Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару



бет42/53
Дата15.06.2016
өлшемі4.07 Mb.
#137653
түріКодекс
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53
§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару

599-бап. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын есепке жатқызу

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салықтың, төлемақының және өсімпұлдың артық төленген сомаларын есепке жатқызу салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге ұсынған салықтық өтініші (бұдан әрі осы Кодекстің осы бабының және 600-бабының мақсаты үшін – есепке жатқызуға салықтық өтініш) бойынша, сондай-ақ осы Кодекстің осы бабында және 600-бабында көзделген басқа да негіздер бойынша жүргізіледі.

2. Өткен салық кезеңдеріндегі салықтың, төлемақының, өсімпұлдың осы түрі бойынша есеп-қисаптар ескеріле отырып, салықтың, төлемақының, өсімпұлдың салық кезеңінде бюджетке төленген (есепке жатқызылған және қайтарылған сомаларды есепке ала отырып) және есептелген, есепке жазылған (кемітуді есепке ала отырып) сомалары арасындағы оң айырма артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомасы болып танылады.

Осы Кодекстің 217-бабына сәйкес резидент емес салық төлеушіге қайтарылуға тиіс төленген салық сомасы да артық төленген салық сомасы болып табылады.

3. Жер учаскелерін, жер бетіндегі көздерден су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға эмиссия, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланыстарды бергені үшін төлемақы осы Кодекстің осы бабының және 600, 602-баптарының мақсатындағы төлемақы болып табылады.

4. Артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомаларын есепке жатқызуды салық төлеушінің артық төленген сома есептелген дербес шоты бойынша салық органы ұлттық валютада жүргізеді.

5. Артық төленген салық, төлемақы, өсімпұл сомалары, осы баптың 13-16-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа салық төлеушінің салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызылмайды.

6. Есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акциз сомаларын салықтардың, төлемақылардың осы және басқа да түрлері бойынша салық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу, салық төлеушінің аталған тауарларды өндіру бойынша қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, жүргізілмейді.

7. Салық есептілігін ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда оларды ұсынылғанға дейін осы салық бойынша артық төленген соманы есепке жатқызу жүргізілмейді.

8. Салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімі:

есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш бойынша – осындай өтініш салық органына ұсынылған күннен бастап;

өтініш болмағанда жеке шотта артық төленген сома түзілген күннен бастап он жұмыс күнін құрайды.

9. Салық органы салықтың, төлемақының артық төленген сомасын есепке жатқызуға арналған салықтық өтініш бойынша есепке жатқызуды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы олар бойынша мерзімі бұзыла отырып, есепке жатқызу жүргізілген салықтың, төлемақының артық төленген сомасына мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл есепке жатқызу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда есепке жатқызу күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

10. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет жіктемесінің коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, төлемақыны есепке жатқызу жүргізілген есепке жатқызуға арналған салықтық өтініште көрсетілген күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.

11. Артық төленген салық, төлемақы сомасы салық берешегін өтеу есебіне мынадай тәртіппен:

салық төлеушінің өтінішінсіз:

салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлдарды;

салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлдарды өтеу есебіне;

есепке жатқызуға салықтық өтініш бойынша:

салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша бересіні;

салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша өсімпұлды;

салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша айыппұлды;

егер осы баптың 13, 15-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші есепке жатқызуға беретін салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне міндетті түрде есепке жатқызылады.

12. Бюджетке артық төленген өсімпұлдардың сомасы мынадай тәртіппен:

1) салық төлеушінің өтінішінсіз:

салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересіні;

салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлды өтеу есебіне;

2) есепке жатқызуға салықтық өтініші бойынша:

салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша бересіні;

салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша өсімпұлды;

салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша айыппұлды;

егер осы баптың 14 және 16-тармақтарында өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша алдағы төлемдерді өтеу есебіне есепке жатқызылады.

13. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде артық төленген салық сомасы, төлемақысы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:

1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;

2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;

3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;

4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;

5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;

6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.

14. Заңды тұлғаның есепке жатқызуға салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіпте есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:

1) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;

2) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;

3) құрылымдық бөлімшенің салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;

4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің бересісін;

5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің өсімпұлын;

6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша құрылымдық бөлімшенің айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.

15. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген салық, төлемақы сомасы осы баптың 11-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:

1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;

2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;

3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;

4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;

5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;

6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.

16. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің есепке жатқызуға берген салықтық өтініші негізінде оның артық төленген өсімпұлдар сомасы осы баптың 12-тармағында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін:

1) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша бересісін;

2) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша өсімпұлын;

3) заңды тұлғаның салықтың, төлемақының осы түрі бойынша айыппұлын;

4) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның бересісін;

5) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның өсімпұлын;

6) салық төлеуші есепке жатқызуға салықтық өтінішінде көрсеткен салықтың, төлемақының түрі бойынша заңды тұлғаның айыппұлын өтеу есебіне есепке жатқызылады.



600-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызу

Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызуды қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органы артық төленген салықтың, төлемақының, өсімпұлдың сомасын есепке жатқызу үшін осы Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен жүргізеді.


601-бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару

1. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:

1) салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге арналған салықтық өтініші бойынша (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қате сомалар бойынша салықтық өтініш);

2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – банк өтініші) бойынша;

3) қате фактісі анықталған жағдайда, салық органы қызметі жасаған салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларының туындау себептері туралы хаттамасы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін– қателер бойынша хаттама) бойынша жүргізіледі.

2. Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомаларын есепке жатқызу, қайтару:

1) осы баптың 1-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген негізге сүйене отырып, қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде;

2) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді, айыппұлдарды, өсімпұлдарды қате төлеу фактісі анықталған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізіледі.

3. Қате сомалар бойынша салықтық өтініш, банк өтініші салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді қате төлеу жүргізілген салық қызметі органына ұсынылады.

4. Аудару кезінде мынадай қателердің кез келгені жіберілген:

1) төлем құжатында:

салық төлеушінің (салық агентінің) сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;

салық органының сәйкестендіру нөмірі дұрыс көрсетілмеген;

төлемнің мәтіндік мақсаты төлем мақсатының кодына және (немесе) кірістердің бюджеттік сыныптамасының кодына сәйкес келмеген;

2) банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған;

3) ақша жіберуші - салық төлеуші тіркеу есебінде тұрмаған салық органына төлем жүргізген;

4) ақша жіберуші - салық төлеуші осы салық немесе бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің осы түрі бойынша төлеуші болып табылмайтын аудару кезіндегі сомалар салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің қате төленген сомалары болып табылады.

5. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателерді растаған жағдайда осы салық органы:

1) қате төленген сомаларды тиісті бюджет сыныптамасының кодына және (немесе) тиісті салық органына есепке жатқызуды жүргізеді;

2) салық төлеушінің банк шотына қайтаруды жүргізеді.

6. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бір төлем құжаты бойынша салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді екінші қайтара аударуға әкеп соқтырған салық төлеушінің (салық агентінің) төлем құжатын қате орындаған жағдайларда, салық органы қате аудару фактісі расталған кезде банктің өтініші бойынша қате төленген сомаларды қайтаруды жүргізеді.

7. Салық органы осы баптың 4-тармағында көрсетілген қателердің бар екендігін растамаған жағдайда осы салық органы осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделеген негіздер бойынша салық төлеушіге қателердің расталмағаны туралы жазбаша хабарлама жібереді.

8. Салық төлеуші (салық агенті) төлем құжаттарында сәйкестік нөмірін дұрыс көрсетпеген кезде салық органы салықтық өтініші негізінде қате сомалар бойынша салық төлеушіге қате төленген сомаларды оның төлем құжатында көрсетілген банктегі шотына қайтаруды жүргізеді.

602-бап. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару

1. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару, егер осы баптағыдан өзгеше белгіленбесе, салық төлеушінің (салық агентінің) салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізуге берген салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қайтаруға өтініш) бойынша жүргізіледі.

2. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтаруды салық төлеушінің осындай салық, төлем, өсімпұл бойынша дербес шоттарын жүргізетін салық органы жүргізеді.

3. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын қайтару, егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, қайтаруға салықтық өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

4. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің 599 және 600-баптарында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін жүргізіледі.

5. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық органының қорытындысы негізінде салық берешегі болмаған кезде ұлттық валютада салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотына жүргізіледі. Егер салық төлеуші заңды тұлға болып табылған жағдайда салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомасын банк шотына қайтару оның құрылымдық бөлімшелерінің салық берешегі болмаған кезде жүргізіледі.

6. Салық төлеушінің, аталған тауарларды өндіру жөніндегі қызметін тоқтатқан жағдайларды қоспағанда, есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларға артық төленген акциз сомаларын қайтару жүргізілмейді.

7. Салық органы салықтың, төлемақының артық төленген сомасын қайтаруға арналған салықтық өтініш бойынша есепке қайтаруды жүргізу мерзімін бұзған жағдайда, салық органы мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есептейді. Өсімпұл қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қоса алғанда қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде есепке жазылады.

8. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұл сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне артық төленген салықты, төлемақыны қайтару жүргізілген күні салық төлеушінің қайтаруға арналған салықтық өтініште көрсетілген банк шотына аударылуға жатады.

603-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару

1. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін қайтару (осы баптың мақсаты үшін бұдан әрі – қосылған құн салығының асып кетуі) осы бапта көзделген шарттар орындалған кезде осы Кодекстің 599-бабында көзделген есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қосылған құн салығы бойынша декларацияда көрсетілген қосылған құн салығын қайтару туралы қосылған құн салығын төлеушінің талабы бойынша жүргізіледі.

2. Осы Кодекстің 273 және 274-баптарына сәйкес қайтаруға жататын қосылған құн салығының асып кетуі салық органының қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтаруға қорытынды жасау күніне және кейінгі салық кезеңдері үшін декларацияларда көрсетілген, бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы шегеріле отырып қосылған құн салығын қайтару туралы талап көрсетілген декларацияда салық кезеңінің соңында, қосылған құн салы¬ғының қайтарылуға жатпайтын асып кеткен сомасын қоспағанда, қосылған құн салығын төлеушінің дербес шоты бойынша артық төлем сомасынан асып кетпеуге тиіс

3. Қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару қосылған құн салығын төлеушінің орналасқан жері бойынша осы Кодексте көзделген қосылған құн салығы бойынша асып кетуді қайтару мерзімі ішінде жүргізіледі.

4. Салық органы қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару мерзімін бұзған кезде мерзімі бұзыла отырып қайтарылған осындай асып кетуге салық органы салық төлеушінің пайдасына өсімпұл есебіне жазады. Мерзімі бұзыла отырып қайтару жүргізілген осындай асып кетуге қайтару мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап қайтару күніне дейін мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есебіне жазылады.

5. Салық төлеушінің пайдасына есепке жазылған өсімпұлдар сомасы тиісті бюджет сыныптамасының коды бойынша бюджетке түсімдердің есебіне қосылған құн салығы сомасының асып кетуін қайтару күні салық төлеушінің банк шотына аударылуға жатады.



604-бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару

1. Осы Кодекстің ерекше бөлімімен көзделген негіздер бойынша:

1) грант қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша төленген;

2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікке төленген қосылған құн салығының сомасы бюджеттен қайтарылуға жатады.

2. Грант алушыға қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды грант алушының орналасқан жері бойынша салық органы осы Кодекстің 599-бабына сәйкес есепке жатқызулар жүргізілгеннен кейін оның банктік шотына осы Кодекстің 275-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жүргізеді.

3. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдікке қайтарылуға жататын қосылған құн салығын қайтаруды салық органы осы Кодекстің 276-бабында белгіленген қайтару мерзімі ішінде оның банктік шотына жүргізеді.



605-бап. Айыппұлдың төленген сомасын қайтару

1. Айыппұлдың күшін жоюы немесе айыппұл сомасының өзгеруі салдарынан оның төленген сомасын қайтару салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу мен қайтаруды жүргізуге берілген салықтық өтініш (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін - айыппұл сомасын қайтаруға өтініш) негізінде жүргізіледі, ол өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы;

2) айыппұл төлеуді растайтын құжат;

3) оның негізінде заңсыз айыппұл салынған соттың немесе жоғары тұрған органның (лауазымды тұлғаның) айыппұл сомасын өзгерту туралы немесе әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының күшін жою туралы актісі;

4) айыппұлдың заңсыз салынғанын растайтын өзге де құжаттар.

2. Салық төлеуші айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті төлеу орны бойынша - салық органына айыппұл сомасы бюджетке есепке жатқызылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей, ал салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін айыппұл салу туралы қаулы бойынша бес жылдан кешіктірмей береді.

3. Төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомасын қайтаруға өтінішті табыс еткен күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.

4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес айыппұл сомаларын есепке алу бойынша бюджет сыныптамасының кодына келіп түскен төленген айыппұл сомасын қайтаруды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) айыппұл сомасын қайтаруға өтініш берген күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде жүргізеді, ол өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуге тиіс:

1) осы соманың төленгенін растайтын құжат;

2) әкімшілік құқық бұзушылықтарды және оларды жасаған тұлғаларды есепке алуды жүзеге асыратын органның келіп түскен айыппұл сомасын қайтаруға өтініш шеңберінде тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту фактісінің жоқтығын растайтын құжаты.

606-бап. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару

Осы Кодекстің 601-602-баптарында көзделмеген негіздер бойынша бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомаларын қайтару осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және негіздер бойынша жүргізіледі.



84-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІН, МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ

ЖАРНАЛАРЫН ЕСЕПТЕУ, ҰСТАП ҚАЛУ ЖӘНЕ АУДАРУ, ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ЕСЕПТЕУ МЕН ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ ОРЫНДАУ ЖӨНІНДЕГІ ХАБАРЛАМА

607-бап. Жалпы ережелер

Салық қызметі органының салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігі туралы салық төлеушіге (салық агентіне) қағаз жеткізгішпен немесе оның жазбаша келісімі бойынша электрондық тәсілмен жіберген хабары хабарлама деп танылады. Хабарламалардың нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

Хабарлама түрлері төменде аталған түрлермен шектеледі және олар салық төлеушіге (салық агентіне) мынадай мерзімдерде:

осы Кодекстің 32-бабының 2-тармағына сәйкес салық органы есептеген салық сомалары туралы – есептеу күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

салықтық тексеру нәтижелері туралы – осы Кодекстің 638-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, салық төлеушіге салық тексеруі актісін табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

тарату салық есептілігін табыс еткен күннен бастап тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомалары туралы – тарату салықтық тексеру актісін салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салық есептілігінің табыс етілмеуі туралы – осы Кодексте белгіленген оны тапсыру мерзімінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

салық берешегін өтеу туралы – осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көзделген мерзімде орындалмаған салық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

дебиторлардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алу туралы - өндіріп алуға дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық қызметі органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы - салық есептілігінде бұзушылық анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей;

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы - шағым бойынша шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы - оларды анықтаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей;

10) салық төлеушінің орналасқан жерін (жоқтығын) растау туралы – салық қызметі органының лауазымды адамдары салықтық зерттеп-тексеру актісін жасаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жіберіледі.

Хабарламада:

сәйкестендіру нөмірі;

салық төлеушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе толық атауы;

салық қызметі органының атауы;

хабарлама күні;

салық міндеттемесінің және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелердің сомасы – осы Кодексте және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда;

салық міндеттемесін және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау туралы талап;

хабарлама жіберу үшін негіз;

шағым жасау тәртібі көрсетілуге тиіс.



608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

1. Хабарлама салық төлеушінің (салық агентінің) жеке өзіне қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылуға тиіс.

Бұл ретте, төменде тізбеленген тәсілдердің біреуімен жіберілген хабарлама мынадай жағдайларда:

1) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілгенде - салық төлеушінің (салық агентінің) алғаны туралы почтаның немесе өзге де байланыс ұйымының белгісі қойылған күннен бастап;

2) электрондық тәсілмен жіберілгенде салық қызметі органы жіберген күннен бастап бес жұмыс күні біткеннен кейін хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне) берілді деп есептеледі. Бұл тәсіл осы Кодекстің 572-бабында белгіленген тәртіппен электрондық салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушіге қолданылады.

2. Салық органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 2) - 4), 7) - 9) тармақшаларында көрсетілген хабарламаларды жіберген жағдайда, салық міндеттемесі және (немесе) міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелері салық төлеушіге (салық агентіне) хабарлама табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

3. Осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарламаны салық төлеуші (салық агенті) хабарлама жіберілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындауға тиіс.

85-тарау. МЕРЗІМІНДЕ ОРЫНДАЛМАҒАН САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕСІНІҢ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТӘСІЛДЕРІ

609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай:

1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;

2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұ¬рақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, да¬ра кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың банк шоттары бо¬йынша (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұл¬ғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қыз¬метін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұл¬ғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

2. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері осы Кодекстің 611-613-баптарында белгіленген мерзімдерде қолданылады. Осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдануды бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес хабарлама жіберіледі.

3. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үш айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қолданылмайды.

4. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тәсілді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.

5. Cалық төлеуші (салық агенті) айыппұлдар сомасын төлемеген жағдайда осы баптың 1-тармағының 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде салық төлеушіні (салық агентін) хабарландырмай-ақ қолданылады.

6. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не салық берешектерін өтеу үшін заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттары жоқ немесе банк шотында және кассасында ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, салық органы осы баптың 1-тармағы 2) - 4) тармақшаларында көрсетілген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға қолданады.

7. Осы тараудың мақсаты үшін бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.



610-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасына өсімпұл

Осы баптың 3-тармағында белгіленген мерзімінде төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасының есебіне жазылатын мөлшер өсімпұл болып танылады.

Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз етудің басқа да тәсілдерін және мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін өзге де жауаптылық шараларын қолдануға қарамастан өсімпұл сомасы есепке жазылып, төленеді.

Өсімпұл салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімі күнінен кейінгі күннен бастап, мерзімі өткен әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде бюджетке төлеген күнді қоса алғанда, мерзімі өткен әрбір күн үшін есепке жазылады.

Салық және басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың сомаларын банк шоттарының есебінен шығару кезектілігін сақтамағаны үшін; оларды бюджетке аудармағаны (есептемегені); салық төлеушілердің банк шоттары есебінен шығарылған және банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассаларының салық және басқа да міндетті төлемдер, өсімпұлдар, айыппұлдар сомасын, сондай-ақ шартты банк салымында орналастырылған табыс салығын және есепке жазылған банктік сыйақыларды төлеу есебіне енгізілген қолма-қол ақшаны бюджетке уақтылы аудармағаны үшін банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға өсімпұл есепке жазылады.

Салықтарды (төлем көздерінен ұсталатын салықтардан, акциздерден басқа) төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған, сондай-ақ қосымша салық есептілігі табыс етілген кезде өсімпұл осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық төлеу мерзімінің күнінен кейінгі күннен бастап бересі сомасына есепке жазылады.

Сот шешімі қабылданған кезден бастап банкрот деп танылған не оған қатысты мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылданған, не оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым қабылданған салық төлеушінің бересі сомасына осындай шешім немесе ұйғарым күшіне енген күннен бастап өсімпұл есепке жазылады.

Бересінің жиналып қалуының бірден-бір себебі қызмет көрсететін банктің таратылуы болып табылған жағдайда, мәжбүрлеп таратылған банктердің кредит берушілеріне бересі сомаларын дер кезінде өтемегені үшін өсімпұл банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешім күшіне енген кезден бастап есепке жазылмайды.

Жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген кезде сотқа жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арыз берген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін бересіні өтеу үшін сот шешімімен жарияланған акциялар мәжбүрлеп шығарылатын бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

Жеке тұлғаны хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы сот шешімі күшіне енген кезден бастап, оның күші жойылғанға дейін бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

Өсімпұлға және айыппұл сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомаларын есепке жатқызуды жүргізу жолымен өтелген бересі сомасына есепке жатқызу жүргізуге төлем құжатының күнінен бастап өсімақы есепке жазылмайды.

Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомаларын аудару кезінде:

1) банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотынан ақшаны есептен шығарған күнінен бастап;

2) салық төлеушінің банкоматтар немесе өзге де электронды құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күнінен бастап;

3) салық төлеушінің (салық агентінің) көрсетілген сомаларды банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға, уәкілетті мемлекеттік органдарға енгізген күнінен бастап өсімпұл есепке жазылмайды.

Артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасы расталған жағдайда, осы Кодекстің 599-бабының 8-тармағында белгіленген есепке жат¬қызуды жүргізу мерзімі бұзылған ретте артық төленген салық және (немесе) төлемақы сомасына барабар бересі сомасына өсімпұл есепке жазылмайды.

611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

1. Осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары (корреспонденциялық шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мынадай жағдайларда:

1) салық төлеуші (салық агенті) осы Кодексте белгіленген мерзімде салық есептілігін табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;

2) салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы өтінішті табыс етпегенде - осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап отыз жұмыс күні өткеннен кейін;

3) салық берешегін өтемегенде – осы Кодекстің 607-бабының 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген хабарлама берілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін;

4) осы Кодексте белгіленген салықтық тексеру жүргізу тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық қызметі органының лауазымды адамдарын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салықтық тексеруге және зерттеп-тексеруге жібермегенде - жіберілмеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

5) почта немесе өзге де байланыс ұйымы салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша жоқ болуына байланысты жіберілген хабарламаны қайтарғанда - қайтару күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

6) салық қызметі органдарының осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен жасаған салықтық зерттеп-тексеру актісі негізінде салық төлеушінің (салық агентінің) орналасқан жері бойынша болмауы фактісі анықталған жағдайда - анықтау күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде;

7) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалмағанда - осы Кодекстің 587-бабының 2-тармағында көрсетілген мерзім өткен күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін жүргізіледі.

2. Банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, мыналардан:

1) салық төлеуші өз бетінше салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу жөніндегі операциялардан;

2) ақшаны:

өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптарды, сондай-ақ алиментттерді өндіріп алу жөніндегі талаптарды қанағаттандыруды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға демалысқа шығу жәрдемақысын және еңбек ақысын төлеу бойынша, авторлық шарт бойынша сыйақы, міндетті зейнетақы жарналарын жинақтаушы зейнетақы қорларына аудару және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды төлеу жөніндегі клиент міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін ақшаны алып қоюды көздейтін атқару құжаттары бойынша;

салық берешегін өтеу бойынша, сондай-ақ мемлекет кірісіне өндіріп алу туралы атқару құжаттары бойынша алып қоюдан басқа салық төлеушінің (салық агентінің) барлық шығыс операцияларына қолданылады.

3. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады және банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым оны алған күннен бастап күшіне енгізіледі.

4. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органының өкімін банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар бұлжытпай орындауға тиіс.

5. Шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарған салық органы банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру себебі жойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей, банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімнің күшін жояды.

6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шоты жабылған жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым тиісті салық төлеушінің (салық агентінің) банктік шотының жабылғаны туралы хабарламамен қоса шот бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді салық органына қайтарады.

612-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында аталған салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі есебіне оның кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруды жүргізеді.

Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру, банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға кейіннен оларды салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу есебіне аудару үшін ақша тапсыру бойынша операциялардан басқа, кассадағы қолма-қол ақшалардың барлық шығыс операцияларына қолданылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

Салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімін салық төлеуші (салық агенті) бұлжытпай орындауға тиіс.

3. Салық төлеуші (салық агенті) осы баптың талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.

4. Салық органы салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей салық органының касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің күшін жояды.

613-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу

Салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық берешегі өтелмеген жағдайда, сондай-ақ салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, салық органы осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеуді жүргізеді.

Бұл ретте, мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасаған жағдайда салық органы салық берешегін өтеу туралы хабарлама жібермей-ақ осы бапта белгіленген тәртіппен салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және өсімпұлдардың шағым жасалған сомалары шегінде оның мүлкіне билік етуіне шектеу жүргізеді. Мұндай шектеу салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараушы салық қызметі органы шешім шығарғанға дейін немесе салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органы шешімінің күшін толық жоятын сот актісі заңды күшіне енгенге дейін қолданыста болады.

Мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі салық төлеушіге (салық агентіне) қол қойдырылып немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.

Салық төлеуші (салық агенті) мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді алудан бас тартқан не оның лауазымды адамдары орналасқан жері бойынша болмаған жағдайда, шешім тіркелген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей, жылжымайтын мүлікке құқықтардың ауыртпалығын тіркеу қажеттігі туралы уәкілетті мемлекеттік органдарды бір мезгілде хабардар ете отырып, почта бойынша тапсырыс хатпен жіберіледі .

Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім осы салық төлеушінің (салық агентінің) меншік құқығындағы немесе шаруашылық жүргізу құқығындағы, сондай-ақ балансында тұрған мүлікке қатысты шығарылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өндіріп алуға мүмкін болатын мүлікке ғана қатысты жүргізіледі.

Салық төлеушінің (салық агентінің) қаржы лизингіне не кепілге берілген (алынған) билік етуі шектелген мүлкін лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданысы аяқталғанға дейін салық органының алып қоюына тыйым салынады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) салық органы мүлікке билік етуді шектеген күннен бастап және оның күші жойылғанға дейін шарттың талаптарын өзгертуіне (шарттың қолданылу мерзімін ұзартуына, қосалқы лизингке және (немесе) қайта кепілге беруіне) тыйым салынады.

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім шығарылған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бар салық берешегі сомасы туралы деректердің негізінде қабылдайды.

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің негізінде салық төлеушіге (салық агентінің) мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілік туралы ескертіле отырып, салық берешегі сомасына мүлік тізімдемесінің актісі жасалады.

Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі салық төлеушінің (салық агентінің) бухгалтерлік есепке алу деректерінің негізінде айқындалатын баланстық құны немесе нарықтық құны көрсетіле отырып жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамалық актісіне сәйкес жүргізілетін есепте белгіленген құн нарықтық құн болып табылады.

Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысанда екі дана етіп жасалатын актімен ресімделеді.

Мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық төлеуші (салық агенті) мұндай мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын немесе нотариат куәландырған көшірмелерін танысу үшін табыс етуге міндетті. Мүлікке меншік құқығын және (немесе) шаруашылық жүргізу құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері мүлік тізімдемесінің актісіне қоса тіркеледі.

Мүлік тізімдемесінің актісіне оны толтырған адам, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) лауазымды адамы қол қояды. Мүлік тізімдемесі актісінің бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) тапсырылады.

Мүлікке билік етуді шектеу туралы шешім мен мүлік тізімдемесінің актісін салық органында тіркеу бір нөмірмен жүргізіледі.

Мүлік тізімдемесінің актісі соның негізінде жасалған салық төлеушінің мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күші жойылуымен бір мезгілде күшін жояды.

5. Салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүліктің шектеу алып тасталғанға дейін сақталуын, оған тиісті күтім жасалуын қамтамасыз етуге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті болады. Салық төлеуші (салық агенті) аталған мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

Осы талаптарды сақтамаған жағдайда салық төлеуші (салық агенті) иелік етуі шектелген мүлікті аукционға дайындау бойынша болған шығындарды өтеуге міндетті.

6. Салық берешегі өтелмеген және екі аукцион өткізілгеннен кейін билік етуі шектелген мүлік сатылмаған жағдайда салық органы жаңа мүлік тізімдемесінің актісі жасалған күнгі салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегінің сомасы туралы деректерді ескере отырып, жаңа мүлік тізімдемесінің актісін жасау жолымен салық төлеушінің (салық агентінің) басқа мүлкіне тізімдеме жүргізуге құқылы.

7. Уәкілетті органдарда тіркелуге тиіс мүлікке құқықтардың ауырт¬палығын тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

8. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің сомаларын өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің күшін жояды.



86-тарау. САЛЫҚ БЕРЕШЕГІН МӘЖБҮРЛЕП ӨНДІРІП АЛУ ШАРАЛАРЫ

614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары салық төлеуші заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың салық берешегіне мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданады. Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданыла бастағанға дейін салық төлеушіге (салық агентіне) осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес салық берешегін өтеу туралы хабарлама жіберіледі.

Мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің үш еселенген мөлшерінен аз мөлшерде салық берешегі бар салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты қолданылмайды.

3. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу мынадай тәртіппен:

1) банк шоттарындағы ақша есебінен;

2) дебиторлар шоттарынан;

3) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен;

4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде жүргізіледі.

4. Салық төлеуші (салық агенті) айыппұл сомаларын төлемеген кезде осы бапта көрсетілген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары айыппұл сомаларын мәжбүрлеп өндіріп алу туралы сот қаулысының негізінде хабарландырусыз қолданылады.

5. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында және кассасында салық берешектерін өтеу үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда салық органы салық берешегін өтеу үшін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға мәжбүрлеп өндіріп алуды қолдану жолымен салық берешегінің сомасын өндіріп алады.

6. Осы тараудың мақсатына орай бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.

615-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

Салық берешегін өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде салық берешегі сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салық органы салық берешегінің сомасын осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан мәжбүрлеу тәртібімен өндіріп алады.

Осы тармақтың ережелері Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі, сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру, секьюритилендіру және инвестициялық қорлар туралы заңнамалық актілеріне сәйкес өндіріп алуға жол берілмейтін банк шоттарына қолданылмайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарынан салық берешегі сомасын өндіріп алу, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым берген қарыздар бойынша қамту болып табылатын ақша сомасын қоспағанда, көрсетілген қарыздың өтелмеген негізгі борышы мөлшеріндегі салық органының инкассалық өкімі негізінде жүргізіледі.

Салық органы инкассалық өкімді оны жасау күніне салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық берешегі туралы деректер негізінде жасайды.

Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бір банктік шотынан салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін орындаған кезде, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, берешектің сол түрі бойынша, сол күнмен шығарған болса, салық органына орындаусыз қайтарады.

Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық төлеушінің (салық агентінің) бірнеше банктік шотынан инкассалық өкімде көрсетілген жалпы сомаға ақшаны есептен шығару жолымен салық берешегін өндіріп алу туралы салық органының инкассалық өкімін толық орындаған кезде, салық органына салық төлеушінің (салық агентінің) аталған банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ашқан басқа банк шоттарына салық органы шығарған инкассалық өкімдерді, егер салық органы мұндай инкассалық өкімдерді сол сомаға, сол күнге, берешектің сол түрі бойынша шығарған болса, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым салық органына орындаусыз қайтарады.

Инкассалық өкім Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген нысан бойынша шығарылады және онда салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомаларын өндіріп алуы жүргізілетін сол банк шотын көрсетуді қамтиды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) теңгемен жүргізілетін банк шотында ақша болмаған жағдайда, салық берешегін өндіріп алу салық төлеушінің (салық агентінің) шетел валютасымен жүргізілетін банк шоттарынан салық органдары теңгемен шығарған инкассалық өкімдері негізінде жүргізіледі.

Клиентке қойылған талаптардың барлығын қанағаттандыру үшін клиенттің банктегі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда ақшасы жеткілікті болған жағдайда, салық берешегін өндіріп алуға инкассалық өкімді банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бірінші кезектегі тәртіппен және аталған өкімді алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей, банк шотында бар сомалар шегінде орындайды.

Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда, клиентке бірнеше талаптар қойылған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым осы шоттарға ақша түсуіне қарай және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу шотына клиенттің ақшасын алып қоюды жүргізеді.

9. Салық органы оған салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкім шығарған салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотында ақша болмаған жағдайда, инкассалық өкімді орындауға қабылдаған банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоты жабылған кезде аталған инкассалық өкімді салық төлеушінің (салық агентінің) банк шотының жабылуы туралы хабарламамен бірге тиісті салық органына қайтарады.



616-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу

1. Осы Кодекстің 614-бабының 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның банк шоттары болмаған жағдайда салық органы жиналып қалған салық берешегі шегінде салық төлеушіге (салық агентіне) берешегі бар үшінші бір тұлғалардың (бұдан әрі - дебиторлардың) банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алады.

2. Салық берешегін өтеу туралы хабарлама алған күннен бастап салық төлеуші (салық агенті) он жұмыс күнінен кешіктірмей хабарлама жіберген салық органына дебиторлық берешек сомасын көрсете отырып, дебиторлар тізімін және олар болған жағдайда - дебиторлармен бірлесіп жасалған және дебиторлық берешек сомасын растайтын өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актілерін табыс етуге міндетті.

Өзара есеп айырысуларды салыстырып тексеру актілері бар болған кезде салық органы осы Кодекстің 84-тарауына сәйкес дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін дебиторлардың банктік шотына салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өндіріп алу туралы инкассалық өкімдер шығарады.

Дебиторлар тізімі осы тармақта көрсетілген мерзімде табыс етілмеген жағдайда салық органы салық төлеушіге (салық агентіне) салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын салық органының растауға құқығы жоқ.

3. Ұсынылған дебиторлар тізімінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы дебиторларға дебиторлық берешек сомасы шегінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегін өтеу шотына олардың банк шоттарындағы ақшадан өндіріп алуы туралы хабарлама жібереді.

Осы бапта көзделген жағдайды қоспағанда, дебиторлар хабарламаны алған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей, хабарлама жіберуші салық органына хабарлама алған күнге салық төлеушімен (салық агентімен) бірлесіп жасалған өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актісін табыс етуге міндетті.

Дебиторлар өзара есеп айырысудың салыстырып тексеру актісін осы тармақта көрсетілген мерзімде табыс етпеген жағдайда, салық органы аталған дебиторларға салықтық тексеру жүргізеді. Бұл ретте салық органы сотта дауланып жатқан дебиторлық берешек сомасын растауға құқығы жоқ.

4. Дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісі және дебиторлардың банк шоттарындағы ақшасынан өндіріп алуы туралы хабарлама болған кезде олар өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісін ұсынбайды.

5. Салық төлеуші (салық агенті) салық берешегін өтеген жағдайда дебиторлар тізімі немесе өзара есеп айырысулардың салыстырып тексеру актісі ұсынылмайды.

6. Салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының арасындағы өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде мынадай мәліметтер болуға тиіс:

1) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының атауы, олардың сәйкестендіру нөмірлері;

2) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторы тұрған жері бойынша тіркеу есебінде тұрған салық органының атауы;

3) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының банк шоттарының деректемелері;

4) дебитордың салық төлеушінің (салық агентінің) алдындағы берешек сомасы;

5) салық төлеуші (салық агенті) мен оның дебиторының заңдық деректемелері, мөрі және қойылған қолдары;

6) салыстырып тексеру актісінің жасалған күні, ол салық берешегін өтеу туралы хабарламаны алған күннен бұрын болуға тиіс емес.

7. Өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінің немесе дебиторлық берешек сомасын растайтын салықтық тексеру актісінің негізінде салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы инкассалық өкімді дебитордың банк шоттарына шығарады.

8. Салық төлеуші дебитордың банкі немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымы осы Кодекстің 615-бабында белгіленген талаптарға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы салық органы шығарған инкассалық өкімді орындауға міндетті.

617-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебіне өндіріп алу

Осы Кодекстің 614-бабы 1-тармағында көрсетілген салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткіліксіз болған не оның және (немесе) оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға жіберіледі.

618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі

Билік етуі шектелген мүлікті өткізуді жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

Билік етуі шектелген мүлікті өткізудің тәртібін жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (келіп түскен) мүлікпен жұмыс жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.

619-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару

Осы Кодекстің 614-бабының 3-тармағының 1) - 3) тармақшаларында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.

620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану

1. Осы Кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.

2. Банкрот деп танылған салық төлеушіні (салық агентін) тарату тәртібі Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

621-бап. Салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

1. Салық қызметі органдары салық берешегі туындаған күннен бастап алты ай ішінде өтелмеген:

заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің – тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі;

дара кәсіпкерлердің, жекеше нотариустар мен адвокаттардың - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Бұл ретте тізімде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) және салық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.

2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілер (салық агенттері) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемдерге сәйкес салық төлеушілерді (салық агенттерін) тізімге енгізу, сондай-ақ салық берешегін өтеген және салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді тізімнен шығарып тастау арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей тоқсан сайын жаңартылады.



622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу

1. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе аталған салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

2. Сот бұйрығын шығару туралы өтініш немесе дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша іс қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі есебіне оның мүлкін өндіріп алуды Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен атқарушылық іс жүргізу органдары жүргізеді.



87-тарау. ІРІ САЛЫҚ ТӨЛЕУШІЛЕР МОНИТОРИНГІ

623-бап. Жалпы ережелер

1. Ірі салық төлеушілер мониторингі (бұдан әрі – осы тараудың мақсаты үшін - мониторинг) ірі салық төлеушілердің нақты салық салынатын базасын анықтау, Қазақстан Республикасының салық заңнамасының сақталуын және трансферттік баға белгілеу кезінде бақылауды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын нарықтық бағаларды бақылау мақсатында олардың қаржылық-шаруашылық қызметін талдау жолымен жүзеге асырылады.

2. Мониторингке, осы Кодекстің 99-бабында көзделген түзетулерді есепке алмағанда, анағұрлым көп жылдық жиынтық табысы бар үш жүз ірі салық төлеуші жатады.

Түзетуді есепке алмағандағы жылдық жиынтық табыс мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін бекітудің алдындағы жылдың салық кезеңі үшін корпоратиівтік табыс салығы бойынша декларация деректері негізінде айқындалады.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесін аталған тізбе қолданысқа енізілетін жылдың алдындағы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірмей бекітеді.

Егер мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесін қолданысқа енгізер жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарға сай келетін салық төлеуші таратылу алдында тұрса, мұндай салық төлеуші бұл тізбеге енгізілуге жатпайды.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі оны бекіткен жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан кейін қолданысқа енгізіледі.

Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің бекітілген тізбесі қолданысқа енгізілген күннен бастап екі жыл бойына қолданыста болады және осы кезең ішінде қайта қаралуға жатады

4. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші қайта ұйымдастырылған жағдайда оның құқық мирасқоры (құқық мирасқорлары) мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің келесі тізбесі қолданысқа енгізілгенге дейін мониторингке жатады.

5. Мониторингке жататын ірі салық төлеуші таратылған жағдайда, сондай-ақ оны банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енгізілген күннен бастап аталған салық төлеуші мониторингке жататын ірі салық төлеушілер тізбесінен шығарып тасталған деп танылады.



624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі

1. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер мониторинг бойынша есептілікті электронды цифрлы қолтаңбамен расталған электронды құжат нысанында табыс етеді.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;

3) бухгалтерлік баланс;

4) өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп;

5) өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны;

6) қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;

7) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.

3. Мониторингке жататын және банктік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне сәйкес жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кітабы;

2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кітабы;

3) бухгалтертерлік баланс;

4) кірістер мен шығыстар туралы есеп;

5) дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу.

4. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары үшін мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) сақтандыру қызметі туралы есеп;

2) бухгалтерлік баланс;

3) кірістер мен шығыстар туралы есеп.

5. Мониторингке жататын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдері бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару бойынша қызметті жүзеге асыратын ірі салық төлеушілерге арналған мониторинг бойынша есептілікке мыналар жатады:

1) зейнетақы активтері бойынша есеп;

2) зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп;

3) бухгалтерлік баланс;

4) кірістер мен шығыстар туралы есеп.

6. Мониторингке жататын ірі салық төлеушілер осы баптың 2-5-тармақтарында көрсетілген есептілікті есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысандар бойынша тоқсан сайын ұсынып отырады.

Егер мониторинг бойынша есептілік нысандарын ұсыну мерзімінің соңғы күні жұмыс күні болмаса, ұсыну мерзімі келесі жұмыс күні болып табы¬ла¬ды.

88-тарау. ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

625-бап. Жалпы ережелер

1. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді бағалауға негізделген және тәуекелді анықтау және алдын алу мақсатында салық қызметі органдары әзірлейтін және (немесе) қолданатын шараларды қамтиды. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері негізінде салық бақылауының нысандарын саралап қолдану жүзеге асырылады.

2. Тәуекел – салық төлеушінің (салық агентінің) мемлекетке нұқсан келтіретін және (немесе) нұқсан келтіруі мүмкін салық міндеттемесін орындамау және (немесе) толық орындамау ықтималдығы.

3. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді басқару жүйелерін қолдану мақсаттары:

1) назарын тәуекелі жоғары салаларға шоғырландыру және қолда бар ресурстарды анағұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

2) салық салу саласында бұзушылықтарды анықтау бойынша мүмкіндіктерді кеңейту.

4. Тәуекелдерді басқару жүйесі салық бақылауын жүзеге асыру кезінде, оның ішінде:

1) салық тексерулерін жүргізу үшін;

2) осы Кодекстің 274-бабының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығының асып кеткен соманы қайтарудың оңайлатылған тәртібіне құқықты айқындау үшін салық төлеушілерді (салық агенттерін) іріктеу мақсатында пайдаланылады.

6. Тәуекелдерді басқару жүйесі тәуекелдерді басқарудың ақпараттық жүйесін қолдана отырып жүзеге асырылуы мүмкін.



626-бап. Салық қызметі органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылдары

Салық қызметі органдары салық төлеуші (салық агенті) ұсынған салық есептілігінің деректеріне, уәкілетті органдардан алынған мәліметтерге, сондай-ақ салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы басқа да құжаттарға және (немесе) мәліметтерге талдауды жүзеге асырады.

Мұндай талдаудың нәтижелерін салық қызметінің органдары осы Кодекстің 625-бабында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін пайдаланады.

89-тарау. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУЛЕР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет