Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау



бет72/104
Дата03.07.2016
өлшемі8.24 Mb.
#173617
түріКодекс
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   104
404-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау

1. Меншік иесі салық салу объектілерін сенімгерлік басқаруға берген кезде, салық төлеуші  осы Кодекстің 35, 36-баптарына сәйкес айқындалады.

2. Егер салық салу объектісі бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.

3. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша өздерінің арасындағы келісіммен осы салық салу объектісі меншік иелерінің бірі салық төлеуші бола алады.

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 405-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 405-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



405-бап. Салық салу объектісі

Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғын үйлер, үйлер, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, сондай-ақ аяқталмаған құрылыс объектілері қоныстану, пайдалану күнінен бастап (бұдан әрі - пайдалану кезінен бастап) мүлік салығын салу объектісі болып табылады.

 

406-бап. Салық базасы



1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек. өзг.

Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осындай тіркелген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x К функц х К айм.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,

Қ б - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны,

S - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы,

К физ - физикалық тозу коэффициенті,

К функц - функционалдық тозу коэффициенті,

К айм - аймаққа бөлу коэффициенті,

К аек. өзг - айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті.

2. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:



 

Р/с



Елді мекеннің санаты

Базалық құн,

теңгемен

1

2

3

 

Қалалар

 

1

Алматы

60 000

2

Астана

60 000

3

Ақтау

36 000

4

Ақтөбе

36 000

5

Атырау

36 000

6

Қарағанды

36 000

7

Қызылорда

36 000

8

Көкшетау

36 000

9

Қостанай

36 000

10

Павлодар

36 000

11

Петропавл

36 000

12

Талдықорған

36 000

13

Тараз

36 000

14

Орал

36 000

15

Өскемен

36 000

16

Шымкент

36 000

17

Облыстық маңызы бар қалалар

12 000

18

Аудандық маңызы бар қалалар

6 000

19

Кенттер

4 200

20

Ауылдар

2 700

 

Бұл ретте, елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптамасына сәйкес белгіленеді.

3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай формула бойынша есептеген осындай объектінің құны тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:



Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг. х K айм.

Құқықтарын мемлекеттік тіркеу ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан кейін жүргізілген, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган мұндай тіркеу жылынан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша белгілейтін, мынадай тәртіппен айқындалатын құн жаңадан салынған тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі, гараж бойынша салық базасы болып табылады:

Қ = Қ б x S x K айм.

Осы тармақтың мақсаты үшін:

Қ - салық салу мақсаты үшін құн,

Қ б - осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құнның мынадай мөлшерінде айқындалған бір шаршы метрдің базалық құны:

тұрғын жайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, ірге қабаты, жертөлесі бойынша - 25 пайыз,

гараж бойынша - 15 пайыз,

S - тұрғын жайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, ірге қабатының, жертөлесінің, гаражының шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы,

К физ - осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған физикалық тозу коэффициенті,

К аек. өзг - осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті,

К айм - осы баптың 6-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған аймаққа бөлу коэффициенті.

4. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары мен пайдалану уақыты ескеріле отырып, мынадай формула бойынша айқындалады:



К физ = 1 - Т физ, мұнда:

Т физ - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.

Физикалық тозу мынадай формула бойынша айқындалады:

Т физ = (Т физ - Т п.б) х Н аморт/100, мұнда:

Т баз - салық есепке жазылған жыл,

Т п.б - салық салу объектісі пайдалануға берілген жыл,

Н аморт - амортизация нормасы.

Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуды айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:

 

Р/с



Күрделілік тобы

Үйдің сипаттамасы

Н аморт, %

Қызмет -ету мерзімі

1

2

3

4

5

1.

1

Тастан салынған, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5 кiрпiштен астам немесе темірбетонды немесе металл қаңқалы кiрпiшті, аражабындары темірбетонды және бетонды ғимараттар; қабырғалары iрi панельдi, аражабындары темір бетонды ғимараттар;

0,7

143

2.

2

Қабырғалары қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған, аражабындары темірбетонды, бетонды немесе ағаш ғимараттар; ірі блокты қабырғасы бар, аражабындары темірбетонды ғимараттар

0,8

125

3.

3

Қабырғалары жеңілдетіліп кірпіштен қаланған, монолитті шлакты бетоннан, жеңіл шлак блогынан, ұлу тастан қаланған, аражабындары темірбетонды немесе бетонды ғимараттар; ірі блокты немесе жеңілдетіліп кірпіштен, монолитті шлакты бетоннан, ұсақ шлакты блоктардан қаланған ғимараттар

1,0

100

4.

4

Қабырғалары аралас, кесілген немесе бөрене ағаштан салынған ғимараттар

2,0

50

5.

5

Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан құйылған, кесектен соғылған ғимараттар

3,3

30

6.

6

Қамыс-қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар

6,6

15

 

Егер тастан қаланған немесе негізгі панельден салынған тұрғын жайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы - 70 пайыздан, оның ішінде өзге материалдардан - 65 пайыздан асса, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең қолданылады.

5. Тұрғын жайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін функционалдық тозу коэффициенті (К функц.) мынадай формула бойынша есептеледі:



К функц = К қаб х К бұр х К қ. мат х К жайл х К жылу, мұнда:

К қаб - тұрғын жайдың орналасу қабатына байланысты базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент,

К бұр - тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуын ескеретін коэффициент,

К қ. мат - қабырғалар материалын ескеретін коэффициент,

К жайл - тұрғын жайдың, саяжай құрылысының жайлылығы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент,

К жылу - жылыту түрін ескеретін коэффициент.

Қабаттылығына қарай қабаттылықтың мынадай түзету коэффициенті (К қаб) қолданылады:

 

Р/с №

Қабат

К қабат

1

2

3

1.

Бірінші

0,95

2.

Аралық немесе жеке тұрғын үй

1,00

3.

Соңғы

0,9

 

Биіктігі үш қабаттан аспайтын көп пәтерлі тұрғын үйлер үшін кез келген қабат үшін 1-ге тең қабаттылық коэффициенті қолданылады.

Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскелерінде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К бұр) қолданылады:

 

Р/с №

Тұрғын жайдың үй бұрышы учаскесінде орналасуы

К бұр

1

2

3

1.

Бұрыштағы пәтер

0,95

2.

Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй

1,0

 

Қабырғалар материалына қарай мынадай түзету коэффициенті (К қаб. мат.) қолданылады:

 

Р/с№

Қабырға материалы

Коэффициент

1

2

3

1.

Кірпіштен

1,1

2.

Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған

1,0

3.

Керамзит бетонды блоктардан құрастырылған, кірпішпен қапталған

1,05

4.

Темірбетонды панелден

1,0

5.

Темірбетонды панельдерден кiрпiшпен қапталған

1,05

6.

Кесек-балшықтан соғылған

0,5

7.

Кесектен соғылған, сыртынан 0,5 кiрпiшпен қапталған

0,6

8.

Монолитты шлакты-бетонды

0,7

9.

Темірбетонды блоктардан

1,0

10.

Жиналмалы-қалқанды

0,6

11.

Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпiшпен қапталған

0,75

12.

Кесiлген ағаштан

0,85

13.

Шпалдан

0,75

14.

Шпалдан, кiрпiшпен қапталған

0,95

15.

Қамыс-қаңқалы

0,6

16.

Өзгелері

1,0

 

Тұрғын жайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде 1-ге тең жайлылық коэффициенті (К жайл) қолданылады.

Адамдардың тұруы (тұрмыстық), онда болуы үшін нормативтік не қолайлы жағдай туғызатын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа да жайлылық түрлері) болмаған кезде 0,8-ге тең К жайл. қолданылады.

Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылу) қолданылады:

 

Р/с №

Жылыту түрі

К жылу

1

2

3

1.

Орталықтан жылыту

1,0

2.

Газбен немесе мазутпен жергiлiктi жылыту

0,98

3.

Қатты отынды пайдаланып, сумен жергiлiктi жылыту

0,95

4.

Пешпен жылыту

0,9

 

6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган жергіліктi атқарушы органмен келiсiм бойынша аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес белгілейді.



Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган бекітеді.

7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (К аек. өзг) мынадай формула бойынша айқындалады:



К аек. өзг = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек, мұнда:

ағ. ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;

алдыңғы ж. аек - республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш.

8. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, iрге қабаты, жертөлесі, гаражы тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылған жағдайда салық базасы жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган осы бапқа сәйкес айқындаған осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны ретінде айқындалады.

9. Бір жеке тұлға бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші болып табылған жағдайда салық базасы әрбір объект бойынша бөлек есептеледі.

10. Салық қызметі органдары пайдалану фактісі анықталған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мынадай тәртіппен айқындайтын салық салу объектілерінің құны ағымдағы салық кезеңінде пайдалану фактісі анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық базасы болып табылады:



Қ = Қб х S х 2, мұнда:

Қ - салық салу мақсаты үшін мүлік құны,

Қб - осы баптың 2-тармағына сәйкес айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны,

S - аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 407-бап жаңа редакцияда



407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу

Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат) осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген ставканы қолдана отырып, осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен мүлік салығын есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.



Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.

 

408-бап. Салық мөлшерлемелері



Салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:

 

1

2

3

1.

 2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы

2.

2 000 000 теңгеден жоғары

4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы

3.

4 000 000 теңгеден жоғары

6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда

2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы

4.

6 000 000 теңгеден жоғары

8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы

5.

8 000 000 теңгеден жоғары

10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы

6.

10 000 000 теңгеден жоғары

12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы

7.

12 000 000 теңгеден жоғары

14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы

8.

14 000 000 теңгеден жоғары

16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы

9.

16 000 000 теңгеден жоғары

18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы

10.

18 000 000 теңгеден жоғары

20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы

11.

20 000 000 теңгеден жоғары

75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы

12.

75 000 000 теңгеден жоғары

100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы

13.

100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы

14.

150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы

15.

350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда

2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы

16.

450 000 000 теңгеден жоғары

2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы

 

409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі



1. Жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:

1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілер;

2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша аяқталмаған құрылыс объектісін меншік құқығында иеленудің немесе пайдаланудың нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей жүргізеді.

Бұл ретте салықты есептеу әрбір салық кезеңі үшін бөлек жүргізіледі.

2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану кезеңі он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.



Бұл ретте меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану фактісі анықталған айдың 1 күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) айқындалады.

3. Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне барабар есептеледі.

4. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек жүргізіледі.

5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.

6. Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.

7. Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:



1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;

2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.

8. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтары мемлекеттік тіркелгенге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізуге тиіс.



Салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) салықтың жылдық сомасын бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.

2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде (бастапқы тіркеуді қоспағанда) уәкілетті мемлекеттік орган салық салу объектілерінің құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңінде есептелген салық сомасы негізге алына отырып төленеді.

 

410-бап. Салық кезеңі

1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

2. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есеп-қисабына кіреді



 

 

16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ



 

59-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ

 

411-бап. Төлеушілер



Мынадай:

1) казино;

2) ойын автоматтары залы;

3) тотализатор;

4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.

 

412-бап. Салық салу объектілері



Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:

1) ойын үстелі;

2) ойын автоматы;

3) тотализатор кассасы;

4) тотализатордың электронды кассасы;

5) букмекер кеңсесінің кассасы;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.

 

413-бап. Салық ставкалары



1. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық ставкасы:

1) ойын үстеліне - айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;

2) ойын автоматына - айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;

3) тотализатор кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

4) тотализатордың электронды кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;

5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;

6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.

2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

 

414-бап. Салық кезеңі



Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

 

415-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында  өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Салық салу объектілері  айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың  1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген ставканың 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.

3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.



 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 416-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



416-бап. Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi

1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.

2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:

1) казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;

2) ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;

3) тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;

4) букмекер кеңсесi қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.

3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi мөлшерi Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.

 

417-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі



1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың  25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.

2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.

3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің  өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін  жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

 

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 418-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



418-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі  екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi бойынша салық органына табыс етіледі.

 

 



17-БӨЛІМ.  ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ

 

60-тарау. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ



 

419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

1) бильярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;

2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);

3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);

4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.

 

420-бап. Төлеушілер



Тіркелген салықты төлеушілер:

1) ұтыссыз  ойын автоматтарын;

2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;

3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);

4) картты (картинг);

5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын  дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.



 

421-бап. Тіркелген  салық салу объектілері



Мыналар:

1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;

3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;

4) ойын жолы;

5)  карт;

6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі болып табылады.

 

2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 422-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



422-бап. Тіркелген салықтың ставкалары

1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық ставкаларының мөлшері:

 

Рет №

 


Салық салу объектісінің атауы

 


Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

4

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

12

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

18

3.

Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

4.

Ойын жолы

5

83

5.

Карт

2

12

6.

Бильярд үстелі

3

25

 

1-1. Салық ставкасы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.

2.  Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын  барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейді.



 

423-бап. Салық кезеңі



Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.

 

424-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі

1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында  өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 421-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде тіркелген салық  белгіленген ставка бойынша, 15-інен кейін белгіленген ставканың  1/2 мөлшерінде есептеледі.

Салық салу объектілері айдың  15-іне дейін шығып қалған кезде тіркелген салық белгіленген ставкасының 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген ставка бойынша есептеледі.

3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.

4. Осы Кодекстің 420-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша  кірістер мен шығыстардың бөлек есебін  жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.

 

425-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі

Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етіледі.

 

 



18-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ

 

426-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері

1) мыналарды:

патент негізінде арнаулы салық режимін;

оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі;

2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;

3) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар  және селолық тұтыну коопертивтері  үшін арнаулы салық режимі.

Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен  жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.

Осы бөлімді қолдану мақсатында жалпыға бірдей белгіленген тәртіп деп  есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, осы бөлімде белгіленген тәртіпті қоспағанда, олар бойынша осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық есептілігін  табыс ету тәртібі түсініледі.

2. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.

3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауды:

1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - жаңадан құрылған дара кәсіпкер) - дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлғалар;

2) осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер тапсыратын, уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламада (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі - қолданылатын салық салу режімі туралы хабарлама) - бір салық салу режімінен өзге салық салу режіміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.

Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырады.

4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі:



1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арнаулы салық режімін таңдауды жүзеге асырмау;

2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген хабарламаларды табыс етпеу жағдайларын қоспағанда, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тапсырмау;

3) осы Кодекстің 431-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдерде патент құнының есебін тапсырмау деп есептеледі.

5. Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен патент негізінде арнаулы салық режіміне ауысқан кезде тапсырмайды.

6. Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.

7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

 



61-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет