Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы


Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред



бет73/126
Дата25.02.2016
өлшемі9.34 Mb.
#25373
түріКодекс
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126
Заңымен (2010 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) тармақша өзгертілді; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасындакөрсетілген акцизделетін тауарларға акциз мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Ескерту: тауарлар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауар атауымен айқындалады.

 

 



39-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНДІРІЛЕТІН, ӨТКІЗІЛЕТІН АКЦИЗДЕЛЕТІН

ТАУАРЛАРҒА САЛЫҚ САЛУ

 

281-бап. Салық салу объектісі

1. Мыналар:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2011 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



1) акциз төлеушінің өзі шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары:

акцизделетін тауарларды өткізуі;

акцизделетін тауарларды алыс-берістік негізде қайта өңдеуге беруі;

алыс-берістік, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды, қайта өңдеу өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

жарғылық капиталға жарнасы;

акцизделетін тауарларды заттай ақы нысанында пайдалы қазбаларды өндіру салығын, экспортқа рента салығын төлеу есебіне беру жағдайларын қоспағанда, заттай ақы төлеген кезде акцизделетiн тауарларды пайдалануы;

өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

өндірушінің жасап шығарған және (немесе) өндірген және (немесе) ыдысқа құйған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдалануы;

өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстыруы;

2) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме саудада өткізуі;

3) бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;

2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



4) мүліктік массаны, тәркiленген және (немесе) иесiз, мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке өткен және мемлекет меншiгiне өтеусiз берiлген, акцизделген тауарларды өткiзуі;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



5) акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

6) акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импорты акциз салынатын объект болып табылады.

2. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлінуі, жоғалуы акцизделетін тауарларды өткізу ретінде қарастырылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

3. Мыналар:

1) егер осы Кодекстің 288-бабында белгіленген талаптарға сай келсе, акцизделетін тауарлардың экспортына;

2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2) этил спиртi мен алкоголь өнімін өндiрудi және оның айналымын бақылау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган айқындайтын квоталар шегiнде:



тиісті қызмет түріне лицензиясы болған жағдайда дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды өндіру үшін;

өз қызметін бастағаны туралы белгіленген тәртіппен хабарлама жасаған мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына босатылатын этил спиртіне;

2009.30.12 № 234-IV Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)



3) жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау немесе акциздік маркалармен қайта таңбалауға жататын, осы Кодекстің 653-бабының 2-тармағында аталған акцизделетін тауарларға, егер аталған тауарлар бойынша акциз бұрын төленсе;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген медициналық мақсаттағы (бальзамдардан басқа) құрамында спирт бар өнімге акциз салудан босатылады.

 

282-бап. Операция жасалған күн

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелту (беру) күні операция жасалған күн болып табылады.

2. Өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда, тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.



2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2012 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Алыс-беріс шикізаты болып табылатын акцизделетін тауарларды беру кезінде көрсетілген тауарларды мердігерге (өңдеушіге) берген күн операция жасалған күн болып табылады.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, осы Кодекстің 279-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес ресімделген құжатта көрсетілген тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру күні операция жасау күні болып табылады. Қабылдап алу-беру актілерімен расталған, заттай мәндегі акцизделетін тауарларды автомобиль және (немесе) теміржол цистерналарына құю не мұнай берушіге меншік құқығында немесе өзге заңды негіздерде тиесілі оның резервуарына немесе құю станцияларына құбыржол бойымен айдау арқылы нақты тиеп-жөнелту тапсырыс берушіге дайындалған акцизделетін тауарларды беру деп түсініледі.

Қазақстан Республикасының аумағынан Кеден одағына мүше мемлекеттің аумағына әкетілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан әкелінген акцизделетін болып табылатын алыс-беріс шикізатын өңдеу мерзімі алыс-беріс шикізатын өңдеуге арналған шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес айқындалады және алыс-беріс шикізаты есепке қабылданған және (немесе) тиеп-жөнелтілген күннен бастап екі жылдан аспауға тиіс.

Алыс-беріс шикізатын өңдеудің белгіленген мерзімінен асып кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша шарттың (келісімшарттың) талаптарына сәйкес өңдеу өнімінің болжалды көлемі акциз салу объектісі болып табылады.

Алыс-беріс шикізатын өңдеуге әкелу (әкету) жүзеге асырылатын жағдайда Қазақстан Республикасының салық төлеушісі өңдеу өнімдерін әкету (әкелу) туралы міндеттеме, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде оның орындалуын ұсынады.

4. Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына және акцизделетін тауарларды өзі өндіруі үшін пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.

5. Өндіруші жүзеге асыратын акцизделетін тауарларды өндіріс мекенжайынан ауыстыру кезінде акцизделетін тауарларды лицензияда көрсетілген өндіріс мекенжайынан ауыстырған күн операция жасалған күн болып табылады.

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



6. Акцизделетін тауарлар, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген жағдайда, бүлінген акцизделетін тауарларды, акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оларды өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.

Акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған жағдайда, акцизделетін тауарлар, акциз маркалары, есепке алу-бақылау маркалары жоғалған күн операция жасалған күн болып табылады.

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)

7. Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағынан акцизделетін тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн операция жасалған күн болып табылады.

Бұл ретте осы бөлімнің мақсаттары үшін импортталған акцизделетін тауарларды есепке қабылдаған күн осындай тауарларды халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес кіріске алған күн болып табылады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 283-бап жаңа редакцияда



283-бап. Салық базасы

Акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.

Осы Кодекстің 279-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасында көрсетілген, алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетiн тауарлар бойынша салық базасы берілген акцизделетін тауарлардың зат түріндегі көлемі (саны) ретінде айқындалады.

 

284-бап. Әртүрлі мөлшерлемелер белгіленген жағдайда спирттің барлық түріне және шарап материалына салық салу ерекшеліктері



1. Осы Кодекстің 280-бабының 3-тармағына сәйкес спирттің барлық түріне және шарап материалына әртүрлі акциз мөлшерлемелері белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір мөлшерлемемен салық салынатын операциялар бойынша жеке айқындалады.

2. Алкоголь өнімін өндірушілер базалық мөлшерлемеден төмен акцизбен сатып алған спирт пен шарап материалын этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруден басқа мақсатқа пайдаланған кезде, осы спирт пен шарап материалы бойынша акциз сомасы алкоголь өнімін өндірушісі болып табылмайтын тұлғаларға өткізілетін спирттің барлық түрі және шарап материалы үшін белгіленген акциздің базалық мөлшерлемесі бойынша қайта есептеліп, бюджетке төленуге жатады. Қайта есептеуді және акциз төлеуді спирт пен шарап материалын алушы жүргізеді.

3. Осы баптың 2-тармағының ережелері емдік және фармацевтік препартаттар шығару және медициналық қызмет көрсету үшін сатып алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады. Емдік және фармацевтік препараттарды шығарушылар мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер осы спирт бойынша акциз төлеушілер болып табылады.

 

285-бап. Акцизделетін тауарлардың бүлінуі, жоғалуы

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және Қазақстан Республикасының аумағына Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағынан импортталатын акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді.

Осы ереже одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

2. Осы баптың мақсаттары үшін:

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) тауардың барлық немесе жекелеген сапасының, (қасиетінің) оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында нашарлауы акцизделетін өнімнің бүлінуі деп түсініледі;

2) оқиғаның нәтижесінде тауардың, оның ішінде оны өндірудің барлық технологиялық сатыларында жойылуы немесе ысырабы акцизделетін өнімнің жоғалуы деп түсініледі.



Салық төлеуші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген табиғи кему нормалары шегінде шеккен акцизделетін тауарлардың ысырабы, сондай-ақ өндіруші нормативтік және техникалық құжаттамамен регламенттейтін нормалар шегіндегі ысыраптар жоғалу болып табылмайды.

 

2014.18.06. № 210-V ҚР Заңымен 286-бап жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара)



286-бап. Акциздік маркалардың, есепке алу-бақылау маркаларының бүлiнуi, жоғалуы

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары бүлінген, жоғалған кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.



Осы Кодекстің 653-бабына сәйкес алкоголь өнімін таңбалауға арналған, бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) есепке алу-бақылау маркалары бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген мөлшерлемелер негізінде жүргізіледі.

2. Темекі бұйымдарының импорты кезінде берілген акциздік маркалар мен есепке алу-бақылау маркалары бүлiнген, жоғалған кезде төленген акциз сомалары мынадай жағдайларда:

1) акциздік маркалар, есепке алу-бақылау маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;

2) бүлiнген акциздік маркаларды, есепке алу-бақылау маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актiсi негiзiнде қабылдаса, қайта есептеуге жатады.

3. Отандық өндірілген темекі бұйымдарына берілген акциздік маркалар бүлiнген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:

1) акциздік маркалар төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса;

2) бүлінген акциздік маркаларды салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.

 

287-бап. Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын бензин (авиациялық бензинді қоспағанда)  мен дизель отынын көтерме және бөлшек саудадаөткізуге жатқызу өлшемдері

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2013.05.12. № 152-V ҚР Заңымен (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Егер сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша сатып алушы акцизделетін бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын қабылдауға және оларды одан әрі өткізу үшін пайдалануға міндеттенсе, осы сатып алу-сату (айырбастау) шарты бойынша:

1) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өндіруші;

2) осы Кодекстің 574-бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркеу есебінде тұрған және бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу мақсатында сатып алуды не олардың импортын жүзеге асырған салық төлеуші ұсынушылар болып табылған жағдайда аталған тауарларды өткізу көтерме саудада өткізу саласына жатқызылады.

Көтерме саудада өткізу саласына бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын одан әрі өткізу үшін құрылымдық бөлімшелерге жөнелту де жатады.

2. Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу саласына осы баптың 1-тармағында аталған ұсынушылар жүзеге асыратын:

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1) алыс-беріс шикізаты мен материалдардан, бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынынан дайындалған мұнай өнімдерін өндірушілердің тұлғаларға оларды өндiрiстiк мұқтаждар үшiн өткізуі, сондай-ақ беруі;

2) бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын жеке тұлғаларға өткізу;

3) өндірілген немесе одан әрі өткізу үшін сатып алынған бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынын өзінің өндірістік мұқтаждарына пайдалану операциялары жатады

 

288-бап. Акцизделетін тауарлар экспортын растау

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, акцизделетiн тауарларды экспортқа өткізу кезінде осы Кодекстің 281-бабының 3-тармағына сәйкес салық салудан босатудың негізділігін растау үшін салық төлеуші орналасқан жері бойынша салық органына операция жасалған күннен бастап алпыс жұмыс күні ішінде міндетті түрде мына құжаттарды:

1) экспортталатын акцизделетін тауарларды ұсынуға арналған шартты (келісімшартты);

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2014.28.11. № 257-V ҚР



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет