Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы



бет33/126
Дата25.02.2016
өлшемі9.34 Mb.
#25373
түріКодекс
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126
қолданысқа енгізілді

9) жаңа материалдарды (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;

2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

9-1) тұрмыстық электр аспаптарын: тоңазытқыштар, мұздатқыштар, кір жуғыш машиналар жасау;

2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



10) арнайы экономикалық аймақтарды құру және олардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылыс объектісі арнайы экономикалық аймақ құру мақсаттарына сәйкес келетіні туралы қорытындысы болған кезде осы тармақтың 1) - 9-1) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді жобалау-сметалық құжаттама шегінде салу және пайдалануға беру.

2. Осы Кодекстiң 150-бабының 2-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 4) тармақшасын қолдану мақсатында «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi мыналар болып табылады:



1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етiлiмдi (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзiрлеу, енгiзу және жасау;

2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);

3) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу.

2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) - 9-1) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді



4. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметiн «Инновациялық технологиялар паркi» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

4-тармақтың екінші, үшінші абзацтары 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызметті жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) - 9-1) тармақшаларында тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 10) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

2014.10.06. № 208-V ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5. Бюджетке төленуге жататын әлеуметтік салық сомасын айқындау кезінде бір мезгілде мынадай шарттар сақталғанда:

жеңілдікті қолданудың ең ұзақ кезеңі - заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес арнайы экономикалық аймақ қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген әлеуметтік салық жөніндегі салық кезеңінен бастап 5 жыл болса;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстары жылдық жиынтық табыстың кемінде 50 пайызын құраса;

корпоративтік табыс салығы бойынша салық кезеңі ішінде аталған қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу шығыстарының 90 пайызын Қазақстан Республикасы резидент қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шығыстары құраса, осы баптың 1-тармағының 1) - 9-1) тармақшаларында, 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асырумен ғана айналысатын қызметкерлердің кірістері түрінде төленетін жұмыс берушінің шығыстары бойынша есептелген әлеуметтік салық пен осындай қызметкерлер бойынша «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес есептелген әлеуметтік аударымдар сомасы арасындағы айырма 100 пайызға азайтылады.

6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 5-тармағында белгіленген талаптар сақталмаған болса, салық төлеуші:



1) әлеуметтік салықты осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабында белгіленген тәртіппен есептеуге;

2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей әлеуметтік салық осы баптың 5-тармағында белгіленген ережелерді қолданбай, осы Кодекстің 357-бабына сәйкес есептелуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес әлеуметтік салық бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.

7-тармақ 2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді



7. Әртүрлі қызмет салаларында және аяларында қолдануға арналған, бұрын қолданылмаған немесе бұрын белгісіз болған жаңа қасиеттерге ие металл немесе металл емес негіздегі конструкциялық материалдар осы баптың мақсаттары үшін әртүрлі мақсаттағы жаңа материалдар болып табылады.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-5-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-5-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-5-бап. Қызметiн «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Осы Кодекстiң 150-бабы 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетiн қызмет түрлерi:

1) киiмнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарын шығару;

2) өзге де тоқылған және трикотаж бұйымдарын шығару;

3) үлбірден және теріден тігілетін киімді қоспағанда, киім шығару;

4) иірілген, тоқылған және әрлендірілген бұйымдар шығару;

5) киімнен басқа, тоқыма емес бұйымдар шығару;

6) кiлемдер мен кiлем бұйымдарын шығару;

7) ағаш қоймалжыңын және целлюлоза шығару;

8) қағаз және қатырма қағаз шығару;

9) теріні илеу мен өңдеуді, үлбірді өңдеу мен бояуды қоспағанда, тері өнімін шығару;

10) жазу қағазы бұйымдарын шығару болып табылады.

2. Қызметiн «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2011.21.07. № 470-ІV ҚР Заңымен 151-6-баппен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-6-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



151-6-бап. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) туристік қызметтер көрсету;

2) мынадай талаптарды сақтаған:

салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілер ойын бизнесімен байланысты болмайтын;

салынуы және пайдалануға берілуі жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылатын жағдайда, туристер орналасатын орындарды, санаторий және сауықтыру объектілерін салу және пайдалануға беру.

2. Қызметiн «Бурабай» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеуi кезiнде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерiн жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын салық салу объектiлерi және (немесе) салық салуға байланысты объектiлер бойынша:

жер салығын есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетiлген, бiрақ уақытша өтеулi жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерiн берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзiмге жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдердi есептеу кезiнде тиiстi мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлiкке салынатын салықты есептеу кезiнде салық салу объектiлерiнiң орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-7-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



151-7-бап. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) металлургия өнеркәсібі;

2) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3) авиация, автомобиль және мотоцикл қозғалтқыштарынан басқа, қозғалтқыштар мен турбиналарды жасау;

4) автокөлік құралдарын, трейлерлер және жартылай тіркемелерді жасау;

5) компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнімдерді жасау;

6) электр жабдықтарын жасау;

7) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;

8) резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау;



9) құрылыс материалдары мен металл емес минералдық өнімдер өндіру;

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 10) - 31) тармақшалармен толықтырылды (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

10) гидравликалық жабдықты жасау;

11) өзге де сорғыларды, компрессорларды, тығындар мен қақпақшаларды жасау;

12) өзге де шүмектер мен вентильдер жасау;

13) подшипниктерді, тегершіктер мен тісті берілістердің элементтерін және жетектерді жасау;

14) плиталар, пештер және пеш оттықтарын жасау;

15) көтеру және тасымалдау жабдығын жасау;

16) қол электр құралдарын жасау;

17) өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын жасау;

18) сұйық минералдарға арналған тазалау аппараттарын жасау;

19) сұйық минералдарды немесе ұнтақтарды өндіруге, диспергациялауға немесе тозаңдатуға арналған жабдықты жасау;

20) мұнайды тазалауға, химия өнеркәсібіне, сусындар өндіру жөніндегі индустрияға арналған тазалау жабдығын жасау;

21) центрифугалар (қаймақайырғыштар мен кептіру аппараттарын қоспағанда) жасау;

22) судың кері циркуляциясы арқылы тікелей суыту үшін су суыту бағандарын жасау;

23) ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын жасау;

24) металдарды қысыммен өңдеуге арналған жабдықты жасау;

25) өзге де металл өңдейтiн станоктарды жасау;

26) металлургияға арналған машиналар мен жабдықты жасау;

27) тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, жерасты жұмыстарына және құрылысқа арналған техниканы жасау;

28) тамақ өнiмдерiн, сусындарды және темекi бұйымдарын өндiруге және қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау;

29) тоқыма, тiгiн, үлбiр және терi бұйымдарын дайындауға арналған жабдықты жасау;

30) қағаз бен қатырма қағазды дайындауға арналған техниканы жасау;

31) резеңкенi, пластмассалар мен басқа да полимер материалдарды қайта өңдеуге арналған жабдықты жасау.

2. Қызметін «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:



жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезінде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

3. Бюджетке төленуге жататын корпоративтік табыс салығының сомасын айқындау кезінде осы Кодекстің 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтік табыс салығының сомасы 100 пайызға азайтылады.



 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 151-8-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



151-8-бап. Қызметін «Қорғас - Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

1. Осы Кодекстiң 150-бабының 1-тармағы бiрiншi бөлiгiнiң 5) тармақшасын қолдану мақсатында «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері мыналар болып табылады:

1) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;

2) тамақ өнімдерін өндіру;

3) тері және оған жататын өнім өндіру;

4) тоқыма бұйымдарын жасау;

5) өзге де металл емес минералдық өнiмдердi өндiру;

6) химия өнеркәсiбi өнiмдерiн өндiру;

7) машиналар мен жабдықтан басқа, дайын металл бұйымдарын жасау;

8) басқа санаттарға енгізілмеген машиналар мен жабдық жасау;

9) жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес көрмелер, мұражайлар ұйымдастыруға арналған ғимараттар, қойма және әкімшілік ғимараттарын салу.

2. Қызметін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдардың салықтарды және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеуі кезінде арнайы экономикалық аймақтың аумағында орналасқан және осы баптың 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруда пайдаланылатын салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер бойынша:



жер салығын есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартында көрсетілген, бірақ уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығына жер учаскелерін берген күннен бастап он жылдан аспайтын мерзімге жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдерді есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге 0 коэффициент;

мүлікке салынатын салықты есептеу кезіңде салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0 пайыз мөлшерлеме қолданылады.

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



3. Егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, қызметін «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйым бюджетке төленуге жататын корпоративтiк табыс салығының сомасын айқындау кезiнде осы Кодекстiң 139-бабына сәйкес есептелген корпоративтiк табыс салығының сомасын 100 пайызға азайтады.

Осы тармақтың ережелері осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асырудан алынған (алынуға жататын) табыстар бойынша есептелген корпоративтік табыс салығына қолданылмайды.

Егер осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет түрін жүзеге асыратын ұйым сонымен қатар осы баптың 1-тармағының 1) - 8) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінің біреуін жүзеге асыратын болса, мұндай ұйым корпоративтік табыс салығы бойынша салық міндеттемесін есептеу мақсатында осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген қызмет бойынша және басқа да қызмет бойынша бөлек есепке алуды жүргізеді.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет