдiктiң немесе
                азаматтығы жоқ адамның еңбек қызметiн заңсыз
                жүзеге асыруы

      1. Жұмыс берушiнiң шетелдiк жұмыс күшiн жергiлiктi атқарушы органның рұқсатынсыз тартуы немесе жұмысқа орналасуға рұқсаты жоқ шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың еңбегiн пайдалануы, -


      жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды адамдарға – елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Жұмыс берушiнiң шетелдiк қызметкердi жергiлiктi атқарушы органның шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатында көрсетiлген лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) сәйкес келмейтiн лауазымға (кәсiпке немесе мамандыққа) тартуы, -
      лауазымды адамдарға – елу, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – екi жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға – бiр жүз, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Мұндай рұқсатты алу еңбек қызметiн жүзеге асырудың қажеттi шарты болып табылатын жағдайда, Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз келген шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жұмысқа орналасуға арналған рұқсатты алмай Қазақстан Республикасында еңбек қызметiн жүзеге асыруы, -
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.
      Ескерту. 396-бап жаңа редакцияда - 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      397-бап. Алып тасталды - ҚР 2007.07.06. N 276 Заңымен.

      398-бап. Босқынның тұру ережелерiн бұзуы

      Ескерту. 398-бап алынып тасталды - ҚР 2009.12.04 N 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       399-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде
               еңбекке орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет

      РҚАО-ның ескертпесi!


      399-бапқа өзгерту енгiзу көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензияда көзделген шарттарды бұза отырып, сол сияқты жөнсiз жарнаманы пайдаланып, не толық емес немесе дәйексiз ақпарат берiп жүзеге асыру, -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 399-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi), 2006.03.02. N 131 Заңдарымен.

  26-тарау. КЕДЕН IСТЕРI САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ

      400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу

      Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 400-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      400-1-бап. Кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыру


                  тәртiбiн бұзу

      Кеден өкiлiнiң, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркiн немесе кедендiк қойма, баж салынбайтын сауда дүкенi иелерiнiң осындай қызметтi «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының кодексiне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен мiндеттерiн сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, еркiн немесе кедендiк қойманы, баж салынбайтын сауда дүкенiн құруға арналған үй-жайдың немесе аумақтың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi -


      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 26-тарау 400-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      400-2-бап. Кедендiк тасымалдаушының қызметтi жүзеге асыру


                 тәртiбiн бұзуы

      Кедендiк тасымалдаушының осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен мiндеттердi сақтамауы, оның iшiнде көлiк құралы орналасқан жердi кеден органының анықтауына мүмкiндiк беретiн, сол көлiк құралында техникалық жабдықтың болмауы не оның ақаулы болуы -


      жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 26-тарау 400-2-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       401-бап. Кеден одағының кедендiк шекарасынан өткеннен


                кейiн өткiзу пунктiне тауарлар мен көлiк
                құралдарының келгенi туралы Қазақстан
                Республикасының кеден органына хабарламау

      Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлiк құралдарын оңайлатылған немесе жеңiлдiктi тәртiппен өткiзуiн қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендiк аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының кедендiк шекарасынан өтетiндiгi туралы хабарламау, оның iшiнде кедендiк шекарадан өткен кезде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс ету мiндеттi болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын дара кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 401-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

       402-бап. Өткiзу пунктiнде Қазақстан Республикасы


               кеден органының рұқсатынсыз тауарлар мен көлiк
               құралдарының кеден одағының кеден аумағынан
               тысқары жерге кетуi

      1. Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлiк құралдарын оңайлатылған немесе жеңiлдiктi тәртiппен өткiзуiн қоспағанда, егер тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылауда болса не тауарлар мен көлiк құралдарын әкету оларды кедендiк бақылауға орналастыруды көздесе, өткiзу пунктiнде тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк шекара арқылы кеден одағының кедендiк аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау, оның iшiнде кеден одағының кедендiк аумағынан әкету кезiнде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс етiлуi мiндеттi болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -


      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 402-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.12 бастап қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

      403-бап. Авария немесе жойқын күштер жағдайында


               шаралар қолданбау

      Қазақстан Республикасының кеден органы белгiлеген орынға жеткiзуге қабылдаған немесе транзитпен тасылатын тауарлардың және көлiк құралдарының аварияның немесе жойқын күштiң әсерi жағдайында сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, олардың қандай да болсын рұқсатсыз пайдаланылуына жол беру, Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына iстiң мән-жайы, осындай тауарлардың және көлiк құралдарының тұрған орны туралы хабарламау не оларды Қазақстан Республикасының жақын маңдағы кеден органына тасымалдауды немесе осы органның лауазымды адамдарын тауарлар мен көлiк құралдары тұрған орынға жеткiзудi қамтамасыз етпеу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 403-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

       404-бап. Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу


               орнына бермеу

      Тауарларды және көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының кеден органына тапсырмау, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 404-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

       405-бап. Тауарларды, көлiк құралдарын және олардың


               құжаттарын Қазақстан Республикасы кеден
               органының рұқсатынсыз беру, жоғалту немесе

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет