Кодексі Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы 2015. 03. 12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен



бет6/31
Дата26.02.2016
өлшемі2.96 Mb.
#26248
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

60-бап. Еркін қойма иесі

Кеден органдарының еркін қойма иелерімен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында және (немесе) кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді.

 

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 60-1-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 60-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



60-1-бап. Арнайы экономикалық аймақтың қатысушысы

Кеден органдарының арнайы экономикалық аймақтың қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында белгіленеді.

Арнайы экономикалық аймақ аумағын жайластыру тәртібін, адамдардың осындай аумаққа кіруін, арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелу туралы хабарлама беруді, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақ аумағына тауарларды әкелуге және оларды осындай аумақтан әкетуге рұқсат беруді, тауарлар есебін жүргізуді, сондай-ақ осындай тауарлар бойынша кеден органына есептілікті ұсынуды, еркін кеден аумағының кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларды Кеден одағы тауарлары деп тануды арнайы экономикалық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және оларды тарату саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

 



6-тарау. Уәкілетті экономикалық оператор

 

61-бап. Уәкілетті экономикалық оператор

1. Осы Кодекстің 62-бабында көрсетілген шарттарға сай келетін, осы Кодекстің 65-бабында көзделген арнайы оңайлатуларды пайдалануға құқылы заңды тұлға уәкілетті экономикалық оператор болып табылады.

2. Заңды тұлғаға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәлік беру арқылы береді және ол Қазақстан Республикасының барлық аумағында танылады.



Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі беріледі.

Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

 

2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 62-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 62-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



62-бап. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттары

1. Мыналар уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу шарттары болып табылады:

1) осы тармақшаның екінші бөлігінде белгіленген жағдайды қоспағанда, кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір миллион евроға баламалы сомаға кемінде бір жыл мерзімге осы Кодекстің 16-тарауында көзделген тәртіппен осындай қамтамасыз етудің болуы.



Тауарларды өндіру қызметін жүзеге асыратын және (немесе) Комиссияның шешімімен айқындалған критерийлерге сәйкес келген кезде кедендік әкету баждары қолданылмайтын тауарларды экспорттайтын тұлғалар мұндай қамтамасыз ету ұсынылатын күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес белгіленетін валюталардың нарықтық бағамы бойынша бір жүз елу мың евроға баламалы сомаға кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді ұсынады;

2) әрбір жыл үшін тауарларға кемінде он декларациясы болған кезде, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу үшін кеден органына өтініш жасаған күнге дейін үш жыл бойы сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру;

3) кеден органына өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешектің болмауы;

4) кеден органына өтініш жасалған күнге Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешектің (бересінің) болмауы;

5) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің, құрылтайшылардың, акциялардың бақылау пакеті бар акционерлердің 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес жойылмаған сотталғандығы фактілерінің болмауы;

6) кеден органына өтініш жасалған күнге өтініш берушінің бір жыл ішінде 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 404, 405, 409, 410, 411, 412, 413, 413-2, 414, 415, 417, 417-1, 418, 421, 423, 424, 426 - 434, 438 және 438-1-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 527, 528, 531 - 535, 537 - 545, 548 - 555 және 558-баптарына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылу фактілерінің болмауы;

7) кедендік операцияларды жасау кезінде кеден органдарына табыс етілген мәліметтерді шаруашылық операцияларын жүргізу туралы мәліметтермен салыстыруға мүмкіндік беретін, тауарларды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің болуы;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



8) өтініш беру күніне дейін кемінде күнтізбелік тоқсан күн бұрын жасалған және заңды тұлғаның көрсетілген есепті жасау күніндегі валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың еуроны құрайтын меншікті капиталы туралы ақпаратты қамтитын аудиторлық есептің және (немесе) аудиторлық есептердің болуы. Бұл ретте аудиторлық есеп оны жасау күнінің алдындағы күнтізбелік отыз алты ай кезеңіне жасалуы тиіс;

9) тиісті құжаттармен расталатын, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын, меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) құқығындағы не өзге заңды негіздегі үй-жайлардың, ашық алаңдардың және өзге аумақтардың болуы;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi)

10) электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін пайдалану туралы шарттың (келісімнің) болуы.

2. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілгеннен кейін бір жыл өткен соң уәкілетті экономикалық оператор мынадай шарттарды сақтаған кезде:



1) әрбір жыл үшін тауарларға кемінде жиырма декларациясы болған кезде, уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алған күннен бастап уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге дейін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырған;

2) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешегі болмаған;

3) уәкілетті экономикалық операторға ұсынылатын қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш жасаған күнге бір жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес берешегі (бересі) болмаған;

4) уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің қолданылуы осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағына сәйкес тоқтатыла тұрған негіздер болмаған;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш берілген айға дейін күнтізбелік он екі ай ішіндегі кезеңді тексеруді қамтитын, заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген валюталардың нарықтық бағамы бойынша кемінде бес жүз мың евроны құрайтын меншікті капиталы туралы, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жүйесінің Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкестігі туралы ақпараты бар аудиторлық есеп және (немесе) аудиторлық есептер болған кезде қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға өтініш беруге құқылы.

 

2012.24.12. № 60-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.05.07. № 236-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 63-бап өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 63-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 63-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



63-бап. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін беру, оның қолданылуын тоқтата тұру және кері қайтару

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



1. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәлікті алу үшін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті, сондай-ақ мына құжаттарды:

1) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2) нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін толтырылған сауалнаманы;

3) кедендік баждар мен салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді растайтын мынадай құжаттардың бірін:

кеден органының ақшаны уақытша орналастыру шотына ақша аудару туралы төлем құжатының көшірмесін;

төлеуші мен кеден органы арасында жасалған мүліктік кепіл шартын және мүлік кепілінің нарықтық құнын бағалау туралы бағалаушының есебін;

банк кепілдігі шартын;

кепілгерлік шартын;

4) аудиторлық есепті;

5) мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алу мүмкіндігін қоспағанда, өндірістік операциялар жүзеге асырылатын үй-жайларға, ашық алаңдарға және өзге де аумақтарға меншік құқығын немесе шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару немесе жалдау (қосалқы жалдау) не өзге заңды негіздегі құқығын растайтын құжаттарды табыс етеді.

2. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау кезінде ондағы мәліметтерді тексереді, сондай-ақ кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан, сондай-ақ өтініш берушінің осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 2), 7) және 9) тармақшаларында көзделген уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру шарттарына сәйкестігіне осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.



Өтінішті және оған қоса берілетін құжаттарды қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеру жүргізу нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және көрсетілген құжаттар тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлік беру не, бас тарту себептерін көрсете отырып, мұндай куәлікті беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне тұлғаны енгізу туралы куәлікті беру туралы шешім, ұсынылатын оңайлатулар көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

Өтініш беруші өтініште, сауалнамада толық емес немесе анық емес мәліметтерді көрсеткен не осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттар болмаған жағдайларда, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш және оған қоса берілетін құжаттар қабылданған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш берушіге бас тарту себептерін көрсете отырып, куәлікті беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.

3. Уәкілетті экономикалық оператор мәртебесі берілген күннен бастап бір жыл өткеннен кейін заңды тұлға кеден ісі саласындағы уәкілетті органға осы Кодекстің 65-бабының 2-тармағына сәйкес қосымша арнайы оңайлатуларды алуға кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша толтырылған сауалнаманы қоса бере отырып, өтініш беруге құқылы.



Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қосымша арнайы оңайлатуларды алуға өтінішті қарау кезінде кеден ісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне осы Кодекстің 211-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 6) және 7) тармақшаларында көзделген талаптарды сақтау тұрғысынан осы Кодекстің 24-тарауында көзделген көшпелі кедендік тексеру жүргізуді тапсырады.

Қосымша арнайы оңайлатуларды ұсыну туралы шешім, ұсынылатын арнайы оңайлатулар көрсетіле отырып, кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді.

Қосымша арнайы оңайлатуларды алуға өтінішті қарау, сондай-ақ көшпелі кедендік тексеруді жүргізу нәтижелері бойынша кеден ісі саласындағы уәкілетті орган өтініш тіркелген күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен кешіктірмей қосымша арнайы оңайлатуларды ұсыну туралы шешім қабылдайды не, бас тарту себептерін көрсете отырып, қосымша арнайы оңайлатуларды беруден бас тартады.

4. Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуы:

1) уәкілетті экономикалық оператор уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш берген;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



2) берешекті төлеген кезге дейін, осы Кодекстің 220-бабының 6-тармағында және 221-2-бабының 5 және 6-тармақтарында белгіленген мерзім өткеннен кейін кедендік төлемдер, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешек болған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түпкілікті шешім шығарылғанға дейін, өтiнiш берушiге, құрылтайшыларға, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлерге қатысты 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 209, 214 және 250-баптары бойынша, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 234, 236 және 286-баптары бойынша қылмыстық іс қозғау фактілері болған;

4) 2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



5) осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 7) және 9) тармақшаларында және 63-1-бабының бірінші бөлігінің 2), 3) және 4) тармақшаларында белгіленген міндеттер орындалмаған кезде тоқтатыла тұрады.

Кеден iсi саласындағы уәкiлеттi орган уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы қолданыстағы куәлiктiң қолданылуы тоқтатыла тұрған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.

5. Уәкілетті экономикалық оператор куәлігінің бұрын тоқтатыла тұрған қолданылуы осы куәліктің қолданылуы тоқтатыла тұрған себептердің жойылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, оның кеден ісі саласындағы уәкілетті органға берген жазбаша өтініші бойынша қайта жаңартылады.



Уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізу туралы куәліктің күшін қайта жаңарту туралы шешім жазбаша өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде кеден ісі саласындағы уәкілетті орган басшысының (оны алмастыратын адамның) бұйрығымен ресімделеді және бұйрық қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

6. Уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiне енгiзу туралы куәлiк:



1) уәкiлеттi экономикалық оператор өзiн уәкiлеттi экономикалық операторлар тiзiлiмiнен алып тастау туралы өтiнiш берген;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға таратылған;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңды тұлға қайта ұйымдастырылған;

4) өтiнiш берушi, құрылтайшылар, акциялардың бақылау пакетi бар акционерлер 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 209, 214 және 250-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 234, 236 және 286-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылған;

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

5) өтініш беруші 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 404, 405, 410, 411, 412, 414, 417, 418, 421, 423, 424, 426 - 434, 438 және 438-1-баптарына, сондай-ақ 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнiң 527, 528, 532 - 534, 538, 540, 542 - 545, 548 - 555 және 558-баптарына сәйкес әкiмшiлiк бірнеше рет жауаптылыққа тартылған (екі реттен артық);

2015.03.12. № 432-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)

6) осы Кодекстің 63-бабының 4-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіздер бойынша уәкілетті экономикалық операторлар тізіліміне енгізілгені туралы куәліктің қолданысының тоқтатылу себептерін тізілімге енгізу туралы аталған куәліктің қолданысы тоқтатылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жоймаған кезде кері қайтарылады.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 63-1-баппен толықтырылды



63-1-бап. Уәкілетті экономикалық оператордың міндеттері

Уәкілетті экономикалық оператор:

1) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру кезінде қойылған талаптар мен Кеден одағының және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға;

2) кеден ісі саласындағы уәкілетті органға уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін алу кезінде өзі мәлімдеген мәліметтердің өзгергені және (немесе) толықтырылғаны туралы мұндай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды растайтын тиісті құжаттарды ұсыну арқылы өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде хабарлауға міндетті.

Осы Кодекстің 62-бабы 1-тармағының 8) тармақшасында көзделген меншікті капиталдың азайғаны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бухгалтерлік баланс түрінде табыс етіледі;

3) кеден органдарының талап етуі бойынша кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында қажетті ақпаратты және есептілікті кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен табыс етуге;

4) кедендік баждарды, салықтарды төлеуді бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі аяқталған кезде мұндай мерзім аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей кеден ісі саласындағы уәкілетті органға көрсетілген бас қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін ұзарту туралы құжаттарды не кедендік баждарды, салықтарды төлеуді жаңа бас қамтамасыз етуді табыс етуге міндетті.

 

64-бап. Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімі



Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган уәкілетті экономикалық операторлар тізілімін жүргізеді және ай сайын әр айдың бесінші күнінен кешіктірмей оны кеден ісі саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында жариялауды қамтамасыз етеді.

Уәкілетті экономикалық операторлар тізілімінің және осындай тізілімге енгізу туралы куәліктің нысанын кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

 

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет