239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен ерте емес және:
қағаз жеткізгіште жазып берілген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен кейін күнтізбелік жеті күннен;
электрондық түрде жазып берілген жағдайда, осы Кодекстің 239-бабында көзделген жағдайлар басталған күннен кейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей;
2) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында белгіленген жағдайда, салық мөлшерлемесін өзгертуді көздейтін заң қолданысқа енгізілгеннен кейін бір айдың ішінде жазып беріледі.
4. Қағаз жеткізгіште жазып берілген қосымша шот-фактура бойынша осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының алғаны туралы төменде санамаланған растау құжаттарының кез келгенінің:
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай шот-фактураны осы Кодекстің 263-бабының 8-тармағына сәйкес қолтаңбасымен және мөрімен растауының;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушінің осындай шот-фактураны тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының мекенжайына тапсырыс хатпен жіберуінің және оның алынғаны туралы хабарламаның;
немесе
тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді алушының осындай қол қойылған және:
заңды тұлғалар үшiн - егер осы тұлға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөрге ие болуға тиіс болса, оның атауы қамтылған және ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетiлген мөрi;
дара кәсiпкерлер үшiн - мөрі болған кезде, оның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) және (немесе) атауы қамтылған мөрi басылған шот-фактураны алғандығы туралы хатының болуы міндетті.
36-тарау. САЛЫҚТЫ ЕСЕПТЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 266-бап жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
266-бап. Қосылған құн салығын есептеу
Қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 268-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есепке жазылған қосылған құн салығының сомасы мен осы Кодекстің 256-бабына сәйкес есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде есептеледі.
Бұл ретте:
1) оң айырма осы Кодексте белгіленген тәртіппен бюджетке төленуге жататын салық сомасы болып табылады;
2) теріс айырма есепке жатқызылатын қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі болып табылады.
267-бап. Жекелеген жағдайларда қосылған құн салығын төлеу тәртібі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізуге құқылы.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Осы баптың мақсаты үшін ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға бір мезгілде мынадай шарттарға сай келетін:
2009.16.11. № 200-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша өзгертілді
1) қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызметті қоспағанда, жылдық жиынтық табысының кемінде 90 пайызын мына қызмет түрлерін:
ет және ет өнімін өндіруді;
жемістер мен көкөністерді қайта өңдеуді және консервілеуді;
өсімдіктер мен жануарлар майын өндіруді;
сүтті қайта өңдеу мен ірімшік өндіруді;
ұн-жарма өнеркәсібі өнімін өндіруді;
жануарлар үшін дайын жемшөп өндіруді;
нан өндіруді;
балалар тағамын және емдәмдік тағам өнімін өндіруді;
крахмал-cірне өнеркәсібі өнімін өндіруді;
ауыл шаруашылығы малдарының терілерін және жүндерін қайта өңдеуді жүзеге асыру нәтижесінде алынуға жататын (алынған) табыстар құрайтын;
Осы тармақтың 1) тармақшасын қолдану мақсатында қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiткен Экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады;
2) шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қоспағанда, арнаулы салық режимдерін қолданбайтын;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) акцизделетін тауарларды өндіру, қайта өңдеу және өткізу бойынша қызметті жүзеге асырмайтын заңды тұлғалар жатады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасын айқындау мақсатында осы бап қолданылған кезде:
1) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан есепке жатқызылған қосылған құн салығы сомасының есепке жазылған салық сомасынан асып кетуі (бұдан әрі - қосылған құн салығы сомасының асып кетуі) болмаған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген сомасы 70 пайызға азайтылады;
2) есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығы сомасының асып кетуі болған жағдайда - бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептелген сомасының есепті салық кезеңінің басында өсу қорытындысымен қалыптасқан қосылған құн салығының сомасынан асып кетуі 70 пайызға азайтылуға жатады.
2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
3-1. Осы бапты қолдану туралы шешім қабылданған жағдайда ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді жүзеге асыратын заңды тұлға осы баптың ережелерін күнтізбелік жылға кіретін барлық салық кезеңіне қолдануға міндетті.
2010.21.01. № 242-IV Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Мыналар:
1) ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндірушілер - заңды тұлғалар мына қызмет түрлері:
жерді пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін қайта өңдеу және өткізу;
мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы (оның ішінде, асыл тұқымды), ара шаруашылығы, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін өндіру, сондай-ақ өз өндірісінің көрсетілген өнімдерін қайта өңдеу және өткізу бойынша;
2) селолық тұтыну кооперативтері мына қызмет түрлері:
шаруа немесе фермер қожалықтары өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін осы кооперативтер мүшелерінің (пайшыларының) өткізуі;
шаруа немесе фермер қожалықтары өндірген ауыл шаруашылығы өнімін, акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімін осы кооперативтер мүшелерінің (пайшыларының) қайта өңдеуі және осы өнімдерді қайта өңдеу нәтижесінде алынған өнімді өткізуі бойынша осы баптың 3-тармағында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын төлеуді жүргізеді.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
5. Осы баптың мақсаттары үшін қолданылатын жылдық жиынтық табыс:
1) осы Кодекстің 4-бөліміне сәйкес осы Кодекстің 99-бабында көзделген жылдық жиынтық табысты түзету есепке алынбай;
2) осы Кодекстің 148-бабына сәйкес айқындалатын ағымдағы салық кезеңі үшін айқындалады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 6-тармақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6. Егер ағымдағы салық кезеңінің қорытындылары бойынша осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында белгіленген шарттар орындалмаған жағдайда, салық төлеуші:
1) осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, осы Кодекстің 266-бабында белгіленген тәртіппен қосылған құн салығын есептеуге;
2) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей осы баптың 3-тармағында белгіленген ережені қолданбай, қосылған құн салығы осы Кодекстің 266-бабына сәйкес есептеуге жататын салық кезеңдері үшін осы Кодекстің 70-бабына сәйкес қосылған құн салығы бойынша қосымша салық есептілігін табыс етуге міндетті.
268-бап. Қосылған құн салығының мөлшерлемелері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды және салық салынатын айналым мен салық салынатын импорттың мөлшеріне қолданылады.
2. Осы Кодекстің 242 - 245-баптарында көрсетілген тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналымдарға қосылған құн салығы нөлдік мөлшерлеме бойынша салынады.
Осы Кодекстің 243 - 245-баптарына сәйкес нөлдік мөлшерлеме бойынша салық салынатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша айналым расталмаған жағдайда, тауарлар мен қызмет көрсетулерді өткізу бойынша аталған айналым осы баптың 1-тармағында аталған мөлшерлеме бойынша қосылған құн салығын салуға жатады.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Жеке тұлғалар Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы алып өтетін жеке пайдалануға арналған тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты кезінде қосылған құн салығын төлеу кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемесі бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеу арқылы немесе жиынтық кедендік төлем түрінде жүзеге асырылады.
Кедендік баждардың, салықтардың бірыңғай мөлшерлемелерінің, сондай-ақ жиынтық кедендік төлемнің мөлшері мен оларды төлеу тәртібі Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2011 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. Тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған кезде осы Кодекстiң 238-бабы 2-тармағына сәйкес айқындалатын салық салынатын айналым мөлшеріне қосылған құн салығының:
1) тауар-материалдық қорлар бойынша - тұлғаны қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығарған күні қолданыста болған;
2) негізгі қорлар, материалдық емес және биологиялық активтер, жылжымайтын мүлікке инвестициялар бойынша - оларды сатып алған күні қолданыста болған мөлшерлемелері қолданылады.
269-бап. Салық кезеңі
Күнтізбелік тоқсан қосылған құн салығы бойынша салық кезеңі болып табылады.
270-бап. Салық декларациясы
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап, екінші бөлігі 2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, қосылған құн салығын төлеуші қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірмей әрбір салық кезеңі үшін табыс етуге міндетті.
Қосылған құн салығы бойынша декларацияны табыс ету жөніндегі міндеттеме осы Кодекстің 228-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген, қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою жүргізілмеген тұлғаларға қолданылмайды.
Осы Кодекстiң 271-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда, оператор жай серіктестіктің (консорциумның) барлық қатысушылары бойынша жиынтық түрде келісімшарт қызметі бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларацияны табыс етеді.
2009.04.07. № 167-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2014 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Егер осы Кодекстің 68-бабында және осы тармақта өзгеше көзделмесе, декларациямен бір мезгілде декларацияға қосымша болып табылатын, салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдері табыс етіледі. Сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімдерінің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
Шот-фактураның нөмірін көрсетуге арналған ұялардың саны электронды түрде мыналарды:
1) есепті салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін (мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығару құжаттары);
2) есепті салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша шот-фактуралардың тізілімін табыс ету кезінде шектелмейді.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралардың тізілімінде қағаз жеткізгіште де, электрондық түрде де жазып берілген шот-фактуралар көрсетіледі.
Егер қосылған құн салығын төлеуші:
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық түрде ғана жазып берген жағдайда, онда салық кезеңі ішінде өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша шот-фактуралар тізілімі салық органдарына табыс етілмейді;
салық кезеңі ішінде шот-фактураларды тек электрондық түрде ғана алған жағдайда, онда салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсету бойынша шот-фактуралардың тізілімі салық органдарына табыс етілмейді.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ жаңа редакцияда
3. Осы Кодекстің 256-бабы 2-тармағының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі өзіне мемлекеттік материалдық резервтен тауарлар шығаруға жазып берілген құжаттар тізілімін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімдерде және нысан бойынша табыс етеді.
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4. Осы Кодекстiң 571-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда салық органының шешімі бойынша тіркеу есебінен шығарылған салық төлеуші, осындай есептен шығару жүргізілген есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-інен кешіктірмей, қосылған құн салығы бойынша тарату декларациясын орналасқан жері бойынша салық органына табыс етуге міндетті. Тарату декларациясы салық төлеуші тіркеу есебінен шығарылған салық кезеңінің басынан бастап оны осындай есептен шығарған күнге дейінгі кезең үшін толтырылады.
271-бап. Қосылған құн салығын төлеу мерзімі
2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, қосылған құн салығын төлеуші бюджетке төленуге жататын салықты орналасқан жері бойынша есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-күнінен кешіктірмей, әрбір салық кезеңі үшін төлеуге міндетті.
2011.21.07. № 467-ІV ҚР
Достарыңызбен бөлісу: |