Ескерту:
* Жылжымайтын мүлікке құқықтарды жылдамдатылған тәртіппен жүргізілетін мемлекеттік тіркегені үшін алым ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
457-бап. Алымдарды төлеуден босату
Алымдарды төлеуден мыналар:
1) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу кезінде:
шаруа немесе фермер қожалықтары;
І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;
заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын оралмандар;
2) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
он сегіз жасқа толғанға дейін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
бөлек тұратын зейнеткерлер;
оралмандар;
кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркелген кезден бастап үш жыл ішінде;
3) жылжымалы мүлік кепілін, кеменің немесе жасалып жатқан кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
оралмандар;
4) радиоэлектрондық құралдарды және жоғары жиіліктегі құрылғыларды мемлекеттік тіркеу кезінде - мемлекеттік мекемелер;
5) авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу кезінде:
Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі;
оралмандар;
кәмелетке толмағандар босатылады.
458-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Алымдардың сомалары белгіленген ставкалар бойынша есептеледі және салық салу объектісінің тіркелген жері бойынша тіркеуші органға тиісті құжаттарды бергенге дейін төленеді.
2. Алымдарды төлеген тұлғалар тіркеуші органдарға тиісті құжаттарды тапсырғанға дейін тіркеу жасаудан (есепке қоюдан) бас тартқан жағдайларды қоспағанда, алымдардың төленген сомаларын қайтару немесе есепке жатқызу жүргізілмейді.
Бұл ретте бюджетке төленген алымдардың сомаларын қайтаруды немесе есепке жатқызуды төлеушілердің салықтық өтініші бойынша аталған тұлғалардың тіркеу іс-әрекеттерін жасауға арналған құжаттарды тапсырмағанын растайтын, тиісті тіркеу органы берген құжаттарды олар тапсырғаннан кейін осы Кодекстің 599 және 602-баптарында белгіленген тәртіппен олардың төленген жері бойынша салық органдары жүргізеді.
65-тарау. АВТОКӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫМЕН
ЖҮРГЕНІ ҮШІН АЛЫМ
459-бап. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүргені үшін алым (бұдан әрі - алым):
1) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі;
2) халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына келуі (кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті;
3) ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруi үшiн өндiрiп алынады.
4) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының аумағымен автомобиль құралдарының жүруі көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган беретін рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүру және рұқсат құжаттарын беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
4. Көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей өзінің орналасқан жері бойынша салық органдарына уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша алым төлеушілер мен салық салу объектілері туралы ақпарат береді.
460-бап. Алым төлеушілер
1. Осы Кодекстің 459-бабында белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлік құралдарының жүруін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
461-бап. Алым ставкалары
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Алым ставкалары республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш (бұдан әрi осы баптың мәтiнi бойынша - АЕК) мөлшерi негiзге алына отырып, мынадай мөлшерлерде белгiленедi:
1) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін - АЕК-тің 3 еселенген мөлшері;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес күнтізбелік бір жылға шетелдік рұқсат ала отырып, тұрақты негізде халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағынан кетуі үшін - АЕК-тің 10 еселенген мөлшері;
3) халықаралық қатынаста жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуі (кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиті үшін - АЕК-тің 20 еселенген мөлшері;
4) ірі көлемді және (немесе) салмағы ауыр отандық және шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүруі үшін алым ставкасы мынаны қамтиды:
автокөлiк құралының (жүгi бар немесе жүгi жоқ) жалпы нақты салмағының жол берiлетiн жалпы салмақтан асып түскенi үшiн есеп-қисапты, бұл 0,005 еселенген АЕК мөлшерiндегi алым мөлшерлемесін асып түскен әрбiр (толық емесiн қоса алғанда) тоннаға және бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргiзiледi;
автокөлік құралының (жүгі бар немесе жүгі жоқ) нақты осьтік жүктемелерінің жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін есеп-қисап, бұл әрбір артық жүк тиелген жеке, қосарланған және үштіктелген осьтер үшін есептеледі және 1-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:
1-кесте
Рет №
|
Нақты осьтік жүктемелерден асып түсу, %-пен
|
Жол берілетін осьтік жүктемелерден асып түскені үшін тариф (АЕК)
|
1
|
2
|
3
|
1.
|
5,0% ке дейін қоса алғанда
|
0,011
|
2.
|
5,0% тен 10,0% ке дейін қоса алғанда
|
0,014
|
3.
|
10,0% тен 20,0% ке дейін қоса алғанда
|
0,190
|
4.
|
20,0 % тен 30,0% ке дейін қоса алғанда
|
0,380
|
5.
|
30,0 % тен 50,0% ке дейін қоса алғанда
|
0,500
|
6.
|
50,0% тен жоғары
|
1,0
|
автокөлік құралы (жүгі бар немесе жүгі жоқ) көлемінің жол берілген көлемдік өлшемдерінен асып түскені үшін есеп-қисап, бұл автокөлік құралдарының биіктігі, ені және ұзындығы бойынша асып түскені үшін есептеледі және 2-кестеде көрсетілген тиісті тарифтерді бағыт бойынша тасымалдау арақашықтығына (километрмен) көбейту арқылы жүргізіледі:
2-кесте
Рет
№
|
Автокөлік құралдарының көлемдік өлшемдері, метрмен
|
Жол берілетін көлемдік өлшемдерден асып түскені үшін тариф (АЕК)
|
|
2
|
3
|
1.
|
Биіктігі:
|
|
1.2.
|
4-тен жоғары 4,5-ке дейін қоса алғанда
|
0,009
|
1.3.
|
4,5-тен жоғары 5-ке дейін қоса алғанда
|
0,018
|
1.4.
|
5-тен жоғары
|
0,036
|
2.
|
Ені:
|
|
2.1.
|
2,55-тен (изометрикалық қораптар үшін 2,6-дан) жоғары 3-ке дейін қоса алғанда
|
0,009
|
2.2.
|
3-тен жоғары 3,75-ке дейін қоса алғанда
|
0,019
|
2.3.
|
3,75-тен жоғары
|
0,038
|
3.
|
Ұзындығы:
|
|
3.1.
|
жол берілетін ұзындықтан асып түсетін әрбір метр үшін (толық емесін қоса алғанда)
|
0,004
|
2. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
462-бап. Есептеу мен төлеу тәртібі
1. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы белгіленген мөлшерлемелер бойынша есептеледі және рұқсат құжаттарын алғанға дейін бюджетке төленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүру фактісі анықталған жағдайда, алым сомасы осындай факті анықталған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бюджетке төленеді.
2. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, алым сомасы рұқсат құжаты алынғанға дейін рұқсат құжаты алынған жер бойынша бюджетке төленеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген автокөлік құралының жол берілетін параметрлерін бұза отырып, тиісті рұқсат құжаттары ресімделмей автокөлік құралының жүру фактісі анықталған жағдайда алым сомасы алым төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.
3. Алым сомасын бюджетке төлеу банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы аудару не көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бақылау-өткізу пункттерінде не өзге де арнаулы жабдықталған орындарында уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қатаң есептілік бланкілері негізінде қолма-қол ақша аудару жолымен жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
4. Қолма-қол ақшамен қабылданған алым сомаларын көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган ақшаны қабылдау жүзеге асырылғаннан кейінгі операциялық күннен кешіктірмей банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға оларды кейіннен бюджетке есепке алу үшін тапсырады. Егер қолма-қол ақшаның күн сайынғы түсімдері республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен аз болған жағдайда, ақшаны есептеу ақша қабылдау жүзеге асырылған күннен бастап операциялық үш күнде бір рет жүзеге асырылады.
5. Жеке тұлғалар алым сомасын қолма-қол ақшамен төлеген кезде қатаң есептілік бланкілеріне көлік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сәйкестендіру нөмірі қойылады.
6. Алымдардың төленген сомаларын қайтару жүргізілмейді.
7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
66-тарау. АУКЦИОНДАРДАН АЛЫНАТЫН АЛЫМ
463-бап. Жалпы ережелер
Аукциондардан алынатын алым (бұдан әрі - алым) Қазақстан Республикасының аумағында өткізілетін аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) өткізу кезінде алынады.
464-бап. Алым төлеушілер
Аукциондарда мүлікті (оның ішінде мүліктік құқықтарды) сатуға шығаратын жеке және заңды тұлғалар алым төлеушілер болып табылады.
465-бап. Алым алу объектісі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Сатылған мүліктің (мүліктік құқықтардың) аукцион өткізу нәтижелері бойынша белгіленген құны алым алу объектісі болып табылады.
2. Мыналардан:
1) мемлекеттік мүлік объектілерін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган, оның аумақтық органдары өткізетін аукциондардан;
2) атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындату бойынша атқарушылық іс жүргізу органдары өткізетін аукциондардан;
3) мыналарды:
салық органдары иелік етуді шектеген мүлікті сату;
салық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында кепілге салынған мүлікті сату;
соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп шығарылған жарияланған акцияларды орналастыру бөлігінде мамандандырылған ашық аукциондардан;
4) мыналарды:
соттардың атқарушы құжаттарының негізінде мемлекет кірісіне тәркіленген мүлікті;
белгіленген тәртіппен иесіз деп танылған мүлікті;
белгіленген
Достарыңызбен бөлісу: |