222
Бұл ретте адам жазаның қосымша түрін өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.
2. Бас бостандыгынан айыру түрінде жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын
босатылган адамға жазасының қалған өтелмеген бөлігі ішінде сот осы Кодекстің 44- бабы екінші
бөлігінің қагидалары бойынша пробациялык бақылауды белгілейді. ІІІартты түрде мерзімінен бұрын
босатуды қолдану кезінде адамга сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару
кодексінде көзделген міндеттер жүктеледі.
3. Сотталган адам:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа кылмыс үшін тағайындалган
жаза мерзімінің
кемінде үштен бірін;
2) ауыр қылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде жартысын;
3) аса ауыр кылмыс үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен екісін іс жүзінде
өтегеннен кейін, сондай-ак егер бұрын қолданылган шартты түрде мерзімінен бүрын босатудың күші
осы баптың жетінші бөлігінің 1) жэне 2) тармақтарында көзделген негіздер бойынша жойылған
болса;
4) осы Кодекстің 120-бабы үшінші бөлігінің 3) жэне 5) тармактарында, 121-бабы үшінші
бөлігінің 3) және 5) тармақтарында көзделген қылмыстар үшін тағайындалған жаза мерзімінің
кемінде төрттен үшін іс жүзінде өтегеннен кейін, сондай-ақ егер бүрын қолданылған шартты түрде
мерзімінен бүрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіздер
бойынша жойылған болса;
5) сотталған адам процестік келісімнің барлықталаптарын орындаған жағдайда, ауыр кылмыс
үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тағайындалған
жаза мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін ғана шартты түрде мерзімінен бұрын
босату қолданылуы мүмкін.
4. Жүкті
әйелдерге, жас балалары бар эйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тэрбиелеп отырған
еркектерге, елу сегіз жастағы және ол жастан аскан әйелдерге, алпыс үш жастағы жэне ол жастан
асқан еркектерге, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектерге жазаны өтеуден шартты түрде
мерзімінен бұрын босату:
1) онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа кылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің
кемінде төрттен бірін;
2) ауыр кылмыс үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемінде үштен бірін;
3) адам өміріне қолсұғушылықпен ұштаспаған аса ауыр қылмыс үшін
соттағайындаған жаза
мерзімінің кемінде жартысын іс жүзінде өтегеннен кейін, сондай-ак егер бұрын қолданылған шартты
түрде мерзімінен бұрын босатудың күші осы баптың жетінші бөлігінің 1) жэне 2) тармактарында
көзделген негіздер бойынша жойылған болса;
4) адам өміріне қолсұғушылықпен ұштаскан аса ауыр қылмыс не осы Кодекстің 120-бабы
үшінші бөлігінің 3) жэне 5) тармақтарында, 121-бабы үшінші бөлігінің 3) және
5) тармақтарында көзделген кылмыстар үшін сот тағайындаған жаза мерзімінің кемін- де үштен
екісін, сондай-ақ егер бұрын қолданылған шартты түрде мерзімінен бұрын босатудын күші осы
баптың жетінші бөлігінің 3) тармағында көзделген негіз бойынша жойылған болса;
5) сотталған адам процестік келісімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда, ауыр қылмыс
үшін тағайындалған жаза мерзімінің кемінде төрттен бірін не аса ауыр қылмыс үшін тагайындалған
жаза мерзімінің кемінде үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейін қолданылуы мүмкін.
5. Сотталган адамның бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтеген
мерзімі алты айдан кем
болмауы керек.
6. Сот тағайындаған өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам, егер сот оның
бұл жазаны одан эрі өтеуін қажет етпейді деп таныса жэне ол бас бостандығынан айырудың кемінде
жиырма бес жылын іс жүзінде өтесе, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін. Егер сот
тағайындаган өмір бойына бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адам процестік келісімнің
барлық талаптарын орындаса, ол бас бостандығынан айырудың кемінде он бес жылын іс жүзінде
223
өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.
7. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату қолданылған адам, егер жазаның қалган өтелмеген
бөлігі ішінде:
1) екі жэне одан да көп әкімшілік құқық бұзушылык жасап, олар үшін
оған экімшілік жаза
қолданылса немесе шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану кезінде өзіне жүктелген
міндеттерді орындаудан дәлелсіз себеппен екі реттен артық жалтарса не бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылганнан кейін таңдалған түрғылықты жері бойынша тіркелу үшін бес жүмыс
күні ішінде дәлелсіз себеппен келмесе, сот уәкілетті мемлекеттік органның үсынуы бойынша шартты
түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою және жазаның қалған өтелмеген бөлігін орындау
туралы қаулы шығара ала- ды;
2) кылмысты абайсызда жасаса, сол сиякты жүкті әйел, жас балалары бар әйел, жас балаларын
жалғыз өзі
тәрбиелеп отырған еркек, елу сегіз жастағы жэне ол жастан аскан әйел, алпыс үш жастагы
жэне ол жастан асқан еркек, бірінші немесе екінші топтағы мүгедек қылмыстықтеріс қылық,
қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жагдайларда, жаңа кылмыс үшін жаза тагайындау кезінде
шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жою не оны күшінде қалдыру туралы мәселені сот
шешеді. Егер сот шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күшін жойса, жаза үкімдердің
жиынтығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша тагайындалады;
3) кылмысты касакана жасаса, осы бөліктің 2) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда,
сот оган үкімдердің жиынгығымен жаза тағайындау қағидалары бойынша жаза тағайындайды.
8. Шартты түрде мерзімінен бұрын босату өлім жазасы түріндегі жаза кешірім жасау тәртібімен
бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамға, адамдардың қаза
табуына әкеп соққан не аса
ауыр қылмыс жасаумен үштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс үшін сотталған адамға,
жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыс үшін сотталған адамға қолданылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: