Кодексі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет35/53
Дата15.06.2016
өлшемі4.07 Mb.
#137653
түріКодекс
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53

476-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Алым сомасы белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және байланыс саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан рұқсат алғанға дейін телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарының орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

2. Алым төлеген тұлғалар лицензиарға тиісті құжаттарды бергенге дейін лицензия алудан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, төленген алым сомаларын қайтару жүргізілмейді.

Бұл ретте бюджетке төленген алым сомаларын қайтаруды алым төлеушінің салықтық өтініші бойынша рұқсат алуға арналған құжаттарды аталған тұлғаның табыс етпегенін растайтын тиісті уәкілетті мемлекеттік орган берген құжатты табыс еткеннен кейін олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.



69-тарау. ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

477-бап. Жалпы ережелер

1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) мемлекеттің жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) бергені үшін алынады.

2. Жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) беру тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленеді.

3. Жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді табыс етеді.



478-бап. Төлемақы төлеушілер

1. Жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері төлемақыны дербес төлеушілер ретінде қарастырылады.

Заңды тұлға мұндай шешім қабылданған жағдайда, бұл туралы құрылымдық бөлімшені тіркеудің есепке алынған жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша хабарлауға міндетті.

3. Мыналар:

шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;

концессия шартында көрсетілген, бірақ өтемін төлеп уақытша жер пайдалану құқығын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жылдан аспайтын мерзімге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған концессия шартын іске асыру мақсатында берілген жер учаскелері бойынша концессионер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.

479-бап. Салық салу объектісі

Мемлекет өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға беретін жер учаскесі салық салу объектісі болып табылады.



480-бап. Төлемақы ставкалары

Төлемақы ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Кодекстің 387-бабының 2, 5-тармақтарында көзделген ережелерді есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.



481-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасы жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен, ал арнайы экономикалық аймақтар аумағында жергілікті атқарушы органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шарттарының негізінде есептеледі.

Төлемақының жыл сайынғы сомасы - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері жасаған есеп-қисаптарда белгіленеді.

Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.

2. Салық кезеңінде төленуге жататын төлемақы мөлшері есеп-қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және салық кезеңінде жер учаскесін пайдалану кезеңін негізге ала отырып айқындалады.

3. Төлемақы мөлшері осы Кодекске сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығы сомаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.

4. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтеріне арналған арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақыны есептеуді осы Кодекстің 451-бабында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып жүргізеді.

5. Осы баптың 6-тармағында аталған төлеушілерді қоспағанда, төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 25 тамызынан және 25 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.

Мемлекет жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің жоғарыда санамаланған мерзімдерінен кейін берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесі (кезекті) мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.

Мемлекет жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің соңғы мерзімінен кейін берген жағдайларда, жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдың 25-і бюджетке төлеу мерзімі болып есептеледі.

6. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар төлемақы сомаларын есепті салық кезеңінің 25 ақпанынан кешіктірмей төлейді.

Жер учаскесі белгіленген мерзімнен кейін алынған жағдайда, төлемақыны төлеу жер учаскесін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға алған айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірілмей жүргізіледі.

7. Өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзімі біткен соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін ол бұзылған жағдайда, қалған мерзім үшін бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей төленеді.

8. Төлемақы сомасы жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.



482-бап. Салық кезеңі

Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.



483-бап. Салық есептілігі

1. Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етеді.

2. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді.

3. Салық кезеңі басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-cынан кешіктірмей табыс етеді.

4. Бірінші салық кезеңінде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бірге жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі.

Одан кейінгі кезеңдерде шарттың нотариат куәландырған көшірмесі төлемақы сомалары немесе шарттың талаптары өзгерген кезде ғана табыс етіледі.

5. Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.

70-тарау. ЖЕР ҮСТІ КӨЗДЕРІНІҢ СУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНҒАНЫ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

484-бап. Жалпы ережелер

1. Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) жер үсті көздерінен суды ала отырып немесе оны алмай, арнаулы су пайдаланудың барлық түрлері үшін алынады.

2. Арнаулы су пайдалану су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат беру құжатының негізінде жүзеге асырылады.

3. Ресімделген рұқсат құжатсыз арнаулы су пайдалану суды алудың нақты көлемі белгіленген лимиттерден асып түсетін су пайдалану ретінде қарастырылады.

4. Су пайдаланудың арнаулы түрлері Қазақстан Республикасының су заңна¬ма¬сында белгіленеді.

5. Cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың өңірлік органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.



485-бап. Төлемақы төлеушілер

Мынадай:


1) жер үсті көздерінен және теңіз суларынан механикалық және өзі ағып жатқан суды алу жөніндегі стационарлық, жылжымалы және жүзбелі құрылғыларды пайдалана отырып;

2) гидравликалық электр станцияларын пайдалана отырып;

3) балық шаруашылығын жүргізу үшін су шаруашылығы құрылғыларын пайдалана отырып;

4) балық ресурстарын өндіру үшін;

5) су көлігі мұқтаждары үшін жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – бастапқы су пайдаланушылар) төлемақы төлеушілер болып табылады.

486-бап. Салық салу объектілері

1. Мыналар салық салу объектілері болып табылады:

1) мыналарды:

бөгеттерге және басқа да тірек гидротехникалық және су реттеуші құрылғыларға шоғырландырылатын су көлемін;

ағынды бассейнаралық бұруды жүзеге асыратын арналарда және ағынды реттеуді жүзеге асыратын ернеуден тыс cу қоймаларында сүзуге және булануға кететін, су шаруашылығы жүйелерінің жобалық деректері негізінде су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған су шығындарын;

су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекіткен табиғат қорғау және (немесе) санитарлық-эпидемиологиялық су ағызу көлемін;

су тасқынын, су басуды және су астында қалуды болғызбау мақсатында жүзеге асырылатын, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган растаған суару жүйелеріне мәжбүрлі түрде су жинау көлемін қоспағанда, жер үсті су көзінен алынған судың көлемі;

2) өндірілген электр энергиясының көлемі;

3) су көлігімен тасымалдау көлемі;

4) балық аулау көлемі.

2. Төлемақы кеме тіркемесінсіз сүректі ағызуға, рекреацияға, жер қазатын техниканы қолдануға, батпақты құрғатуға қолданылмайды.

487-бап. Төлемақы ставкалары

1. Төлемақы ставкаларын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті өкілді органдары су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен төлемақы есеп-қисабының әдістемесі негізінде белгілейді.

2. Су алудың нақты көлемі cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген су пайдалану лимиттерінен асып кеткен жағдайда, осы баптың 1-тармағында көзделген төлемақы ставкалары осындай асып кенткен бөлігінде бес есе ұлғайтылады.

488-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі

1. Төлемақы сомасын су пайдаланудың нақты көлемі мен белгіленген ставкаларды негізге ала отырып, төлеушілер дербес есептейді.

2. Төлеушілер (шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерден басқа) нақты пайдаланылған су көлемі үшін ағымдағы төлемақы сомаларын есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей ай сайын бюджетке төлейді.

3. Төлемақы сомасы рұқсат құжатында көрсетілген арнаулы су пайдаланылатын жер бойынша бюджетке төленеді.



489-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарының төлемақыны есептеуі мен төлеуінің ерекшеліктері

1. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеуді осы Кодекстің 446-бабында белгіленген мерзімде жүргізеді.

2. Жеке және заңды тұлғалар тірек гидротехникалық және суды реттейтін құрылыстары бар су объектілерінде су көліктерімен тасымалдау көлеміне жүк тасымалының тонна/километрі үшін төлемақы төлейді.

3. Жылу энергетикасы кәсіпорындары тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қажеттеріне жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын су үшін төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген ставкалар бойынша айқындайды.

4. Агрегаттарды суыту (суды қайталап тұтыну) үшін технологиялық қажеттерге су алу лимиті шегінде су алатын жылу энергетикасы кәсіпорындары төлемақы мөлшерін тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызмет көрсету ұйымдары үшін көзделген ставкалар бойынша айқындайды. Суды қайтарусыз тұтыну төлемақысының мөлшері өнеркәсіп кәсіпорындары үшін белгіленген ставкалар бойынша айқындалады.

490-бап. Салық кезеңі

Салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.



491-бап. Салық есептілігі

1. Төлемақы төлеушілер арнаулы су пайдалану орны бойынша салық органдарына декларация табыс етеді.

2. Төлемақы төлеушілер, осы баптың 3-тармағында аталғандарды қоспағанда, тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей декларация табыс етеді.

3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы жөніндегі декларацияны табыс етпейді.

4. Декларациялар салық органына табыс етілгенге дейін cу қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның өңірлік органында куәландырылады.

71-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЭМИССИЯ ҮШІН ТӨЛЕМАҚЫ

492-бап. Жалпы ережелер

1. Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы (бұдан әрі – төлемақы) қоршаған ортаға эмиссия үшін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен алынады.

2. Арнайы табиғат пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – рұқсат құжатын беретін орган) беретін экологиялық рұқсат (бұдан әрі – рұқсат құжаты) негізінде жүзеге асырылады.

3. Белгіленген тәртіппен ресімделмеген рұқсат құжатынсыз қоршаған ортаға эмиссиялар, қозғалмалы көздерден шығатын ластағыш заттар шығарындыларын қоспағанда, қоршаған ортаға белгіленген эмиссиялар нормативтерінен артық қоршаған ортаға эмиссиялар ретінде қарастырылады.

4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық органдары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша төлемақы төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

493-бап. Төлемақы төлеушілер

1. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін арнайы табиғат пайдалану тәртібімен жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.

2. Заңды тұлғаның шешімі бойынша оның құрылымдық бөлімшелері төлемақыларды дербес төлеушілер ретінде қарастырыла алады.

Осындай шешім қабылданған жағдайда, заңды тұлға құрылымдық бөлімшенің тіркелу есебінің орны бойынша салық органын бұл туралы салық кезеңі басталардан кемінде он жұмыс күні бұрын жазбаша хабардар етуге міндетті.



494-бап. Салық салу объектісі

Қоршаған ортаға эмиссиялардың:

1) ластағыш заттар шығарындыларының;

2) ластағыш заттар төгінділерінің;

3) өндіріс пен тұтынудың орналастырылған қалдықтарының белгіленген нормативтері шегіндегі және (немесе) одан артық қоршаған ортаға эмиссиялардың нақты көлемі салық салу объектісі болып табылады.

495-бап. Төлемақы ставкалары

1. Төлемақы ставкалары осы баптың 7-тармағындағы ережелер ескеріле отырып, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерін негізге ала отырып айқындалады.

2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:



Рет



Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

10

 

2.

Азот тотықтары

10

 

3.

Шаң және күл

5

 

4.

Қорғасын және оның қосындылары

1993

 

5.

Күкіртсутек

62

 

6.

Фенолдар

166

 

7.

Көмірсутектер

0,16

 

8.

Формальдегид

166

 

9.

Көміртегі тотықтары

0,16

 

10.

Метан

0,01

 

11.

Күйе

12

 

12.

Темір тотықтары

15

 

13.

Аммиак

12

 

14.

Алты валентті хром

399

 

15.

Мыс тотықтары

299

 

16.

Бенз(а)пирен

 

498,3

3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:







Рет

Ластағыш заттардың

түрлері

1 тонна үшін төлем ақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Көмірсутектер

2,23

2.

Көміртегі тотықтары

0,73

3.

Метан

0,04

4.

Күкірт диоксиды

10

5.

Азот диоксиды

10

6.

Күл

12

7.

Күкіртті сутегі

62

8.

Меркаптан

9966

4. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:





Рет



Отын түрлері

Пайдаланылған отынның

1 тоннасы үшін ставка (АЕК)



1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,33

2.

Дизель отыны үшін

0,45

3.

Сұйытылған, сығылған газ үшін

0,24

5. Ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:





Рет



Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

670

2.

Мырыш

1340

3.

Мыс

13402

4.

Оттегіне биологиялық сұраныс

4

5.

Тұзды аммоний

34

6.

Мұнай өнімдері

268

7.

Нитраттар

1

8.

Жалпы темір

134

9.

Сульфаттар (анион)

0,4

10.

Өлшенген заттар

1

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

Хлоридтер (анион)

0,1

13.

Алюминий

27

6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:




Рет



Қалдықтардың түрлері

Төлемақы ставкалары (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабек-керель (Гбк) үшін

1

2

3

4

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда,

жинақтауыштарда, санкцияланған

үйінділерде және арнайы берілген

орындарда орналастырғаны үшін:



 

 

1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

 

 

 



0,19

 

1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:

 

 

1.2.1.

«қызыл» тізім

7

 

1.2.2.

«янтарь» тізім

4

 

1.2.3.

«жасыл» тізім

1

 

1.2.4.

жіктелмегендер

0,45

 

1.3.

Бұдан басқа:

 

 

1.3.1.

аршынды жыныстар

0,002

 

1.3.2.

жанас таужыныстары

0, 013

 

1.3.3.

байыту қалдықтары

0,01

 

1.3.4.

шлактар, шламдар

0,019

 

1.3.5.

күл мен күлшлактар

0,33

 

1.3.6.

ауыл шаруашылығы

өндірісінің қалдықтары



 

0,009


 

1.3.7.

техникалық және элементарлық күкірт 

3,77

 

2.

Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):

 

 

2.1.

Трансуранды

 

0,38

2.2.

Альфа-радиоактивті

 

0,19

2.3.

Бета-радиоактивті

 

0,02

2.4.

Шынақты радиоактивті

көздер


 

0,19

7. Мынадай коэффициенттер:

1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкаларына:

2-тармақта – 0,3 коэффициенті;

5-тармақта – 0,43 коэффициенті;

6-тармақтың 1.3.5.-жолында – 0,05 коэффициенті;

2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі үшін 6-тармақтың 1.1.-жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффиценті қолданылады.

8. Осы баптың 7-тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.

9. Жергілікті өкілді органдардың, осы баптың 3-тармағында белгіленген жиырма еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар ставкаларды қоспағанда, осы бапта белгіленген ставкаларды екі еседен аспайтындай арттыруға құқығы бар.

10. Белгіленген лимиттерден асып түскен қоршаған ортаға эмиссия үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкалары он есеге ұлғаяды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет