Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"


жөнiндегi қаулыны хабарлау және қаулының



бет45/48
Дата15.06.2016
өлшемі3.69 Mb.
#136952
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48

               жөнiндегi қаулыны хабарлау және қаулының
               көшiрмесiн тапсыру

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөнiндегi қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады.


      2. Қаулының көшiрмесi өзi арнап шығарылған жеке адамға, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкiлеттi органға (лауазымды адамға) немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша жәбiрленушiге, жеке адамның заңды өкiлiне дереу тапсырылады. Аталған адамдар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен бастап үш күн iшiнде жiберiледi. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшiрмесi дереу прокурорға жiберiледi.
      3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiнi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе уақытша пайдалануға берген адам жөнiнде осы Кодекстiң 332 және 369-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.
      Ескерту. 652-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

      653-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша


               ұйғарым

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда, шағым беру мерзiмi мен тәртiбiн қоспағанда, осы Кодекстiң 651-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

      654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал
               еткен себептер мен жағдайларды жою туралы
               ұсыныс

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиiстi ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi.


      2. Ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдар жеке қаулыны және ұсынысты оны алған күннен бастап бiр ай iшiнде қарауға және ұсыныс енгiзген судьяға, органға (лауазымды адамға) қолданылған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.
      Ескерту. 654-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.12.05. N 506 Заңымен.

  39-тарау. ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ IСТЕР БОЙЫНША


ЗАҢДЫ КҮШIНЕ ЕНБЕГЕН ҚАУЛЫЛАРДЫ ҚАЙТА ҚАРАУ

      655-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс


               бойынша қаулыға шағым беру, наразылық
               келтiру құқығы

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады.


      2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi сот судьяларының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.
      2-1. Судья (сот) сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы iс бойынша осы Кодекстiң 648-бабы 1-1-бөлiгiнiң тәртiбiмен шығарған қаулыға жоғары тұрған инстанциядағы сотқа шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Жоғарғы Сот алқасының сотқа
құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы iс бойынша сот отырысында шығарған қаулысы қайта қаралуға жатпайды.
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi сотқа шағым берiлiп, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 655-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2002.08.09 N 346 , 2003.07.02 N 451 , 2007.06.29 N 270 , 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      656-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс


               бойынша қаулыға шағым беру, наразылық
               келтiру тәртiбi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, олар шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде оларды iстiң бүкiл материалдарымен тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.


      1-1. Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 655-бабының 2-1-бөлiгiне сәйкес шағым берiлген, наразылық келтiрiлген жағдайда, сот отырысы хаттамасынан фактiнiң анықталуы бөлiгiндегi көшiрменi сот қаулыға қоса тiркейдi.
      2. Шағымды, наразылықты қарауға уәкiлеттi сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға тiкелей сотқа шағым беру тәртiбi азаматтық iс жүргiзу заңдарымен белгiленедi.
      3. Судьяның әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағым, наразылық алынған күнi жолдануға тиiс.
      4. Егер шағымды, наразылықты қарау әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым берiлген, наразылық келтiрiлген судьяның құзыретiне жатпайтын болса, шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылық бойынша жiберiледi.
      Ескерту. 656-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.06.29. N 270 Заңымен.

      657-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс


               бойынша қаулыға шағым беру, наразылық
               келтiру мерзiмi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулы көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он күн iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.


      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмдi дәлелдi себептермен өткiзiп алған жағдайда, өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша шағымды қарауға құқылы сот, орган (лауазымды адам) бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн.

      658-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны

      1. Шағым (наразылық) жазбаша түрде берiледi және онда:
      1) шағым берiлiп отырған соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;
      2) шағым немесе наразылық берушiнiң аты-жөнi (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошталық мекен-жайы);
      3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне наразылық берiлiп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;
      4) шағым берiлiп немесе наразылық келтiрiлiп отырған құқықтық актiнiң немесе iс-әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым немесе наразылық берушi құқықтық акт немесе iс-әрекеттер өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзды деп есептейтiн себептер;
      5) шағым немесе наразылық берушi айқын тұжырымдаған өтiнiш көрсетiлуге тиiс.
      2. Шағымға немесе наразылыққа берушi қол қояды. Заңды ұйым атынан берiлген шағымға оның заңды өкiлi немесе осыған уәкiлеттi басқа адам қол қояды.
      3. Егер шағым немесе наразылық басқа адамның мүддесi үшiн берiлсе, онда мүддесiн көздеп шағым немесе наразылық берiлiп отырған адамның атын және тегiн, тұрақты тұрғылықты жерiн немесе орналасқан жерiн (пошталық мекен-жайын) көрсету қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса тiркеледi.
      4. Шағым немесе наразылық екi дана етiп берiлiп, орган, мекеме немесе лауазымды адам шығарған шағым берiлiп немесе наразылық келтiрiлiп отырған құқықтық акт, сондай-ақ шағымда немесе наразылықта негiздеуге дәлелге келтiрiлген өзге де құжаттар қоса тiркеледi.

      659-бап. Шағым берiлуiне немесе наразылық келтiрiлуiне


               байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде әкiмшiлiк жаза қолданылған жағдайларды қоспағанда, белгiленген мерзiмде шағым беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.


      2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын олардың заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзуге жазбаша нұсқау беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы наразылық енгiзедi немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды.
      3. Прокурордың наразылық келтiруi қаулының орындалуын наразылық қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.

      660-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша


               қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық олар келiп түскен күннен бастап он күн мерзiмде қаралуға тиiс.


      2. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыға берiлген шағым, наразылық, егер жауапқа тартылған адам әкiмшiлiк қамауға алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берiлген кезден бастап бiр тәулiк iшiнде қаралуға тиiс.

      661-бап. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс


               бойынша қаулысына шағымды, наразылықты судьяның
               жеке-дара қарауы

      Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi сот судьясының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.


      Сотқа құрметтемеушiлiк бiлдiру фактiсi туралы iс бойынша соттың қаулысына судья (сот) осы Кодекстiң 648-бабының 1-1-бөлiгiнде көзделген тәртiппен шығарған шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал осындай қаулыны
апелляциялық немесе қадағалаушы сот инстанциялары шығарған жағдайда, жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы қарайды.
      Ескерту. 656-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.06.29. N 270 , өзгерту енгiзiлдi - 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      662-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша


               қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган, лауазымды адам:


      1) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;
      2) өтiнiштердi шешедi, қосымша материалдарды сұрап алады, шағымды, наразылықты қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған адамдарды шақырады; қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындайды;
      3) егер шағымды, наразылықты қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса, оларды бүкiл материалдарымен қоса ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi.

      663-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша


               қаулыға шағымды, наразылықты қарау

      1. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде:


      1) шағымды, наразылықты кiм қарайтынын, қандай шағым, наразылық қаралуға тиiс екенiн, шағымды, наразылықты кiм бергенiн хабарлайды;
      2) iс бойынша өзi жөнiнде қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;
      3) жеке немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының және өкiлдiң өкiлеттiгiн тексередi;
      4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және олар жоқта шағымды, наразылықты қарау туралы не шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;
      5) шағымды, наразылықты қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;
      6) мәлiмделген қарсылық бiлдiрулердi және өтiнiштердi шешедi;
      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты, ал қажет болған жағдайда өзге де материалдарды жариялайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау кезiнде iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағым, наразылық дәлелдерiмен байланып қалмайды және iстi толық көлемiнде тексередi, бұл орайда ол жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.
      3. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақырылған адамдардың келмей қалуына, iс бойынша қосымша материалдар сұратылуына, сараптама тағайындауға байланысты және бұл шағымды, наразылықты толық, жан-жақты әрi объективтi қарау үшiн қажет болған басқа жағдайларда шағымның, наразылықтың қаралуын кейiнге қалдыруға құқылы.
      4. Осы баптың бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген ережелер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша судья (судья) шығарған қаулыға шағымдарды, наразылықтарды жоғары тұрған соттың судьясы (жоғары тұрған инстанциядағы сот) қараған жағдайда да қолданылады. Әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шығарған қаулыға шағымдарды, наразылықтарды соттың қарау тәртiбi азаматтық iс жүргiзу заңдарымен белгiленедi.
      5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым сотқа және жоғары тұрған лауазымды адамға бiр мезгiлде келiп түссе, шағымды сот қарайды.
      Ескерту. 663-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.06.29. N 270 Заңымен.

      664-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша


               қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi шешiм

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарап, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мына шешiмдердiң бiрiн:


      1) қаулыны өзгертпей, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырмай қалдыру туралы;
      2) қаулыны өзгерту туралы;
      3) осы Кодекстiң 68 және 580, 581-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығарылғанда негiзге алынған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қаулының күшiн жою және iстi қысқарту туралы;
      4) iс бойынша қаулының күшiн жойып, жаңа қаулы шығару туралы;
      5) егер шағымды, наразылықты қарау кезiнде қаулыны құқығы жоқ судья, орган (лауазымды адам) шығарғаны анықталса, қаулының күшiн жойып, iстi ведомстволық бағыныстылығы бойынша қарауға жiберу туралы шешiм қабылдайды.
      2. Шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша шешiм iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiнде ұйғарым түрiнде шығарылады. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда iс бойынша шығарылған ұйғарымда, сондай-ақ қаулыда осы Кодекстiң 651-бабының бiрiншi бөлiгiнде аталған мәлiметтер болуға тиiс.
      3. Жоғары тұрған сот судьясының, мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi сот судьясының, төрағасының қаулысына шағым, наразылық бойынша ұйғарымы, сондай-ақ судьяның осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасында көзделген жағдайда шығарылған қаулысы түпкiлiктi болып табылады және осы Кодекстiң 40-тарауында көзделген тәртiппен наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiнде жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) ұйғарымына азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген тәртiппен сотқа шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 664-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы 2003.07.02 N 451 , 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн  3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      665-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс


               бойынша қаулының күшiн жою немесе оны
               өзгерту негiздерi

      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының күшiн жоюға немесе өзгертуге және қаулы шығаруға:


      1) судьяның, органның (лауазымды адамның) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай келмеуi;
      2) әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау;
      3) осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының елеулi түрде бұзылуы;
      4) қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сай келмеуi негiздемелер болып табылады.

      666-бап. Судьяның, органның (лауазымды адамның)


               әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
               қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары
               туралы тұжырымдарының шағымды, наразылықты
               қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай
               келмеуi

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыда баяндалған iстiң нақты мән-жайлары туралы тұжырымдар шағымды, наразылықты қарау кезiнде зерттелген дәлелдемелерге сай келмейтiнiн анықтап, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) бұл қаулының күшiн толық немесе iшiнара жояды және шағымды, наразылықты қарау нәтижелерiне сәйкес жаңа қаулы шығарады.


      2. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау процесiнде зерттелген дәлелдемелердi бағалай келiп, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен анықталмаған немесе қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) назарға алмаған фактiлердi дәлелдендi деп тануға құқылы.

      667-бап. Әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс


               қолданбау

      1. Мыналар әкiмшiлiк жауаптылық туралы заңды дұрыс қолданбау болып табылады:


      1) осы Кодекстiң 1-бөлiмiнiң және 2-бөлiмi Жалпы бөлiмiнiң талаптарын бұзу;
      2) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiмiнiң қолданылуға жататын бабынан немесе бабының бөлiгiнен басқасын қолдану;
      3) осы Кодекстiң 2-бөлiмi Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабының санкциясында көзделгеннен неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдану.
      2. Жасалған әрекетке шағымды, наразылықты қарау нәтижесiнде берiлген заңдық бағаны дұрыс емес деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) құқық бұзушылықтың жiктелуiн заңның онша қатаң емес әкiмшiлiк жаза көзделетiн бабына өзгертуге құқылы.
      3. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағымды, наразылықты қарау нәтижелерi бойынша неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза көзделетiн заңды қолдануға немесе жәбiрленушi (прокурор) осы негiздер бойынша шағым (наразылық) берген жағдайда ғана неғұрлым қатаң әкiмшiлiк жаза қолдануға құқылы.

      668-бап. Осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының


               едәуiр бұзылуы

      1. Iс жүргiзу және оны қарау кезiнде осы Кодекс принциптерiнiң және iске қатысушы адамдардың заңмен кепiлдiк берiлген құқықтарынан айыру немесе оларды тарылту, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу рәсiмдерiн сақтамау немесе iстiң мән-жайын жан-жақты, толық және объективтi зерттеуге өзге жолмен кедергi келтiру арқылы заңды және негiзделген қаулы шығаруға ықпал еткен немесе ықпал етуi мүмкiн өзге де жалпы ережелерiнiң бұзылуы осы Кодекстiң iс жүргiзу нормаларының едәуiр бұзылуы деп танылады.


      2. Iс жүргiзудiң бiржақтылығы немесе толық еместiгi iс үшiн маңызы болуы мүмкiн жол берiлетiн дәлелдемелердi зерттеуден қате шығарып тастаудың немесе дәлелдемелердi зерттеуден негiзсiз бас тартудың мiндеттi түрде зерттеуге жататын дәлелдемелердi зерттемеудiң нәтижесi болған кезде қаулының күшi жойылуға тиiс.
      3. Егер:
      1) осы Кодекстiң 577, 580, 581-баптарында көзделген негiздер болған жағдайда iс жүргiзу қысқартылмаған болса;
      2) қаулыны әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi емес судья, орган (лауазымды адам) шығарса;
      3) iс қатысуы заң бойынша мiндеттi болып табылатын қорғаушының қатысуынсыз қаралса немесе өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адамның қорғаушы алу құқығы өзге де жолмен бұзылса;
      4) өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адамның ана тiлiн немесе өзi бiлетiн тiлдi және аудармашы қызметiн пайдалану құқығы бұзылса;
      5) өзi жөнiнде iс жүргiзiлiп жатқан адамға iстiң мән-жайлары туралы түсiнiктеме беру құқығы берiлмесе;
      6) қаулыға осы Кодекстiң 651-бабының бесiншi бөлiгiнде аталған адамдардан қайсы бiреуiнiң қолы қойылмаса, қаулының барлық жағдайда күшi жойылуға тиiс.
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде осы баптың үшiншi бөлiгiнiң 1) тармақшасында көрсетiлген iс жүргiзу нормаларының бұзылуына жол берiлгендiгiн анықтаған соң жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс бойынша қаулының күшiн жояды және iс жүргiзудi қысқартады.
      5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде iс жүргiзу нормаларының қандай да болсын өзгеше едәуiр бұзылуына жол берiлген болса, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс қарауды жүргiзе отырып, бұл орайда жол берiлген құқық бұзушылықты жоюға шаралар қолданады, сонан соң тиiстi мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың iстерi жөнiндегi сот судьясының, төмен тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысының күшiн жояды және iс қараудың нәтижелерiн ескере отырып, жаңа қаулы шығарады.
      Ескерту. 668-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы 2003.07.02 N 451 , 2003.12.05 N 506 , 2008.07.05 N 64-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.

      669-бап. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаның


               жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң
               жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк
               қаржы жағдайына сай келмеуi

      1. Қаулымен қолданылған әкiмшiлiк жазаны оның тым қатаңдығы салдарынан әдiл емес, жасалған құқық бұзушылық сипатына, кiнәлiнiң жеке басына немесе заңды тұлғаның мүлiктiк жағдайына сай келмейдi деп танып, жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк жаза қолданудың жалпы ережелерiн басшылыққа ала отырып, жазаны жұмсартады.


      2. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) кiнәлiге (заңды тұлғаға) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулымен белгiленген неғұрлым қатаң жаза қолдануы мүмкiн, бiрақ оны осы негiз бойынша прокурор наразылық келтiрген немесе жәбiрленушi шағым берген жағдайда қолданады.

      670-бап. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн


               жою немесе оны өзгерту

      1. Жоғары тұрған соттың судьясы, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) iс жүргiзудi қысқартудың негiзсiздiгiне жәбiрленушiнiң шағымы бойынша не прокурордың наразылығы бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығара отырып, iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулының күшiн жоюы мүмкiн.


      2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы өзi жөнiнде iс жүргiзу қысқартылған адамның шағымы бойынша қысқарту негiздемесi бөлiгiнде өзгертiлуi мүмкiн.

      671-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша


               қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымды
               жария ету

      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарым ол шығарылғаннан кейiн дереу жария етiледi.


      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарымның көшiрмесi ол шығарылғаннан кейiн үш тәулiкке дейiнгi мерзiмде өзi жөнiндегi iс бойынша қаулы шығарылған жеке адамға немесе заңды тұлғаның заңды өкiлiне, өзi шағым берген жағдайда немесе оның өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге, наразылық келтiрген прокурорға тапсырылады немесе салып жiберiледi.
      3. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық жөнiндегi ұйғарым қаулыны орындаушы органның (лауазымды адамның), сондай-ақ өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның назарына ұйғарым шығарылған күнi жеткiзiледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет