Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"



бет24/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48

                 туралы заңнамасын бұзу

      1. Ойын мекемелерiн, тотализатордың немесе букмекер кеңсесiнiң кассаларын тұрғын үй қорына жатпайтын ғимараттарда орналастыру туралы талаптарды сақтамау және оларды өнеркәсiп орындары мен олардың кешендерiнiң ғимараттарында және басқа да өндiрiстiк, коммуналдық объектiлерде және қойма объектiлерiнде, ғибадат ету ғимараттарында (құрылыстарында), мемлекеттiк органдар мен мекемелердiң, бiлiм беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңындағы қатынастағы қоғамдық көлiктiң барлық түрлерiнiң станциялары мен аялдамаларында орналастыру, -


      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екi жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Құмар ойындарды Қазақстан Республикасының ойын бизнесi туралы заңнамасында белгiленген орындардан тыс жерлерде ұйымдастыру және өткiзу, -
      ойын жабдықтары, заңдастырылған белгiлерi, ақшалары мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екi жүз, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Ойын автоматына технологиялық түрде енгiзiлген ұтыс процентi бойынша талаптарды сақтамау, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстары тәркiлене отырып және лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екi жүз, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының мiндеттi резервтердi қалыптастыру, орналастыруды қамтамасыз ету және оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда пайдалану жөнiндегi шарттарды орындамауы, -
      лауазымды адамдарға - екi жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөлшектерiн қабырғаларға, терезе мен есiктiң ойықтарына монтаждау, -
      жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екi жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      6. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының заңнамада көзделмеген ойын бизнесi саласындағы қызмет түрлерiн жүзеге асыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино ұйымдастыруы және өткiзуi не ақшадан басқа, өзге мүлiк түрiнде ставкалар қабылдауды көздейтiн құмар ойындарын және (немесе) бәс тiгудi ұйымдастыруы, -
      ойын жабдықтары, заңдастырылған белгiлерi, ақшалары мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - жүз, лауазымды адамдарға - екi жүз, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының ойын мекемелерiнiң кассалары мен ойын орындарын бейне жазба жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптарды сақтамауы не жазылған ақпаратты сақтау мерзiмдерiн немесе тiркеу шарттарын бұзуы, -
      лауазымды адамдарға - екi жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      8. Бiр казинода кемiнде жиырма ойын үстелiн, ойын автоматтары залында кемiнде елу ойын автоматын орнату жөнiндегi талаптарды сақтамау, -
      лауазымды адамдарға - екi жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9. Ойын бизнесiн ұйымдастырушының ойын автоматтарын Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдалануы -
      лауазымды адамдарға - екi жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      9-1. Жасалған ставкалардың жалпы сомасын қабылдауды, бiрыңғай есепке алуды, бәске қатысушылардың ставкаларын өңдеудi және ұтысты төлеудi аппараттық-бағдарламалық кешен мен ойын жабдығы арқылы жүзеге асыру және қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi орындамау не бәс тiгуге қатысушылардың нәтижесiне өздерi ставкалар жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын бақылауына мүмкiндiк беретiн ойын жабдығын орнату мiндетiн орындамау, -
      лауазымды адамдарға - екi жүз, лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып не онсыз, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      10. Осы баптың бiрiншi, төртiншi, бесiншi, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, 9-1-бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      жеке тұлғаларға - екi жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, лицензиясынан айыра отырып, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      11. Осы баптың екiншi және алтыншы бөлiктерiнде көзделген iс-әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      ойын жабдықтары, заңдастырылған белгiлерi, ақшалары мен әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған өзге де табыстары тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - екi жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      12. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасау, -
      әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған табыстарды тәркiлене отырып және лицензиясынан айыра отырып не онсыз, жеке тұлғаларға - екi жүз, лауазымды адамдарға - үш жүз, дара кәсiпкерлерге және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 338-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 220 (2007 жылғы 1 сәуiрден бастап қолданысқа енгiзiлдi), өзгерту енгiзiлдi - 2009.05.04. N 157-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

       339-бап. Эротикалық мазмұндағы өнiмдердi жарнамалау

      Осы мақсаттар үшiн бөлiнбеген орындарда эротикалық мазмұндағы өнiмдердi сату, тарату немесе жарнамалау, -
      аталған өнiмдердi тәркiлей отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

      340-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау


               мен пайдалану ережелерiн бұзу

      Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мен пайдалану ережелерiн бұзу, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 340-бап өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       341-бап. Тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе


               табиғи объектiнi қорлау

      1. Мемлекет қорғайтын тарих және мәдениет ескерткiштерiн немесе табиғи объектiлердi қорлау, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Он алты жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар жасаған нақ сол iс-әрекеттер, сондай-ақ адамдар жерленген орындарды қорлау, -
      ата-аналарға немесе оларды алмастыратын адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

23-тарау. БАСПАСӨЗ ЖӘНЕ АҚПАРАТ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚ

      342-бап. Қазақстан Республикасының бұқаралық


                ақпарат құралдары туралы заңнамасын бұзу

      1. Бұқаралық ақпарат құралдарын, ақпарат агенттiктерiн есепке қоймай не олардың шығарылуын (эфирге шығуын) тоқтата тұру, тоқтату немесе есепке қою туралы куәлiктiң күшi жойылды деп тану туралы шешiм шығарылғаннан кейiн олардың өнiмiн, сондай-ақ хабарлары мен материалдарын тарату, -


      бұқаралық ақпарат құралының өнiмi тәркiлене отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Телерадиохабарлар арналары бойынша мемлекеттiк тiлдегi хабарларды уақыты жағынан басқа тiлдердегi хабарлардың жиынтық көлемiнен аз тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралының баспа өнiмi немесе өзге де өнiмi тәркiлене отырып және шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      телевизия және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлген лицензиядан айыра отырып және бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салына отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр жүз елуден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Меншiк иесi не оның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралының аты ауысқан, басылымның не хабардың тiлi, таралу аумағы, негiзгi тақырыптық бағыты, бас редакторы (редакторы), редакцияның мекенжайы, шығарылу мерзiмдiлiгi өзгерген жағдайларда, қайта есепке қоймай, бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн, сондай-ақ ақпарат агенттiгiнiң хабарлары мен материалдарын шығару, дайындау, көбейту және (немесе) тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуы (эфирге шығуы) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтатыла тұрып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан қырыққа дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - бiр жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға сегiз жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      бұқаралық ақпарат құралының шығарылуына (эфирге шығуына) тыйым салуға әкеп соғады.
      6. Заңнамада белгiленген тәртiптi бұза отырып, шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларын қайталап беру, -
      лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң қырықтан елуге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      7. Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет, -
      бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, бұқаралық ақпарат құралдарының меншiк иелерiне, заңды тұлғаларға жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
     Ескерту. 342-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N 156 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз),  өзгерту енгiзiлдi - 2007.06.19. N 264 Заңдарымен.

       343-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық


               араздықты тұтандыруға бағытталған
               материалдарды жариялауға рұқсат беру

      Нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк және дiни араздықты тұтандыруға бағытталған, тектiк-таптық артықшылықты, соғысты насихаттайтын, республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге және аумақтық тұтастығын бұзуға шақыратын үндеуi бар мәлiметтер мен материалдарды баспасөзде және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға рұқсат беру, -


      бұқаралық ақпарат құралдарының лауазымды адамдарына айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не баспа өнiмдерi тәркiлене отырып, он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.
      Ескерту. 343-бапқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР 2005.07.08 N 67 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

       344-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерiн,


                 сол сияқты өзге де өнiмдердi Қазақстан
                 Республикасының аумағында даярлау, сақтау,
                 әкелу, тасымалдау, тарату

      1. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу тасымалдау -


      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды насихаттауға немесе үгiттеуге, экстремизмдi немесе терроризмдi насихаттауға және ақтауға бағытталған, сондай-ақ терроризмге қарсы операцияларды жүргiзу кезеңiнде олардың техникалық амалдары мен тактикасын ашатын мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн Қазақстан Республикасының аумағында тарату, -
      бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмдерi тәркiлене отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      телевизия бағдарламалары мен (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлетiн лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға, дара кәсiпкерлерге - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мыңнан бiр мың бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiктi, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтерi мен материалдары бар бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдердi Қазақстан Республикасының аумағында даярлау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi әкiмшiлiк қамауға, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - өнiмдерi тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мыңнан бiр мың бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      телевизия және (немесе) радиохабарларын ұйымдастыру жөнiндегi қызметке берiлетiн лицензиядан айырып және заңды тұлғаның қызметiне тыйым сала отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға бiр мың бес жүзден екi мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 344-бап жаңа редакцияда - ҚР 2005.07.08 N 67 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз), өзгерту енгiзiлдi - 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi), 2007.07.27 N 314 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2010.04.08 № 266-IV Заңдарымен.

       345-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлiметтердi


                 терiске шығару және жауап жариялау құқығын бұзуы

      Ескерту. 345-бап алынып тасталды - ҚР 2006.01.20 N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       346-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарымен сотқа
               ықпал жасау

      Сот қарайтын қандай да болсын iс бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сотта iс қарау нәтижелерiне алдын ала пайымдау жасау немесе сот актiсi күшiне енгенге дейiн сотқа ықпал ету, -


      лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 346-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап  қолданысқа енгiзiлдi) Заңымен.

       347-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу


               жалған мәлiметтер және материалдар беру

      Бұқаралық ақпарат құралдарына көрiнеу жалған мәлiметтер және материалдар беру, -


      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 347-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      348-бап. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн


                даналарын берудiң, теле- және радиохабарлар
                материалдарын тiркеудiң, сақтаудың тәртiбiн
                бұзу

      1. Мерзiмдi баспа басылымдарының мiндеттi тегiн даналарын берудiң, сондай-ақ теле- және радиохабарлар материалдарын тiркеу мен сақтаудың тәртiбiн бұзу, -


      айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға және бұқаралық ақпарат құралдарының шығуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.
      Ескерту. 348-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

      349-бап. Қазақстан Республикасының жарнама туралы


                заңнамасын бұзу

      1. Қазақстан Республикасының заңдарымен жарнамалауға тыйым салынған тауарлардың (жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң) жарнамасын шығару, тарату, орналастыру және пайдалану, -


       жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң елуден жүзге дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, лауазымды адамдарға - жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген жарнаманы тарату тiлдерiне қойылатын талаптарды бұзу, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, лауазымды адамдарға - елуден жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға екi жүзден төрт жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -
      жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жетпiстен жүзге дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, лауазымды адамдарға - жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      бұқаралық ақпарат құралдарының шығарылуын (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата отырып, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде, дара кәсiпкерлерге, лауазымды адамдарға - жүз елуден жүз жетпiске дейiнгi мөлшерiнде, шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екi жүзден үш жүзге дейiнгi мөлшерiнде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүзден алты жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 349-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      349-1-бап. <*>

      Ескерту. 349-1-бап алынып тасталды - Қазақстан Республикасының 2007.06.19. N 264 Заңымен.

      350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртiбiн бұзу

      1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсiз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -
      бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -
      өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға
әкеп соғады.
      Ескерту. 350-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 , 2006.01.20. N 123 (2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) Заңдарымен.

       351-бап. Авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария ету

      Бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамының авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария етуi, егер ол оны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса,-
      айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту. 351-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет