Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.26.11. № 356-IV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Дара кәсiпкерлер, жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылмайтын жеке тұлғалар арасында салық салу объектілеріне меншiк құқығын берген кезде, егер ағымдағы салық кезеңi iшiнде берушi тарап салықтың жылдық сомасын төлеген болса, салықтың осындай төлемi тараптардың келісімi бойынша сатып алу-сату, айырбастау шарттар талаптарына негiзделiп сатып алатын тараптың берiлетiн салық салынатын объект бойынша ағымдағы салық кезеңiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
4. Жеке тұлғалар сатып алу кезiнде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншiк құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептейдi.
5. Иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органда көлік құралын есептен шығару кезінде көлік құралына іздеу салу кезеңінде салық төлеуден босату үшін осы негіз бойынша көлік құралын есептен шығарылғанын растайтын құжат негіз болып табылады.
Салық міндеттемесін орындау іздеу салынған көлік құралының иесіне қайтарылған кезден бастап, осы Кодекстің 51-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi)
6. Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң басында меншiк құқығында, шаруашылық жүргiзу құқығында немесе оралымды басқару құқығында болған көлiк құралдары бойынша, сондай-ақ салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi:
1) көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде туындаған және салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiн тоқтатылмаған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
2) салық кезеңiнiң басынан бастап салық кезеңiнiң 1 шiлдесiне дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы:
тоқтатылған жағдайда - салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
туындаған және тоқтатылған жағдайда - көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған айдың бірiншi күнiнен бастап мұндай көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы мөлшерiнде;
3) қалған жағдайларда - жылдық салық сомасы мөлшерiнде есептейдi. Бұл ретте, салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралдарына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы тоқтатылған айдың бірiншi күнiне дейiнгi кезең үшiн есептелген салық сомасы көрсетiледi.
Заңды тұлғалар салық кезеңiнiң 1 шiлдесiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi кезеңде меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе оралымды басқару құқығы туындаған көлiк құралдары бойынша ағымдағы төлемдердi есептемейдi және ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын табыс етпейдi. Бұл ретте, декларацияда осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында белгiленген тәртiппен есептелген салық сомасы көрсетiледi.
369-бап. Салық төлеу мерзімдері
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеудi ағымдағы төлемдердi енгізу арқылы салық салу объектілерінiң тiркелген жерi бойынша салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей жүргiзедi.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
2. Көлiк құралына меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын немесе оралымды басқару құқығын салық кезеңінің 1 шілдесінен кейін алған жағдайда, заңды тұлғалар салық кезеңі үшін декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей көрсетілген көлік құралы бойынша салық төлеуді жүргізеді.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.24.01. № 399-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Жеке тұлғалар үшiн бюджетке салық төлеу мерзiмi салық кезеңiнiң 31 желтоқсанынан кешiктiрiлмейтiн күн болып табылады.
Салықты төлеу салық салу объектiсiнiң тiркелген орны бойынша жүргiзiледi.
Көлiк құралдарын тiркеуден, қайта тiркеуден, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткiзген жағдайда, жеке тұлғалар көрсетiлген әрекеттердi жасағанға дейiн осы Кодексте белгiленген тәртiппен салықты есептейдi және бюджетке төлеудi жүргiзедi.
4. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иелiктен шығару құқығымен көлiк құралын басқаруға арналған сенімхат негiзiнде сенім бiлдiрiлген болып табылатын жеке тұлғаның салық кезеңi үшiн көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.
52-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
370-бап. Салық кезеңі
Көлік құралдары салығын есептеуге арналған салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
371-бап. Салық есептілігі
Төлеушілер - заңды тұлғалар көлік құралдары салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ағымдағы салық кезеңінің 5 шілдесінен кешіктірмей, сондай-ақ декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілерінің тіркелген жері бойынша салық органдарына табыс етеді.
14-БӨЛІМ. ЖЕР САЛЫҒЫ
53-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
372-бап. Жалпы ережелер
1. Салық салу мақсатында барлық жерлер олардың нысаналы мақсатына және мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекендер жерлеріне;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - өнеркәсіп жерлері);
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге (бұдан әрі - ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері);
5) орман қорының жерлеріне;
6) су қорының жерлеріне;
7) босалқы жерлерге тиесілігіне қарай қарастырылады.
2. Жердің қандай да болсын санатқа тиесілігі Қазақстан Республикасының жер заңнамасында белгіленеді. Елді мекендер жерлері салық салу мақсаты үшін мынадай екі топқа бөлінген:
1) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекендер жерлері;
2) тұрғын үй қоры, соның ішінде олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер.
3. Жердің мынадай санаттары:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2) орман қорының жерлері;
3) су қорының жерлері;
4) босалқы жерлер салық салуға жатпайды.
Аталған жерлер (босалқы жерлерді қоспағанда) тұрақты жер пайдалануға немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалануға берілген жағдайда, олар осы Кодекстің 385-бабында белгіленген тәртіппен салық салуға жатады.
4. 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен алып тасталды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Жер салығы:
1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері негізінде есептеледі.
373-бап. Төлеушілер
1. Мынадай:
1) жеке меншік құқығындағы;
2) тұрақты жер пайдалану құқығындағы;
3) бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу объектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ згертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін жер салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше жер салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе мыналар:
1) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметте пайдаланылатын жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
2) мемлекеттік мекемелер;
3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
4) Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағы ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-анасының біpeyі, он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар:
тұрғын-үй қоры, соның ішінде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелері;
үй маңындағы жер учаскелері;
өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын жүргізу, бағбандық үшін берілген және құрылыс алып жатқан жерлерді қоса алғанда, саяжай құрылысына арналған жер учаскелері;
гараждар орналасқан жер учаскелері бойынша;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) «Ардақты ана» атағына ие болған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) жеке тұратын зейнеткерлер:
тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi бойынша;
үй маңындағы жер учаскелерi бойынша;
7) діни бірлестіктер жер салығын төлеушілер болып табылмайды.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12 № 234-IV Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Осы баптың 3-тармағының 3)-7) тармақшаларында аталған салық төлеушілер пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеушілер болып табылады.
374-бап. Жекелеген жағдайларда төлеушіні айқындау
1. Егер жер учаскелерін иелену немесе пайдалану құқығын растайтын құжаттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ меншігіндегі (пайдалануындағы) жер учаскесі бойынша осы тұлғалардың әрқайсысы жер салығын төлеуші болып табылады.
Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін жер учаскесі бойынша осы пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы жер салығын төлеуші болып табылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Жер учаскесiне арналған сәйкестендiру құжаттары болмаған жағдайда, пайдаланушының жер учаскесiне қатысты жер салығын төлеушi ретiнде тану үшiн:
1) жер учаскесi мемлекеттік меншiктен берiлген кезде - жер учаскесiн беру туралы мемлекеттік органдардың актілері;
2) қалған жағдайларда азаматтық-құқықтық мәмiлелер негiзiнде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негiздерде осындай учаскенi нақты иеленуi және пайдалануы негiз болып табылады.
3. Лизинг алушы қаржы лизингінің шартына сәйкес жылжымайтын мүлік объектісімен бірге қаржы лизингіне берілген (алынған) жер учаскесі бойынша жер салығын төлеуші болып табылады.
375-бап. Салық салу объектісі
1. Жер учаскесі (жер учаскесіне ортақ үлестік меншік кезінде - жер үлесі) салық салу объектісі болып табылады.
2. Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
1) елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері.
Алаңдар, көшелер, өткелдер, жолдар, жағалаулар, саябақтар, скверлер, гүлзарлар, су айдындары, жағажайлар, зираттар және халықтың мұқтаждарын қанағаттандыруға арналған өзге де объектілер (су құбырлары, жылу құбырлары, электр беру желілері, тазарту құрылғылары, күл-қоқыс құбырлары, жылу трассалары және басқа да ортақ пайдаланудағы инженерлік жүйелер) алып жатқан және соларға арналған жерлер елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жерлерге жатады;
2) ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жер учаскелері.
Бөлінген белдеудегі ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдарының желісі алып жатқан жерлерге жер алаптары, жол тарамдары, өткерме жолдар, жасанды құрылғылар, жол бойындағы резервтер мен өзге де жол қызметін көрсету жөніндегі құрылғылар, жол қызметінің қызметтік және тұрғын үй-жайлары, қардан қорғайтын және әсемдік екпелер орналасқан жерлер жатады;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған объектілер орналасқан жер учаскелері;
4) жалға берілетін үйлерді күтіп-ұстау үшін сатып алынған жер учаскелері.
376-бап. Жекелеген жағдайларда салық салу объектісін айқындау
1. Темір жолдар, оқшаулау белдеулері, темір жол станциялары, вокзалдар орналасқан жер учаскелерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен темір жол көлігі ұйымдарының объектілеріне берілген жер учаскелері темір жол көлігінің ұйымдары үшін салық салу объектісі болып табылады.
2. Электр беру желілерінің тіректері мен кіші станциялар алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында электр беру желілері бар энергетика және электрлендіру жүйесінің ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
3. Мұнай құбырлары, газ құбырлары алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында мұнай құбырлары, газ құбырлары бар, мұнай мен газ өндіруді, тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдар үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
4. Байланыс желілерінің тіректері алып жатқан жер учаскелерін қоса алғанда, балансында радиорелелік, әуе, кабельдік байланыс желілері бар байланыс ұйымдары үшін осы ұйымдарға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелері салық салу объектісі болып табылады.
377-бап. Салық базасы
Жер салығын айқындау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |