280-бап. Акциз ставкалары
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Акциз ставкалары заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді.
2. Алкоголь өніміне акциздер ставкасы осы баптың 1-тармағына сәйкес не онда су араластырылмаған (жүз проценттік) спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі.
3. Спирттің барлық түріне және шарап материалына акциз ставкалары спирттің және шарап материалының бұдан әрі пайдаланылу мақсаттарына қарай сараланады.
4. Акциз сомасын есептеу мынадай ставкалар бойынша жүргізіледі:
1) осы Кодекстің 279-бабының 1)-4), 6), 7), 8) тармақшаларында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
р/с №
|
КО СЭҚ ТН коды
|
Акцизделетін тауарлардың түрлері
|
Акциз мөлшерлемелері (өлшем бірлігі үшін теңгемен)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
2207-ден
|
80 көлемдік пайызды немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спиртi (алкоголь өнiмiн, емдiк және фармацевтикалық препараттарды өндiру үшiн сатылатын немесе пайдаланылатын, белгiленген квоталар шегiнде мемлекеттік медициналық мекемелерге берiлетiн денатуратталмаған этил спиртiнен басқа), этил спиртi және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (iшкi нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спиртінен (этанол) басқа (түссiз емес, боялған)
|
600 теңге/литр
|
2.
|
2207-ден
|
Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған)
|
1,0 теңге/литр
|
3.
|
2208-ден
|
80 көлемдік пайыздан төмен
спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге берілетін денатуратталмаған этил спиртінен басқа)
|
100% спирт
750 теңге/литр
|
4.
|
2207-ден
|
Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыз немесе одан жоғары спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті
|
60 теңге/литр
|
5.
|
2208-ден
|
Алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын 80 көлемдік пайыздан төмен спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер
|
100% спирт
75 теңге/литр
|
6.
|
3003,
3004-тен
|
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрiлiк зат ретiнде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім
|
100 % спирт
500 теңге/литр
|
7.
|
2208
|
Алкоголь өнімі (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалынан және сырадан басқа)
|
100% спирт
1000 теңге/литр
|
8.
|
2208
|
Коньяк, бренди
|
100% спирт
250 теңге/ литр
|
9.
|
2204, 2205, 2206 00
|
Шараптар
|
35 теңге/литр
|
10.
|
2204, 2205, 2206 00-ден
|
Шарап материалы (этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатыннан немесе пайдаланы-латыннан басқа)
|
170 теңге/литр
|
11.
|
2204, 2205, 2206 00-ден
|
Этил спирті мен алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын немесе пайдаланылатын шарап материалы
|
0 теңге/литр
|
12.
|
2203 00
|
Сыра
|
26 теңге/литр
|
13.
|
2202 90 100 1
|
Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра
|
0 теңге/литр
|
14.
|
2402-ден
|
Фильтрлі сигареттер
|
3000 теңге/1000 дана
|
15.
|
2402-ден
|
Фильтрсіз сигареттер, папиростар
|
3000 теңге/1000 дана
|
16.
|
2402-ден
|
Сигариллалар
|
3700 теңге/1000 дана
|
17.
|
2402-ден
|
Сигаралар
|
475 теңге/1дана
|
18.
|
2403-тен
|
Құрамында никотині бар фармацевтикалық өнімді қоспағанда, тұтыну ыдысына қатталған және түпкілікті тұтынуға арналған түтіктік, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін, қорқорлы және өзге де темекі
|
3800 теңге/килограмм
|
19
|
2709 00-ден
|
Шикі мұнай, газ конденсаты
|
0 теңге/ тонна
|
20
|
8702 тен
|
микроавтобустарды, автобустар мен 100 троллейбустарды қоспағанда, 10 немесе одан да көп адам тасымалдауға арналған, двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын моторлы көлiк құралдары
|
100 теңге/текше см.
|
|
8703 тен
|
двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын, ең бастысы адамдар тасымалдауға арналған жеңiл автомобильдер және өзге де моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)
|
|
|
8704 тен
|
двигателiнiң көлемi 3000 текше см-ден асатын жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиіндегі моторлы көлiк құралдары (арнайы мүгедектерге арналған, қолмен басқарылатын немесе қолмен басқару адаптерi бар автомобильдерден басқа)
|
|
2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға:
Рет №
|
|
1 тоннаға арналған акциз ставкалары (теңгемен)
|
|
|
Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 11410 0-
2710 11590 0)
|
Дизель отыны
(ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 3100-2710 19 490 0)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1
|
Өндірушілердің өз өндірісіндегі бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы
|
4500
|
540
|
2
|
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада сатуы
|
0
|
0
|
3
|
Өндірушілердің бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
|
5000
|
600
|
4
|
Жеке және заңды тұлғалардың бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада сатуы, өзінің өндірістік қажеттілігіне пайдалануы
|
500
|
60
|
5
|
Импорт
|
4500
|
540
|
6.
|
Осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн тауарларды беру
|
4500
|
540
|
Бензиндi (авиациялық бензиндi қоспағанда) бөлшек саудада өткiзген кезде көлемнiң өлшем бірлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
М - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) литрдегi көлемi;
0,730 - бензиннiң (авиациялық бензиндi қоспағанда) барлық түрлерi үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.
Дизель отынын бөлшек саудада өткiзген кезде көлемiнiң өлшем бірлiгi литр болып табылса, литрден тоннаға көшiру мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
, мұнда:
М - өткiзiлген дизель отынының тоннадағы көлемi;
V - өткiзiлген дизель отынының литрдегi көлемi;
0,769 - дизель отыны үшiн тығыздық көрсеткiшi, кг/литр.
Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.
39-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН, ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН
ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ
281-бап. Салық салу объектісі
1. Мыналар:
1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:
акцизделетін тауарларды өткізуі;
акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;
алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;
жарғылық капиталға жарнасы;
акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;
өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;
өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;
өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;
2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;
3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;
6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.
2. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мыналар:
1) егер осы Кодекстің 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;
2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын квоталар шегiнде:
тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;
өз қызметін бастағаны туралы белгіленген тәртіппен хабарлама жасаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спиртіне;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 653-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салудан босатылады.
282-бап. Операция жасалған күн
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күні операция жасалған күн болып табылады.
2. Өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |