Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара



бет36/104
Дата03.07.2016
өлшемі8.24 Mb.
#173617
түріКодекс
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   104
Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адам осы Кодекстің 189-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылса, қолданылады.

Егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам ағымдағы салық кезеңі үшін Қазақстан Республикасында тұрақты болатын деп танылмаса, онда осы Кодекстің 163-бабында көрсетілген табыстарды қоса алғанда, мұндай тұлғаның осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18), 20), 21) тармақшаларында көрсетілген табыстары салық салуға жатпайды.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан төлем көзінен жеке табыс салығын бюджетке есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік резидент емес заңды тұлға соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін заңды тұлғаға (оның ішінде қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емеске) жүктеледі. Мұндай тұлға салық агенті болып танылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Жеке табыс салығын есептеу осы Кодекстің 158-бабында белгіленген ставка бойынша салық шегерімдері жүзеге асырылмай, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам мен резидент емес заңды тұлға арасында жасалған еңбек шартында (келісімшартта) көрсетілген шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табысынан жүргізіледі. Бұл ретте резидент емес заңды тұлға салық агентіне Қазақстан Республикасына іссапарға жіберілген шетелдіктермен немесе азаматтығы жоқ адамдармен жасалған жеке еңбек шарттарының (келісімшарттардың) нотариаттық куәландырылған көшірмелерін табыс етуге міндетті.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа реадакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Салық агентi табыс төлеудi жүзеге асырудың нысаны мен орнына қарамастан, резидент емес заңды тұлғаға табыс төлеу күнінен кешіктірмей төлем көзiнен жеке табыс салығын есептейді және ұстайды.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа реадакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Бюджетке шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның табыстарынан жеке табыс салығын аударуды салық агенті өзінің орналасқан жері бойынша осы баптың 4-тармағына сәйкес салық ұсталуға жататын айдан кейінгі айдың 25-іне дейін жүргізеді.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 203-бап өзгертілді



203-бап. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны табыс ету

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияны салық агенті есепті салық кезеңдері кіретін тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей тоқсан сайын салық төлеу орны бойынша салық органына табыс етеді.



 

204-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген жағдайларда салық салу тәртібі

1. Осы баптың ережелерi резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес салық агенттері болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады.

2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, резидент емес жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетiлген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерiмдерi жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстiң 194-бабында белгiленген мөлшерлемені қолдану жолымен жүргiзiледi.

3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығын төлеудi резидент емес жеке тұлға салық кезеңi үшін жеке табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшiн белгiленген мерзiмнен кейiнгі күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей дербес жүргiзедi.

4. Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша резидент емес-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер төлеуді жүргізеді.



Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 2 еселенген мөлшерiнде резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келушінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алуға (ұзартуға) арналған өтінішінде көрсеткен тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептеледі.

Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші еңбекші көшіп келушіге рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.

Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін резидент емес-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану жолымен жеке табыс салығының сомасын есептеуді жүргізеді.

Табыстың салық салынатын сомасы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) алынған (алынуға жататын), республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшерінің еңбекші көшіп келушіге рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңнің жұмыстарын орындаудың (қызметтерін көрсетудің) әрбір айы үшін есептелген сомасына азайтылған табыстардың сомасы ретінде айқындалады.

Салық кезеңі ішінде бюджетке резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші төлеген алдын ала төлемдер сомасы салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есепке жатқызылады.

Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы артық төленген жеке табыс салығының сомасы болып табылмайды және кері қайтарылмайды немесе есепке жатқызылмайды.

Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша төленген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрсетіледі және салық кезеңінің қорытындылары бойынша декларация бойынша жеке табыс салығын төлеуді резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші осы Кодекстің 205-бабында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, болатын жері бойынша жүзеге асырады.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.10.12. № 153-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 205-бап өзгертілді



205-бап. Жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығы бойынша декларацияны осы Кодекске сәйкес төлем көзінен жеке табыс салығы салынбайтын табыстарды Қазақстан Республикасындағы көздерден алатын резидент емес жеке тұлға салық төлеушінің болатын (тұрғылықты) жеріндегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.

Ағымдағы салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызына дейін Қазақстан Республикасының аумағына кейіннен кірместен ағымдағы салық кезеңі ішінде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шығу жағдайында, резидент емес жеке тұлға жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс етуге және ағымдағы салық кезеңі ішінде жеке табыс салығын төлеуге құқылы. Бұл ретте жеке табыс салығы бойынша декларация ағымдағы салық кезеңінің басынан бастап Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге осындай тұлға шыққан күнге дейінгі кезеңге табыс етіледі.

Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған, резидент емес-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңі үшін есептелген жеке табыс салығының сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.

Осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке быс салығы бойынша декларацияны резидент емес-үй қызметкерлері болып табылатын еңбекші көшіп келушілер болатын жері бойынша салық органына есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей табыс етедi.

Бұл ретте осы Кодекстің 192-бабы 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған резидент емес-үй қызметкері болып табылатын еңбекші көшіп келуші Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) осындай адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.

 

 



26-тарау. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР БОЙЫНША АРНАУЛЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

206-бап. Халықаралық шартты қолдану жағдайы

1. Қазақстан Республикасы тараптардың бірі болып табылатын, қосарланған салық салуды болғызбау және табысқа немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың жолын кесу туралы халықаралық шарттың (бұдан әрі осы тараудың және осы Кодекстің 27-тарауының мақсатында - халықаралық шарт) ережелері осындай шарт жасасқан мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденті болып табылатын тұлғаларға қолданылады.

2. Егер халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті осы халықаралық шарттың ережелерін халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің резиденті болып табылмайтын басқа тұлғаның мүддесінде пайдаланса, ондай резидентке осы баптың 1-тармағының ережесі қолданылмайды.

 

207-бап. Халықаралық шарттарды қолдану тәртібі



Халықаралық шарттардың ережелерін қолдану осы Кодексте және тиісті халықаралық шартта белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

208-бап. Қазақстан Республикасындағы көздерден табысқа салық салу мақсатында резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкiмшiлiк шығыстарын шегерiмге жатқызу әдiстерi



1. Егер Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның салық салынатын табысын айқындау кезінде халықаралық шарттың ережелері резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын (бұдан әрі - резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары) шегеруге жол берген болса, мұндай шығыстардың сомасы, мынадай:

1) шығыстарды пропорционалды бөлу әдісінің;

2) шығыстарды шегерімге тікелей (тура) жатқызу әдісінің бірі бойынша анықталады.

Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында қызметті тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде іс жүзінде шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары осы Кодекстің осы бабының және 209 - 211-баптарының мақсаттары үшін резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары болып танылады.

Бұл ретте мыналар:

қызметі Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме құруға алып келген резидент емес заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі немесе резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында филиал, өкілдік ашпай тұрақты мекемесі тікелей шеккен, осы Кодекстің 100 - 111, 111-1, 112 - 122-баптарына сәйкес шегерімге жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі - Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);

резидент емес заңды тұлғаның филиалдары, өкілдіктері немесе тұрақты мекемелері басқа елдерде тікелей шеккен басқару және жалпы әкімшілік шығыстары (бұдан әрі - басқа елдердегі тұрақты мекемелердің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары);

резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тіркелген тұрақты мекеменің қызметіне байланысты емес басқару және жалпы әкімшілік шығыстары резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарына енгізілуге жатпайды.

2. Басқару және жалпы әкімшілік шығыстар - ұйымды басқаруға, басқарушы персоналдың өндірістік процеске байланысты емес еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстар.

3. Резидент емес заңды тұлға өз таңдауы бойынша есепті салық кезеңі ішінде резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың көрсетілген әдістерінің біреуін ғана қолданады.

Резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге жатқызудың қолданылатын әдісі резидент емес заңды тұлғаның шегерімге жатқызылатын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтитын корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның қосымшасында көрсетіледі.

4. Резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме халықаралық шарттың талаптары сақталған және өзінде мынадай растайтын құжаттар:

1) осы Кодекстің 219-бабы 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін, резидент емес заңды тұлғаның резиденттігін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің қаржылық есептілігінің көшірмесі;

3) резидент емес заңды тұлғаның өзі құрылған және (немесе) осындай заңды тұлға резиденті болып табылатын мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған, резидент емес заңды тұлғаның атауы жазылған, мөрімен (ол болған кезде), сондай-ақ басшының қойған қолымен расталған қаржылық есептілігінің көшірмесі болған кезде ғана шегерімге жатқызады.

Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген қаржылық есептілікте резидент емес заңды тұлғаның басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының жалпы сомасы жеке жолмен бөлек көрсетілуге тиіс;

4) осы тармақтың 3) тармақшасында көзделген қаржылық есептілікте көрсетілген басқару және жалпы әкімшілік шығыстарының сомасын:

шығыстардың түрлері бойынша резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын;

Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің басқару және жалпы әкімшілік шығыстарын көрсете отырып таратып жазу;

5) резидент емес заңды тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті бойынша аудиторлық есептің көшірмесі (осындай тұлғаның қаржылық есептілігінің аудиті жүзеге асырылған кезде) болған кезде ғана шегерімге жатқызады.

Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қаржылық есептіліктерде есептік көрсеткішті анықтаудың таңдап алынған тәсіліне қарай мынадай деректер:

1) тұтастай алғанда жылдық жиынтық табыстың жалпы сомасы;

2) тұтастай алғанда персоналдың еңбегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы;

3) тұтастай алғанда негізгі құралдардың бастапқы (ағымдағы) және баланстық құны ашып көрсетілуге тиіс.

Егер осы тармақта көрсетілген құжаттар шет тілде жасалса, осындай құжаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен нотариус куәландырған қазақ немесе орыс тіліндегі аудармасының болуы міндетті.

5. Осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген резиденттікті растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін резидент емес заңды тұлға корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімдерде тиісті салық органына табыс етеді.

6. Осы бапта белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарын шегерімге қабылдамайды.

 

209-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісі



1. Пропорционалды бөлу әдісін пайдалану кезінде осы Кодекстің 208-бабының 2-тармағында көрсетілген, Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеме шегерімге жатқызатын резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстарының сомасы резидент емес заңды тұлғаның бөлінетін шығыстары мен есептік көрсеткіш сомаларының көбейтіндісі ретінде айқындалады.

2. Есептік көрсеткіш резидент емес заңды тұлғаның таңдауы бойынша мына тәсілдердің бірі:

1) резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан түсірген жылдық жиынтық табысы сомасының, резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда аталған салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы;

2) орташа шаманы (ОШ) үш көрсеткіш бойынша анықтау:



резидент емес заңды тұлғаның есепті салық кезеңінде Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырудан алған жылдық жиынтық табысы сомасының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда көрсетілген салық кезеңіндегі жылдық жиынтық табысының жалпы сомасына қатынасы (Т);

Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекеменің салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігінде ескерілген негізгі құралдарының бастапқы (ағымдағы) құнының резидент емес заңды тұлғаның тұтас алғанда нақ сол салық кезеңіндегі негізгі құралдарының жалпы бастапқы (ағымдағы) құнына қатынасы (НҚ);

Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемеде жұмыс істейтін персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі есепті салық кезеңінің соңындағы жай-күйі бойынша шығыстар сомасының резидент емес заңды тұлға тұтас алғанда осындай салық кезеңінде персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстардың жалпы сомасына қатынасы бойынша есептеп шығарылады (ЕТ).

Орташа шама мынадай формула бойынша айқындалады:

ОШ = (Т + НҚ + ЕТ).

__________________

3

 

210-бап. Шығыстарды барабар бөлу әдісін жекелеген жағдайларда қолдану кезінде есептік көрсеткішті есептеудің ерекшеліктері

1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің ұзақтығы сәйкес келмеген не салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы және резиденттік еліндегі салық кезеңдерінің басталу және аяқталу күндері сәйкес келмеген жағдайда көрсетілген салық кезеңдерінің тең ұзақтығы кезінде салық төлеуші тұрақты мекемеге шегерімге жатқызылуға тиіс басқару және жалпыәкімшілік шығыстар сомасын есептеу кезінде пайдаланылатын, резидент емес заңды тұлғаның резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзетуге міндетті.

Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректерін түзету үшін түзеу коэффициенті (К) қолданылады, ол салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңін Қазақстан Республикасындағы салық кезеңімен сәйкес келтіреді.

2. Коэффициент (К) салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі салық кезеңінің айлары санының салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының санына арақатынасы ретінде айқындалады.



Қазақстан Республикасындағы есепті салық кезеңінің шеңберіне салық төлеушінің резиденттік еліндегі екі салық кезеңі толық немесе ішінара кірген жағдайда екі коэффициент (К1, К2) қолданылады.

3. Салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігінің деректері мынадай түрде түзетіледі:



К1хҚЕ (РЕ)1 + К2хҚЕ(РЕ)2,

мұндағы К1 = СК (РЕ)1/СК (РЕ)3; К2 = СК (РЕ)2/СК (РЕ)3,

бұл ретте:

СК (РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі айларының саны;

СК (РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі айларының саны;

СК (РЕ)3 - салық төлеушінің резиденттік еліндегі салық кезеңі айларының жалпы саны;

ҚЕ(РЕ)1 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі бір салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі;

ҚЕ(РЕ)2 - салық төлеушінің Қазақстан Республикасындағы салық кезеңі шеңберіне кіретін, резиденттік еліндегі басқа салық кезеңі үшін салық төлеушінің резиденттік еліндегі қаржылық есептілігі.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет