Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет31/53
Дата15.06.2016
өлшемі4.07 Mb.
#137653
түріКодекс
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
§ 1. Жалпы ережелер

427-бап. Жалпы ережелер

1. Осы Кодекстің 428, 429, 433-баптарында белгіленген талаптарға сай келетін дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар осы Кодекстің мақсаттары үшін шағын бизнес субъектілері деп танылады.

2. Арнаулы салық режимі шағын бизнес субъектілері үшін, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтік салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

3. Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіндегі табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

Табысқа осы Кодекске сәйкес айқындалған осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 1), 3) - 9), 11) - 24) тармақшаларында аталған табыстар қосылады.

Осы Кодекстің 85-бабы 1-тармағының 2), 10) тармақшаларында, 177-бабының 1), 4) тармақшаларында көрсетілген табыстардан корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.



428-бап. Арнаулы салық режимін қолдану шарттары

1. Шағын бизнес субъектілері салықтарды есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін табыс етудің төменде санамаланған тәртіптерінің біреуін ғана дербес таңдауға құқылы:

1) жалпыға бірдей белгіленген тәртіп;

2) патент негізіндегі арнаулы салық режимі;

3) оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі.

2. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауысқан кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейін ғана арнаулы салық режиміне қайта ауысуға болады.

3. Арнаулы салық режимін:

1) филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалардың;

2) заңды тұлғалар филиалдарының, өкілдіктерінің;

әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері және (немесе) салық салу объетілері бар салық төлеушілердің;

басқа заңды тұлғалардың қатысу үлесі 25 проценттен асатын заңды тұлғалардың;

құрылтайшысы арнаулы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның бір мезгілде құрылтайшысы болып табылатын заңды тұлғалардың қолдануға құқығы жоқ.

Осы тармақтың 3) тармақшасының ережесі мүлікті жалға беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілерге қолданылмайды.

4. Арнаулы салық режимдері мынадай қызмет түрлеріне:

1) акцизделетін өнімді өндіруге;

2) консультациялық, қаржылық, бухгалтерлік қызметтерге;

3) мұнай өнімдерін өткізуге;

4) шыны ыдыстарды жинауға және қабылдауға;

5) жер қойнауын пайдалануға қолданылмайды.

§ 2. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі

429-бап. Жалпы ережелер

1. Патент негізіндегі арнаулы салық режимін мынадай талаптарға сай келетін:

1) қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын;

2) жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі табысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер қолданады.

430-бап. Салық кезеңі

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.



431-бап. Қолдану шарттары

1. Дара кәсіпкер патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін оны қолдана бастағанға дейін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді.

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.

Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған мерзімдерде табыс етпеуі, олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) табыс етіледі.

Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.

Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

2. Салық органдары есеп-қисап пен есеп-қисапқа қоса берілетін құжаттар табыс етілгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде патент беруді жүргізеді немесе уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент беруден бас тарту туралы шешім шығарады. Шешім екі данада ресімделеді, оның біреуін салық төлеушіге қол қойылып тапсырылады.

Салық төлеушінің осы Кодекстің 428, 429-баптарында аталған талаптарға сай келмеуі патент беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.

Патент кемінде бір ай және он екі айдан аспайтын мерзімге беріледі.

Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көрсетілмейінше, патент жарамсыз болады.

3. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде кәсіпкерлік қызмет уақытша тоқтатыла тұрған жағдайда, дара кәсіпкер орналасқан жері бойынша салық органына осы Кодекстің 74-бабында белгіленген тәртіппен салықтық өтінішті табыс етеді.

4. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату салықтық өтініш негізінде немесе осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.

5. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануды ерікті түрде тоқтату кезінде салықтық өтініш патенттің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

6. Патент негізінде арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін шарттар туындаған жағдайда, дара кәсіпкер:

1) шарттармен сәйкессіздік туындаған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде:

арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату туралы салықтық өтінішті;

егер нақты табысы осы Кодекстің 429-бабы 3) тармақшасында белгіленген табыс мөлшерінен асып түсетін болса, асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге;

2) осындай шарттар туындаған айдан кейінгі айдан бастап осы Кодексте белгіленген тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке немесе өзге де арнаулы салық режиміне ауысуға міндетті.

7. Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.

432-бап. Патент құнын есептеу

Патент құнын есептеу салық салу объектісіне 2 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүргізіледі. Патент құны:

1) патент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде - жеке табыс салығы;

2) «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдарды алып тастағаннан кейінгі па¬тент құнының 1/2 бөлігі мөлшерінде әлеуметтік салық түрінде бюджетке төленуге жатады.

Әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

Егер нақты табыс патенттің қолданылу мерзімінің ішінде есеп-қисапта көрсетілген табыс мөлшерінен асып түссе, дара кәсіпкер бес жұмыс күні ішінде асып түскен сомаға қосымша есеп-қисапты табыс етуге және осы сомадан салықтар төлеуге міндетті.

Аталған есеп-қисаптың негізінде бұрын берілген патенттің орнына жаңа патент беріледі.

3. Егер патенттің қолданылу мерзімінің ішінде нақты табыс есеп-қисапта көрсетілген табыстың мөлшеріне жетпесе, дара кәсіпкер азаю сомасына қосымша есеп-қисапты табыс етуге құқылы.

Аталған жағдайда артық төленген салық сомаларын қайтару осы Кодекстің 602-бабында белгіленген тәртіппен салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден кейін жүргізіледі.

4. Іс жүзінде алынған табыс сомасы осы Кодекстің 429-бабында белгіленген шекті табыс сомасынан асып түскен жағдайда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін патент құны осы Кодекстің 431-бабының 6 және 7-тармақтарында белгіленген жағдайларда салық салудың өзге режиміне ауысу күніне дейін осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша есептеледі.

5. Дара кәсіпкерді іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған жағдайды қоспағанда, патенттің қолданылу мерзімі өткенге дейін кәсіпкерлік қызмет тоқтатылған кезде, салықтардың енгізілген сомасы қайтарылуға және қайта есептеуге жатпайды.

§ 3. Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі

433-бап. Жалпы ережелер

Мынадай шарттарға сай келетін шағын бизнес субъектілері:

1) дара кәсіпкерлер үшін:

дара кәсіпкердің өзін қоса алғанда, қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде жиырма бec адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы 10 000,0 мың теңгені құраса;

2) заңды тұлғалар үшін:

қызметкерлердің шекті орташа тізімдік саны салық кезеңі ішінде елу адам болса;

салық кезеңі ішінде шекті табысы 25 000,0 мың теңгені құраса, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолданады.



434-бап. Салық кезеңі

Салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.



435-бап. Қолдану шарттары

1. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану үшін салық төлеуші, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін салықтық өтінішті табыс етеді.

Қайта құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті салық органына заңды тұлға әділет ор¬га¬нында мемлекеттік тіркелгеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.

Қайта құрылған дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға арналған салықтық өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.

Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген күні аталған салық төлеушілер үшін арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады.

Салық төлеушінің осы тармақта аталған мерзімде салықтық өтінішті табыс етпеуі, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

2. Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.

Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

Салық төлеушінің осы Кодекстің 428, 433-баптарында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату салықтық өтініштің негізінде не осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша жүргізіледі.

4. Егер салық төлеуші оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануды өз еркімен тоқтату туралы шешім қабылдаса, аталған режимді тоқтатуды салық органы салықтық өтініш берілген айдан кейінгі айдан бастап жүргізеді.

5. Осы Кодекстің 428, 433-баптарында белгіленген шарттарға сай келмеген жағдайда, салықтық өтініш сәйкессіздік туындаған кезден бастап күнтізбелік он күн ішінде табыс етіледі. Аталған жағдайда арнаулы салық режимін тоқтату сәйкессіздік туындағаннан айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

6. Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.



436-бап. Салықтарды оңайлатылған декларация бойынша есептеу

1. Салықтарды оңайлатылған декларация негізінде есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңінде 3 процент мөлшеріндегі ставканы қолдану арқылы дербес жүргізеді.

2. Егер есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қызметкерлердің орташа айлық жалақысы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының, дара кәсіпкерлерде кемінде 2 еселенген, заңды тұлғаларда кемінде 2,5 еселенген мөлшерін құраса, осы баптың 1-тармағына сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген салық сомасы қызметкерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, әрбір қызметкер үшін салық сомасының 1,5 проценті мөлшеріндегі сомаға азайтылу жағына қарай түзетілуге жатады.

3. Салық кезеңі ішінде осы Кодекстің 433-бабында белгіленген табыс сомасынан іс жүзінде алынған табыс сомалары асып түскен жағдайда, салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне не өзге арнаулы салық режиміне өту (ауысу) күніне дейін салықтарды есептеу осы баптың 1-тармағында белгіленген ставка бойынша жүргізіледі.

4. Осы баптың 3-тармағында аталған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген түзетуге осы Кодекстің 433-бабында белгіленген табыстың сомасынан есептелген салық сомасы ғана жатады.

5. Салық кезеңі ішінде шекті орташа тізімдік сан осы Кодекстің 433-бабында белгіленгеннен асып түскен жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген түзету шекті орташа тізімдік санға ғана жүргізіледі.



437-бап. Оңайлатылған декларацияны табыс ету және салықтарды төлеу мерзімдері

1. Оңайлатылған декларация салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етіледі.

2. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықтарды бюджетке төлеу жеке (корпорациялық) табыс салығы мен әлеуметтік салық түрінде есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

Бұл ретте жеке (корпорациялық) табыс салығы - оңайлатылған декларация бойынша есеп¬телген салық сомасының 1/2 мөлшерінде, әлеуметтік салық Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына есептелген әлеуметтік аударымдар сомасын алып тас¬тағаннан кейінгі оңайлатылған декларация бойынша есептелген салық сомасының 1/2 бөлігі мөлшерінде төленуге жатады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік салық сомасынан асып түскен кезде, әлеуметтік салық сомасы нөлге тең болады.

3. Оңайлатылған декларацияда төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары көрсетіледі.



438-бап. Жекелеген салық түрлерін, әлеуметтік аударымдарды және міндетті зейнетақы жарналарын төлеу ерекшеліктері

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, әлеуметтік аударымдар сомаларын төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.



62-тарау. ШАРУА НЕМЕСЕ ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҚТАРЫ ҮШІН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ

439-бап. Жалпы ережелер

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары осы тарауда белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі бірыңғай жер салығын төлеу негізінде бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібін көздейді және акцизделетін өнімдерді өндіру, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті қоспағанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзі өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және оны өткізу жөніндегі шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметіне қолданылады.

3. Жеке меншік құқығындағы және (немесе) жер пайдалану құқығындағы (қайталап жер пайдалану құқығын қоса алғанда) жер учаскелері болған кезде, шаруа немесе фермер қожалықтарына арнаулы салық режимін қолдану құқығы беріледі.



440-бап. Салық кезеңі

Күнтізбелік жыл бірыңғай жер салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.



441-бап. Қолдану шарттары

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары арнаулы салық режимін қолдану үшін осы режим қолданылған бірінші жылдың 20 ақпанынан кешіктірмей жер учаскесінің ор¬наласқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Аталған мерзімде салықтық өтініштің табыс етілмеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі деп есептеледі.

Таңдап алынған салық салу режимі салық кезеңі ішінде өзгертуге жатпайды.

Салықтың өтінішпен бір мезгілде мынадай құжаттардың:

1) нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарының;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген, нотариат куәландырған немесе селолық (кенттік) атқарушы органдар куәландырған жер учаскелерін бағалау құнын айқындайтын актілердің көшірмелері табыс етіледі.

Акт болмаған жағдайда, жер учаскелерін бағалау құны жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган берген деректер бойынша 1 гектар жердің аудан бойынша орташа бағалау құны негізге алына отырып айқындалады.

20 ақпаннан кейін құрылған шаруа немесе фермер қожалықтары дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін отыз жұмыс күнінен кешіктірмей салық органына арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті табыс етеді.

20 ақпаннан кейін басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағындағы жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығы осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде салық органына арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтінішті табыс етеді.

Осы арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіде 20 ақпаннан кейін жер учаскесіне құқық туындаған жағдайда, арнаулы салық режимін қолдану құқығына салықтық өтініш салық органына осы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қойылған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде табыс етіледі.

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары ондағы деректері өзгерген не басқа жер учаскелеріне құқық туындаған кезде, осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған құжаттарды қайтадан табыс етеді.

2. Салық органы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша арнаулы салық режимін қолдану туралы және арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту туралы шешімді салық төлеуші салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде шығарады. Шешім екі данада ресімделеді.

Салық органы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде шешімді алу үшін салық төлеуші салық органына келмеген жағдайда, бір данасы салық төлеушіге қолы қойылып тапсырылады немесе хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберіледі.

Хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы жіберілген шешім салық төлеушіге ол почта байланысының немесе өзге де байланыс ұйымының хабарламасына белгі қойған күннен бастап тапсырылды деп есептеледі.

Салық төлеушінің осы Кодекстің 439-бабында аталған талаптарға сәйкес келмеуі және салық төлеушінің осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды табыс етпеуі арнаулы салық режимін қолданудан бас тарту үшін негіз болып табылады.

3. Арнаулы салық режимін қолдануды тоқтату осы тармақта көзделген тәртіппен салықтық өтініштің негізінде жүргізіледі.

Арнаулы салық режимін қолдануға мүмкіндік бермейтін жағдайлар туындаған кезде, салық төлеуші талаптарға сәйкессіздік туындаған кезден бастап бес жұмыс күн ішінде салық органына салықтық өтінішті табыс етеді және сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өтеді.

Арнаулы салық режимін қолдану ерікті түрде тоқтатылған кезде жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке өткізу есепті кезеңнен кейінгі айдан бастап салық кезеңінің осы режимді тоқтатудың алдындағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынылатын салық төлеушінің салықтық өтінішінің негізінде жүргізіледі.

Салық органы салық төлеушінің осы режимді қолдану шарттарына сәйкессіздік фактісін анықтаған кезде, қабылданған шешім негізінде оны сәйкессіздік туындаған айдан кейінгі айдан бастап жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке ауыстыру туралы салық төлеушіні хабардар етеді.



442-бап. Арнаулы салық режимін қолдану ерекшеліктері

1. Бірыңғай жер салығын төлеушілер салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мынадай түрлерін:

1) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметінен түскен табыстан алынатын жеке табыс салығын;

2) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асырудан түскен айналым бойынша қосылған құн салығын;

3) осы арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша жер салығын және (немесе) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақыны;

4) осы Кодекстің 365-бабы 3-тармағының 1), 2) тармақшаларында аталған салық салу объектілері бойынша көлік құралдары салығын;

5) осы Кодекстің 394-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында аталған салық салу объектілері бойынша мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды.

2. Осы баптың 1-тармағында аталмаған салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу және олар бойынша салық есептілігін табыс ету жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Бірыңғай жер салығын төлеушілер қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы салық органына салықтық өтінішті ерікті түрде беруге құқылы.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылмайтын қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде, бірыңғай жер салығын төлеушілер кірістер мен шығыстардың, мүліктің бөлек есебін жүргізуге және осы Кодексте белгіленген тәртіппен көрсетілген қызмет түрлері бойынша тиісті салық пен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуді және төлеуді жүргізуге міндетті.



443-бап. Салық салу объектісі

Жер учаскесін бағалау құны бірыңғай жер салығын есептеу үшін салық салу объектіcі болып табылады.



444-бап. Бірыңғай жер салығын есептеу тәртібі

1. Егістік бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнына жер учаскелерінің жиынтық ауданын негізге ала отырып, мынадай ставкаларды қолдану жолымен жүргізіледі:





Рет



Жер учаскелерінің алаңы (гектар)

Салық ставкасы

1

2

3

1.

500-ге дейін

0,1

2.

501-ден 1000-ға дейін қоса алғанда

500 гектардан бағалау құнының 0,1  500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,2

3.

1000-нан 1500-ге дейін қоса алғанда

1000 гектардан бағалау құнының 0,2  1000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,3

4.

1501-ден 3000-ға дейін қоса алғанда

1500 гектардан бағалау құнының 0,3  1500 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,4

5.

3000-нан жоғары

3000 гектардан бағалау құнының 0,4  3000 гектардан асатын гектарлардың бағалау құнының 0,5

Жайлаулар, табиғи шабындықтар және арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын басқа да жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын есептеу жер учаскелерінің жиынтық бағалау құнының 0,1% ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2. Шаруа немесе фермер қожалықтары жер пайдалану құқығындағы бірыңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.

Жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін жер учаскесін бағалаудың құны жер учаскесін бағалаудың құнын он екіге бөлу және жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту арқылы айқындалады.

Шаруа немесе фермер қожалықтары жер учаскесін басқа шаруа немесе фермер қожалығына жалға берген кезде тараптардың әрқайсысы бірыңғай жер салығын жер учаскесін пайдаланудың нақты кезеңі үшін есептейді.

Жалға алушының бірыңғай жер салығын есептеуі жер учаскесін жалға алған айдан кейінгі айдан бастап жүргізіледі.

Бірыңғай жер салығын есептеу кезінде жалға берушінің жер учаскесін нақты пайдалану кезеңіне жер учаскесі жалға берілген ай қосылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет