Адам өлтіру мәселесі бойынша шешім шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) адам өлтіру мәселесі бойынша берген жауаптары



Дата09.06.2016
өлшемі113.42 Kb.
АДАМ ӨЛТІРУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША ШЕШІМ

Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың (Аллаһ оны рахымына бөлесін) адам өлтіру мәселесі бойынша берген жауаптары

Сұрақ: «Алжирдегі мұсылмандардың қарулы тобының өкілдері полицейлерді өлтіру және жалпы қару қолдану сияқты өздерінің жасап жүрген әрекеттерін сіз құптайды деп жариялайды. Осы шындыққа сәйкес келеді ме? Сіз бұл адамдардың амалдары туралы шариғаттың үкімдері тұрғысынан не айта аласыз?»

Жауап: «Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен. Аллаһқа мадақ және Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына, сахабаларына және оның жолына ілескендердің барлығына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын.

Біз бұрын да исламға шақырумен айналысатын барша бауырларымызға Аллаһ Тағала: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен1 пікірталасты көркем түрде жүргіз» (ән-Нәхль сүресі, 125-аят), - деп бұйырғандай, адамдарды жақсы сөздермен және игі үндеулермен насихаттау керектігі және олармен ең жақсы әдіс-құралдар арқылы пікірталас жүргізу қажеттігі туралы насихат берген болатынбыз.

Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді: «...Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар2» (әл-Анкәбут сүресі, 46-аят).

Сөйтіп, Құдіретті де, Ұлы Аллаһ Өзінің құлдарына адамдарды Аллаһқа шақыруды бұйырды, әрі шақыруды даналықпен, яғни біліммен іске асыру керектігіне нұсқады. Бұл дегеніміз: (шақыруда) Аллаһтың және Оның Елшісінің сөздерін келтіру керек, игі насихатты қолдану қажет және күмәнді нәрсенің барлығы жойылғанға дейін, адамдармен пікірталастарды ең жақсы тәсілдер арқылы жүргізу керек.

Алжирде Аллаһқа шақырып жүргендерден кімде-кім мен оларға полицейлерді өлтіруді немесе (Исламға) шақыруда қару қолдануды айттым десе, онда мұндай сөздер – жай қателік қана емес, олар жалған болып табылады.

Шақыруды тек игі құрал-тәсілдер арқылы жүргізу керек. Бұл дегеніміз: Аллаһтың және Оның Елшісінің сөздерің келтіру керек, адамдарға үгіт-насихат айту керек, оларды ынталандыру керек және оларда Аллаһтан қорқу сезімін ояту керек. Пайғамбар да, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оның сахабалары да, Меккеде өмір сүріп, билікке ие болмаған кездерінде Исламға шақыруды дәл осылай жүргізген еді. Олар адамдарды Құран аяттарының, игі сөздердің және ең жақсы әдістердің көмегімен Аллаһқа шақырды, өйткені бұл ізгілікке жақындау және ақиқаттың қабылдануына көбірек ықпал етеді.

Адамдарды өлтіру немесе ұрып-соғу арқылы іске асырылатын шақыруға келер болсақ, онда ол Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетіне де, оның сахабалары қолданған әдістерге де ешқандай қатысы жоқ. Аллаһ Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жихад жүргізуді және шариғат бекіткен жазаларды қолдануды Ол оған Мәдинада билік сыйлаған кезде міндеткерлік етіп бекітті, сондықтан Пайғамбар тек Мәдинаға қоныс тепкен соң ғана көпқұдайшылдарға қарсы жихад жүргізуді және Аллаһтың әмірлеріне сәйкес жаза қолдануды орындай бастады.

Аллаһқа шақырушылар Құранның аяттары мен Пайғамбардың хадистерін пайдаланып, жақсы әдістерге жүгінуі керек екендігін тағы да бір рет рет ескеріп өтеміз. Егер шақыруды дұрыс деңгейде жүргізуге мүмкіндік болмаса, онда әмірге жүгіну кажет және оған: «Осылай және осылай істеу керек», - деп игі насихаттар беру керек және әртүрлі әмірлердің арасында, мейлі олар патшалар, әмірлер немесе републикалардың президенттері болсын, өзара түсінушілікке қол жеткізілгенге дейін осылай істеу керек.

Түрмеге жабу, өлімге кесу немесе шариғат белгілеген жазаларды қолдану қажет болған жағдайларда (Исламға) шақырушылар әмірлерге жүгінулері қажет. Олар жақсы әдістерді және көркем сөздерді пайдаланып, әмірлерге насихат айтуы керек және оларды игілікке бағыттауы керек. Міне, сондықтан Аллаһ Тағала: «Іштеріндегі зұлымдық қылғандарынан басқа Кітап иелерімен көркем түрде сөз таластырыңдар. Оларға: "Бізге түсірілгенге де, сендерге түсірілгенге де иман келтірдік. Және біздің Құдайымыз да, сендердің Құдайларың да - біреу-ақ. Біз Оған бой ұсынғандармыз!" - деңдер» (әл-Анкәбут сүресі, 46-аят), - деді.

Егер Кітап иелерінен біреу әділетсіздікке жол берсе, әмір оған қатысты, кінәлі адам неге лайықты болса, сондай шара қолдануы кажет, ал шақырушылар ізгілік танытып, даналықты ұстануы керек, өйткені Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: «Ізгілік үнемі өзі араласқан нәрсесін көркем етеді, ал қашан бір нәрсе ізгіліктен арылса, бұл міндетті түрде абыройсыздыққа әкеледі», - деді. Муслим «Сахих», № 2594 хадис.

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ, былай деді: «Ізгіліктен айырылған игіліктен де толық жұрдай болды». Муслим «Сахих», № 2592 хадис.

Шақырушылар адамдарға үгіт-насихатты Құран аяттарымен және хадистермен жүргізуі тиіс, ал біреуде күмән туындап жатса, оны ең жақсы әдіспен үгіттеу керек, аяттың немесе хадистің мағынасы неде екенін көрсету керек және Аллаһ пен Пайғамбардың сөздеріне, ақиқат айқын болып, күмән жойылғанша сілтеме жасау керек.

Алжирдегі және Алжирде болмаған бауырларымыз да міне осыларды істеу керек. Олар Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, және оның сахабалары Меккеде өмір сүрген кезде амал істегендеріндей амал істеулері керек, ал олар шақыруды игі сөздер және ең жақсы әдістер арқылы жасады. Аллаһқа шақырушылар даналық жасап, әмірге және өзге де билік өкілдеріне игі насихаттар беруі керек, сөйтіп барлығы бір-біріне қылмыскерлерді ұстауда және ақиқатты орнатуда көмек көрсетуге тырысулары қажет.

Сонымен, атқару ісі басшыларға жүктеледі, ал діндарлар және Аллаһқа шақырушылар игі кеңестер беруге, адамдарға барлық қажетті нәрселерді жеткізуге және түсіндіруді талап ететін нәрсені түсіндіруге міндетті, ал біз болсақ Аллаһтан баршаға дұрыс жол нұсқауын тілейміз».

Сұрақ: «Бұл топтың өкілдері хиджаб жамылудан бас тартқан әйелдерді өлтіреді. Оларға осылай істеуге рұқсат бар ма?»

Жауап: «Бұл да - қателік. Бұлай істеуге оларға рұқсат етілмейді, ал міндеттісі насихат айту болып табылады. Әйелдерге, олар хиджаб кигенге дейін, насихат айту керек. Намаздан бас тартқандарға, олар намаздарын орындағанға дейін; өсімқорларға, олар өсімқорлықпен айналысуын тоқтатқанға дейін; зинақорларға, олар зина жасаудан бас тартқанға дейін насихат беру керек және шарап ішушілерге, олар ішіуін тоқтатқанға дейін насихат айту керек.

Аллаһтың сөздеріне және Пайғамбардың хадистеріне жүгініп және адамдарды Ақырет Күні олар тап болуы мүмкін Аллаһтың қаһары мен азабынан сақтандырып, әркімге ізгі насихаттар беру керек.

Ал зорлық-зомбылық акцияларына, адам өлтіруге және басқа да сол сияқты әрекеттерге келер болсақ, олар шақыру ісімен үйлеспейді, өйткені жиіркеніш туғызады. Аллаһқа шақырумен айналысатын адамдар кішіпейілділігімен және сабырлылығымен ерекшеленуі керек, игілік жасаушылардың саны көбейіп, ал жауыздық жасаушылардың саны азаюы үшін және адамдар (Исламға) шақырудан пайда алып, оған жауап беруі үшін, олар өздеріне тиіп жатқан ренжітулерге төзім танытып, мешіттерде және басқа жерлерлерде жақсы сөздер айта білуі қажет».

Сұрақ: «Адам өлтіру және сол сияқты әрекеттерді жасап жүргендерге қандай насихат беруге болады?»

Жауап: «Оларға Аллаһқа тәубе етулері және даналықтың, игі насихаттың, сондай-ақ ең жақсы әдістермен пікірталас жүргізудің көмегімен адамдарды Аллаһқа шақырған біздің алдыңғы салиқалы буын өкілдеріміз жүрген жолдан ауытқымай жүруі туралы кеңес беріңдер. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Аллаһқа шақырып, игі амалдар жасап және: «Расында, мен – (Аллаһқа) мойынсұнғандардың бірімін!», - деушінің сөздерінен кімнің сөзі жақсы» (Фуссиләт сүресі, 33-аят).

Шақырушылар шақыру ісінде қиындықтар туғызатын және өзге шақырушыларға және білімі жетіспейтіндерге сәтсіздіктер әкелетін істермен айналыспауы керек. Егер шақыру игі сөздермен және жақсы әдістермен іске асырылса, шақырумен айналысатын адамдардың саны көбейе түседі, адамдар олардың сөздерін тыңдайтын болады және олардың себебінен пайдаға қол жеткізеді, ал мешіттерде және басқа жерлерде білім ізденушілердің үйірмелері жинала бастайды.

Аллаһ баршаға тура жол нұсқасын және біз Аллаһтан баршаны дұрыс жолға салуын және баршаға көмектесуін тілейміз». «Көрнекті діндарлардың пәтуалары», 61-68 беттер.

Сұрақ: «Шет ел туристеріне және де мұсылман елдеріне келіп кететін өзге де адамдарға шабуыл жасау мәселесі бойынша қандай шешім шығаруға болады?»

Жауап: «Бұл адамдарға да, басқа кез келген адамдарға да, олар турист немесе жұмысшылар болсын, шабуыл жасауға мүлде болмайды, өйткені олар елге бейбіт түрде кірді және (мемлекеттің) қорғауы астында болып табылады. Тіпті мемлекеттік органдарға мұндай адамдарды дұрыс емес нәрселердің барлығынан қорғаштау керектігін ұсыну керек, ал оларға шабуыл жасауға жол берілмеу керек. Ешкім оларды өлтірмеуі де, ұрып-соқпауы да, ренжітпеуі де керек, ал қандай да бір келеңсіздіктер орын алған жағдайда билікке жүгіну керек. Мұндай адамдарға шабуыл жасауға жол берілмейді, өйткені бұл (шабуылдар) бейбіт келген адамдарға қарсы бағытталған, ал олардың елге кіруіне кедергі келтіруі немесе мұндай адамдарға қандай да бір бөгет жасауы мүмкін болғандарға жүгіну айқын түрде сөгіске лайықты. Оларға игі насихаттар беріп, Исламға шақыру керек немесе олар мұсылман болса, айыпталатын нәрселелерден бас тартуға шақыру керек және осы шақыруларды шариғаттың нұсқауларымен күшейтіп, Аллаһтан көмек тілеу қажет. Аллаһтан өзге ешкім де күш-қуатқа ие емес, әрі Пайғамбарымыз Мухаммадқа, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын». «Пәтуалар жинағы», 8/239.



Шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузанның (Аллаһ оған есендік берсін) адам өлтіру мәселесі бойынша берген жауаптары

Сұрақ: «Алжирдегі Исламға шақырушылардың біреуі өзінің жазған бір кітабында: «Адам өлтіру Сүннетке сәйкес келеді, бірақ ол Сүннеттің ұмытылған әдеттеріне қатысты», - деп тұжырымдайды. Дәлел ретінде ол Кааб бин әл-Ашрафты және мұсылман әйеліне көз тігіп қараған яхудиді өлтіру туралы хабарларды келтіреді. Сіз бұл жөнінде не айта аласыз?»

Жауап: «Кааб бин әл-Ашрафты өлтіру туралы хабар адам өлтіруді рұқсат етуге дәлел бола алмайды, өйткені Кааб бин әл-Ашраф сол кезде билік иесі болған Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрығы бойынша өлтірілді, және Кааб бин әл-Ашраф, белгілі келісім-шартқа сәйкес, оның қоластындағылардың қатарына жататын еді. Бұл адам келісім-шарттың шарттарын бұзды да, сатқындық жасады, ал бұл жағдай оның өлтірілуін рұқсат етті, ал мұның мақсаты бұл адамды ол мұсылмандарға тигізіп жатқан зияннан тоқтату болды. Ол, қазір туристтерді өлтіруге байланысты орын алып жатқандай, билеушіден тәуелсіз әрекет жасайтын жеке бір тұлғалардың немесе адамдардың топтарының үкімі бойынша өлтірілмеді. Ондай әрекеттер анархия деп бағаланады, ал Ислам оларды құптамайды, өйткені олар Исламға және мұсылмандарға үлкен зиян тигізеді».

Шейх Салих бин Али әл-Гисуанның (Аллаһ оған есендік берсін) адам өлтіру мәселесі бойынша жауаптары

Сұрақ: «Соңғы екі жыл бойы біз ислам шақыруымен айналысып жүрген кейбір адамдардың шақыру ісінде және қайтарылатын нәрселерді айыптауда қолданылатын әдіс-құралдар туралы үнемі айтып жүргенін және олар осы әдіс-құралдардың қатарына шерулерді, ұйымдасқан түрде көшелерден жүріп өтуді және адам өлтіруді жатқызатынын және осыны ислам жихады деп атайтынын естіп жүрміз.

Біз Сізден екі сұраққа жауап беруіңізді сұраймыз:

а) Жоғарыда аталғандарды шариғи әдіс-құралдар деп санауға болады ма, әлде олар айыпталуға лайықты болған бидғаттар мен тыйым салынған әдістердің қатарына жатады ма?

ә) Шариғат осындай әрекеттерге шақыратындарға және оларды насихаттайтындарға қатысты не істеуді бұйырады?»

Жауап: «Аллаһқа мадақ. Жақсылыққа үндеу және жамандықтан тосу, Аллаһқа шақыру және адамдарға тура жол сілтеу Аллаһтың дінінің негізіне жататыны белгігі, алайда Аллаһ Тағала былай деді: «Адамдарды Рабыңның жолына даналық және көркем үгіт арқылы шақыр. Әрі олармен3 пікірталасты көркем түрде жүргіз. Күдіксіз, Раббың Оның жолынан ауытқығандар туралы бәрінен жақсы біледі және Ол тура жол тапқандар туралы да бәрінен жақсы біледі» (ән-Нахль сүресі, 125-аят).

Аллаһ Муса мен Харунды4 Перғауынға жіберіп, оларға: «Оған сыпайы сөз сөйлеңдер, мүмкін үгіт алар немесе қорқар», - деп бұйырды (Та ха сүресі, 44-аят).

Мухаммад Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, адамдарға даналықпен келді және Исламға шақырумен айналысатындарға өз шақыруларын даналықты басшылыққа алып және сабыр танытып іске асыруларын әмір етті. Бұдан тыс Құранда былай делінген: «Заманға серт. Негізінен адам баласы зиянда. Бірақ сондай иман келтіріп, ізгі іс істегендер, бір-біріне хақты5 үгіттесіп, сабырды6 үгіттескендер; олар зиянға ұшырамайды» (әл-Аср сүресі, 1-3 аяттар).

Сөйтіп, адамдарды Аллаһқа шақырушы, оларды құпталатын нәрселерге талпындырып, айыпталатын нәрселерден тыюға тырысатын адам сабырлық танытып, Аллаһтың сыйынан үміт етуі керек. Бұдан тыс, ол өзінің (дінге) шақыру жолында естуі немесе кездесуі мүмкін болған жағымсыз нәрселерді төзімділікпен көтере білуі керек. Ал адамдармен тұрпайы түрде сөйлесіп, оларды ренжітетін (Аллаһ бізді ондайдан сақтасын) немесе тәртіпсіздікке ұмтылатын, немесе адамдарды дау-жанжалдарға және алауыздыққа келтіруге талпынатын адамдарға келер болсақ, онда мұның барлығы шайтанның амалдарының қатарына кіреді және хауариждердің шақыруының негізінде жатыр. Олар (хауариждер) айыпталатын нәрсеге деген сөгісті қару арқылы танытатын еді, ал егер бір нәрсе олардың көзқарастарына қайшы келсе, олар қан төгуден, адамдарды күпірлікте айыптаудан және сол сияқты істерден тайынбайтын еді.

Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабалары және біздің салиқалы алдыңғы буын өкілдеріміз іске асырған (дінге) шақырудың хауриждердің және олардан өнеге алғандардың шақыруынан айырмашылығы мынада: сахабалар өз шақыруын даналықтың, ақиқатты насихаттаудың және түсіндірудің көмегімен, сабырлық таныта отырып, Аллаһтың сыйынан үміт етіп, іске асыратын. Ал хауариждер адамдармен соғысып, олардың қанын төкті, оларды күпірлікте айыптады және мұсылмандардың арасына тартыстар енгізді, ал бұл жеккөрінішті және айыпталатын бидғаттардың қатарына жатады.

Мұндай нәрселерге шақырушылардан аулақ болып, оларға сенбеу керек, өйткені мұндай адамдар мұсылмандардың алауыздыққа түсуіне себебші болды, мұнысы үшін оларды Аллаһтың кек алуы және жазасы күтуде, Аллаһ бізді ондайдан сақтасын! Егер мұсылмандар игілікке деген ұмтылыстарында бірігіп, біртұтас болғанда еді, олар, күмәнсіз, жоғары мәртебеге жетіп, құрметке ие болар еді.

Мұсылмандар партияларға және топтарға бөлінгенде, олардың арасында қарама-қайшылықтар пайда болады және олардың өздерінің ортасынан шыққан дұшпандар оларға жол табады. Бұл жаман жолмен бидғаттардың жақтаушылары жүреді, ал алғашқылар болып бұл жолға мұсылмандардың арасына араздық егіп, халифа Али ибн Абу Талибпен және оны қолдаған сахабалармен соғысқан адамдар түсті. Олар Алимен жақсы өзгерістерді қалап соғысты, бірақ ақиқатында азғындауға, бидғаттарға және ыдырауға себеп болды, өйткені мұсылмандарды бытыранқылыққа әкелген және оларды әлсіреткен солар еді. Міне осы нәрселер олардың сөздерін қайталап, олардың көзқарастарына ортақтасатын және оларды насихаттайтын әрбір адамға қатысты. Мұндай адам жаман көзқарастарды ұстанады және одан аулақ болу керек, өйткені ол өз қауымына, өз серіктеріне және өзі қатынасатын барлық адамдарға зиян тигізеді. Ал іс жүзінде мұсылман адам жасампаз әрекеттермен айналысуы керек, тек игілікке талпындырып, өзі де оған ұмтылуы керек, ақиқат сөздерін айтып, ең мықты дәйектерді пайдаланып және жұмсақтық танытып Исламға шақыруы керек, өз бауырлары туралы дұрыс пікірде болып, кемелдікке жету өте қиын екендігін және күнә істеуден тек Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қорғалғандығын есте сақтауы керек. Сондай-ақ, олар өздері қарсы шығып жатқан адамдары - олар әмірлер, ресми тұлғалар немесе басқа біреулер болсын - жойылса, олардың орнына олардан да жаман адамдар келетінін де ұмытпауы керек, өйткені қандай заман өтсе де, оның орнына тек қана жаман замандар келеді. Адамдардан кемелдікті күтуші немесе олар еш қателік жібермеуіне және ешбір жамандық жасамауына қол жеткізуді қалайтын адам адасқан болып табылады. Мұндай адамдар мұсылмандарды бөлінушілікке әкелген және оларға көп зиян тигізген хауариждердің мирасқорлары болып табылады, ал мұндай мақсаттарды Сүннет пен келісімнің жақтаушыларына (әһлю-Сунна уәл-жамаъаға) қарсылас болған рафидилер, хауариждер, муътәзиләлар және басқа да арам пиғылды тұлғалардан және бидғаттың жақтаушыларынан болғандар көздеді.


Алынған көзі: «Мұсылман діндар ғалымдарының қазіргі заманның үндеулеріне жауаптары», құрастырушы шейх Мухаммад бин Хусайн бин Саад әл-Суфран әл-Кахтани, редакциясын басқарған Сауд Арабиясы Корольдігі Ең ірі ғалымдары Комитетінің мүшесі, шейх Салих бин Фаузан әл-Фаузан, Кувейт, 2008 ж.

1 Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

2 Бұл жерде ең жақсы дәлел-дәйектерді қолдану әрі тұрпайылықтың кез келген түрін жоққа шығаратын пікірталас жүргізудің ең жақсы тәсілдері айтылуда.

3 Көпқұдайшылдар меңзеліп тұр.

4 Пайғамбарлар.

5 «Хақ» дегенде бұл жерде иман және игі амалдарды жасау, басқаша айтқанда өзінің діни міндеттерін атқару және адамдарға жақсылық жасау түсініледі.

6 Аллаһқа мойынсұнуда және оған бойұсынбаудан бас тартуда сабырлық таныту, сондай-ақ барлық ауыртпалықтарды сабырлықпен көтеру айтылып тұр.

Каталог: files -> book -> kaz -> manhaj
manhaj -> Әһлю-Сунна ғалымдарының Таблиғ жамағаты туралы айтқан сөздері Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен
manhaj -> ҰШАҚтарды басып алуғА Қатысты сұРАҚтарға имамдардың берген жауаптары
manhaj -> Ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің жарылыстар мен қопарушы іс-әрекеттер туралы шығарған шешімі
manhaj -> Сауд Арабиясы Корольдігінің ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің жарылыстар мен қопарушы іс-әрекеттер туралы шығарған шешімі
manhaj -> Шейх Абд әл-Азиз бин Абдуллаһ Ибн Баздың, Аллаһ оны рахымына бөлесін, шерулер мәселесі бойынша берген жауаптары
manhaj -> КҮпірлікте айыптау мәселесі бойынша шешім ең ірі ислам ғалымдары Комитетінің күпірлікте айыптау мәселесі бойынша мәлімдемесі
manhaj -> -
manhaj -> Шейх Жибриннің 2003 жылы Әр-Риядта орын алған терактілер туралы пәтуасы
manhaj -> Шейх Абдуль-Мухсин ‘Аббадтың «Талибан» қозғалысы туралы сұраққа берген жауабы
manhaj -> Бандар ибн Найиф әл-Утайби «аллаһТЫҢ ТҮсіргеніне сәйкес емес басқару (билік қҰРУ) ЖӘне шешім шығару»


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет