Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі



бет41/53
Дата15.06.2016
өлшемі4.07 Mb.
#137653
түріКодекс
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53
§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

572-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

Жеке тұлғаны, заңды тұлғаны, оның құрылымдық бөлімшелерін элек¬трондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою ерікті сипатта өтеді және салық органында салық төлеуші ретінде тіркеуден өткеннен кейін жүргізіледі.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін салық төлеуші келу тәртібімен салық төлеушінің орналасқан немесе тұр¬ғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш береді.

Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне тұру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш тапсыруы оның хабарламаларды кепілдік берілген жеткізуді қамтамасыз ететін электронды байланыс желілері арқылы электронды құжат алмасуға, оның ішінде осы Кодексте көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларын алуға келісімі болып табылады.

3. Салық органы электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы са¬лық¬тық өтініші қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық тө¬леушіге:

1) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгішті;

2) электронды құжаттар алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісімді береді.

4. Электронды құжат алмасу кезінде электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану және тану туралы келісім нысанын уәкілетті орган белгілейді.



573-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны ауыстыру және жою

1. Салық төлеуші электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе оны ауыстыру үшін орналасқан немесе тұрғылықты жері бойынша салық органына электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге мынадай:

1) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланудан бас тарту туралы шешім қабылдаған;

2) тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімі аяқталған;

3) электрондық цифрлық қолтаңбадан тұратын кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгіш жоғалған;

4) кілті бар контейнерлі ақпаратты электрондық жеткізгіш жұмыс істемейтін жағдайға дейін бүлінген жағдайларда құқылы.

2. Салық органы электрондық цифрлық қолтаңбаны жою немесе ауыстыруды электрондық цифрлық қол қоюдан тұратын кілті бар контейнерден бас тарту немесе ауыстыру үшін электрондық салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

3. Салық органы салық төлеушінің салықтық өтінішінсіз салық төлеушіні мемлекеттік деректер базасынан шығарып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде электрондық цифрлық қолтаңбаны жояды



§ 5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі

574-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою

1. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюға қызметтің мынадай түрлерін:

1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді;

2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды;

3) этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді;

4) алкоголь өнімін көтерме сатуды;

5) темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме сатуды;

6) лотереялар ұйымдастыруды, өткізуді және лотерея билеттерін сатуды;

7) ойын бизнесін;

8) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.

2. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою осы баптың 1-тармағында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді салық органдарында тіркеу болып табылады.

3. Лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою тиісті лицензиясы болған жағдайда лицензиясының қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жүргізіледі.

4. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша салық органына келу тәртібімен қызметтің жекелеген түрлерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырады.

5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш салық органына егер осы бапта өзгеше көзделмесе, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып табыс етіледі:

1) осы баптың 1-тармағы 2) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - меншік құқығын растайтын құжат немесе мұнай өнімдері базасын (ыдысты), автомобильге май құю станцияларын жалдау шарты;

2) осы баптың 1-тармағы 1), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асырған кезде - осы баптың 1-тармағы 1), 4), 7) тармақшаларында көрсетілген қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялар.

6. Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу карточкасын бере отырып, салық төлеушіні салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қояды.

Тіркеу карточкасы - салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің салық органдарында тіркелгенін куәландыратын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойған кезде салық органы беретін қатаң есептілік бланкісі.

Берілген тіркеу карточкалары туралы мәліметтер тіркеу карточкаларын есепке алу журналында тіркеледі.

Тіркеу карточкасы мен тіркеу карточкаларын есепке алу журналының нысандарын уәкілетті орган белгілейді.

7. Салық төлеушіде бірнеше ойын мекемелері (стационарлық орындары) болған жағдайда, тіркеу карточкасы әрбір ойын мекемесіне (стационарлық орынға) беріледі. Стационарлық орын - ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалану арқылы қызмет көрсету бойынша кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын орын.

8. Ойын мекемесінің (стационарлық орын) аумағында салық органдарында тіркелмеген салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады.

9. Салық төлеушіде осы баптың 1-тармағы 1) - 5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын бірнеше салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер болған кезде тіркеу карточкасы әрбір салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге бөлек беріледі.

Осы баптың мақсаттары үшін салық салуға байланысты объект деп мұнай өнімдері базасы (ыдыс), автомобильге май құю станциясы, сондай-ақ осы баптың 1-тармағы 3)-5) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын стационарлық және (немесе) қоймалық үй-жай түсініледі.

10. Лотереялар ұйымдастыру, өткізу және лотерея билеттерін сату бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеуші оларды сату басталғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын лотерея билеттерінің әрбір шығарылымын салық органында тіркетуге міндетті.

575-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру

1. Салық төлеуші тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтер өзгерген кезде, өзгерістер туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына осы Кодекстің 574-бабы 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш беруге міндетті.

2. Тіркеу карточкасы жоғалған (бүлінген) жағдайда оны ауыстыру салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына табыс етілген осы Кодекстің 574-бабы 4-тармағында көрсетілген салықтық өтініш негізінде жүргізіледі.

3. Салық органы тіркеу карточкасын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтердің өзгеруі, жоғалуы (бүлінуі) себебі бойынша ауыстыруды салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.



576-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару

1. Салық төлеуші осы Кодекстің 574-бабының 4-тармағында аталған салықтық өтініш негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен:

1) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған;

2) тіркеу карточкасында көрсетілген барлық салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есептен шығарған жағдайларда шығарылуға жатады.

2. Салықтық өтініш қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару үшін салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органына тіркеу карточкасын қоса бере отырып, осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағында белгіленген қызмет түрлерін жүзеге асыру тоқтатылған немесе тіркеу карточкасында көрсетілген салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің жалпы санын есепке алудан шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде беріледі.

3. Салық органының шешімі негізінде жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыра¬тын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығаруды мынадай жағдайларда:

1) лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензиясының қолданысы тоқтатылған;

2) осы Кодекстің 574-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу келісімінің қолданысы тоқтатылған;

3) осы Кодекстің 574-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны, осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімінен кейін алты ай мерзім ішінде табыс етпеген жағдайларда жүргізіледі.

4. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы шешімді уәкілетті орган белгілеген нысанда салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайлар болған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады.

5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылуға тиіс.

§ 6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға

байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі

577-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою

1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды, егер осы тарауда өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 583-бабына сәйкес салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде салық төлеушінің мүлік салығын, көлік құралы салығын, жер салығын, бірыңғай жер салығын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін қамтамасыз ету үшін жүргізеді.

2. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар, салық органында олар жөнінде мәліметтер жоқ жеке тұлғалар салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсыруға құқылы.

Осы Кодекстің 405-бабына сәйкес салық салу объектісі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісі бойынша жеке тұлға салық салу объектісінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсыруға міндетті.

3. Меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, уақытша иелену және пайдалану, сенімгерлік басқару құқығында салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер мұндай құқық туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебіне қою үшін осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтініш беруге міндетті.

4. Салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою үшін табыс етілген осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішке құқық белгілейтін сәйкестендіру немесе салық салу объектісінің иелігін не оны пайдаланылуын растайтын және (немесе) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіге билік ететін өзге де құжаттардың нотариат куаландырған көшірмесі қоса беріледі.

5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қоюды уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) осы баптың 2-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

578-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару

1. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша туындаған салық міндеттемесі орындалатын болса, мынадай жағдайларда:

1) салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, жедел басқару құқықтарының тоқтатылуы - егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды, тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде;

2) салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні уақытша сенімгерлік басқару құқығының тоқтатылуы – салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізеді.

2. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, сенімгерлік басқару құқығы тоқтаған жеке тұлға салық органында аталған мәліметтер жоқ болған жағдайда салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектінің орналасқан жері бойынша салық органына тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге құқылы.

3. Салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге меншік, тұрақты жер пайдалану, бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану, өтеулі уақытша жер пайдалану, шаруашылық жүргізу, сенімгерлік немесе жедел басқару, концессия келісімшарты бойынша құқығы тоқтаған заңды тұлға, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, объектіге құқығы тоқтаған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде объектінің орналасқан жері бойынша салық органына салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін салықтық өтініш беруге міндетті.

4. Салық салу объектісін және (немесе) салық салуға байланысты объектіні орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық салу объектісіне және (немесе) салық салуға байланысты объектіге иелік ету, пайдалану және (немесе) билік ету құқығы тоқтағанын растайтын құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері қоса беріледі.

5. Салық органы салық төлеушіні салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығаруды осы баптың 1-тармағында белгіленген шарттар сақталған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органдардан мәліметтер және (немесе) салық төлеушінің салықтық өтінішін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.



§ 7. Әрекетсіз салық төлеуші және тарату сатысында тұрған салық төлеуші

579-бап. Әрекетсіз салық төлеуші

1. Әрекетсіз салық төлеушілерге әрекетсіз заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер жатады.

2. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін күнтізбелік бір жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларацияны тапсырмаған, көрсетілген декларацияны тапсыру бойынша талаптар қолданылмайтын салық төлеушілерді қоспағанда, резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлға, сондай-ақ резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекетсіз заңды тұлға болып танылады.

3. Осы Кодексте белгіленген тапсыру мерзімдерінен кейін бір жыл өткен соң жеке табыс салығы бойынша, ойын бизнесінің салығы бойынша, тіркелген салық және жеңілдетілген декларация бойынша декларация немесе соңғы патенттің қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап екі жыл ішінде патент құнының есебін тапсырмаған дара кәсіпкер әрекетсіз дара кәсіпкер болып танылады.

4. Осы баптың 2, 3-тармақтарының қолданысы қызметін уақытша тоқтата тұру кезеңіне тоқтата тұрған резидент заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасындағы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері мен дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

5. Салық органдары әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей бекітеді және ақпаратты уәкілетті органның сайтына орналастырады.

6. Салық төлеушіні әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару:

1) салық төлеуші салық есептілігін табыс ету бойынша салықтық міндеттемесін орындағаннан;

2) салық төлеушіге салық есептілігін осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолданылған айыппұлдар төленгеннен кейін жүргізіледі.

7. Осы баптың 6-тармағында көзделген шарттар сақталған соң қабылданған салық органының тиісті бұйрығының күні салық төлеушілерді әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару күні болып табылады.

Салық төлеушілері әрекетсіз салық төлеушілер тізімінен шығару туралы ақпарат, шығару күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.

580-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші

1. Таратылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүр¬гізуге өтініш берген тұлға тарату сатысында тұрған салық төлеуші болып танылады.

Тарату сатысында тұрған салық төлеуші туралы ақпарат тара¬тылуына (қызметін тоқтатуына) байланысты құжаттық тексеру жүргізуге өтініш тапсырған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.

2. Салық органдары тұлғаны тарату сатысында тұрған салық төлеушілер тізімінен шығаруды:

1) Заңды тұлғалар мемлекеттік тіркелімнен шығарылған жағдайда - бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімінің мәліметтерін алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

2) дара кәсіпкер, жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған жағдайда – тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде;

3) салық төлеуші қызметін қайта бастау туралы шешім қабылдаған жағдайда – қызметін қайта бастау туралы салық органын хабардар еткен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде жүргізеді.

§ 8. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері

581-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері

Банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:

1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін, арнайы қаржы компаниясының облигацияларын шығаруды қамтамасыз ету болып табылатын активтерді және инвестициялық қордың активтерін, сақтауға арналған банк шоттарын, резидент еместердің сақтандыру шоттары және (немесе) шет ел корреспонденттік банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа резидент еместі қоса алғанда, салық төлеуші заңды тұлғаға, оның құрылымдық бөлімшелеріне, шетелдік және азаматтығы жоқ адамға, кәсіпкерлік, жеке нотариаттық, адвокаттық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаға банк шоттарын ашу кезінде, уәкілетті органды хабарлардың кепілдік беріліп жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс желісі арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, аталған шоттардың ашылғандығы туралы олардың ашылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

Техникалық проблемалар салдарынан мұндай электрондық байланыс желілері арқылы аталған шоттардың ашылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;

2) резидент еместердің жинақ шоттарынан және (немесе) шет ел банктерінің корреспонденттік шоттарынан басқа, оның негізінде банк қолма-қол ақша қабылдау және беру жүргізілетін векселдер мен төлем құжаттарын қоспағанда, төлем құжаттарында сәйкестендіру нөмірі жоқ банк шоттары бойынша операциялар жүргізбеуге;

3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеуге, міндетті зейнетақы жарналары аударымдарының төлем құжаттарын қабылдау кезінде сәйкестендіру нөмірлерінің сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру ережелеріне және уәкілетті мемлекеттік органның деректеріне сәйкес дұрыс көрсетілуін бақылауға;

4) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарын жабу кезінде хабарлардың кепілдік беріліп жеткізілуін қамтамасыз ететін электрондық байланыс желілері арқылы сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, олардың жабылғандығы туралы уәкілетті органды олардың жабылған күнінен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етуге міндетті.

Техникалық проблемалар салдарынан мұндай электрондық байланыс желілері арқылы аталған шоттардың жабылғандығы туралы хабардар ете алмаған кезде, хабарлама қағаз жеткізгіште салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына үш жұмыс күні ішінде жіберіледі;

5) заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкерге берілген кредит (қарыз) бойынша сыйақы түріндегі кірістерді тануды тоқтату кезінде, бұл туралы уәкілетті орган белгілеген нысанда салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына мұндай тану тоқтатылған тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей хабардар етуге;

6) клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында жеткілікті ақшасы болған кезде, бірінші кезектегі тәртіппен банк шотынан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салық төлеушінің төлем тапсырмасын орындауға міндетті. Салық органдарының инкассалық өкімі де осы тәртіппен белгіленген мерзімдерде енгізілмеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын өндіріп алуды салық органдарынан нұсқау алған күннен кейінгі бір операциялық күннен кешіктірмей орындауға міндетті.

Клиентке қойылатын барлық талаптарды қанағаттандыруға клиенттің банк шоттарында ақшасы жоқ немесе жеткілікті болмаған жағдайда, банк ақшаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесінде белгіленген кезектілік тәртібімен салық берешегін өтеу есебіне алып қоюды жүргізеді;

7) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың сомаларын:

салық төлеушінің банк шотынан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күні аударуға;

банктердің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кассасына қолма-қол ақша енгізу күнінен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей аударуға;

8) нұсқамасы болған кезде тексерілетін:

заңды тұлғаның;

дара кәсіпкердің – кәсіпкерлік қызметінде;

адвокаттың – адвокаттық қызметінде;

жекеше нотариустың – нотариаттық қызметінде пайдаланатын (пайдаланылған) банк шоттары бойынша жасалатын операцияларды, сондай-ақ осы шоттарда ақша бар-жоқтығын тексеруге салық орган¬да¬рының лауазымды тұлғасын жіберуге;

9) осы Кодексте көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеушінің банк шоттарындағы (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өтеу жөніндегі операциялардан басқа барлық шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

10) банк заңды тұлға немесе дара кәсіпкер болып табылатын қарыз алушының берешегін есептен шығарған кезде қарыз алушыда міндеттемелерін есептен шығарудан (соңғысында) кіріс пайда болғаны туралы қарыз алушының - салық төлеушінің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органын отыз күн ішінде хабардар етуге;

11) уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, осы Кодекстің 216-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен және мерзімде банк сыйақыларын есептегені туралы салық агенті орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органдарына есеп пен мәліметтер беруге;

12) салық қызметі органының сауал салуын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде:

салық салуға байланысты мәселелер бойынша тексерілетін заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің;

салық салуға байланысты мәселелер бойынша - кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін дара кәсіпкердің;

салық салуға байланысты мәселелер бойынша - нотариаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін жекеше нотариустің;

салық салуға байланысты мәселелер бойынша - адвокаттық қызметте пайдаланылатын (пайдаланылған) ағымдағы шоттар бойынша тексерілетін адвокаттың;

осы Кодекстің 43-бабына сәйкес қызметі тоқтатылған кезде салық міндеттемесін орындаудың ерекше тәртібі қолданылатын дара кәсіпкердің;

орналасқан жері бойынша шын мәнінде жоқ екендігі осы Кодекстің 558-бабында белгіленген тәртіппен расталған және салық есептілігін табыс етудің осы Кодексте белгіленген мерзімінен кейін алты ай өткенге дейін, осы Кодексте көзделген жағдайларда осындай мерзімді ұзарту кезеңін қоспағанда, оны табыс етпеген заңды тұлғаның және (немесе) оның құрылымдық бөлімшесінің, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың;

қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның келісімі бойынша уәкілетті орган белгілеген тәртіппен әрекетсіз заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің;

заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттың депутаттығына, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелігіне кандидат ретінде тіркелген адамның және оның жұбайының (зайыбының);

мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидат болып табылатын адамның және оның жұбайының (зайыбының);

жазаны өтеу орнынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның банктік шоттарының бар-жоғы және нөмірлері туралы, осы шоттардағы ақша қалдығы және қозғалысы туралы мәліметтер ұсынуға міндетті.

Осы тармақшада көзделген мәліметтер қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша уәкілетті орган белгілеген нысанда беріледі.

13) осы баптың 1) тармақшасында көрсетілген банк шоттарын:

осы банкте ашық банк шоты бар, салық қызметі органдары осы Кодекстің 609-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген салық төлеу¬шінің (корреспонденттік шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқ¬тата тұру туралы инкассалық өкім немесе шешім шығарған салық төлеушіге;

ол туралы уәкілетті органның сайтында ақпарат орналастырылған әрекетсіз салық төлеушіге ашудан бас тартуға міндетті.

Осы баптың мақсаттары үшін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.



582-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіні тіркеуді және оны тіркеу есебіне алуды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылы

Салық қызметі органдары салық төлеушіні тіркеу және тіркеу есебі кезінде мынадай:

1) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелердің тіркеу есебіне алуды, оларды қайта тіркеуді, тіркеу есебінен шығаруды жүзеге асыратын;

2) статистика;

3) салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын, оның ішінде:

жылжымайтын мүлікке және онымен жасалатын мәмілелерге құқықтарды мемлекеттік тіркеуді;

жылжымалы мүлік кепілін және кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеуді;

радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеуді;

көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді;

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеуді;

шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, шығармалар мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға лицензиялық шарттарды мемлекеттік тіркеуді;

бұқаралық ақпарат құралын есепке қоюды жүзеге асыратын;

4) лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат беру мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беретін, оның ішінде:

жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануға рұқсат;

жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат;

арнайы табиғат пайдалануға экологиялық рұқсат;

орман пайдалануға арналған ағаш кесу билеттері және орман билеттері;

сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастыруға рұқсат;

радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;

телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат;

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүруіне рұқсат;

жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация жүйесінде қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысына құқық беретін;

кеме жүзетін су жолдарын пайдалануға рұқсат беретін;

5) жеке тұлғаларды Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асыратын;

6) азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын;

7) нотариаттық іс-әрекеттер жасауды жүзеге асыратын;

8) қорғаншылық пен қамқоршылықты жүзеге асыратын;

9) көлік және коммуникация;

10) энергетика және минералды ресурстарды реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын;

11) сыртқы саяси қызметті жүзеге асыратын;

12) Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейтін басқа да уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

583-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық қызметі органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді және таратуды, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуді, қайта тіркеуді және есептік тіркеуден шығаруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар заңды тұлғаның тіркелген, қайта тіркелген, таратылған, құрылымдық бөлімше есептік тіркеуге қойылған, қайта тіркелген, есептік тіркеуден шығарылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей заңды тұлғаның тіркелгені, қайта тіркелгені, таратылғаны, құрылымдық бөлімшенің есептік тіркеуге қойылғаны, қайта тіркелгені, есептік тіркеуден шығарылғаны туралы мәліметтерді электрондық хабарлама арқылы салық қызметі органына, банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға табыс етуге міндетті.

2. Лицензияларды, куәліктерді немесе рұқсат ету мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беруді жүзеге асыратын уәкілетті органдар лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат ету мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттар берілген (тоқтатылған) салық төлеушілер және бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріліп алынатын) объектілер туралы мәліметтерді осы Кодекстің 19-бөлімінде белгіленген тәртіп пен мерзімде және уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша өздерінің орналасқан жеріндегі салық қызметі органдарына табыс етуге міндетті.

3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уә¬кілетті мемлекеттік органдар салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілері бар салық төлеушілер туралы, сон¬дай-ақ салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіпте, мер¬зімде және нысандар бойынша салық қызметі органдарына табыс етуге міндетті.

4. Бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді есепке алуды және (немесе) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар табыс етілетін мәліметтерде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ғылыми, экологиялық-ағартушылық, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарында пайдаланатын жеке тұлғаларды қоспағанда, салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін көрсетуге міндетті.

5. Шетелдіктердің келуін (кетуін) тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган олардың келуін (кетуін) тіркегеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей келудің мақсатын, орнын және болу мерзімін көрсете отырып, келуші шетелдіктер туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен салық қызметі органына табыс етуге міндетті.

6. Энергетиканы және минералдық ресурстарды реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган, акцияларды немесе қатысу үлестерін сатып алу-сату бойынша мәмілелер жүзеге асырылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық агенті болып табылатын резидент емес туралы мәліметтерді қоса алғанда, осы Кодекстің 197-бабына сәйкес ол бойынша салық міндеттемелері туындайтын мәміленің қатысушылары және оның параметрлері туралы мәліметтерді өзінің орналасқан жері бойынша салық қызметі органына табыс етуге міндетті.

7. Сыртқы саясат қызметін жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдігінің орналасқан жері бойынша салық органына осындай дипломатиялық немесе оған теңестірілген өкілдіктің аккредиттелгенін және орналасқан жерін растайтын құжаттарды аккредиттелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынуға міндетті.

8. Салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын) және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді ұсыну салық қызметі органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара автоматтандырылған іс-қимылына арналған тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілім пайдаланыла отырып, электрондық түрде, уәкілетті орган бел¬гілеген тәртіпте және нысандар бойынша он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Уәкілетті мемлекеттік органдар салық төлеушілер, салық салу объектілері (бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріп алынатын және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәліметтерді электронды түрде ұсынған жағдайда, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерді қағаз жеткізгіште ұсынуы талап етілмейді.



82-тарау. САЛЫҚ НЫСАНДАРЫН ҚАБЫЛДАУ. КАМЕРАЛДЫҚ БАҚЫЛАУ

584-бап. Салық нысандарын қабылдау

1. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары салық қызметі органдарына осы Кодексте белгіленген мерзімде табыс етіледі.

2. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандарын салық қызметі органдарына ұсыну күні оларды табыс ету тәсілдеріне қарай:

1) келу тәртібінде - салық қызметі органдарының салық есептіліктерін және (немесе) өтініштерді қабылдау күні;

2) хабарландыра отырып, тапсырыс хатпен почта арқылы:

салық есептілігі үшін – почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгі қойылған күн;

салықтық өтініш үшін – салық қызметі органдары алған күн;

3) электронды түрде – осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен жіберілетін хабарламада көрсетілген салық қызметі органдарының салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі орталық торабының қабылдаған күні болып табылады.

3. Почта немесе өзге байланыс ұйымдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін тапсырылған қағаз жеткізгіштегі салық есеп¬тілігі почта немесе өзге де байланыс ұйымы қабылдаған уақыт пен күн¬нің белгісі болған кезде, мерзімінде тапсырылған деп есептеледі.

Салық қызметі органдарына салық есептілігін тапсыру үшін осы Кодексте белгіленген мерзімнің соңғы күнінің жиырма төрт сағатына дейін электронды байланыс арналары арқылы тапсырылған электронды түрдегі салық есептілігі мерзімінде тапсырылды деп есептеледі.

4. Салық қызметі органдары салық есептілігі электронды түрде табыс етілген кезде салық қызметі органдарының қабылдау жүйесі салық есептілігін қабылдаған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық төлеушіге аталған жүйенің салық есептілігін қабылдағаны немесе қабылдамағаны туралы хабарлама жіберуге міндетті.

5. Салықтық тіркелімдерді қоспағанда, салық нысандары, егер:

1) осы Кодекске сәйкес уәкілетті орган белгілеген салық нысандарына сәйкес келмесе, немесе

2) салық қызметі органының коды көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе

3) сәйкестендіру нөмірі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе

4) салық кезеңі көрсетілмесе немесе дұрыс көрсетілмесе, немесе

5) салық есептілігінің түрі көрсетілмесе, немесе

6) салық есептілігіне қол қоюға және оны куәландыруға қатысты осы Кодекстің талаптары бұзылса, немесе

7) уәкілетті орган белгілеген электрондық формат құрылымы бұзылса, салық қызметі органдарына табыс етілмеген деп есептеледі.

585-бап. Камералдық бақылау

1. Камералдық бақылау - салық төлеуші (салық агенті) табыс еткен салық есептілігін, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушінің қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу мен талдау негізінде салық қызметі органдары жүзеге асыратын бақылау.

Камералдық бақылау қатерлерді басқару жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Камералдық бақылаудың мақсаты – салық органдары каме¬ралдық бақылау нәтижелері бойынша анықтаған салық есептілігіндегі бұзушылықтарды салық төлеушіге дербес жоюға құқық беру.



586-бап. Камералдық бақылау жүргізудің тәртібі мен мерзімі

1. Камералдық бақылау салық қызметі органдарындағы салық есептілігінің деректерін өзге де мемлекеттік органдардың салық салу объек¬тілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мәлі¬меттерімен, сондай-ақ әр түрлі ақпарат көздерінен алынған салық төлеушінің қызметі бойынша деректермен өзара салыстырып тексеру жолымен жүргізіледі.

2. Камералдық бақылау осы Кодекстің 46-бабында белгіленген ережелер ескеріле отырып, талап қою мерзімі ішінде жүзеге асырылады.

587-бап. Камералдық бақылау нәтижелері

1. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтардың сипаттамалары қоса беріле отырып, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама ресімделеді.

2. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық төлеуші (салық агенті) хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда, салық қызметі органдарына бұзушылықтар анықталған кезең үшін салық есептілігін ұсынады.

Салық төлеуші хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық қызметі органдарына анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме береді. Бұл ретте салық төлеуші салық қызметі органдарына осы тармақта көрсетілген түсініктемеге қоса салық есептілігінде көр¬сетілген деректердің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.

3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау осы Кодекстің 611-бабына сәйкес салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға әкеп соғады.

4. Осы Кодекстің 43-бабының 7-тармағына сәйкес жүргізілген камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органы уәкілетті орган белгілеген нысанда қорытынды жасайды.

Бұл ретте осы тармақта көрсетілген қорытындыны жасау күні камералдық бақылаудың аяқталған күні болып табылады.



83-тарау. САЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ, МІНДЕТТІ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАЛАРЫН АУДАРУ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАРДЫ ТӨЛЕУ БОЙЫНША МІНДЕТТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫН ЕСЕПКЕ АЛУ

588-бап. Жалпы ережелер

1. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алуды салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізу арқылы жүзеге асырады.

2. Салық органының салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жүргізуі:

дербес шотты ашуды;

кейіннен дербес шотта салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік ау¬дарым¬дардың есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомаларын көрсетуді;

дербес шотты жабуды қамтиды.

Дербес шотты жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

3. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда:

салық төлеуші (салық агенті) - салық есептілігінде;

салық органы - уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері бойынша;

уәкілетті мемлекеттік органдар осы Кодексте көзделген негіздер бойынша есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомасы болып табылады.

Осы тараудың мақсатына орай есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуі де кемітілген қосылған құн салығының сомасы болып табылады.

4. Салық міндеттемелерін ұлғайтуды немесе кемітуді қоса алғанда, салық қызметі:

салықтық тексерудің нәтижелері бойынша;

салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары бойынша салық қызметі органы есептеген сома салықтың, бюджетке төленетін басқа міндетті төлемнің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомасы болып табылады.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың түрлері бойынша жүргізіледі.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты бірыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.

589-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі бойынша ашылады және салық төлеушінің тіркеу есебінің орны бойынша жүргізіледі.

2. Дербес шот салық төлеушіге (салық агентіне) бересі немесе артық төлеу сомасын қамтитын есеп-қисаптар сальдосы көрсетіле отырып, ағымдағы жылдың басында және салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттер туындаған күні ашылады. Салық төлеушінің (салық агентінің) бересісі немесе артық төлеуі болмаған жағдайда есеп-қисаптар сальдосы нөлге тең деп есептеледі.

Ағымдағы жылдың алдындағы жыл үшін дербес шоттың сальдосы ескеріле отырып, ағымдағы жыл үшін дербес шотта көрсетілген салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар сомаларының төленгендері (есепке жатқызылғандар мен қайтарылғандарды алып тастағанда) мен есептелгендері, қоса есептелгендері (кемітілгендерін алып тастағанда) арасындағы оң айырма артық төлем деп танылады.

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы салық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен есептеледі.

Егер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша ағымдағы жылдың алдындағы жылы дербес шот жүргізілген болса, онда ағымдағы жылдың дербес шотына ағымдағы жылдың алдындағы жылдың дербес шотынан есеп-қисаптар сальдосы көшіріледі.

4. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсету күнін, іс-әрекеттің мазмұнын, оның негізінде мұндай көрініс жүргізілген құжаттың атауын көрсете отырып, есептелген, есепке жазылған, кемітілген, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар көрсетіледі.

5. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты ұлттық валютада жүргізіледі.

6. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелеріне сәйкес салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін және (немесе) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді шетел валютасымен төлеуді ұсынған жағдайда, дербес шотттағы есеп мы¬надай тәртіппен:

1) салық есептілігін ұсынған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, есептелген, кемітілген сома;

2) бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттарының негізінде төленген сома ұлттық валютада жүргізіледі.

Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотындағы есептелген немесе кемітілген соманы салық есептілігі мен салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ұсынған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамының өзгеруінен дербес шотта туындаған айырма сомаға түзетуді жүргізеді. Түзету айырмасы төлем жасалған күні белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолдана отырып, айқындалады.



590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті

төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарында есептелген, кемітілген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомаларын есепке алу салық есептілігі деректерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар мәліметтерінің негізінде жүргізіледі.

591-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу:

1) салықтық тексеру нәтижелері туралы;

2) тарату салықтық есептілік ұсынылған күннен бастап салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша тарату салықтық тексеру аяқталған күнге дейінгі кезең үшін салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша міндеттемелердің есепке жазылған сомалары туралы:

3) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға шағымды қарау нәтижесі бойынша шығарған шешіміне салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың қорытындылары туралы (бұдан әрі осы баптың мақсатына орай осы тармақтың 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген хабарламалар бойынша есептелген сома – есептелген сома) хабарламалардың негізінде жүргізіледі.

2. Есепке жазылған соманы есепке алу дербес шотта салықтық тексерудің аяқталған күні көрсетіле отырып және осы Кодекстің 93 және 94-баптарында белгіленген тәртіппен шағым беру мерзімдері ескеріле отырып жүргізіледі.

3. Шағым жасалған жағдайда дербес шоттағы есептелген сома салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру күні мен деңгейі бойынша, сондай-ақ шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған шешім ескеріле отырып көрсетіледі.

4. Есепке жазылған сома салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында шағым беру және оны қарау үшін көзделген кезеңде және мерзімде оның орындалу мерзімдерінің тоқтатыла тұруы ескеріле отырып көрсетіледі. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары мұндай есепке жазылған сомаға қолданылмайды.

5. Салық төлеуші (салық агенті) шағым беру мерзімі өткеннен кейін мұндай шағым бермеген жағдайда, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұрын салық міндеттемесін орындау мерзімі тоқтатыла тұрып есептелген соманы қалпына келтіру бойынша есепке алу жазбасы жүргізіледі. Бұл ретте, есептелген соманы есепке алу дербес шоттың есеп-қисаптар сальдосында соманы көрсете отырып жүргізіледі.

592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарының ауда¬рылған және қайтарылған сомаларын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған:

1) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем¬дердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың, өсімпұлдардың, айыппұлдардың төленгені бойынша;

2) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың, айыппұлдардың артық төленген сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;

3) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есеп¬телген салық сомасынан асып кетуіне жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;

4) қате төленген салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың сомаларына жүргізілген есепке жатқызулар, қайтарулар бойынша;

5) салық берешегін, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектерді өндіріп алу сомалары бойынша төлем құжаттарының негізінде жүргізіледі.

2. Осы Кодекстің 47-бабында белгіленген тәртіппен салықты төлеу бойынша салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген кезде салық төлеушінің дербес шотындағы салық міндеттемесінің орындалу мерзімі өзгерген салық сомасы оның орындалу кестесі ескеріле отырып көрсетіледі. Салық төлеу мерзімі өзгерген кезеңде салық органы салық төлеушіге өсімпұлды есептеуді қоспағанда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданбайды.

3. Салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын осы Кодекстің 31-бабының 9-тармағына сәйкес шетел валютасында көрсету салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган ұсынған төлем құжаттары негізінде ұлттық валютада жүргізіледі.

593-бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу

1. Осы Кодекстің 610-бабында белгіленген мөлшерде және тәртіпте есептелген өсімақылар сомасы ол есептелген кезең көрсетіле отырып, салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында көрсетіледі.

2. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасын бұзғаны үшін салынған айыппұлдарды есепке алу әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы негізінде жүргізіледі.

3. Есептелген айыппұл сомалары салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотында бұзушылық жіберілген тиісті салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша көрсетіледі.

4. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар сальдосы уәкілетті орган белгілеген тәртіпте есептеледі.

5. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген өсімпұлдарды, айыппұлдарды салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотына есепке алу осы Кодекстің 591-бабында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.



594-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізу

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) талабы бойынша салық органы бір жұмыс күні ішінде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізеді. Осы бапта белгіленген жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексеру аяқталған соң сол күні салық төлеушіге уәкілетті орган бекіткен нысанда салыстырып тексеру актісі беріледі.

2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотынан мәліметтерді және салық төлеуші (салық агенті) туралы деректерді көрсете отырып, салыстырып тексеру актісін екі дана етіп жасайды.

3. Салыстырып тексеру актісінде салық төлеушінің (салық агентінің) және салық органының деректері бойынша алшақтық болмаған жағдайда, салыстырып тексеру актісіне салық органының есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамы және салық төлеуші (салық агенті) қол қояды. Салыстырып тексеру актісінің бір данасы салық төлеушіге табыс етіледі, екінші данасы салық органында қалады.

4. Салық төлеушінің (салық агентінің) деректері мен салық органы деректерінің арасында алшақтық болған жағдайда, алшақтықтың күні, сомасы және себебі көрсетіледі. Салық органы мен салық төлеуші (салық агенті) алшақтықтар анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қажет болған жағдайда салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотының деректерін тиісті түзету арқылы туындаған алшақтықтарды жою бойынша шаралар қолданады.

5. Туындаған алшақтықтарды жою аяқталған соң салық органы қайтадан салыстырып тексеру актісін жасайды және осы бапта белгіленген тәртіппен салық төлеушіге (салық агентіне) табыс етеді.



595-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру

1. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беру мынадай жағдайларда жүргізіледі:

1) мыналар:

жеке тұлғаның тұрғылықты (болу) жері;

мыналардың:

дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың;

резидент заңды тұлғаның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ шетелдік заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерінің;

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның;

осы Кодекстің 191-бабының 8-тармағына сәйкес резидент еместің тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агенттің;

осы Кодекстің 197-бабының 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент еместің орналасқан жері өзгерген кезде жүргізіледі.

Осы тармақшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоттарын беру осы Кодекстің 563-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша;

2) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған кезде – уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;

3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеуден шығарған кезде – уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі.

2. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын бір салық органынан басқа салық органына беруді осы баптың 1-тармағында көзделген дербес шотты беру үшін негіздер туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүргізеді.

3. Қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шоттарын құқық мирасқорының (құқық мирасқорларының) тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына беру:

1) біріккен, қосылған кезде - беру актісі негізінде;

2) бөлінген, бөлініп шыққан кезде - бөліну балансы негізінде жүргізіледі.

Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған кезде қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотын беру салықтық тексеру аяқталған соң және салықтық тексеру нәтижелері қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның дербес шотында көрсетілгеннен кейін жүргізіледі.

4. Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің дербес шотын беру тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүзеге асырылады.

5. Дербес шот, оны беретін салық органында - ағымдағы жылдың басынан басталатын кезең үшін оның жабылған күніне дейін, сондай-ақ алдыңғы бес жыл үшін беріледі.

6. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шоты берілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде салық төлеушінің (салық агентінің) салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есептеу, ұстап қалу және аудару бойынша міндеттерін орындауға байланысты құжаттары дербес шот берілген салық органына қағаз жеткізгіште беріледі.

596-бап. Қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өтуіне байланысты орындау мүмкін емес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы бойынша айыппұл сомасын салық органы заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, қызметін тәуелсіз агент арқылы жүзеге асыратын немесе осы Кодекстің 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, адвокаттың дербес шотынан салық органының шешімі негізінде есептен шығаруға тиіс.



597-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу

Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу мынадай тәртіппен:

заңды тұлғаның, құрылымдық бөлімшенің дербес шоты – заңды тұлғаны Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелімінен шығарған кезде немесе құрылымдық бөлімшені есептік тіркеуден алып тастаған кезде жүргізіледі.

Мұндай салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде жүргізіледі;

дара кәсіпкер - дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;

Мұндай дара кәсіпкердің дербес шотын жабу дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;

жекеше нотариус, адвокат – жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығарылған кезде жүргізіледі;

Жекеше нотариустың, адвокаттың дербес шотын жабу жекеше нотариус, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде жүргізіледі;

Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, қызметін тәуелді агент арқылы жүзеге асыратын немесе салық агенті болып табылатын резидент еместің дербес шоты – осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі;

5) жеке тұлғаның дербес шоты:

салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге құқықтар тоқтаған кезде - оларды растайтын құжаттармен қоса, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері немесе салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтініш негізінде;

Қазақстан Республикасынан тұрақты тұратын жерге көшіп кеткен кезде - орындалмаған салық міндеттемелері болмаған жағдайда уәкілетті мемлекеттік органның мәліметтері негізінде;

қайтыс болу себебі бойынша немесе күшіне енген сот шешіміне сәйкес оны қайтыс болды деп жариялаған кезде уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтері негізінде жүргізіледі.

Ағымдағы жыл аяқталғаннан кейін есептелген, есебіне жазылған, азайтылған, төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған сомалар қорытындысы шығарылған соң есеп-қисап сальдосы алдағы жылдың жеке шотына көшіріледі.



598-бап. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді ұсыну тәртібі

1. Салық төлеуші (салық агенті) тіркеу есебіне алынған орны бойынша салық органына салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтер алу үшін салықтық өтініш беруге құқылы.

2. Салық органы салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ және (немесе) бар екендігі туралы мәліметтерді:

1) резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің және тұрақты мекемесін таратуды, қызметін тоқтатуды, заңды тұлғаны бөлу арқылы қайта ұйымдастыруды, салық төлеуші Қазақстан Республикасынан тысқары жерге тұрақты көшіп кеткен кезде заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесін есептік тіркеуден шығаруды мемлекеттік тіркеу үшін салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ екендігі туралы анықтама (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – берешегі жоқ екендігі туралы анықтама);

2) өзге жағдайларда, осы тармақтың 1) тармақшасында белгілен¬гендерді қоспағанда, салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін - берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама) жасау және оны салық төлеушіге (салық агентіне) беру арқылы ұсынады.

3. Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) тіркеу есебіне алынған орны бойынша ашқан дербес шоттарының деректерін ескере отырып:

1) заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;

2) құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлға үшін – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің дербес шоты бойынша есеп-қисап сальдосы ескеріле отырып, заңды тұлғаның орналасқан жері бойынша;

3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі үшін – құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойынша;

4) резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесі үшін - резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесінің орналасқан жері бойынша;

5) дара кәсіпкер үшін – дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша;

6) жеке тұлға үшін – тұрғылықты немесе келген орны бойынша, салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектісінің орналасқан жері бойынша берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама жасайды.

4. Берешегі жоқ екендігі туралы анықтама, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама анықтаманы жасаған салық органы басшысының не оны ауыстыратын тұлғаның қолымен және салық органының мөрімен куәландырылады.

5. Салық органы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы, берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтаманы мынадай мерзімдерде:

1) құрылымдық бөлімшесі жоқ заңды тұлғаға, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне, резидент емес заңды тұлғаның тұрақты мекемесіне, дара кәсіпкерге, жеке тұлғаға анықтама алу үшін салықтық өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) құрылымдық бөлімшесі бар заңды тұлғаға анықтама алу үшін салықтық өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей беруге міндетті.

6. Салық төлеуші таратылған және қызметін тоқтатқан жағдайда салық органы берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы мынадай мерзімдерде:

1) заңды тұлғаға, резидент емес заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне және тұрақты мекемесіне – осы Кодекстің 37-бабының 12-тармағында көрсетілген құжаттарды салық органына тапсырған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

2) резидент заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесіне - осы Кодекстің 38-бабының 6-тармағында көрсетілген құжаттарды салық органына ұсынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде береді.

7. Заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда салық органы берешегі жоқ екендігі туралы анықтаманы осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген құжаттарды салық органына ұсынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде береді.

8. Берешегі жоқ (бар) екендігі туралы анықтама, салық есептілігін табыс ету мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) оның құрылымдық бөлімшелері салықтық өтініш беру күніне салық кезеңі үшін салық есептілігін табыс етпеген жағдайда берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет