Кодексі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы 2015. 03. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен


артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу)



бет12/31
Дата26.02.2016
өлшемі2.96 Mb.
#26248
түріКодекс
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31

артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу)

 

153-бап. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары

1. Кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар ретінде төленген немесе өндіріп алынған, мөлшері осы Кодекске сәйкес төленуге жататын сомалардан асатын және нақты тауарларға қатысты кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың нақты түрінде және сомаларында сәйкестендірілген ақша сомалары кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомалары болып табылады.

2. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгеніне жол берілген:

1) төлем құжатында:

төлеушінің атауы дұрыс көрсетілмеген;

салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;

Қазақстан Республикасы салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;

төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) бюджеттік сыныптаманың кодына сәйкес келмеген;

2) төлеуші кедендік баждың, салықтың, кедендік алымның түрін дұрыс таңдамаған;

3) төлеуші өсімпұлды төлеу кезінде кедендік баж, салық, кедендік алым түрін дұрыс таңдамаған;

4) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлеушінің төлем құжатын қате орындаған, соның нәтижесінде кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдардың және өсімпұлдың сомалары бірнеше рет аударылған;

5) осы Кодекске сәйкес кедендік баждардан, салықтардан кедендік алымдардан босатуға жататын тауарлар бойынша кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар және өсімпұлдар қате төленген;

6) кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды төлеуге байланысты өзге де қателерге жол берілген сома бюджетке кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың қате төленген сомасы болып табылады.

 

154-бап. Кедендік баждардың, салықтардың және кедендік алымдардың артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу)



2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының, салықтардың және кедендік алымдардың сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етудің сомаларын қайтару (есепке жатқызу) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

Кедендік әкелу баждарының артық (қате) төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке жатқызу) Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

2 - 5. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6. Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды салық органы олардың төленген жері бойынша Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес жүргізеді.

Кедендік баждарды, салықтарды, кедендік алымдарды және өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды салық органы төлеушінің салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды жүргізуге және (немесе) қайтаруға берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы бап мақсатында - салықтық өтініш) негізінде жүргізеді.

Салық органы бюджетке артық төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасын есепке жатқызуды Салық кодексінің 599-бабында белгіленген төлеушінің салық өтініші бойынша есепке жатқызуды жүргізуге арналған тәртіппен және мерзімде жүргізеді.

Бюджетке қате төленген кедендік баждар, салықтар, кедендік алымдар мен өсімпұлдар сомасын есепке жатқызуды немесе қайтаруды салық органы Салық кодексінің 601-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүргізеді.

Кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасын қайтаруды салық органы Салық кодексінің 602-бабында белгіленген тәртіппен және мерзімде, осы тармақта көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізеді.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



7. Салық органы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызу не қайтару туралы шешім шығарған жағдайда салық органы кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың артық (қате) төленген сомаларын есепке жатқызуға не қайтаруға арналған төлем тапсырмасын ресімдейді және оны бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.

8. 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

 

155-бап. Кедендік баждарды, салықтарды қайтарудың өзге де жағдайлары



Кедендік баждарды, салықтарды қайтару, сондай-ақ:

1) кедендік декларация қайтарып алынған (тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымды қайтаруды қоспағанда);

2) ұлтқа неғұрлым қолайлы режим немесе тарифтік преференциялар режимі қалпына келтірілген;

3) кедендік баждардың төленген сомасын қайтару түрінде тарифтік жеңілдіктер берілген;

4) кедендік рәсімдердің талаптары шетелдік тауарларды Кеден одағының кедендік аумағынан тыс жерге әкету немесе оларды жою, не мемлекет пайдасына бас тарту немесе қазақстандық тауарларды не оларды өңдеу өнімдерін Кеден одағының кедендік аумағына әкелу кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленген сомаларын қайтаруды көздейтін;

5) егер тауарларды жаңадан таңдалған кедендік рәсіммен (ішкі тұтыну үшін шығару немесе тауарлардың экспорты кедендік рәсімімен) орналастыру кезінде төленуге жататын кедендік баждардың, салықтардың сомалары бастапқы кедендік рәсім кезінде төленген кедендік баждардың, салықтардың сомаларынан кем болса, бұрын мәлімделген кедендік рәсімді ішкі тұтыну үшін шығару немесе тауарлардың экспорты кедендік рәсіміне өзгерткен жағдайда жүргізіледі.

 

156-бап. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару



1. Төлеушіге кедендік баждардың, салықтардың төленуін, оның ішінде төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ретінде енгізген төлемді қайтаруды кеден органы төлеуші міндеттемені орындаған жағдайда жүзеге асырады.

2. Кеден органы ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруды төлеушінің жазбаша өтініші бойынша, көрсетілген өтініш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

3. Төлеуші ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару туралы өтінішті кеден органына міндеттемені орындағаннан кейін, бірақ осы Кодекстің 132-бабына сәйкес міндеттемені орындаған күннен кейінгі күннен бастап бес жылдан кешіктірмей береді.

4. Төлеушінің банк шотына ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруды ақшаны уақытша орналастыру шотына көрсетілген сома енгізілген кеден органы не мұндай кеден органы таратылған жағдайда оның құқықтық мұрагері жүзеге асырады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5. Төлеушіге ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару осы Кодекстің 18-тарауында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасын, өсімпұлдарды шегере отырып жүзеге асырылады.

6. Ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтару кезінде, ол бойынша сыйақы төленбейді, сомалар индекстелмейді, банк қызметтерін көрсету жөніндегі тарифтерді кеден органы аударылатын ақша есебінен төлейді.

7. Төлеушінің өтініші бойынша ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын кеден органы алда болатын кедендік баждар мен салықтардың есебіне және (немесе) төлеушінің кеден органдары алдындағы басқа міндеттемесі бойынша кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде есепке жатқызады.

8. Төлеушінің ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын қайтаруға немесе осындай соманы басқа міндеттемелер бойынша есепке жатқызуға өтініші болмаған жағдайда, кеден органы мынадай талаптар бір уақытта сақталған:



төлеуші міндеттемені орындаған;

осы Кодекстің 132-бабында белгіленген талап қою мерзімі аяқталған кезде ақшаны уақытша орналастыру шотынан қамтамасыз ету сомасын бюджетке аударады.

9. Осы баптың 4-6-тармақтарының ережелері, уақытша демпингке қарсы, арнайы және өтемдік баждардың қайтарылуына да қолданылады.

10. Егер төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету ретінде мүліктік кепіл шартын табыс еткен болса, мүліктік кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалуы туралы төлеушінің жазбаша өтініші бойынша кеден органы төлеушінің осындай өтініші тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде төлеуші міндеттемесінің орындалғанын растайды.

11. Банк кепілдіктері бойынша міндеттеменің тоқтатылуы, міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі. Төлеуші кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ретінде енгізген банк кепілдемелері бойынша тоқтатуды кеден органы төлеушіде кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ішінде пайда болған соңғы міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

12. Кепілгерлік шарттары бойынша міндеттемелерді тоқтатуды кеден органы міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады. Бас қамтамасыз етуді көздейтін кепілгерлік шарттары бойынша міндеттеменің тоқтатылуын кеден органы кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі ішінде төлеушіде туындаған соңғы міндеттеме орындалған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

 

 



2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 18-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

18-тарау. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 157-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



157-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алудың жалпы ережелері

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



1. Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімдерде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайларда кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек қалыптасады. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті осы тарауда айқындалған тәртіппен төлеушілерден өндіріп алады.

2. Кедендік төлемдер мен салықтар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтарды төлеушінің ақшасы және (немесе) басқа да мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік төлемдер мен салықтар және (немесе) аванс төлемдерінің сомасы есебінен, сондай-ақ егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады.

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2-1. Ортақ міндет болған кезде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу шараларын қолдану кезінде кеден органдары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген ортақ міндет болған кездегі кредитор құқықтарын пайдаланады.

Кеден органдары Кеден одағының кеден заңнамасына және осы Кодекске сәйкес кедендік баждар мен салықтарды, өсімпұлдарды төлеу жөніндегі ортақ міндеті туындаған тұлғаларға қатысты осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен берешекті өндіріп алу шараларын қолданады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



3. Кеден органдары кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектерді өндіріп алу үшін:

1) осы Кодекстің 159-бабында көзделген тәртіппен төлеушіге хабарлау;

2) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есептеу;

3) осы Кодекстің 161-бабында көзделген тәртіппен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомалары есебінен не кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету есебінен өндіріп алу;

4) кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өтеуді қамтамасыз етудің мынадай тәсілдерін қолдану:

төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығару;

5) мынадай тәртіппен:



төлеушінің банк шоттарындағы ақша есебінен;

төлеуші дебиторларының шоттарынан;

төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдану әрекеттерін жүзеге асырады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)



3-1. Осы Кодекстің 159-бабының 1-тармағында, 163-бабының 1-тармағында, 164-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген, кеден органы пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жолдаған құжаттарды пошта немесе өзге де байланыс ұйымы төлеушінің орналасқан жерінде болмауына байланысты қайтарған жағдайда, төлеушінің орналасқан жері бойынша кеден органы пошта немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасын алған күннен бастап он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде зерттеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша зерттеп-қарау актісін жасайды.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)



3-2. Зерттеп-қарау актісінде:

актіні жасау орны, күні және уақыты;

актіні жасаған кеден органы лауазымды адамының лауазымы, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса);

кеден органының атауы;

тартылған куәгерлердің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), жеке басын куәландыратын құжаттың атауы және нөмірі, тұратын жерінің мекенжайы;

төлеушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және (немесе) атауы, оның сәйкестендіру нөмірі;

зерттеп-қарау нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.

Зерттеп-қарау актісі куәгерлердің қатысуымен ресімделеді.

Куәгерлер ретінде кеден органының лауазымды адамының және төлеушінің әрекетінің нәтижесіне мүдделі емес, кез келген кәмелетке толған, әрекетке қабілетті кемінде екі адам шақырылуы мүмкін.

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының және төлеушінің жұмыскерлерінің, құрылтайшыларының куәгер ретінде қатысуына жол берілмейді.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-3-тармақпен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)



3-3. Егер зерттеп-қарау актісімен төлеушінің тұратын жері бойынша іс жүзінде жоқ екені анықталған жағдайда, осы баптың 3-1-тармағында көрсетілген құжаттар берілген күн акт жасалған күн болып табылады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



4. Осы Кодекстің 164-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жағдайда төлеушінің мүлкіне билік етуін шектеу туралы шешім шығаруды қоспағанда, осы баптың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көзделген әрекеттер дәйекті түрде қолданылады.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, дара кәсіпкерден және заңды тұлғадан, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінен кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу даусыз тәртіппен жүргізіледі. Жеке тұлғадан кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті, өсімпұлдарды өндіріп алу сот тәртібімен жүргізіледі.

6. Кедендік төлемдер мен салықтарды өндіріп алу:

1) осы Кодексте көзделген төленбеген кедендік төлемдерді, салықтарды өндіріп алудың талап қою мерзімі өткен соң;

2) егер кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 129-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылса, жүргізілмейді.

7. Кедендік төлемдерді, салықтарды және өсімпұлдарды, осы баптың 8-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тауарлар шығаруды жүргізген кеден органы, ал Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген тауарларға қатысты - кедендік шекара арқылы заңсыз өткізу фактілерін анықтаған кеден органы өндіріп алады.

8. Осы Кодекстің 331-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімдерде төленбеген кедендік баждарды, салықтарды Кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік баждардың, салықтардың қамтамасыз етілуі берілген кеден органы осындай қамтамасыз ету есебінен өндіріп алады.



Осы Кодекстің 331-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде төленбеген кедендік тасымалдаушы төлеуге тиіс кедендік баждарды, салықтарды Кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тұлға кедендік тасымалдаушы ретінде танылған кеден органы өндіріп алады.

9. Осы баптың 8-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждарды, салықтарды кедендік баждар, салықтар төленуге тиіс Кеден одағына мүше мемлекетке аудару тәртібі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында айқындалады.

 

158-бап. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұлдар есептеу



2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

1. Кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек пайда болған кезде төлеуші өсімпұл төлейді. Өсімпұл деп кедендік төлемдер мен салықтардың мерзімінде төленбеген сомасына есептелген, осы баптың 2-тармағында белгіленген мөлшер танылады.

2. Кедендік баждар мен салықтарды төлеудің мерзімі өткен әрбір күн үшін, төлеу күнін қоса алғанда, кедендік төлемдер мен салықтардың төлеу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде әрбір мерзімі өткен күн үшін өсімпұл есепке жазылады.



Өсімпұл берешектің өтелуін қамтамасыз ету тәсілдерін және берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершіліктің өзге шараларын қолдануға қарамастан есепке жазылады және төленеді.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



3. Банкрот деп танылған төлеушіде кедендік төлемдер мен салықтар бойынша пайда болған берешек сомасына сот шешім қабылдаған күннен бастап не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданғанда, осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



4. Жеке тұлғаны хабарсыз жоғалып кеткен деп тану туралы соттың шешімі күшіне енген күннен бастап осы шешімнің күші жойылған күнге дейін кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

5. Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6. Артық төленген кедендік төлемдер мен салықтардың сомасына есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына есепке жатқызуды жүргізуге арналған төлем құжатының күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.

7. Кедендік төлемдер мен салықтар сомалары бюджетке аударылған кезде:

1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару күнінен бастап;

2) төлеуші банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап;

3) төлеуші қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен бастап өсімпұл есептелмейді.

8. Төлеушінің жеке шотында бар кедендік төлемдер мен салықтардың осы түрі бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың артық төленген сомасына барабар кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешек сомасына төлеушінің жеке шотында пайда болған артық төленген сома негізделген төлем құжатының күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.

 

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 159-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет