§ 1. Салық есептілігі
63-бап. Жалпы ережелер
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Салық есептілігі - салық төлеушінің (салық агентінің) осы Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына табыс етілетін, салық төлеуші туралы, салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салық міндеттемелерін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды есептеу туралы мәліметтерді қамтитын құжаты.
Салық есептілігі уәкілетті орган бекіткен пішімді-логикалық бақылау талаптарына сәйкес жасалады.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді; 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық есептілігі салық төлеуші (салық агенті) салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша жасауға және табыс етуге жататын салық декларацияларын, есептеулерін, оларға қосымшаларды, сондай-ақ мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша есептілікті, импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштерді қамтиды. Салық есептілігінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын осы Кодекстің 65 - 67-баптарының ережелерін ескере отырып, уәкілетті орган бекітеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Импортталатын тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларацияны, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтінішті қоспағанда, салық есептілігі мынадай түрлерге бөлінеді:
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) бастапқы есептілік - салық төлеушіні тіркеу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттеме алғаш туындаған салық кезеңі үшін тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді
2) кезекті есептілік - салық төлеушіні тіркелу есебіне қою жүргізілген және (немесе) осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің белгілі бір түрлері бойынша салық міндеттемесі, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау мен аудару және әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндет алғаш туындаған салық кезеңінен кейінгі салық кезеңдері үшін, сондай-ақ салық кезеңi iшiнде салық салу объектiлерi шығып қалған жағдайда - салық кезеңiнiң қорытындылары бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі;
Осы Кодекстің 37-1-тарауының мақсаттарына орай тауарларды импорттаған тұлға осындай тауарлар есепке қабылданған салық кезеңі үшін табыс ететін салық есептілігі импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі кезекті декларация болып табылады;
3) қосымша есептілік - осы өзгерістер және (немесе) толықтырулар жататын салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
4) хабарлама бойынша қосымша есептілік - салық органы камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды анықтаған салық кезеңі үшін бұрын табыс етілген салық есептілігіне осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген кезде тұлға табыс ететін салық есептілігі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
5) тарату есептілігі - салық төлеуші қызметін тоқтатқан немесе қайта ұйымдастырылған кезде осы тұлға салық төлеуші (салық агенті) болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері бойынша, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша, сондай-ақ тіркелу есебінен шығарылған кезде қосылған құн салығы бойынша тұлға табыс ететін салық есептілігі.
64-бап. Салық есептілігін жасау ерекшеліктері
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кодексте көзделген жағдайларда салық салудың әртүрлi шарттары белгiленген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiлер әрбір қызмет түрi бойынша бөлек салық есептілігiн жасайды.
Күнтiзбелiк жыл iшiнде ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi заңды тұлғалар және селолық тұтыну кооперативтерi үшiн арнаулы салық режимiнен жалпыға бірдей белгiленген тәртiпке ауысқан салық төлеушiлер көрсетiлген күнтiзбелiк жылда:
арнаулы салық режимiн;
жалпыға бірдей белгiленген тәртiптi қолданған кезеңi үшiн салық есептілігiн жеке-жеке жасайды.
2. Осы Кодексте бөлек салықтық есепке алуды жүргізу қажеттілігі көзделген жер қойнауын пайдаланушылар осы Кодексте көзделген тәртіппен салық есептілігін жасайды.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Егер салық төлеуші олар үшін уәкілетті орган салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеуші санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші өзі жатқызылатын салық төлеушінің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша салық есептілігін жасауға тиіс.
65-бап. Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. 234-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысандарын салық төлеушілердің мынадай санаттарының әрқайсысы үшін:
1) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) коммерциялық емес ұйымдар;
3) 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен алып тасталды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) ережелерiнде салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделген, өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
4-1) мыналарды:
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдiк балшықтар бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратындарды;
осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) өздеріне декларация толтыру және табыс ету жөніндегі міндет белгіленген, осы тармақтың 2), 4) және 4-1) тармақшаларында көрсетілмеген корпоративтік табыс салығын басқа да төлеушілер үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшалармен қоса бекітеді.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация салық төлеушілердің жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстардың корпоративтік табыс салығын, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетілімдерін, салық салынатын табысты (залалды), салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды, шеккен залалдарды, салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын және салық кезеңі үшін есептелген салық сомасын азайтатын салықтар сомасын декларациялауына арналған.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсатына орай салық органдары пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) құн өсімінен түсетін табыстар (залалдар) жөніндегі;
2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша табыстар мен шығыстар, міндеттемелерді және талаптарды есептен шығару, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бойынша есептен шығару жөніндегі;
3) сыйақылар бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;
4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бойынша белгіленуі мүмкін;
5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) бейрезидент заңды тұлғаның тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыруға байланысты есептен шығарылуға жататын басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;
7) инвестициялық салық преференциялары жөніндегі;
8) салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бойынша белгіленуі мүмкін;
9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалатын шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;
10) шетелдік көздерден алынатын табыстар жөніндегі, жеңілдікті салық салынатын елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар пайдасының немесе пайдасының бір бөлігінің сомалары жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық және есепке жатқызылу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемесін есептеу жөніндегі;
12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі ақпаратты;
13) корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен табыстар мен шығыстар туралы есепті салыстыруды;
14) своп бойынша табыстар (залалдар) жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бойынша белгіленуі мүмкін;
15) мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушылар бойынша салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, салық міндеттемесі туралы;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
16) резиденттің Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде орналасқан тұрақты мекемелері шегерімге жатқызатын, резиденттің басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 17) тармақшамен толықтырылды (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 17) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) өздерiне қатысты осы Кодекстiң 58-бабында және (немесе) 448-бабының 4-тармағында бөлек есепке алуды жүргiзу көзделген салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер туралы, қызмет түрлерi бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу жөніндегі ақпаратты;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
18) корпоративтiк табыс салығын төлеушінің халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарына сәйкес жасалған жылдық қаржылық есептiлiгінде көрсетілуге тиісті мәліметтерді қамтуы мүмкін.
3. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша мынадай:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін - құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан алынатын табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі;
2) коммерциялық емес ұйымдар үшін:
өтеусіз алынған (берілген) мүлік бойынша табыстар мен шығыстар жөніндегі, кіру жарналары жөніндегі, мүшелік жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз мүлікті берген және алған тұлғалар бойынша, кіру жарналарын, мүшелік жарналарды енгізген және алған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
коммерциялық емес ұйымды ұстауға жұмсалатын шығыстар жөніндегі;
іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жұмсалатын шығыстар жөніндегі;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар жөніндегі;
таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған таза табыс жөніндегі;
салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер жөніндегі, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығын жеке есептеу жөніндегі;
салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді, осы Кодекстің 308-1-бабында көзделген жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөніндегі;
табиғи ресурстарды геологиялық зерттеуге, барлауға және өңдіруге дайындық жұмыстарына арналған шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін;
4) банктер және лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар үшін, сондай-ақ мұндай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:
тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша тауарлар өткізуден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;
құрылған провизиялардың (резервтердің) мөлшерлерін азайтудан түсетін табыстар және провизияларды (резервтерді) құру бойынша шығыстар жөніндегі (осы Кодекстің 106-бабына сәйкес шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін);
жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру бойынша жарналар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомасы есеп-қисаптарының мынадай нысандарын:
1) декларация тапсырылғанға дейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;
2) декларация тапсырылғаннан кейінгі кезеңде төленуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасының есеп-қисабын;
3) резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты;
4) бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапты бекітеді.
5. Осы баптың 4-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптар ағымдағы салық кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеуге арналған және оны осы Кодексте корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомасын есептеу және төлеу бойынша міндеттеме белгіленген салық төлеушілер табыс етеді.
6. Осы баптың 4-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген есеп-қисаптарды салық агенттері салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланылатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты көрсету үшін табыс етеді.
Резиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
1) төленетін табыс сомасы;
2) төленген табыс сомасы;
3) корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі;
4) төлем көзінен ұсталатын салық сомасы;
5) іс жүзінде төленген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.
Бейрезиденттің табысынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы бойынша есеп-қисапқа қосымшаның нысанында табыс алушылар бойынша мынадай:
1) салық төлеуші туралы жалпы сәйкестендіру деректері;
2) салық салу объектілері, оның ішінде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектілері туралы;
3) салық мөлшерлемесі туралы;
4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
5) Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыру кезеңі туралы;
6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген салық сомасы туралы ақпарат қамтылуы мүмкін.
2008.10.12 № 100-IV ҚР Заңның 12-бабына сәйкес 66-баптың қолданылуы 2016 ж. 1 қаңтарға дейін тоқтатылды
66-бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
1. Қосылған құн салығы жөніндегі декларация қосылған құн салығын төлеушілердің қосылған құн салығының сомасын есептеуіне және:
1) салық салынатын және салық салынбайтын айналым сомасы;
2) салық салынатын импорт сомасы;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар сатып алу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету сомасы;
4) есепке жатқызуға жататын қосылған құн салығы сомасы;
5) қосылған құн салығы сомасын есепке жатқызудың таңдап алынған әдісі және оны қолданудың нәтижелері;
6) есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған қосылған құн салығы сомасынан асып кетуі, оның ішінде салық кезеңінің аяғында асып кетуі;
7) қосылған құн салығы сомасын есептеу туралы ақпаратты көрсетуіне арналған.
Қосылған құн салығы жөніндегі декларация есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есептелген қосылған құн салығы сомасынан асып кетуін қайтару жөніндегі талапты қамтуы мүмкін.
Бұл ретте есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының қосылған құн салығына есептелген сомадан асып кетуін қайтару жөніндегі талап қосылған құн салығы бойынша бастапқы, кезекті және (немесе) тарату декларацияларында көрсетілуі мүмкін.
2. Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымша салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Қосылған құн салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын өткізу бойынша айналымдар;
2) қосылған құн салығынан босатылатын өткізу бойынша айналымдар;
3) бейрезиденттен сатып алынған жұмыстар, көрсетілетін қызметтер және осындай бейрезидент үшін төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы;
4) салық салынатын айналым мөлшерін және есепке жатқызылған қосылған құн салығының сомасын түзету жөніндегі;
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) сатып алушылар бойынша мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі жазып берген мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Қазақстан Республикасы аумағынан тауарларды импорттаған Кеден одағына мүше мемлекеттің салық төлеушісінің тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініштері бойынша ақпаратты қамтуы мүмкін.
67-бап. Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Уәкілетті орган жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияның мынадай нысандарын осы декларацияға қосымшалармен бірге бекітеді:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары:
оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер;
жекеше нотариустар;
адвокаттар;
жеке сот орындаушылары;
кәсіби медиаторлар үшін Қазақстан Республикасының резидент жеке тұлғалары бойынша осы декларацияға қосымшалармен бірге жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2) салық агенттері болып табылатын салық төлеушілердің мынадай санаттары:
оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын заңды тұлғаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары;
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғалар;
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация;
3) салық төлеушілердің әрбір санаты:
шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасының бейрезидент жеке тұлғалары;
осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстар алатын жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерде табыстар алған салық төлеушілер, Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар үшін осы декларацияға жеке қосымшалармен бірге жеке табыс салығы бойынша декларация;
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Салық агенттері, Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер және Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес (оңайлатылған декларация және патент негізінде шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режімдерін қолданатындарды қоспағанда) әлеуметтік аударымдарды төлеушілер үшін Қазақстан Республикасының азаматтары бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларация:
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) жеке тұлғалардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептелетін және ұсталатын, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін, оның ішінде өзінің пайдасына есептелетін табыстары;
2) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) есептелген салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандарында:
құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке табыс салығының және әлеуметтік салықтың есептелген сомалары;
салық төлеушінің жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт шеңберінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша әлеуметтік салықты есептеуі бойынша ақпарат қамтылуы мүмкін.
Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
3. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бойынша жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларация салық агенттерi үшiн мынадай:
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың өздерінен жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есептелетін және ұсталатын, сондай-ақ әлеуметтік салық, әлеуметтік аударымдар есептелетін табыстары;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) есептелген әлеуметтік жәрдемақылардың Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдардың есептелген сомасынан асып түскен сомалары;
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) салық агенті шегерімге жатқызған, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың есепке жазылған, бірақ төленбеген, жеке табыс салығы есептелетін табыстарының сомасы;
3) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген және бюджетке төленуге жататын салықтың және басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың сомасы туралы ақпаратты көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы және әлеуметтiк салық жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары салық төлеушiлердiң жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келiсiмшарт шеңберiнде жүзеге асырылған қызмет бойынша әлеуметтiк салықтың есептелуi туралы, резиденттер және бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығының есептелуі туралы және жеке табыс және әлеуметтік салықтардың, оның ішінде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелуі туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.
Бұл ретте резиденттер және бейрезиденттер болып табылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың табыстарынан жеке табыс салығын есептеу туралы қосымшаларда табыс алушылар бойынша мынадай:
1) салық төлеушi туралы жалпы сәйкестендiру деректерi;
2) салық салу объектiлерi, оның iшiнде халықаралық шартқа сәйкес салық салудан босатылған салық салу объектiлерi туралы;
3) салық мөлшерлемесі туралы;
4) халықаралық шарттарды қолдану туралы;
5) Қазақстан Республикасында қызметтi жүзеге асыру кезеңi туралы;
6) осы Кодекске немесе халықаралық шартқа сәйкес есептелген, оның iшiнде құрылымдық бөлiмшелер бойынша есептелген жеке табыс салығы мен әлеуметтiк салықтың сомасы туралы;
7) салық шегерiмдерi туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
Осы тармақтың ережелері заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері үшін табыс етілетін, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қатысты салық агенттері үшін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияға да қолданылады.
4. Дара кәсіпкерлердің жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны шаруа немесе фермер қожалықтары үшін, патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимдерін қолданатындарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер табыс етеді.
Осы декларация салық төлеушілердің:
жылдық жиынтық табысқа енгізілген табыстарды;
шегерімге жатқызылған шығыстарды;
табыстар мен шегерімдерді түзетулерді;
салық салынатын табысты (залалды);
салық салынатын табысты азайтатын табыстар мен шығыстарды;
шеккен залалдарды, есептелген салық сомасын декларациялауға арналған.
Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) осы Кодекстің 65-бабы 2-тармағының 1) - 6), 8) - 10), 12) - 15) тармақшаларында көрсетілген;
2) осы Кодекстің 166-бабының 1-тармағында белгіленген салық шегерімдері туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
5. Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияны осы Кодекстің 185-бабының 2-тармағында аталған жеке тұлғалар табыс етеді.
Осы декларация салық төлеушілердің алған табыстарын, төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығының есептелген және төленген сомасын, төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша жеке табыс салығының ұсталған сомасын декларациялауына арналған.
Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалар салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу, Қазақстан Республикасының аумағында және (немесе) одан тысқары жерлерде меншік құқығында мүліктің бар екендігі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Жеке табыс салығы мен мүлік жөніндегі декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) төлем көзінен салық салынатын табыстар туралы;
2) мүліктік және өзге де табыстар туралы;
3) меншік құқығындағы мүлік туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Жеке тұлғалардың басқа санаттары үшін жеке табыс салығы жөніндегі декларацияны осы баптың 4 және 5-тармақтарында аталмаған жеке тұлғалар, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыс алған жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлерді қоспағанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар табыс етеді.
Осы декларация жеке тұлғалардың табыстарын, салық шегерімдерін, жеке табыс салығының сомаларын есептеуді декларациялауға арналған.
Декларацияға қосымшалар табыстардың түрлері мен сомасы туралы, салық органдары салықтық бақылау мақсатына орай пайдаланатын салық міндеттемесін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай:
1) мүліктік және өзге табыстар жөніндегі;
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, кәсіби медиатордың табысы жөніндегі;
3) шет мемлекеттердегі көздерден алынған табыстар, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елде алынған табыстар жөніндегі, сондай-ақ төленген шетелдік салық сомасы және шетелдік салықты есепке жатқызу сомасы жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін. Осы қосымша өздерінен осындай табыстар алынған тұлғалар бойынша белгіленуі мүмкін;
4) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын табыстар жөніндегі;
5) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалардың табыстары жөніндегі және осындай шоттарда ақшаның бар екендігі туралы ақпаратты қамтуы мүмкін.
68-бап. Салық есептілігін табыс ету тәртібі
1. Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде салық органдарына табыс етеді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер салық төлеуші уәкілетті орган олар үшін салық есептілігінің әртүрлі нысандарын белгілеген салық төлеушілер санаттарына жататын болса, онда мұндай салық төлеуші салық есептілігін өзі жатқызылған салық төлеушілердің әрбір санаты үшін көзделген нысандар бойынша табыс етуге тиіс.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді
3. Салық төлеушілер (салық агенттері), егер осы бапта өзгеше көзделмесе, салық есептілігін тиісті салық органдарына таңдауы бойынша:
2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) өзі келу тәртібімен - қағаз жеткізгіште табыс етуге құқылы.
Салық төлеуші (салық агенттері), қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін және мониторинг бойынша есептілікті қоспағанда, салық есептілігін қағаз жеткізгіште халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы табыс етуге құқылы;
2) хабарламасы бар тапсырыс хатпен почта арқылы - қағаз жеткізгіште;
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) салық есептілігін қабылдау және өңдеу жүйесі арқылы - ақпаратты компьютерлік өңдеуге жол беретін электрондық түрде табыс етуге құқылы.
Осы тармақтың 2) тармақшасының ережелері:
мониторингке жататын ірі салық төлеушілер табыс ететін мониторинг бойынша;
қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын салық төлеушілер осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен алынғаннан кейін олар табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігі 3) тармақшасының ережелері осы Кодекстің 571-бабының 4-тармағына сәйкес салық органының шешімімен қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарылғаннан кейін қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын, сондай-ақ осы Кодекстің 579-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген тәртіппен әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер табыс ететін қосылған құн салығы бойынша есептілікке қолданылмайды.
4. Салық есептілігі өзі келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етілген жағдайда екі дана етіп табыс етіледі. Салық есептілігінің салық органының белгісі қойылған бір данасы салық төлеушіге (салық агентіне) қайтарылады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық есептілігінің электрондық пішімінің құрылымы, салық есептілігін электрондық түрде жасауға және табыс етуге арналған бағдарламалық қамтылым, салық есептілігін жасау жөніндегі пішімді-логикалық бақылаудың талаптары және осы бағдарламалық қамтылымды жаңарту салық есептілігін табыс ету мерзімі басталғанға дейін отыз жұмыс күнінен кешіктірілмей тұрақты негізде уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-тармақ өзгертілді; 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, таратудың салық есептілігі табыс етілгеннен кейін салық төлеуші (салық агенті) салық органына, қосымша және (немесе) хабарлама бойынша қосымша есептілікті қоспағанда, келесі салық есептілігін табыс етуге құқылы емес.
Аяқталмаған салық кезеңі үшін табыс етілген таратудың салық есептілігі:
1) салық төлеуші (салық агенті) салықтық тексеру аяқталғаннан кейін тарату туралы, бөлiну жолымен қайта ұйымдастыру туралы шешімді өзгерткен;
2) салық төлеуші дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарғанға дейін кәсіпкерлік қызметті тоқтату туралы шешімді өзгерткен;
3) осы Кодекстің 43-1-бабының 4-тармағында көзделген, дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебінен шығарудан бас тарту туралы шешім шығарылған жағдайларда, салық кезеңі үшін кезекті салық есептілігіне теңестіріледі.
Салық төлеуші таратудың салық есептілігі табыс етілген күннен бастап келесі салық кезеңдері үшін салық есептілігін осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімдерде тиісті салық органдарына табыс етуге міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Салық салу объектілері болмаған кезде, осы Кодекстің 149-бабында, 162-бабының 1-тармағында, 185, 270, 296, 364,437-баптарында көзделген салық есептілігін қоспағанда, салық есептілігі табыс етілмейді.
Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін табыс ету жөніндегі міндеттеме қосылған құн салығын төлеушілер ретінде тіркелген тұлғаларға қолданылады.
Акциз бойынша салық есептілігiн табыс ету жөніндегі мiндеттеме осы Кодекстiң 574-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 5) тармақшаларына сәйкес (темекі өнімдерін көтерме сатуды қоспағанда) салық органдарында тiркеу есебiнде тұрған салық төлеушiлерге қолданылады.
8. Декларацияларға, есеп-қисаптарға қосымшалар оларда көрсетілуге жататын деректер болмаған кезде табыс етілмейді.
2009.30.12 № 234-IV Заңымен 69-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
Достарыңызбен бөлісу: |