Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 4. Инвестициялық салық преференциялары



бет16/78
Дата26.02.2016
өлшемі7.92 Mb.
#27583
түріКодекс
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
§ 4. Инвестициялық салық преференциялары

 

123-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылды, тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша 2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 15-бабының редакциясында қолданылды

123-бап. Инвестициялық салық преференциялары

1. Инвестициялық салық преференциялары (бұдан әрі - преференциялар) салық төлеушінің таңдауы бойынша осы бапқа және осы Кодекстің 124, 125-баптарына сәйкес қолданылады және преференциялар объектілерінің құнын және (немесе) реконструкциялауға, жаңғыртуға арналған келесі шығыстарды шегеруге жатқызуды білдіреді.



Осы баптың 6-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңды тұлғаларының преференцияларды қолдануға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар және құрылыстар, машиналар мен жабдықтар, егер пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келсе:

1) осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген активтер немесе негізгі құралдар болып табылса;

2) преференцияларды қолданған салық төлеуші табыс алуға бағытталған қызметте пайдаланса;

3) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



4) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

5) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасына сәйкес 2009 жылғы 1 қаңтарға дейiн жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық жоба шеңберiнде пайдалануға берiлетiн активтер болып табылмаса, преференция объектiлерiне жатқызылады.

3. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалатын келесі шығыстар, мұндай ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар бір мезгілде мынадай талаптарға сәйкес келген кезде:

1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есебінде негізгі құралдар ретінде ескерілсе;

2) реконструкциялау, жаңғырту жүзеге асырылған соң пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі кемінде үш салық кезеңі ішінде табыс алуға бағытталған қызметте пайдалануға арналған болса;

3) реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру кезеңінде пайдаланудан уақытша шығарылса;

4) оларды пайдалану ерекшеліктеріне байланысты жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызметті жүзеге асырумен тікелей себеп-салдарлы байланысы бар активтер болып табылмаса;

5) жер қойнауын пайдаланушы осы активтер бойынша шеккен келесі шығыстар салық есебінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (келісімшарттар) бойынша қызмет пен келісімшарттан тыс қызмет арасында бөлуге жатпаса, олар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде шегерімге жатқызылуға тиіс.

Преференцияларды қолдану мақсаты үшін негізгі құралды реконструкциялау, жаңғырту - келесі шығыстардың бір түрі, олардың нәтижелері бір мезгілде:

негізгі құралдың конструкциясын өзгерту, оның ішінде жаңалау;

негізгі құралдың қызмет ету мерзімін үш жылдан астам уақытқа ұзарту;

реконструкциялауды, жаңғыртуды жүзеге асыру үшін осы негізгі құрал пайдаланудан уақытша шығарылған күнтізбелік айдың басындағы техникалық сипаттамаларымен салыстырғанда негізгі құралдың техникалық сипаттамаларының жақсаруы болып табылады.

4. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін мыналардан:



сауда ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

мәдени-ойын-сауыққа арналған ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

қонақ үй, мейрамхана ғимараттарынан және қысқа мерзімде тұруға арналған басқа да ғимараттардан, қоғамдық тамақтану ғимараттарынан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

офистік ғимараттардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

автомобильдерге арналған гараждардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен);

автотұрақтардан (осындай ғимараттардың бөліктерінен) басқа тұрғынжай емес ғимараттар (тұрғынжай емес ғимараттардың бөліктері) өндірістік мақсаттағы ғимараттарға жатады.

Преференцияларды қолдану мақсаты үшін: спортқа арналған құрылыстар мен демалу орындарынан, мәдени-ойын-сауық, қонақ үйге, мейрамханаға арналған, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе аялдауына арналған құрылыстардан басқа құрылыстар өндірістік мақсаттағы құрылыстарға жатады.

5. Преференцияларды қолдану мақсаты үшін:



құрылыс мердігерлігі шартын жасасу жолымен салу кезінде - мемлекеттік қабылдау комиссиясы ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қойғаннан кейін құрылысты жүргізушінің құрылыс объектісін тапсырысшыға беруі;

қалған жағдайларда - мемлекеттік қабылдау комиссиясының ғимараттың (ғимарат бөлігінің) пайдалануға берілу актісіне қол қоюы Қазақстан Республикасының аумағында жаңадан салынған ғимараттың (ғимарат бөлігінің) алғаш рет пайдалануға берілуі болып табылады.

6. Мынадай талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келсе:

1) салық төлеушіге салық салу осы Кодекстің 5-бөліміне сәйкес жүзеге асырылса;

2) салық төлеуші осы Кодекстің 279-бабының 1)-4) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асырса;

3) салық төлеуші осы Кодекстің 63-тарауында көзделген арнаулы салық режимін қолданса, салық төлеушілердің преференцияларды қолдануға құқығы жоқ.

 

124-бап. Преференцияларды қолдану



1. Преференцияларды қолдану мынадай әдістердің бірі:

1) объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісі;

2) объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісі бойынша жүзеге асырылады.

2. Объект пайдалануға берілгеннен кейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерінің осы Кодекстің 125-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес айқындалған бастапқы құнын пайдаланудың алғашқы үш салық кезеңі ішінде тең үлеспен немесе пайдалануға беру жүзеге асырылған салық кезеңінде біржолғы шегерімге жатқызуды білдіреді.

3. Объект пайдалануға берілгенге дейінгі шегерім әдісін қолдану преференция объектілерін салуға, өндіруге, сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілгенге дейін осындай шығындар іс жүзінде жүргізілген салық кезеңінде оларды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды шегерімге жатқызуды білдіреді.

4. Егер преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде мына жағдайлардың бірінде:

1) салық төлеуші осы Кодекстің 123-бабының 2-4-тармақтары ережелерінің бұзылуына жол берсе;

2) преференцияларды қолданған салық төлеуші немесе мұндай салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры осы Кодекстің 123-бабының 6-тармағы ережелерінің кез келгеніне сәйкес келетін жағдай туындаса, преференциялар қолданылған кезінен бастап жойылады және салық төлеуші олар қолданылған әрбір салық кезеңі үшін преференциялар сомасына шегерімдерді азайтуға міндетті.

 

125-бап. Преференция объектілерін салықтық есепке алу ерекшеліктері



1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші преференция объектілерін, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстарды есепке алуды солар бойынша преференциялар қолданылған өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар, машиналар мен жабдықтар пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі ішінде тіркелген активтерден бөлек жүзеге асырады.

Преференция объектілері және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңартуға жұмсалған келесі шығыстар преференциялар қолданылған әрбір объект бойынша ескеріледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Негізгі құрал болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құнына салық төлеуші осы объект пайдалануға берілген күнге дейін шеккен шығындар қосылады. Мұндай шығындарға объектіні сатып алуға, оны өндіруге, салуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындар, сондай-ақ:

осы Кодекске сәйкес шегерімге жатқызылуға жатпайтын шығындардан (шығыстардан);

осы Кодекстің 100-бабы 12-тармағының екінші бөлігіне сәйкес шегерімге жатқызылған шығындардан (шығыстардан);

салық төлеушiнiң осы Кодекстiң 100-бабы 6 және 13-тармақтарының, сондай-ақ осы Кодекстiң 101 - 114-баптарының негiзiнде шегерiмге құқығы болатын шығындардан (шығыстардан);

амортизациялық аударымдар шығындарынан (шығыстарынан);

бухгалтерлік есепке алуда туындайтын және салық осы Кодекстің 100-бабының 15-тармағына сәйкес салу мақсатындағы шығыс ретінде қарастырылмайтын шығындардан (шығыстардан) басқа, халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес оның құнын арттыратын басқа да шығындар жатады.

3. Осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген актив болып табылатын преференциялар объектісінің бастапқы құны осы Кодекстің 118-бабының 9-тармағында көзделген тәртіппен айқындалады.

4. Солар бойынша преференциялар жойылған активтер осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда пайдалануға берілген күнінен бастап тіркелген активтер болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай актив түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.

5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды, машиналар мен жабдықтарды реконструкциялауға, жаңғыртуға жұмсалған келесі шығыстар бойынша преференциялар жойылған кезде мұндай шығыстар осы Кодекстің 122-бабының 3-тармағында көзделген тәртіппен ескеріледі.

6. Преференциялар объектісі осы баптың 4-тармағында көрсетілгендерден басқа, преференциялар объектісі пайдалануға берілген салық кезеңінен кейінгі үш салық кезеңі өткен соң осы Кодекстің 116-бабы 1-тармағының ережелеріне сай болғанда тіркелген актив болып танылады және осы Кодекстің 117 және 118-баптарында көзделген тәртіппен осындай объект түріне сәйкес келетін топтың (кіші топтың) құндық балансына қосылады.

 

§ 5. Туынды қаржы құралдары



 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 126-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

126-бап. Жалпы ережелер

1. Салық салу мақсатында туынды қаржы құралдары:



1) хеджирлеу мақсатында;

2) базалық активті жеткізу мақсатында;

3) өзге де мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдарына бөлінеді.

2. Әрбір туынды қаржы құралы бойынша осы Кодекстің 127, 128-баптарына және 136-бабының 3-тармағына сәйкес табыс немесе залал айқындалады.

3. Туынды қаржы құралы хеджирлеу немесе базалық активті беру мақсаттарында қолданылған жағдайда туынды қаржы құралын салықтық есепке алу осы Кодекстің 129 және 130-баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген табыс осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары жөніндегі табыстар бойынша қалыптасады және ол мынадай тәртіппен айқындалады:



осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын және осы Кодекстің 127 және 128-баптарында белгіленген тәртіппен айқындалған туынды қаржы құралдары бойынша табыстардың жалпы сомасы алу

осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылатын туынды қаржы құралдары бойынша есепті салық кезеңіндегі залалдардың жалпы сомасы алу

туынды қаржы құралдары бойынша алдыңғы салық кезеңдерінен ауыстырылған залалдар.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 127-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



127-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс

1. Ол бойынша табыс осы Кодекстің 128-бабына сәйкес айқындалатын туынды қаржы құралын қоспағанда, туынды қаржы құралы бойынша табыс туынды қаржы құралы бойынша түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.



Салық есебінің мақсаттары үшін мұндай табыс салық төлеушінің туынды қаржы құралы бойынша құқықтарды немесе міндеттемелерді орындаған күніне, олардың мерзімінен бұрын немесе өзгедей тоқтатылған күніне, олардың сондай-ақ туынды қаржы құралы бойынша талаптар бұрын жасалған мәміле бойынша міндеттемелерді толығымен немесе ішінара өтейтін туынды қаржы құралымен мәміле жасасу күніне танылады.

2. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі аралық есеп айырысулар кезінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша түсімдер болып табылады.

3. Мәміле мерзімі ішіндегі, сондай-ақ орындалған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған күнгі осы туынды қаржы құралы бойынша аралық есеп айырысулар кезінде төленуге жататын (төленген) төлемдер туынды қаржы құралы бойынша шығыстар болып табылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 128-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



128-бап. Орындалу мерзімі ұзақ болатын туынды қаржы құралы бойынша табыс

1. Своп бойынша, сондай-ақ қолданылу мерзімі оның жасалған күнінен бастап он екі айдан асып кететін және орындалуы қаржы құралының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін мөлшерлері бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеме көрсеткіштерінің, индекстердің және осындай туынды қаржы құралы белгілеген өзге де көрсеткіштің өзгеруіне байланысты болатын төлемдерді жүзеге асыруды көздейтін өзге де туынды қаржы құралы бойынша табыс осы бапта белгіленген ережелерді ескере отырып, түсімдердің шығыстардан асып түсуі ретінде айқындалады.



Салықтық есепке алу мақсаты үшін осы тармақта көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша табыс осы тармақта көрсетілген асып түсу пайда болатын әрбір салық кезеңінде танылады.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша түсімдер есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша алынуға жататын (алынған) төлемдер болып табылады.

3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша шығыстар есепті салық кезеңі ішінде осы туынды қаржы құралы бойынша төленуге жататын (төленген) төлемдер болып табылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 129-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



129-бап. Хеджирлеу операциялары бойынша салықтық есепке алу ерекшеліктері

1. Хеджирлеу - бағаның, валюта бағамының, пайыздық мөлшерлеменің қолайсыз өзгеруі немесе хеджирлеу объектісінің өзге де көрсеткішінің қолайсыз өзгеруі нәтижесінде ықтимал залалдарды азайту мақсатында туынды қаржы құралдарымен жасалатын және халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес салық төлеушінің бухгалтерлік есепке алуында хеджирлеу құралдары болып танылған операциялар. Активтер және (немесе) міндеттемелер, сондай-ақ көрсетілген активтерге және (немесе) міндеттемелерге немесе күтіліп отырған мәмілелерге байланысты ақша қаражатының ағындары хеджирлеу объектілері болып табылады.

2. Туынды қаржы құралдарымен жасалатын операцияларды хеджирлеу операцияларына жатқызудың негізділігін растау үшін салық төлеуші осы операцияларды жасау хеджирлеу объектісімен жасалатын мәмілелер бойынша ықтимал залалдардың (пайданы толық алмаудың) мөлшерін азайтуға алып келетінін (алып келуі мүмкін екенін) растайтын есеп-қисап жасайды.

3. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылатын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал, хеджирлеу мәмілесінің нәтижесі салықтық есепке алуда танылған күні осы Кодекстің хеджирлеу объектісі үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.

4. Хеджирлеу объектісі нақты мәміле болып табылмайтын туынды қаржы құралы бойынша табыс немесе залал тиісінше жылдық жиынтық табысқа кіреді немесе мұндай табыс немесе залал осы Кодекстің 127 және 128-баптарына сәйкес танылған сол салық кезеңіндегі шегерімдерге жатады.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 130-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 130-бап жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



130-бап. Салықтық есепке алудың базалық активті беру жолымен орындалған кездегі ерекшеліктері

1. Егер туынды қаржы құралы базалық активті сатып алу немесе өткізу мақсатында қолданылатын болса, онда көрсетілген базалық активтерді сатып алу немесе өткізу нәтижесінде төленуге жататын (шеккен) шығыстар және алынуға жататын (алынған) төлемдер туынды қаржы құралдары бойынша шығыстарға және түсімдерге жатпайды.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялардан түскен түсімдер мен шығыстар салықтық есепке алу мақсатында осы Кодекстің базалық актив үшін белгіленген нормаларына сәйкес есепке алынады.

 

 



§ 6. Табыстар мен шегерімдерді түзету

 

131-бап. Жалпы ережелер



Түзету - осы Кодекстің 132-бабында белгіленген жағдайларда есепті салық кезеңіндегі табыстың немесе шегерімнің мөлшерін бұрын танылған табыстың немесе шегерімнің сомасы шегінде ұлғайту немесе азайту.

 

132-бап. Табыстар мен шегерімдерді түзету



1. Табыстар немесе шегерімдер мынадай жағдайларда:

1) тауарларды толық немесе ішінара қайтарғанда;

2) мәміленің шарттарын өзгерткенде;

3) сатылған немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін бағаны, өтемақыны өзгерткенде;

4) бағадан жеңілдіктер, сатудан жеңілдіктер жасалғанда;

5) шарттың талаптарын негізге ала отырып, өткізілген немесе сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін ұлттық валютамен төленуге тиіс сома өзгергенде;

6) ол бойынша табысты түзету осы баптың 2-тармағына сәйкес жүргізілетін талапты есептен шығарғанда түзетуге жатады.

2. Табысты түзетуді салық төлеуші-кредитор:



заңды тұлғадан:

дара кәсіпкерден;

Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғадан осындай тұрақты мекеменің қызметіне қатысты талаптар бойынша талапты есептен шығарған кезде жүргізеді.

Осы тармақта көзделген табысты түзету:

1) салық төлеуші-дебитор таратылған кезде оны тарату балансын бекіту күніне салық төлеуші-кредитор талап қоймаған;

2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша талап есептен шығарылған жағдайларда жүзеге асырылады.

Түзету бір мезгілде мынадай талаптарды сақтаған кезде:

1) талаптардың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болғанда;

2) талап бухгалтерлік есепте табысты түзету күніне көрсетілгенде не алдыңғы кезеңдердегі бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылғанда (есептен шығарылғанда) жүргізіледі. Табысты түзету есептен шығарылған талаптың және осындай талап бойынша бұрын танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.

Осы Кодекске сәйкес күмәнді деп танылған талаптарға осы тармақтың ережелері қолданылмайды.

3. Табысты түзету талаптардың мөлшерін оларды кәсіпорынның сатып алу-сату шарты бойынша мүліктік кешен ретінде беруге байланысты азайтылған кезде жүргізілмейді.



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

4. Табыстар мен шегерiмдердi түзету осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайлар басталған салық кезеңiнде жүргiзiледi.

 

 

12-тарау. САЛЫҚ САЛЫНАТЫН ТАБЫСТЫ АЗАЙТУ ЖӘНЕ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕРДІҢ КЕЙБІР САНАТТАРЫН САЛЫҚ САЛУДАН БОСАТУ



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет