Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі



бет4/126
Дата25.02.2016
өлшемі9.34 Mb.
#25373
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126
§ 4. Электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі

572-бап. Электрондық салық төлеушіні тіркеу есебіне қою

573-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны ауыстыру және жою

§ 5. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі

574-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою

575-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің тіркеу деректерін өзгерту және толықтыру

576-бап. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару

§ 6. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебі



577-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебіне қою

578-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді орналасқан жері бойынша тіркеу есебінен шығару

§ 7. Әрекетсіз салық төлеуші және тарату сатысында тұрған салық төлеуші

579-бап. Әрекетсіз салық төлеуші

580-бап. Тарату сатысында тұрған салық төлеуші



§ 8. Салық төлеушіні тіркеу және оны тіркеу есебіне алу кезінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, уәкілетті органдардың міндеттері

581-бап. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың міндеттері

582-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың салық төлеушіні тіркеуді және оны тіркеу есебіне алуды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимылы

583-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың салық органдарымен өзара іс-қимыл кезіндегі міндеттері

 

82-тарау. Салықтық нысандарды қабылдау. Камералдық бақылау



584-бап. Салықтық нысандарды қабылдау

585-бап. Камералдық бақылау

586-бап. Камералдық бақылау жүргізудің тәртібі мен мерзімі

587-бап. Камералдық бақылау нәтижелері

 

83-тарау. Салық міндеттемелерінің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару мен әлеуметтік аударымдарды төлеу бойынша міндеттердің орындалуын есепке алу

588-бап. Жалпы ережелер

589-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын ашу және жүргізу

590-бап. Салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есептелген, кемітілген сомаларын есепке алу

591-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдардың есепке жазылған сомаларын есепке алу

592-бап. Төленген, есепке жатқызылған, қайтарылған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды есепке алу

593-бап. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есепке алу

594-бап. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдар бойынша есеп-қисаптарды салыстырып тексеру жүргізу

595-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын беру

596-бап. Қаулыны орындаудың мерзімі өтуіне байланысты айыппұл төлеу бойынша міндеттеменің тоқтатылуы

597-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) дербес шотын жабу

598-бап. Салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтерді беру тәртібі

§ 1. Салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, өсімпұлдар мен айыппұлдарды есепке жатқызу және қайтару



599-бап. Артық төленген салық, төлемақы және өсімпұл сомаларын есепке жатқызу

600-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуін есепке жатқызу

601-бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару

602-бап. Салықтың, төлемнің, өсімпұлдың артық төленген сомаларын қайтару

603-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн сомасының есептелген салық сомасынан асып кетуін қайтару

604-бап. Басқа да негіздер бойынша қосылған құн салығын қайтару

605-бап. Айыппұлдың төленген сомасын қайтару

606-бап. Бюджетке басқа да міндетті төлемдердің төленген сомасын қайтару



 

84-тарау. Салық міндеттемесін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелерді орындау жөніндегі хабарлама

607-бап. Жалпы ережелер

608-бап. Хабарламаны тапсыру және орындау тәртібі

 

85-тарау. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері



609-бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері

610-бап. Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің мерзімінде төленбеген сомасына өсімпұл



611-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

612-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру

613-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу



 

86-тарау. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары



614-бап. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары

615-бап. Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу

616-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегі сомасын оның дебиторларының шоттарынан өндіріп алу

617-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебінен салық берешегі есебіне өндіріп алу

618-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі

619-бап. Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші (салық агенті) акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару

620-бап. Салық төлеушіні (салық агентін) банкрот деп тану

621-бап. Салық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау

622-бап. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу

 

87-тарау. Ірі салық төлеушілер мониторингі



623-бап. Жалпы ережелер

624-бап. Мониторинг бойынша есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімі

 

88-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі



625-бап. Жалпы ережелер

626-бап. Салық органдарының тәуекелдерді бағалау және басқару жөніндегі іс-қимылы



 

89-тарау. Салықтық тексерулер

§ 1. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

627-бап. Салықтық тексерулер ұғымы, типтері мен түрлері

§ 2. Салықтық тексерулер жүргізудің тәртібі мен мерзімі



628-бап. Салықтық тексерулер жүргізудің мерзімділігі

629-бап. Салықтық тексерулер жүргізудің мерзімі

630-бап. Кезектен тыс құжаттық тексерулерді жүргізудің ерекшеліктері

631-бап. Салықтық тексеру туралы хабарландыру



632-бап. Салықтық тексеру жүргізуге негіз

633-бап. Салықтық тексеру жүргізудің басталуы

634-бап. Хронометраждық зерттеп-тексеру жүргізудің ерекшеліктері

635-бап. Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомаларының дұрыстығын растау бойынша салық төлеушінің қосылған құн салығы бойынша декларациясында көрсетілген талаптар негізінде тақырыптық тексерулер жүргізу тәртібі

635-1-бап. Бейрезиденттің салықтық өтінішінің негізінде бюджеттен немесе шартты банк салымынан табыс салығын қайтару мәселесі бойынша салық агенттерін тақырыптық тексеру жүргізу тәртібі

636-бап. Салық органы лауазымды адамдарының салықтық тексеру жүргізу үшін аумаққа немесе үй-жайға жіберілуі



637-бап. Салықтық тексеруді аяқтау

638-бап. Салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім

§ 3. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді жанама әдіспен айқындау



639-бап. Жалпы ережелер

640-бап. Есепке алу және өзге де құжаттар (мәліметтер) болмаған кездегі салықтық тексерулер

641-бап. Ақпарат көздері

642-бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі

643-бап. Салық салу объектілерін жекелеген жағдайларда айқындау

 

90-тарау. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі



644-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

645-бап. Жалпы ережелер

645-1-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу кезінде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді қабылдау, сақтау және салық органдарына беру тәртібі

646-бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою



647-бап. Бақылау-касса машинасының тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу

648-бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару

649-бап. Фискалдық есепті алу және бақылау чегінің мазмұнына қойылатын талап

650-бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану

651-бап. Мемлекеттік тізілім

652-бап. Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібінің сақталуын салықтық бақылау



 

91-тарау. Салықтық бақылаудың өзге де нысандары



653-бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау

654-бап. Трансферттік баға белгілеу кезіндегі бақылау

655-бап. Мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуға жататын) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және өткізу тәртібінің сақталуын бақылау

656-бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау



 

92-тарау. Салық төлеушілерге көмек

657-бап. Салық төлеушілерге көмек

658-бап. Салық заңнамасын насихаттау

659-бап. Электронды түрде салық есептілігін тапсыру үшін тегін бағдарламалық қамтамасыз етілімді беру

660-бап. Салық төлеуші сұрау салған құжат дайындығының жай-күйін қарауға қол жеткізуі үшін терминалдар желісін дамыту

661-бап. Салық міндеттемесін орындау бойынша бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыру тәртібі туралы мәліметтерді табыс ету

662-бап. Салық органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар

663-бап. Салық органдары интернет-ресурстарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету



664-бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету

665-бап. Салық органдарының салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олардың салықтық міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек туралы ақпаратты тарату тәртібі



 

21-бөлім. Салықтық тексеру нәтижелеріне және салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау



93-тарау. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасау тәртібі

666-бап. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушілердің (салық агенттерінің) шағымдарын қарайтын органдар

667-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағым беру тәртібі

668-бап. Салық төлеуші (салық агенті) шағымының нысаны мен мазмұны

669-бап. Шағымды қараудан бас тарту

670-бап. Жоғары тұрған салық органына жіберілген шағымды қарау тәртібі

671-бап. Шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шығару

672-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

673-бап. Жоғары тұрған салық органы шешімінің нысаны мен мазмұны

674-бап. Жоғары тұрған салық органына немесе сотқа шағым берудің салдары

675-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі



 

94-тарау. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарау тәртібі



676-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараудың нәтижелері бойынша шешімді қайта қарауды жүзеге асыратын орган

677-бап. Уәкілетті органға шағым берудің тәртібі

678-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымның нысаны мен мазмұны

679-бап. Шағымды қараудан бас тарту

680-бап. Уәкілетті органға жіберілетін шағымды қарау тәртібі

681-бап. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім шығару

682-бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

683-бап. Уәкілетті орган шешімінің нысаны мен мазмұны

684-бап. Уәкілетті органға шағым берудің салдары

685-бап. Қосымша тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі



 

95-тарау. Салық органдары лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасау тәртібі



686-бап. Шағым жасау құқығы

687-бап. Шағым жасау тәртібі

688-бап. 2014 жылғы 7 қарашадағы № 248-V ҚР Заңымен алып тасталды

 

 

1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ



 

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар

Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемеcін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.

 

2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

«Салық заңнамасын қолданудың сот практикасы туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2013 жылғы 27 ақпандағы № 1 нормативтік қаулысын қараңыз

2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.

3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.

4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.

5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.



 

3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.

3-баптың 2-тармағы  2008.10.12  № 100-IV ҚР Заңның 1 бабына сәйкес 2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді

2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.

 

4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері

1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.

2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.



 

5-бап. Салық салудың міндеттілігі принципі



Салық төлеуші - салық міндеттемесін, салық агенті салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндетті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға міндетті.

 

6-бап. Салық салудың айқындылығы принципі



Қазақстан Республикасының салықтары және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салық міндеттемесі, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндеті туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленуін білдіреді.

 

7-бап. Салық салудың әділдігі принципі

1. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

2. Жеке-дара сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тыйым салынады.



 

8-бап. Салық жүйесінің біртұтастығы принципі



Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты бірыңғай жүйе болып табылады.

 

9-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принципі



Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілер ресми басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.

 

10-бап. Салық саясаты



Салық саясаты - мемлекеттің қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.

 

11-бап. Салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес

1. Салық міндеттемелерін орындау барысында туындауы мүмкін түсініксіздіктерді, дәлсіздіктер мен қайшылықтарды жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарудың ықтимал схемаларының жолын кесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Консультациялық кеңес құруға құқылы.

2. Консультациялық кеңестің құрамын және ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.



 

12-бап.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет