Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі



бет91/104
Дата03.07.2016
өлшемі8.24 Mb.
#173617
түріКодекс
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104
§ 2. Дара кәсіпкерді, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тіркеу есебі

 

565-бап. Дара кәсiпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою

1. Жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды салық органы Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiк туралы заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде дара кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк бере отырып жүргiзедi.

2. Салық органдары Қазақстан Республикасының заңнамасымен дара кәсiпкер ретiндегі қызметіне жол берiлмейтiн жеке тұлғаны дара кәсiпкер ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргiзбейдi.

3. Жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою жеке тұлғаның нотариаттық қызметтi, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметтi, адвокаттық қызметтi жүзеге асыруды бастағанға дейiн орналасқан жерi бойынша салық органына ұсынылған дара кәсiпкердi, жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты тiркеу есебiне алу туралы салықтық өтiнiшi негiзiнде жүргiзiледi.



Жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қою үшiн ұсынылған салықтық өтiнiшке түпнұсқаларын көрсете отырып, мынадай құжаттардың:

жеке басын куәландыратын құжаттың;

жеке нотариаттық, адвокаттық қызметпен, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияның;

жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерiн растайтын құжаттың көшірмелері қоса берiледi.

Жылжымайтын мүлiкке меншiк немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады.

Салықтық өтінішті «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде ұсынған жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмайды.

4. Салық органдары салықтық өтінішті алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюды жүргізеді не мұндай тіркеуге қоюдан бас тартады.



Салық органы, егер:

1) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

2) салықтық өтініште көрсетілген нотариаттық қызметті, атқарушылық құжаттарды орындау жөнiндегi қызметті, адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның деректері лицензиялардың мемлекеттік электрондық тізілімінде қамтылған мәліметтерге сәйкес келмеген;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде жоқ болған жағдайда, жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретiнде тiркеу есебiне қоюдан бас тартуды жүргізеді.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 566-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



566-бап. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Салық органы дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгертуді дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат осы баптың 1-тармағында көрсетілген салықтық өтінішті:

1) дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген тіркеу деректері және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректер;

2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері өзгерген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына ұсынуға міндетті.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген салықтық өтінішті ұсыну мерзімі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес салықтық өтінішті ұсынған кезде қолданылмайды.

2-1. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда, мұндай куәлік дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша салық органына ұсынылған салықтық өтініш негізінде ауыстыруға жатады.



Бұл ретте салықтық өтініш осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген құжаттар қоса берілместен ұсынылады.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен  (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді



3. Дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтінішке:

1) дара кәсіпкер - Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу кезінде ұсынылатын құжаттар;

2) жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат - түпнұсқасын көрсете отырып, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жерін растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

Егер дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу деректерін өзгерту үшін салықтық өтініш электрондық түрде ұсынылған жағдайда, осы тармақта көзделген құжаттар ұсынылмайды.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4. Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгертуді, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Егер:

1) дара кәсіпкер осы Кодекстің 579-бабына сәйкес әрекетсіз салық төлеуші деп танылса;

2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басын куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміндегі мәліметтерге сәйкес келмесе;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде болмаса, салық органдары дара кәсіпкердің тіркеу деректерін өзгертуден бас тартады.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуді салық органы тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған салықтық өтінішті алған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде жүргізеді.

Салық органдары осы Кодекстің 565-бабының 4-тармағында белгіленген жағдайларда жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың орналасқан жері туралы мәліметтерді өзгертуден бас тартады.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 567-бап өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



567-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығару

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығаруды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Салық органы жеке тұлғаны жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды жеке тұлғаның дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың тіркеу есебі туралы салықтық өтініші негізінде жүргізеді.

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат ретінде тіркеу есебінен шығаруды орындалмаған салық міндеттемелері болмаған кезде жүргізеді.

 

 



§ 3. Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі

 

568-бап. Қосылған құн салығы бойынша  тіркеу есебіне міндетті түрде қою

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, дара кәсіпкерлер осы баптың 2-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қойылуы тиіс.

Мыналар: мемлекеттік мекемелер;

осы Кодекстің 411, 420 және 442-баптарында көрсетілген тұлғалар тиісінше, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық және бірыңғай жер салығы салынатын қызмет бойынша;

резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатпайды.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді



2. Егер айналымның мөлшері күнтізбелік жыл ішінде осы тармаққа сәйкес айқындалған ең төменгі айналым мөлшерінен асып түскен жағдайда осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар ең төменгі айналымнан асып кетуі туындаған айдың аяқталған күнінен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беруге міндетті.

Айналым мөлшері өсу қорытындысы бойынша:

резидент емес солар арқылы Қазақстан Республикасындағы қызметін жүзеге асыратын жаңадан құрылған резидент заңды тұлғалар, филиалдар, өкілдіктер, - әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркелген күнінен бастап;

салық органдарында дара кәсіпкер ретінде жаңадан тіркеу есебіне тұрған жеке тұлғалар, - салық органдарында тіркеу есебіне қойылған күнінен бастап;

ағымдағы күнтiзбелiк жылда салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған салық төлеушiлер - салық органының шешiмi негiзiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынған күннен кейiнгi күннен бастап;

басқа салық төлеушілер - ағымдағы күнтізбелік жылдың бірінші қаңтарынан бастап айқындалады.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін салық төлеушінің айналымына осы Кодекстің 232-бабында көрсетілген салық салынбайтын айналымды қоспағанда, мынадай:

1) Қазақстан Республикасында тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету бойынша;

2) Қазақстан Республикасында қосылған құн салығын төлеуші болып табылмайтын және қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместен өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша айналым кіреді.

Жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу орны осы Кодекстің 236 немесе 276-5-баптарына сәйкес айқындалады.

3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою мақсаттары үшін шаруа немесе фермер қожалығы үшін арнаулы салық режимінде бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыратын салық төлеуші айналымның мөлшерін анықтау кезінде осы арнаулы салық режиміне жататын қызметті жүзеге асырудан түскен өткізу бойынша айналымды есепке алмайды.

4. Егер құрылтайшы сенімгерлік басқару шарты бойынша не пайда алушы сенімгерлік басқару туындаған өзге де жағдайларда қосылған құн салығын төлеуші болып табылса, сенімгерлік басқарушы орналасқан жері бойынша салық органына сенімгерлік басқару шартын жасасқан күннен не сенімгерлік басқарудың туындауына негіз болып табылатын өзге де құжат күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салық өтінішін беруге міндетті. Өзге де жағдайларда мұндай құрылтайшыны немесе пайда алушыны, сондай-ақ сенімгерлік басқарушыны міндетті түрде есепке қою осы баптың 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



5. Ең төменгi айналым тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiштiң 30000 еселенген мөлшерiн құрайды.

6. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар, егер осы бапта өзгеше көзделмесе қосылған құн салығы бойынша олар тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.

7. Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиалдар, өкілдіктер арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін міндетті түрде қоса береді.

Мынадай құжаттардың бірі салық төлеушінің орналасқан жерін растайтын құжат болып табылады:

жылжымайтын мүлікке меншік (оны пайдалану) құқығын растайтын құжат немесе меншік құқығында орналасқан жері ретінде мәлімделген жылжымайтын мүлкі бар жеке тұлғаның жазбаша келісімі.

Орналасқан жерді растайтын құжат көшірмесін нотариат куәландырған күні мен оны салық органына табыс ету күнінің арасындағы мерзім он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

8. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған тұлға анықталған кезде, салық органы мұндай салық төлеушіні анықтаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оған осы Кодекстің 608-бабында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықты жою туралы хабарлама жібереді.

9. Салық төлеуші осы баптың 8-тармағына сәйкес жіберілген салық органының хабарламасы бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш тапсырмаған жағдайда, осы Кодекстің 608-бабы 5-тармағында белгіленген мерзім аяқталғаннан кейін салық органы осы Кодектің 611-бабында белгіленген тәртіппен салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім шығарады.

 

569-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қою

2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, осы Кодекстің 568-бабы 1-тармағына сәйкес қосылған құн салығы бойынша міндетті есепке қоюға жатпайтын тұлға, орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш беруге құқылы.

Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде тұруға:

дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалардың;

мемлекеттік мекемелердің;

Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асырмайтын резидент еместердің;

осы Кодекстің 411 және 420-баптарында көрсетілген тұлғалардың, тиісінше ойын бизнесі салығы және тіркелген салық салынатын қызметі бойынша;

резидент заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелерінің құқығы жоқ.

Резидент заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасындағы қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын резидент еместер қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін ұсынылған салықтық өтінішке осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса береді.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік бере отырып, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қояды немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша оны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім шығарады.



Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тұлғалар қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою үшін салықтық өтініш берген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап қосылған құн салығын төлеушіге айналады.

3. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтінішті беру күнінде мынадай шарттардың біреуі немесе бірнешеуі бар болғанда:



салық төлеуші осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салық есептілігін тапсыру бойынша салық міндеттемелерін орындамағанда;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен аталған салық төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап екі жыл өтпесе;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3) осы Кодекстің 568-бабы 7-тармағында белгіленген құжаттар тапсырылмаса;

3-1) салық төлеуші әрекетсіз заңды тұлға болып табылса;

4) заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы):

әрекетсіз заңды тұлға;

әрекетсіз дара кәсіпкер;

әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);

іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;

іздеу салынған жеке тұлға болып табылса;

5) заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе дара кәсіпкер:

әрекетсіз дара кәсіпкер;

әрекетсіз заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы);

іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі және (немесе) хабар-ошарсыз кеткен жеке тұлға;

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 192, 192-1, 216 және 217-баптары бойынша өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар жеке тұлға;

іздеу салынған жеке тұлға болып табылса, салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне ерікті түрде қоюдан бас тартады.

4. Қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебіне қоюдан бас тарту туралы шешім салық төлеушіге қолын қойғызып немесе жіберу фактісін растайтын өзге де тәсілмен тапсырылады.



 

570-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қатаң есептілік бланкісі болып табылады және салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою фактісін куәландырады. Куәліктің нысанын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.



Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік салық төлеушіге құжаттарды беру журналына қолын қойғызып беріледі.

2. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік мынадай міндетті деректемелерді:

1) салық төлеушінің атауын және (немесе) тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда);

2) сәйкестендіру нөмірін;

3) салық төлеушіні қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою күнін;

4) салық органының қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікке қол қойған күнімен оны беру күнінің сай келуін;

5) куәлік берген салық органының атауын қамтиды.

3. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қосылған құн салығын төлеушіде сақталады.

4. Салық төлеуші қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік, салық төлеуші куәлікті жоғалтып алған жағдайды қоспағанда, салық органына қайтарылуы тиіс.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



5. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiктi ауыстыруды:

1) қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою туралы куәлiгi жоғалған (бүлiнген) жағдайда - салық төлеушiнiң салықтық өтiнiшi негiзiнде;

2) қосылған құн салығын төлеушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) немесе атауы өзгерген жағдайда - салық төлеушiнiң тегi, аты, әкесi атының (ол болған кезде) немесе атауы өзгеруi туралы сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнiң мәлiметтерi негізінде;

3) қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікте сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда - салық төлеушінің салықтық өтініші негізінде үш жұмыс күнi iшiнде салық органы жүргiзедi.

Салық төлеуші осы тармақшада көзделген салықтық өтінішке мына құжаттардың бірін:

1) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін;

2) сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың көшірмесін - оның түпнұсқасын көрсеткен жағдайда, қоса береді.

Сәйкестендіру нөмірінің бар-жоғын растайтын құжаттың, оның ішінде нотариат куәландырған көшірмесі қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті ауыстыру үшін салық органына табыс етілген салықтық өтінішке, оны осындай салық органына осы Кодекске сәйкес оған сәйкестендіру нөмірін енгізу мақсатында ауыстыру не басқа құжатқа қайта ресімдеу үшін табыс еткен жағдайда, қоса берілмейді.»;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



6. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы жаңа куәлік берілген кезде бұрын салық органы берген куәліктің бланкісі, салық төлеуші аталған куәлікті жоғалтып алған (бүлдірген) жағдайларды қоспағанда, салық органына қайтарылуға жатады.

 

571-бап. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Мынадай шарттар бір мезгiлде сақталған жағдайда:

1) салық салынатын айналым мөлшерi салықтық өтiнiш берiлген жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл үшiн осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан аспаса;

2) салық салынатын айналым мөлшерi мұндай салықтық өтiнiш берiлген ағымдағы күнтiзбелiк жылдың бастапқы кезеңi үшiн осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан аспаса, қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару үшiн қосылған құн салығын төлеушiнiң орналасқан жерi бойынша салық органына қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебi туралы салықтық өтiнiш беруге құқылы.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару үшін ұсынылған салықтық өтінішке мынадай құжаттар:

1) салық төлеуші куәлікті жоғалтып алған жағдайларды қоспағанда, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің түпнұсқасы;

2) қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясы қоса беріледі.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3. Егер осы тармақта өзгеше белгiленбесе, салық органдары салық төлеушiнi осы баптың 2-тармағында белгiленген талап сақталған жағдайда қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығаруды салық төлеушiнiң салықтық өтiнiш берген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жүргiзуге мiндеттi. Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығару күнi мұндай салық төлеушiнiң салық органына салықтық өтiнiш берген күнi болып табылады.

Салық органдары салық төлеушiге салық төлеушiнiң салықтық өтiнiш берген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарудан мынадай:

1) салықтық өтiнiш берген жылдың алдындағы күнтiзбелiк жыл үшiн салық төлеушiнiң салық салынатын айналымының мөлшерi осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан асып түскен;

2) мұндай салықтық өтiнiш берiлген ағымдағы күнтiзбелiк жылдың бастапқы кезеңi үшiн салық төлеушiнiң салық салынатын айналымының мөлшерi осы Кодекстiң 568-бабында белгiленген өткізу бойынша ең төменгi айналымнан асып түскен жағдайларда бас тартады.

Қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен шығарудан бас тарту туралы шешiм уәкiлеттi орган белгiлеген нысан бойынша мұндай бас тартудың себебi көрсетiле отырып, салық төлеушiге жеке қолын қойғызу арқылы немесе жiберу фактiсiн растайтын өзге тәсiлмен табыс етiледi.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4.  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша салық органы шешімінің негізінде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару салық төлеушіні хабардар етпестен мынадай:

1) қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін осы Кодексте оны табыс етудің белгіленген мерзімнен алты ай өткен соң табыс етпеген;

1-1) жазбаша түсіндірме табыс ету үшін осы Кодекстің 558-бабының 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзімнің соңғы күніне мұндай салық төлеушіде ашылған банк шоттары болмаған жағдайда, салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген талапты орындамаған;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) салық төлеуші осы Кодекстің 558-бабы 6-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген талапты орындамаған;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



3) сот үкімінің заңды күшіне енген не қаулысы негізінде қосылған құн салығын төлеуші жалған кәсіпорын деп танылған;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)

4) сот шешiмiнiң заңды күшiне енуi негiзiнде дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны тiркеу жарамсыз деп танылған жағдайларда жүргiзiледi.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді



5. Салық органы қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық төлеушінің орналасқан жері бойынша:

осы баптың 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жағдай анықталған күннен бастап;

осы баптың 4-тармағының 1-1) тармақшасында көзделген жағдайда, осы Кодекстің 558-бабы 5-тармағының бірінші бөлігінде белгіленген мерзім өткен күннен бастап;

салық органы соттың салық төлеушіні жалған кәсіпорын деп тану туралы заңды күшіне енген үкімін не қаулысын алған күннен бастап;

салық органы дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны тiркеудi жарамсыз деп тану туралы заңды күшiне енген сот шешiмiн алған күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей шығарады.

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді



6. Қосылған құн салығын төлеуші салық органының шешімі бойынша қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінен:

осы баптың 4-тармағының 1), 1-1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар үшін - осы шешім шығарылған күннен бастап;

осы баптың 4-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін -қылмыстық іс-әрекет басталған күннен бастап;

осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетiлген тұлға үшiн - қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiне қою күнiнен бастап шығарылды деп танылады.

7. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару:

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын резидент заңды тұлға, Қазақстан Республикасының аумағындағы филиалы, өкілдігі арқылы резидент емес заңды тұлға, дара кәсіпкер қызметін тоқтатқан жағдайда - осы Кодекстің 37 және 41-баптарында көрсетілген салықтық өтініш ұсынылған күннен бастап;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) және 3) тармақшалар жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) заңды тұлғалар бірігу, қосылу жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайларда - осы Кодекстің 39-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап;

3) заңды тұлға бөліну жолымен қайта ұйымдастырылған жағдайда - осы Кодекстің 40-бабында көрсетілген салықтық өтінішті табыс еткен күннен бастап;

4) дара кәсіпкер ретінде тіркелген және қосылған құн салығын төлеуші болып табылатын жеке тұлға қайтыс болған жағдайда - осы Кодекстің 564-бабының 1-тармағында белгіленген тәртіппен салық төлеушілердің мемлекеттік дерекқорынан шығарылған күннен бастап жүргізеді.

8. Қосылған құн салығын төлеуші банкроттық себебі бойынша таратылған кезде қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған немесе дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап жүргізіледі.

9. Салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен қосылған құн салығын төлеушінің шығарылғаны туралы ақпарат қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.

10. Салық органдары қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысын тоқтата тұруды салық төлеуші қызметін тоқтата тұру туралы салықтық өтінішінде көрсеткен кезеңге, бірақ осы Кодекстің 46-бабында белгіленген мерзімнен аспайтын кезеңге қосылған құн салығын төлеушінің салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру туралы шешімнің негізінде жүзеге асырады.



Қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру мерзімін ұзартқан жағдайда қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәліктің қолданысы салық төлеушінің қызметті қайта бастау күніне дейін тоқтатыла тұрады.

11. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік қолданысының тоқтатыла тұруы туралы ақпарат қосылған құн салығын төлеуші салық есептілігін тапсыруды тоқтата тұру туралы шешім шығарылған күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде тоқтата тұру кезеңі көрсетіле отырып уәкілетті органның сайтында орналастырылады.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   104




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет