Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


§2. Өмірге карсы кыліиыстық күкык бүзушылыктардын



Pdf көрінісі
бет144/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

§2. Өмірге карсы кыліиыстық күкык бүзушылыктардын 
жалпы сипаттаімасы 
Қазақ ССР-інің 1959 жылғы Қылмыстық кодексінде адам өлтірудің зандылық аныктамасы 
берілмеген еді. Қазақстан Республикасының 2014 жылғы жаңа Қылмыстық кодексінде адам 
өлтірудің заңдылық түсінігі берілген. «Адам өлтіру, яғни басқа адамға кұқыққа қарсы каза үшырату» 
деп Қылмыстық кодестің 99-бабында тура көрсетілген. Осыған орай абайсызда кісі өлтіру заң 
бойынша адам өлтіру деп танылмайды. Бірақ топтық жэне тікелей объект белгісіне сәйкес бұл 
қылмыстық құқық бұзушылық құрамы (абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыстық құқық 
бұзушылық үшін жауаптылық көзделген тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның 
ішінде адам өлтірудің де тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына жэне 
денсаулық жағдайына карамастан, кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі 
нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шыгып, алгаш ты- ныс алуы арқылы 
оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл құбылыс нэрестенің алғашкы айқайынан, 


249 
дыбыс беруінен басталады. Өлім адам өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және 
биологиялык болып екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы токтағаннан кейін 5-6 минут 
шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына байланысты бұл 
кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудің соңғы кезеңі - биологиялық өлім, 
орталық нерв жүйесі қызметінің істен шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа 
орг андары мен тіндерінің өміршендік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам омірінің 
соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сэті - биологиялық өлім. 
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен көрінеді. Қылмыстык 
құқық бұзушылықтың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-әрекеттің жэне соның 
зардабынан адам өлуінің арасындагы себептік байланыстың бо- луын айқындау қажет. 
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің көпшілігі осылайша 
жасалады. Кінәлінің оқпен атылатын және суық қарудың, өзге де заттарды пайдалануымен
уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Адам 
өлтіру сонымен бірге жәбірленушіге психикалық әсер ету нысанында да болуы мүмкін. Әдетте 
жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне закым келтіру 
жолымен өмірінен айыру эдебиеттерде мы- сал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңгы уақыттарда 
адам жүйкесіне эсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе түсуінін нәтижесінде психикалық эсер 
ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі одан эрі кеңейе түсуде. 
Адам өлтіру сондай-ак әрекетсіздік нысанында да болуы мүмкін. Бұл негізінен мына- дай 
жағдайда болуы мүмкін. Кінэлі адам біреуді өмірден айыру мақсатымен өлімге араша тұра алатын 
мүмкіндігі бола тұра жэне осыған тікелей міндетті бола тұрса да әрекетсіздік жолымен оған өлім 
қаупін тугызады жэне өлімге жол береді. 
Кінэлінің өлімнің жолын кесу жоніндегі әрекетті істеу міндеттілігі заң талаптарынан туындауы 
мүмкін (мысалы, ата-аналары өздерінің жаңатуган нәрестелерін немесе жас ба- лаларын өлтіру 
мақсатымен тамақтандырмайды немесе олардың өмірін сактап қалу үшін өзге де шараларды 
қолданбайды). Өздігінен жүріп-тұра алмайтын жэне өздерінің табиғи кажеттерін қамтамасыз ете 
алмайтын жагдайларда картайған ата-аналарын олардың ере- сек балалары олардан кұтылу 
мақсатында осындай әрекеттер жасауы мүмкін. 
Адам өлтірудің объективті жағының екінші белгісі қылмыстык кұкык бұзушылыктың зардабы 
жэбірленушінің өлімі болып табылады. Өмірден айыруға тікелей қасаканалық болғанымен 
кылмыстық құкык бұзушылыктың зардаптың - өлімнің болмай калуы кінәлінің әрекетіне 
окталғандығы, адам өлтіруге окталғандык ретінде саралауға не- гіз болады. Адам өлтіру кезінде, 
өлім әрекет жасалғаннан кейін бірден немесе белгілі бір уакыт өткеннен кейін жүзеге асуы мүмкін. 
Келтірілген зардапты кінэ деп жүктеу үшін болған өлім мен субъектінің эрекеті немесе әрекетсіздігі 
арасындағы себептік байланыстың болуы негіз болып табылады. Әрекет пен зардаптың арасында 
себептік байланыс болмаған кезде тұлға жасаған әрекеті үшін ғана жауапты болады. Өлтіруге 
тікелей окталу айқындалған кезде өлтіру үшін окталғандык жасалған болып табылады, ал өлтіруге 
жанама ниет болған кезде кінэлі адам нақты келтірілген зиян үшін ғана жауап береді (мысалы, 
денсаулыққа зиян келтіргені үшін). 
Адам өлтіру - материалдык қүрамға жататын кылмыстык күкык бұзушылық. 
Адам өлтірудің субъективті жағы - Қылмыстық кодекстің 99-бабына сэйкес тек қана 
қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде касаканалық тікелей жэне сол сиякты 
жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасаканалык кезінде кінэлі өзінің баска адамның өміріне кол сүғып 
отырғандыгын сезеді, оның әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да 
өлімге әкелетіндігін біледі жэне өлімнін болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама қасаканалықпен 
адам өлтіру кезінде кінэлі өзінің әрекеті арқылы адам өміріне катер төндіретіндігін мойындайды, осы 
әрекеттін нәтижесінде оның өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнің болуын тілемейді, бірак оган 
саналы түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылык танытады. Соңғы уақытта 


250 
жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кең таралып отыр. Мұндай кез- де белгілі бір 
қүрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл окиғада кінәлі белгілі бір қүрбанга катысты адам 
өлтіруде тікелей ниетте, ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға катысты - жанама ниетте әрекет етеді. 
Тікелеи жэне жанама қасқаналықтар арасындағы аиырмашылықты аиқындаудың іс жүзінде 
үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге окталу, яғни кінэлінің әрекеті ол өлімнің бо- латынын сезетінін, 
оның болуын тілегендігін, бірак оның еркінен тыс себептер бойын- ша ол болмай калғандығы 
бойынша анықталады. Мүндай кезде окталу тек кана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады. 
Кінәлінің ниетінің түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған қылмыстық құқык 
бүзушылықтың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтканда: қылмыстық кұкық 
бүзушылыктың тәсілі мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен оқшаулауын 
(мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінэлінің кылмыстык кұқык бүзушылық 
эрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінэлінің қылмыстық қүқық бұзушылық істеу алдындағы және 
одан кейінгі мінез-құлкын (тэртібін), оның жәбірленушімен аракатынасын ескеруі тиіс. 
Жэбірленушінін өліміне әкеліп соктыруы кінэлі үшін белгілі болып табылатын өмірлік маңызы 
бар органдарына пышакпен жарақат салу, дұрысында, өмірден айыруға тікелей ниеттін бар екендігін 
айғақтайды. Окпен атылатын каруды колдану кінэлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын 
айгақтайды және баска жағдайлармен қатар кінэлінің адам олтіру ниетінде болғандығына маңызды 
дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам өлтіру мақсатында істеледі. 
Тікелей қасақаналық болған кезде кінәлі өлімнін болуын тілейді, сонымен бірге кінэлінің өлімнің 
міндетті түрде бо- луын каламайтындыгын да мұндай жагдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы 
түрде болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша олімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа ауыр 
І И Я Н
келтіру мүмкіндігі жэне осы зардаптардың кез келгенінің болуын міндетті түрде тілейді. Ал егер 
оған байланысты емес жагдайлар бойынша кылмыстық нәтиже болмаган жағдайда ол адам өлтіруге 
оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс. 
Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру ниетінің бар 
екендігіне маңызды дэлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай қатер тудыруды айтқан адамның 
ой-ниетінің каншалықты шын екендігін іс бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде 
жэне төндірілген қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай үқсас кейбір әрекеттермен коса 
айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінэлінің шын мәніндегі 
анықтілегін білдірмейді. 
Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе окпен атылатын немесе суык каруды немесе өзге каруды
сондай-ақ кару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен немесе колдануга әрекет етумен 
жасалатын бүзакылық әрекеттермен байланысты болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам 
өлтіруге жасалған оқталуды аталған әрекеттерден бөлу керек. 
Адам өлтіруге жанама касақаналық кезінде кінэлі өз әрекетінің нэтижесінде өлімнің нақты болу 
мүмкіндігін шамалайды. Кінәлі зардаитың калай да болмай коймайтынын шамалаган жагдайда сөз 
тек қана тікелей қасақаналық туралы бола алады (ҚК-тің 20-бабының 2-тармагы). Ниеттің осы 
түрлерінің арасындағы неғүрлым елеулі айырма- шылық, заңда көрсетілгендеи еріктілік кезеңі 
боиынша анықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде кінэлі өлімнің болуын тілесе, ал 
жанама ниеттену кезінде оны кінэлі тілемейді, бірак оған саналы түрде жол береді не өлімнің 
болуына немқүрайды қараиды. «Тілемеиді» деген терминді «өлтіргісі келмеиді» деген мағынада 
емес, «тікелеи тілемейді» деген мағынада түсіну керек. «Саналы түрде жол береді» деген - кінэлі 
өлімді өз іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қабылдайды дегенді білдіреді. 
Қасақана адам өлтірудің субъектісі 14 жасқа толган жеке тұлга болып табылады, ал Қылмыстық 
кодекстің 100-105-баптарында көрсетілген жағдайларда адам өлтірудің субъектісі 16 жасқа толган 
адамдар болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет