Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық есептілігiн табыс етудiң ерекшелiктерi



бет86/126
Дата25.02.2016
өлшемі9.34 Mb.
#25373
түріКодекс
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   126

390-бап. Жекелеген жағдайларда салықты есептеудiң, төлеудiң және салық есептілігiн табыс етудiң ерекшелiктерi

1. Бірнеше салық төлеушiлердiң пайдалануындағы үйлер, құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жер учаскелерi үшiн жер салығы олардың бөлек пайдалануындағы үйлер мен құрылыстардың алаңына барабар әр салық төлеушi бойынша жеке есептеледi.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Осы Кодекстiң 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар үйдiң бір бөлiгiн не ғимараттың бір бөлiгiн пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берген кезде жер салығы осы жер учаскесiнде орналасқан барлық үйлердiң, ғимараттардың жалпы алаңындағы пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген үйдiң бір бөлiгi не ғимараттың бір бөлiгi алаңының үлес салмағына қарай есептелуге жатады.

3. Тұрғын үй қорының құрамындағы жылжымайтын мүлiктi заңды тұлға сатып алған жағдайда, жер салығы тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне осы Кодекстiң 381-бабында белгiленген салықтың базалық мөлшерлемелері бойынша есептелуге жатады.

4. 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 391-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



391-бап. Жеке тұлғалардың салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзiмдерi

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар (осы тармақтың екiншi бөлiгiнде аталған тұлғаларды қоспағанда) төлеуге жататын жер салығын есептеудi салық органдары тиiстi салық мөлшерлемелері мен салық базасын негiзге ала отырып, ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей жүргiзедi.

Осы тармақтың ережелерi:

дара кәсiпкерлерге;

осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғаларға (оның iшiнде жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, кәсіби медиаторларға) қолданылмайды.

2. Салық кезеңi iшiнде салық салу объектілеріне құқықтар берiлген жағдайда, салық сомасы осы Кодекстiң 389-бабы 8-тармағының ережелерi ескерiле отырып есептеледi.

3. Жеке тұлғалар салық органдары есептеген жер салығын бюджетке ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешiктiрмей төлейдi.

4. Салық мiндеттемелерi ағымдағы жылдың 1 қазанынан кейiн туындаған кезде, салық сомасын төлеу салық салу объектiсiне меншiк құқығы мемлекеттік тiркелгеннен кейiн отыз жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.

5. Дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi және төлейдi.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

6. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер өз қызметiнде пайдаланатын жер учаскелерi бойынша жер салығын осы Кодекстiң 389-бабында белгiленген тәртiппен есептейдi. Бұл ретте жер салығы салық кезеңi үшiн декларацияны табыс ету мерзiмi басталғаннан кейiн күнтiзбелiк он күннен кешiктiрiлмей төленуге жатады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



7. Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) жер салығын патент негізіндегі арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін осы бөлімде белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

 

 



56-тарау. САЛЫҚ КЕЗЕҢІ ЖӘНЕ САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ

 

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 392-бап өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



392-бап. Салық кезеңі

Жер салығын есептеу үшін салық кезеңі осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалады.

 

393-бап. Салық есептілігі

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Дара кәсіпкерлер (шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлердi қоспағанда) және заңды тұлғалар салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны - есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей, сондай-ақ ағымдағы төлемдердiң есеп-қисабын осы бапта белгiленген мерзiмдерде тапсырады.

Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімiн қолданатын дара кәсiпкерлер салық салу объектiлерi орналасқан жердегi салық органдарына декларацияны есептi салық кезеңiнен кейiнгi жылдың 31 наурызынан кешiктiрмей тапсырады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1-1. Егер осы баптың 1-тармағында және осы тармақта өзгеше белгіленбесе, жеке тұлғалар жер салығы бойынша салық есептілігін салық органдарына табыс етпейді.

Осы Кодекстiң 396-бабының 1-тармағында көзделген объектілерді және салық базасы осы Кодекстің 406-бабына сәйкес есептелетін объектілерді қоспағанда, меншік құқығындағы ғимараттар (ғимарат бөліктері) орналасқан жер учаскелері бойынша жеке тұлғалар (оның iшiнде жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, кәсіби медиаторлар) салық салу объектілері орналасқан жердегі салық органдарына декларацияны есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тапсырады.

2. Жер салығы бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін құрылған салық төлеушілерді қоспағанда, жаңадан құрылған салық төлеушілер ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын салық төлеушіні  тіркеу есебіне қойған айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей табыс етеді.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді



4. Осы Кодекстің 373-бабы 3-тармағының 3) және 7) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берілген салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімдерде табыс етеді.

5. Салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша салық міндеттемелері өзгерген кезде, ағымдағы төлемдердің есеп-қисабы салық салу объектілері бойынша 1 ақпандағы, 1 мамырдағы, 1 тамыздағы және 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше ағымдағы салық кезеңінің 15 ақпанынан, 15 мамырынан, 15 тамызынан және 15 қарашасынан кешіктірілмей табыс етіледі.



 

 

15-БӨЛІМ. МҮЛІК САЛЫҒЫ



 

57-тарау. ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН ДАРА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ  САЛЫНАТЫН МҮЛІК САЛЫҒЫ

 

394-бап. Салық төлеушілер

1. Мыналар:

1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды тұлғалар;

2) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында салық салу объектісі бар дара кәсіпкерлер;

3) концессия шартына сәйкес концессия объектісі болып табылатын салық салу объектісін иеленуге, пайдалануға құқығы бар концессионер мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесінің орналасқан жерінде салық салынатын объектілер бойынша осындай құрылымдық бөлімшесін мүлік салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы.

Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше мүлік салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда, заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімшенің құрылған күнінен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған салық төлеушілер мүлік  салығын осы тарауда заңды тұлғалар үшін белгіленген тәртіппен есептейді және төлейді.

2009.30.12. № 234-ІV ҚР Заңымен (2010 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен  (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Егер осы бапта өзгеше белгiленбесе, мыналар мүлiк салығын төлеушiлер болып табылмайды:

2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) өз ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын, меншік құқығындағы салық салу объектілері бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары, сондай-ақ салық салынатын табыстарына осы Кодекстің 147-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық салынатын, жалпыға бірдей белгіленген салық салу тәртібін қолданатын, ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіруші заңды тұлғалар.

Осы тармақшада көрсетілген салық төлеуші өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және қайта өңдеу процесінде тікелей пайдаланылмайтын салық салу объектілері бойынша осы бөлімде белгіленген тәртіппен мүлік салығын төлейді;

2) мемлекеттік мекемелер;

3) уәкілетті мемлекеттік органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;

4) діни бірлестіктер.

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында аталған заңды тұлғалар пайдалануға, сенімгерлiкпен басқаруға немесе жалға берiлген салық салу объектiлерi бойынша салық төлеушiлер болып табылады.

 

395-бап. Жекелеген жағдайларда салық төлеушіні айқындау



2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

1. Меншiк иесi салық салу объектiсiн сенімгерлiкпен басқаруға берген кезде салық төлеушi осы Кодекстiң 35 және 36-баптарына сәйкес айқындалады.

Бұл ретте сенімгерлiкпен басқарушының салық төлеуi салық салу объектiсi меншiк иесiнiң салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

2. 2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)

3. Егер салық салу объектісі пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілерін қоспағанда, бірнеше тұлғаның ортақ үлестік меншігінде болса, осы тұлғалардың әрқайсысы салық төлеуші деп танылады.

4. Бірлескен ортақ меншіктегі салық салу объектілері бойынша осы салық салу объектілерінің меншік иелерінің бірі олардың арасындағы келісім бойынша салық төлеуші бола алады.

5.Қаржылық лизингке берілген объектілер бойынша лизинг алушы салық төлеуші болып табылады.

6. Пайлық инвестициялық қор активтерінің құрамына кіретін салық салу объектілері бойынша пайлық инвестициялық қордың басқарушы компаниясы салық төлеуші болып табылады.



 

396-бап. Салық салу объектісі

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлерді қоспағанда, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының аумағындағы:

1) техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және негiзгi құралдар құрамында есепке алынатын ғимараттар, құрылыстар немесе қаржы есептілігiнiң халықаралық стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келетiн жылжымайтын мүлiкке инвестициялар;

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)

1-1) тармақшаға өзгерістерді қараңыз - 2015.27.04. № 311-V ҚР Заңы (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)



1-1) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын ғимараттар халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан. Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес ұзақ мерзімді дебиторлық берешек ретінде ескерілетін, сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарттары бойынша жеке тұлғаларға берілген осындай ғимараттардың бөліктері;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



2) иелік ету, пайдалану құқықтары концессия шартына сәйкес берілген, концессия объектiлерi болып табылатын ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамалық актісіне сәйкес бухгалтерлік есеп жүргізуді және қаржылық есептілік жасауды жүзеге асырмайтын дара кәсiпкерлер үшiн техникалық реттеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген сыныптамаға сәйкес осындайларға жататын және осы Кодекстің 60-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес негізгі құралдар болып табылатын Қазақстан Республикасының аумағындағы ғимараттар, құрылыстар салық салу объектiсi болып табылады.

2. Мыналар:

1) осы Кодекстің 375 және 376-баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі ретіндегі жер;

2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



2) Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған ғимараттар, құрылыстар;

3) ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен олардағы жол құрылыстары:



бұрылу белдеуі;

жолдардың конструкциялық элементтері;

жол жағдайы мен оны абаттандыру;

көпірлер;

өткерме жолдар;

виадуктар;

жол тарамдары;

тоннельдер;

қорғаныш галереялары;

жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен  құрылғылар;

су бұрғыш және су өткізгіш құрылыстар;

жол бойындағы орман алаптары;

желілік тұрғын үйлер және жол пайдалану қызметінің кешендері;

2014.28.11. № 257-V ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет