Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 407-бап жаңа редакцияда
407-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеу мен төлеу
Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша жеке тұлға (оның iшiнде жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор) мүлік салығын осы Кодекстің 57-тарауында патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін белгіленген тәртіппен, осы Кодекстің 398-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдана отырып есептейді, төлейді және осы салық бойынша салық есептілігін табыс етеді.
Мұндай ғимараттар (ғимарат бөліктері) бойынша салық базасы осы Кодекстің 397-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалады.
2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен 408-бап жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
408-бап. Салық мөлшерлемелері
Салық базасы осы Кодекстiң 406-бабына сәйкес айқындалатын жеке тұлғалардың мүлiк салығы салық салу объектiлерiнiң құнына қарай, мынадай мөлшерлемелер бойынша есептеледi:
1
|
2
|
3
|
1.
|
2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
салық салу объектілері құнының 0,05 пайызы
|
2.
|
2 000 000 теңгеден жоғары
4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
1000 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын соманың 0,08 пайызы
|
3.
|
4 000 000 теңгеден жоғары
6 000 000 тенгеге дейін қоса алғанда
|
2 600 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын соманың 0,1 пайызы
|
4.
|
6 000 000 теңгеден жоғары
8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
4 600 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын соманың 0,15 пайызы
|
5.
|
8 000 000 теңгеден жоғары
10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
7 600 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын соманың 0,2 пайызы
|
6.
|
10 000 000 теңгеден жоғары
12 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
11 600 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын соманың 0,25 пайызы
|
7.
|
12 000 000 теңгеден жоғары
14 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
16 600 теңге + 12 000 000 теңгеден асатын соманың 0,3 пайызы
|
8.
|
14 000 000 теңгеден жоғары
16 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
22 600 теңге + 14 000 000 теңгеден асатын соманың 0,35 пайызы
|
9.
|
16 000 000 теңгеден жоғары
18 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
29 600 теңге + 16 000 000 теңгеден асатын соманың 0,4 пайызы
|
10.
|
18 000 000 теңгеден жоғары
20 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
37 600 теңге + 18 000 000 теңгеден асатын соманың 0,45 пайызы
|
11.
|
20 000 000 теңгеден жоғары
75 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
46 600 теңге + 20 000 000 теңгеден асатын соманың 0,5 пайызы
|
12.
|
75 000 000 теңгеден жоғары
100 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
321 600 теңге + 75 000 000 теңгеден асатын соманың 0,6 пайызы
|
13.
|
100 000 000 теңгеден жоғары 150 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
471 600 теңге + 100 000 000 теңгеден асатын соманың 0,65 пайызы
|
14.
|
150 000 000 теңгеден жоғары 350 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
796 600 теңге + 150 000 000 теңгеден асатын соманың 0,7 пайызы
|
15.
|
350 000 000 теңгеден жоғары 450 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда
|
2 196 600 теңге + 350 000 000 теңгеден асатын соманың 0,75 пайызы
|
16.
|
450 000 000 теңгеден жоғары
|
2 946 600 теңге + 450 000 000 теңгеден асатын соманың 2 пайызы
|
409-бап. Салықты есептеу мен төлеу тәртібі
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілер;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша аяқталмаған құрылыс объектісін меншік құқығында иеленудің немесе пайдаланудың нақты мерзімін ескере отырып, жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары тиісті салық мөлшерлемесін салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан, салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірмей жүргізеді.
Бұл ретте салықты есептеу әрбір салық кезеңі үшін бөлек жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Егер салық салу объектісі салық кезеңі ішінде меншік құқығында он екі айдан аз болса немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану кезеңі он екі айдан аз болса, осындай объектілер бойынша төленуге жататын мүлік салығы осы баптың 1-тармағына сәйкес айқындалған салық сомасын он екіге бөлу және салық салу объектісінің меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Бұл ретте меншік құқығында болудың немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдаланудың нақты кезеңі салық кезеңінің басынан (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) немесе объектіге меншік құқығы туындаған немесе аяқталмаған құрылыс объектісін пайдалану фактісі анықталған айдың 1 күнінен бастап осындай объектілерге меншік құқығы берілген айдың 1 күніне дейін немесе салық кезеңінің соңына дейін (егер объект осы күнге меншік құқығында болған немесе пайдаланылған жағдайда) айқындалады.
3. Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін салық олардың осы мүліктегі үлесіне барабар есептеледі.
4. Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салықты есептеу әрбір салық салу объектісі бойынша бөлек жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде мемлекеттік уәкілетті орган беретін, жойылу, қирау, бұзылу фактілерін растайтын құжаттар болғанда салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
6. Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде, осы құқық туындаған айдың бірінші күнінен бастап салық сомасын қайта есептеу жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Бюджетке салық төлеу жеке тұлғалардың мынадай салық салу объектілері:
1) құқығы алғаш рет ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінің ішінде тіркелген салық салу объектілерін қоса алғанда, құқығы ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарына дейін тіркелген объектілері;
2) пайдалану фактісі ағымдағы салық кезеңінің алдындағы салық кезеңінде анықталған, аяқталмаған құрылыс объектілері бойынша салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша ағымдағы салық кезеңінің 1 қазанынан кешіктірілмей жүргізіледі.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Меншік құқығын берген тұлға салық салу объектісін иеленудің нақты кезеңі үшін төленуге жататын салық сомасын меншік құқықтары мемлекеттік тіркелгенге дейін немесе сол сәтте бюджетке енгізуге тиіс.
Салық салу объектісіне меншік құқығын мемлекеттік тіркеу кезінде тараптардың бірі (келісім бойынша) салықтың жылдық сомасын бюджетке енгізуі мүмкін. Аталған салық сомалары кейіннен қайталап төленбейді.
2011.25.03. № 421-IV ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
9. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде (бастапқы тіркеуді қоспағанда) уәкілетті мемлекеттік орган салық салу объектілерінің құнын айқындамаған жағдайда, салық алдыңғы салық кезеңінде есептелген салық сомасы негізге алына отырып төленеді.
410-бап. Салық кезеңі
1. Жеке тұлғалардың мүлік салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.
2. Жеке тұлғалардың салық салу объектілері жойылған, бұзылған, қираған кезде, салық салу объектілерінің жойылу, қирау, бұзылу фактісі болған ай салық кезеңінің есеп-қисабына кіреді
16-БӨЛІМ. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
59-тарау. ОЙЫН БИЗНЕСІ САЛЫҒЫ
411-бап. Төлеушілер
Мынадай:
1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) тотализатор;
4) букмекерлік кеңсе қызмет көрсетулер жөніндегі қызметті жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ойын бизнесі салығын төлеушілер болып табылады.
412-бап. Салық салу объектілері
Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде:
1) ойын үстелі;
2) ойын автоматы;
3) тотализатор кассасы;
4) тотализатордың электронды кассасы;
5) букмекер кеңсесінің кассасы;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасы ойын бизнесіне салық салу объектілері болып табылады.
413-бап. Салық мөлшерлемелері
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 413-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
1. Салық салу объектісінің бірлігінен ойын бизнесіне салық мөлшерлемесі:
1) ойын үстеліне - айына айлық есептік көрсеткіштің 830 еселенген мөлшерін;
2) ойын автоматына - айына айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін;
3) тотализатор кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
4) тотализатордың электронды кассасына - айына айлық есептік көрсеткіштің 125 еселенген мөлшерін;
5) букмекер кеңсесінің кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін;
6) букмекер кеңсесінің электронды кассасына - айына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 75 еселенген мөлшерін құрайды.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген салық мөлшерлемесі Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
414-бап. Салық кезеңі
Ойын бизнесі салығы үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
415-бап. Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
1. Ойын бизнесі салығын есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 412-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
2. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде, ойын бизнесі салығы белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
3. Ойын бизнесі салығы есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 416-бап жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
416-бап. Ойын бизнесi салығын төлеушiлердiң қосымша төлемi
1. Қосымша төлем ойын бизнесi саласындағы қызметтен алынған табыстың сомасы осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi сомасынан асып түскен жағдайда есептеледi.
2. Ойын бизнесi салығын төлеушiлер үшiн салық кезеңi iшіндегі табыстың шектi мөлшерi:
1) казино қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 135000 еселенген мөлшерiн;
2) ойын автоматтары залы қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 25 000 еселенген мөлшерiн;
3) тотализатор қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2500 еселенген мөлшерiн;
4) букмекер кеңсесi қызметiнен - айлық есептiк көрсеткiштiң 2000 еселенген мөлшерiн құрайды.
3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген табыстың шектi мөлшерi Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Қосымша төлемді есептеу мақсатында салық кезеңі үшін ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыру нәтижесінде алынған табыс сомасы мен құмар ойынына және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төлем сомасы арасындағы оң айырма осындай қызметтен алынған табыс болып танылады.
417-бап. Қосымша төлемді есептеу және төлеу тәртібі
1. Қосымша төлем табыстың шекті мөлшерінен асып түсетін сомаға осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлемені қолдану арқылы есептеледі және ол есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей төленуге жатады.
2. Ойын бизнесі салығын төлеушілер ойын бизнесі саласындағы қызметтің бірнеше түрін жүзеге асырған кезде қосымша төлем ойын бизнесі саласындағы әрбір қызмет түрінен алынған табыстан бөлек есептеледі.
3. Осы Кодекстің 411-бабында көрсетілмеген және ойын бизнесі саласына жатпайтын кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде ойын бизнесі салығын төлеушілер қызметтің көрсетілген түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 418-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
418-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі
Ойын бизнесі салығы бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебi бойынша салық органына табыс етіледі.
17-БӨЛІМ. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
60-тарау. ТІРКЕЛГЕН САЛЫҚ
419-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы тарауда қолданылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:
1) бильярд үстелі - торлары (жақтауларда саңылаулары) бар және оларсыз бильярд ойынына арналған арнаулы үстел;
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2) ойын жолы - боулинг ойынына арналған арнаулы жол (кегельбан);
3) ұтыссыз ойын автоматы - ойындар өткізу үшін пайдаланылатын арнаулы жабдық (механикалық, электрлі, электронды және өзге де техникалық жабдық);
4) карт - қорапсыз, дифференциалсыз және дөңгелектерінде серпінді аспа жоқ, жұмыс көлемі 250 текше сантиметрге және ең жоғары жылдамдығы сағатына 150 километрге дейін жететін екітактілі двигательді, көлемі шағын жарыс автомобилі.
420-бап. Төлеушілер
Тіркелген салықты төлеушілер:
1) ұтыссыз ойын автоматтарын;
2) ойын өткізуге пайдаланылатын дербес компьютерлерді;
3) ойын жолдарын (боулинг (кегельбан);
4) картты (картинг);
5) бильярд үстелдерін (бильярд) пайдалана отырып, қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып табылады.
421-бап. Тіркелген салық салу объектілері
Мыналар:
1) бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
2) біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы;
3) ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер;
4) ойын жолы;
5) карт;
6) бильярд үстелі тіркелген салық салу объектісі болып табылады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 422-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
422-бап. Тіркелген салықтың мөлшерлемелері
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
1. Айына салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ең төмен және ең жоғары базалық мөлшерлемелерінің мөлшері:
Рет №
|
Салық салу объектісінің атауы
|
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
Тіркелген салықтың базалық мөлшерлемелерінің ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1.
|
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
12
|
2.
|
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
|
1
|
18
|
3.
|
Ойын өткізу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер
|
1
|
4
|
4.
|
Ойын жолы
|
5
|
83
|
5.
|
Карт
|
2
|
12
|
6.
|
Бильярд үстелі
|
3
|
25
|
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
1-1. Салық мөлшерлемесі Республикалық Бюджет туралы Заңда белгiленген және салық кезеңiнiң бірiншi күнi қолданыста болған айлық есептiк көрсеткiш мөлшерi негiзге алына отырып айқындалады.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
2. Қызметін бір әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілейді.
423-бап. Салық кезеңі
Тіркелген салық үшін салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады.
424-бап. Тіркелген салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
1. Тіркелген салықты есептеу, егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, осы Кодекстің 421-бабында айқындалған әрбір салық салу объектісіне тиісті салық мөлшерлемесін қолдану арқылы жүргізіледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Салық салу объектілері айдың 15-iн қоса алғанға дейiн пайдалануға берілген кезде тіркелген салық белгіленген мөлшерлеме бойынша, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеменің 1/2 мөлшерінде есептеледі.
Салық салу объектілері айдың 15-іне дейін шығып қалған кезде тіркелген салық белгіленген мөлшерлемесінің 1/2 мөлшерінде, 15-інен кейін белгіленген мөлшерлеме бойынша есептеледі.
3. Тіркелген салық есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірілмей салық салу объектілерінің тіркелген орны бойынша бюджетке төленуге жатады.
4. Осы Кодекстің 420-бабында аталмаған кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерін жүзеге асыру кезінде тіркелген салықты төлеушілер қызметтің осындай түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың бөлек есебін жүргізуге және жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысу жүргізуге міндетті.
425-бап. Салық декларациясын табыс ету мерзімі
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 425-бап өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)
Тіркелген салық бойынша декларация есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірілмей жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiнiң орны бойынша салық органына табыс етіледі.
18-БӨЛІМ. АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМДЕРІ
426-бап. Арнаулы салық режимдерінің түрлері
1) мыналарды:
патент негізінде арнаулы салық режимін;
оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қамтитын шағын бизнес субъектiлерi үшін арнаулы салық режимі;
2) шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі;
2010.21.01. № 242-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) ауыл шаруашылығы өнімдерін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар және селолық тұтыну коопертивтері үшін арнаулы салық режимі.
Салық төлеуші осы бөлімде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режимін таңдауға құқылы.
Осы бөлімді қолдану мақсатында жалпыға бірдей белгіленген тәртіп деп есептеу, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу, осы бөлімде белгіленген тәртіпті қоспағанда, олар бойынша осы Кодекстің ерекше бөлімінде белгіленген салық есептілігін табыс ету тәртібі түсініледі.
2009.12.02. № 133-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Патент - жеке табыс салығын (төлем көзiнен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда), әлеуметтік салықты, міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік аударымдарды төлеу фактісін растайтын электрондық құжат.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті немесе арнаулы салық режімін таңдауды:
1) дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебі туралы салықтық өтініште (осы тараудың мақсатында бұдан әрі - жаңадан құрылған дара кәсіпкер) - дара кәсіпкерлер ретінде тіркеу есебіне қою кезінде жеке тұлғалар;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, салық төлеушілер тапсыратын, уәкілетті орган әзірлеген және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламада (осы тараудың мақсаты үшін бұдан әрі - қолданылатын салық салу режимі туралы хабарлама) - бір салық салу режимінен өзге салық салу режиміне ауысу кезіндегі салық төлеушілер, сондай-ақ жаңадан құрылған (пайда болған) заңды тұлғалар жүзеге асырады.
Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны салық төлеушілер орналасқан жері бойынша салық органына қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде, оның ішінде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсырады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Салық төлеушінің жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісуі:
1) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген салықтық өтініште арнаулы салық режімін таңдауды жүзеге асырмау;
2) осы баптың 5-тармағында көрсетілген хабарламаларды табыс етпеу жағдайларын қоспағанда, қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны осы Кодекстің 435-бабының 1-тармағында, 441-бабының 1-тармағында, 450-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерде тапсырмау;
3) осы Кодекстің 431-бабының 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген мерзімдерде патент құнының есебін тапсырмау деп есептеледі.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Қолданылатын салық салу режімі туралы хабарламаны жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер, сондай-ақ дара кәсіпкерлер жалпыға бірдей белгіленген тәртіптен немесе өзге де арнаулы салық режімінен патент негізінде арнаулы салық режіміне ауысқан кезде тапсырмайды.
6. Арнаулы салық режимдері қолданылатын тұлғаларға салық салу мақсатында салық төлеушінің өзге оқшауланған құрылымдық бөлімшесі болып оның функцияларының бір бөлігін орындайтын, орналасқан жері бойынша тұрақты жұмыс орындары жабдықталған аумақтық оқшауланған бөлімше танылады. Егер жұмыс орны бір айдан асатын мерзімге құрылса, ол тұрақты болып есептеледі.
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
7. 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен алып тасталды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
61-тарау. ШАҒЫН БИЗНЕС СУБЪЕКТІЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН АРНАУЛЫ САЛЫҚ РЕЖИМІ
Достарыңызбен бөлісу: |