Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет27/53
Дата15.06.2016
өлшемі4.07 Mb.
#137653
түріКодекс
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53

13-БӨЛІМ. КӨЛІК ҚҰРАЛЫ САЛЫҒЫ
50-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

365-бап. Салық төлеушілер

1. Егер осы бапта өзгеше көрсетілмесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - заңды тұлғалар) көлік құралы салығын төлеушілер болып табылады.

2. Лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген (алынған) салық салу объектілері бойынша көлік құралы салығын төлеуші болып табылады.

3. Мыналар:

1) жалпы меншік құқығында, меншік құқығында өзінің мүшелеріне тиесілі және өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын мынадай көлік құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер:

двигателінің көлемі 2500 текше см. дейінгіні қоса алғанда, бір жеңіл автомобиль;

двигателінің жиынтық қуаты 1000 га егістікке 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері;

2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер:

сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар;

ветеринария қызметінің автомобильдері,

автозообиологиялық зертханалар,

автожемтасығыштар;

автотиеуіштер,

дән сепкіштерге автоқұйғыштар;

тыңайтқыш енгізуге арналған автомашиналар;

ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды

автотиеуіштер;

тең штабельдерін автотасымалдауыштар;

автоулыжемшашқыш;

пәлекжинағыш машиналар;

а/ш АН-2 әуе кемесі;

өздігінен жүретін дестелегіштер;

астық жинағыш комбайндар;

доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретін шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар;

мал азығын жинағыш комбайндар;

ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөніндегі автомобиль-шеберханалар;

өздігінен жүретін шөп шапқыштар;

маялағыштар;

жинағыш комбайндар (тамыржемістілерді, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған);

3) мемлекеттік мекемелер;

4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестірілетін адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

5) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;

6) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлері, «Халық қаhарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтарына ие болған, Даңқ орденінің үш дәрежесімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көп балалы аналар;

7) ауыл шаруашылығы құрылымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған, пайдалану мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылмайды.



366-бап. Салық салу объектілері

1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуге жататын және (немесе) есепте тұрған, тіркемелерді қоспағанда, көлік құралдары салық салу объектілері болып табылады.

2. Мыналар:

1) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;

2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу объектілері болып табылмайды.

51-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ, САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ МЕРЗІМДЕРІ

367-бап. Салық ставкалары

1. Салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:





 

Рет №


Салық салу объектiсi

Салық ставкасы

(айлық есептік көрсеткіш)

 


1

2

3

1.

Двигателінің көлемi мынадай жеңiл

автомобильдер (текше см.):

1100-ге дейiн қоса алғанда

1100-ден жоғары 1500-ді қоса алғанда

1500-ден жоғары 2000-ды қоса алғанда

2000-нан жоғары 2500-ді қоса алғанда

2500-ден жоғары 3000-ды қоса алғанда

3000-нан жоғары 4000-ды қоса алғанда

4000-нан жоғары

 


 

 

1



2

3

5



8

15

117



2.

Жүк көтергiштiгі мынадай жүк таситын

арнаулы автомобильдер (тiркемелердi

есептемегенде):

1 тоннаға дейiн қоса алғанда

1 тоннадан жоғары - 1,5 тоннаны қоса алғанда

1,5 тоннадан жоғары - 5 тоннаны қоса алғанда

5 тоннадан жоғары

 


 

 

 



3

 

5



7

9


3.

Шынжыр табанды машиналар мен

механизмдердi қоспағанда, өздiгiнен жүретiн

машиналар мен пневматикалық жүрiстегi механизмдер

 


 

 

 



3

4.

Автобустар:

отыратын 12 орынға дейiн қоса алғанда

отыратын 12-ден жоғары - 25 орынды қоса алғанда

отыратын 25 орыннан жоғары

 


 

9

 



14

20


5.

Мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, двигателінің қуаты 55 кВт-дан аспайтын көлемi шағын кемелер

Двигателінің қуаты 55 кВт-дан жоғары мотоциклдер  



1

 

10



6.

Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар,

яхталар (двигателінің қуаты мынадай ат күшiне тең):

160-қа дейiн қоса алғанда

160-тан жоғары 500-ді қоса алғанда

500-ден жоғары 1000-ды қоса алғанда

1000-нан жоғары

 


 

 

6



18

32

55



7.

Ұшу аппараттары

әрбір киловатт қуаттан айлық есептiк көрсеткiштiң 4,0 процентi

 


2. Жеңіл автомобильдердің үш айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары - 2000 текше сантиметрді қоса алғандағы, бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2000-нан жоғары - 2500 текше сантиметрді қоса алғандағы, сегіз айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары - 3000 текше сантиметрді қоса алғандағы және он бес айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары - 4000 текше сантиметрді қоса алғандағы көлемде болған кезде салық сомасы двигательдің аталған көлемінен асып түскен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады.

3. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарының салық ставкаларына мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

1) 1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алынған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 2,0;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары – 3,0;

2) 1999 жылғы 1 сәуірге дейін сатып алынған, сондай-ақ 1999 жылғы

1 сәуірден кейін сатып алынған және (немесе) Қазақстан Республикасында

1999 жылғы 1 cәуіpгe дейін пайдалануда болған ұшу аппараттарына:

пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары - 15 жылды қоса алғанда – 0,5;

пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары – 0,3.

4. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралдарының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген көлік құралы шығарылған жыл негізге алына отырып есептеледі.

368-бап. Салықты есептеу тәртібі

1. Салық төлеуші салық салу объектілерін, әрбір көлік құралы бойынша салық ставкасын негізге ала отырып, салық кезеңі үшін салық сомасын дербес есептейді.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер салықты осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып есептейді.

Көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында салық кезеңінен аз уақыт болған жағдайда, салық сомасы көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған кезең үшін салықтың жылдық сомасын он екіге бөлу және көлік құралы меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледі.

2. Салық кезеңі ішінде дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар өз қызметінде пайдаланатын салық салу объектілеріне меншік құқығын, сондай-ақ заңды тұлғалар салық салу объектілеріне меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқықтарын берген кезде, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

1) беруші тарап үшін:

салық кезеңінің басында қолда бар көлік құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңінің басынан бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

салық кезеңінің ішінде сатып алынған көлік құралдары бойынша салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезең үшін есептеледі;

2) алушы тарап үшін - салық сомасы көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын алған айдың бірінші күнінен бастап, салық кезеңінің соңына дейін немесе алушы тарап одан кейін аталған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе жедел басқару құқығын берген айдың бірінші күніне дейінгі кезеңге есептеледі.

3. Салық кезеңі ішінде дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар салық салу объектілеріне меншік құқығын берген кезде салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

1) көлік құралына меншік құқығын дара кәсіпкерлер, жекеше нотариустар, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғаларға берген кезде салықтың жылдық сомасын тараптардың біpeуі (келісім бойынша) есептеп, бюджетке енгізеді;

2) көлік құралына меншік құқығын дара кәсіпкерлерге, жекеше нотариустарға, адвокаттарға, заңды тұлғаларға берген кезде бюджетке төленуге жататын салық сомасын есептеу осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

4. Сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлік құралын сатып алған кезде салық сомасы көлік құралына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық кезеңінің соңына дейінгі кезең үшін есептеледі.

5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.

Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

369-бап. Салық төлеу мерзімдері

1. Егер меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында 1 шілдеге дейін болған көлік құралдары бойынша осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғалар бюджетке салық төлеуді салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша, ағымдағы төлемдерді енгізу арқылы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей жүргізеді.

2. Алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрған көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.

3. Жеке тұлғалар меншік құқығында 1 қазанға дейін болған көлік құралдары бойынша бюджетке салық төлеуді салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірмей жүргізеді.

4. Осы Кодекстің 368-бабының 4-тармағында көрсетілген көлік құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 қазанынан кейін алған жағдайда, бюджетке салық төлеу көлік құралын мемлекеттік тіркеуге дейін немесе тіркеу кезінде жүргізіледі.

5. Көлік құралының меншік иесі атынан меншікті сенімгерлік басқару құқығымен көлік құралын иеленуші тұлғаның көлік құралдарына салық төлеуі көлік құралы меншік иесінің осы салық кезеңі үшін салық міндеттемесін орындауы болып табылады.



52-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
370-бап. Салық кезеңі

Көлік құралдары салығын есептеу мен төлеуге арналған салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.



371-бап. Салық есептілігі

Төлеушілер - заңды тұлғалар көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.



14-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ
53-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

372-бап. Жалпы ережелер

1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға:

1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;

2) елді мекендер жерлеріне;

3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері);

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);

5) орман қорының жерлеріне;

6) су қорының жерлеріне;

7) босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады.

2. Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:

1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлері;

2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.

3. Жердің мынадай санаттары:

1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

2) орман қорының жерлері;

3) су қорының жерлері;

4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.

Аталған жерлер (босалқы жерлерді қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, олар осы Кодекстің 385-бабында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.

4. Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.

5. Жер салығы:

1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;

2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.



373-бап. Төлеушілер

1. Мынадай:

1) жеке меншік құқығындағы;

2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;

3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объек¬тілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.

2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері жер салығын төлеушілер (бұдан әрі - заңды тұлғалар) ретінде қарастырылады.

3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемін¬де алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі:

тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері;

үй маңындағы жер учаскелері;

өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;

гаражға арналған жер учаскелері бойынша;

5) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері және үй маңындағы жер учаскелері бойынша – «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар;

6) тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері бойынша - жеке тұратын зейнеткерлер;

7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.

4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшала¬рында аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.

374-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушіні айқындау

1. Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.

Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесі бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеуші болып табылады.

2. Жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін осындай учаскені оның нақты иеленуі және пайдалануы негіз болып табылады.

3. Лизинг алушы қаржы лизингінің шартына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісімен бірге қаржы лизингіне берілген (алынған) жер учаскесі бойынша жер салығын төлеуші болып табылады.

375-бап. Салық салу объектісі

1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.

2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:

1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері.

Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;

2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер учаскелері.

Бөлінген белдеудегі ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылғылар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;

3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері;

4) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.

376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін айқындау

1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігінің ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.

2. Электр беру желілерінің тіректері мен кіші станциялар алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесінің ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.

3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.

4. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.

377-бап. Салық базасы

Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.



54-тарау. САЛЫҚ СТАВКАЛАРЫ

378-бап. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын базалық салық ставкалары

1. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады.

2. Далалық және қуаң далалық аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:



Рет



Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

Рет



Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

1

2

3

4

5

6

1.

1

0,48

51.

51

43,42

2.

2

0,67

52.

52

44,49

3.

3

0,87

53.

53

45,55

4.

4

1,06

54.

54

46,65

5.

5

1,25

55.

55

47,71

6.

6

1,45

56.

56

48,77

7.

7

1,68

57.

57

49,83

8.

8

1,93

58.

58

50,95

9.

9

2,16

59.

59

52,01

10.

10

2,41

60.

60

53,07

11.

11

2,89

61.

61

57,90

12.

12

3,09

62.

62

60,63

13.

13

3,28

63.

63

63,26

14.

14

3,47

64.

64

65,95

15.

15

3,67

65.

65

68,61

16.

16

3,86

66.

66

71,31

17.

17

4,09

67.

67

73,96

18.

18

4,34

68.

68

76,66

19.

19

4,57

69.

69

79,32

20.

20

4,82

70.

70

82,02

21.

21

5,31

71.

71

86,85

22.

22

5,79

72.

72

89,55

23.

23

6,27

73.

73

92,19

24.

24

6,75

74.

74

94,89

25.

25

7,24

75.

75

97,56

26.

26

7,72

76.

76

100,26

27.

27

8,20

77.

77

102,91

28.

28

8,68

78.

78

105,61

29.

29

9,17

79.

79

108,27

30.

30

9,65

80.

80

110,97

31.

31

14,47

81.

81

115,80

32.

32

15,54

82.

82

119,02

33.

33

16,59

83.

83

122,21

34.

34

18,08

84.

84

125,45

35.

35

18,76

85.

85

128,67

36.

36

19,82

86.

86

131,86

37.

37

20,88

87.

87

135,10

38.

38

22,00

88.

88

138,32

39.

39

23,06

89.

89

141,51

40.

40

24,12

90.

90

144,75

41.

41

28,95

91.

91

149,57

42.

42

30,01

92.

92

154,40

43.

43

31,07

93.

93

159,22

44.

44

32,17

94.

94

164,05

45.

45

33,23

95.

95

168,87

46.

46

34,29

96.

96

173,70

47.

47

35,36

97.

97

178,52

48.

48

36,48

98.

98

183,35

49.

49

37,54

99.

99

188,17

50.

50

38,60

100.

100

193,00

 

 

 

101.

100-ден жоғары

202,65

3. Шөлейтті, шөлді және тау бөктеріндегі шөлді аймақтардың жерлеріне бонитет балына барабар түрде жер салығының мынадай базалық салық ставкалары белгіленеді:





Рет



Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

Рет



Бонитет балы

Базалық салық ставкасы (теңге)

 1

 2

3

 4

 5

 6

1.

1

0,48

51.

51

19,78

2.

2

0,54

52.

52

20,26

3.

3

0,58

53.

53

20,75

4.

4

0,62

54.

54

21,23

5.

5

0,67

55.

55

21,71

6.

6

0,73

56.

56

22,19

7.

7

0,77

57.

57

22,68

8.

8

0,81

58.

58

23,16

9.

9

0,87

59.

59

23,64

10.

10

0,96

60.

60

24,12

11.

11

1,45

61.

61

24,61

12.

12

1,83

62.

62

25,28

13.

13

2,22

63.

63

25,82

14.

14

2,55

64.

64

26,44

15.

15

2,93

65.

65

27,02

16.

16

3,32

66.

66

27,64

17.

17

3,71

67.

67

28,22

18.

18

4,05

68.

68

28,85

19.

19

4,44

69.

69

29,49

20.

20

4,82

70.

70

30,07

21.

21

5,31

71.

71

30,69

22.

22

5,79

72.

72

31,27

23.

23

6,27

73.

73

31,88

24.

24

6,75

74.

74

32,46

25.

25

7,24

75.

75

33,09

26.

26

7,72

76.

76

33,68

27.

27

8,20

77.

77

34,31

28.

28

8,68

78.

78

34,93

29.

29

9,17

79.

79

35,51

30.

30

9,65

80.

80

36,15

31.

31

10,13

81.

81

36,71

32.

32

10,61

82.

82

37,34

33.

33

11,09

83.

83

37,92

34.

34

11,58

84.

84

38,56

35.

35

12,06

85.

85

39,18

36.

36

12,54

86.

86

39,76

37.

37

13,03

87.

87

40,38

38.

38

13,51

88.

88

40,95

39.

39

13,99

89.

89

41,59

40.

40

14,47

90.

90

42,17

41.

41

14,96

91.

91

42,18

42.

42

15,44

92.

92

43,39

43.

43

15,92

93.

93

44,00

44.

44

16,40

94.

94

44,62

45.

45

16,89

95.

95

45,20

46.

46

17,37

96.

96

45,84

47.

47

17,85

97.

97

46,38

48.

48

18,33

98.

98

47,03

49.

49

18,82

99.

99

47,61

50.

50

19,30

100.

100

48,25

 

 

 

101.

100-ден жоғары

50,18




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет