110- 6 а п. Қинау 1. ¥дайы урып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ушырату, егер бул іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге әкеп соқпаса - бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуға не сол мөлшерде түзеу жумыстарына не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан аиыруга жазаланады. 2. Мынадай: 1) көрінеу кәмелетке толмаған адамға немесе кінәлі адамға дәрменсіз күйде екені көрінеу белгілі не кінәлі адамға материалдық немесе өзгедей тәуелді адамға, сол сияқты урланған не кепіл ретінде қолға түсірілген адамга қатысты; 2) екі немесе одан да көп адамға қатысты; 3) кінәлі адамға жүктілік жағдайда екені көрінеу белгілі әйелге қатысты; 4) азаптауды қолдану арқылы; 5) жалдау бойынша; 6) әлеуметтік, улттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет - үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық кодекстің 106 жэне 107-баптарында сипатталған зардаптарга экеп соқпаған
жағдайда адамды үдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану эрекеттері жолы- мен тэн зардабын
немесе психикалық зардап шектіргені үшін жауаптылық белгілеген.
Объективтік жағынан алғанда қылмыс азаптау арқылы - үдайы ұрып-согу немесе өзге күш
қолдану әрекеттері жолымен жүзеге асырылады.
Ұдайы үрып-соғуға жыл ішінде кемінде үш реттен артық сабау жатады. Тэн зардабын шектіруге
- адамды астан, жылудан, сусыннан айыру немесе оны өте ыстық, не болмаса суык жерге жауып
қою, шулы, ауасы ластанған жерде үстау т.с.с. жатады.
Психикалык зардап шектіруге үрып-соғу мен бірге адамды қорлау, оған бүзақылык әрекеттер
жасау, әр түрлі жолмен қорқыту, сайкымазак етулер жатады.
Күш қолдану арқылы зардап шектіруге үнемі өткір немесе катты затпен, қүралмен денені
ауырту, күйдіретін, қыздыратын немесе басқа нэрселермен денені болмашы жарақаттау т.с.с.
әрекеттер жатады.
Егер азаптаудың әсерінен денсаулыққа ауыр немесе ауырлыгы орташа зиян келтіріл- се, онда
кінәлінің әрекеті істің накты жагдайларына байланысты Қылмыстық кодекстің 103 немесе 104-
баптары бойынша саралануға жатады.
Қылмыс күш қолдану немесе психикалық зардап шеккізу әрекеттері басталған сэттен бастап
аяқталған деп табылады.
Қылмыс субъективтік жағынан қасаканалықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толған адам. Қылмыстык кодекстің 110-бабының 2-тармағында
азаптаудың ауырлататын түрлері:
а) көрінеу кәмелетке толмаған немесе кінәліге дәрменсіз күйде екендігі белгілі, не кінэліга
материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға, сонымен бірдей үрланған не ке- піл ретінде қолға
түсірген адамға катысты;
б) екі немесе одан да көп адамга катысты;
в) кінэліге жүктілік жағдайында екендігі белгілі әйелге қатысты;
г) азаптап;
д) жалдау бойынша;
е) әлеуметтік, үлттык, нәсілдік, діни өшпенділік немесе дүшпандық түрғысында жасалған
әрекет үшін жауаптылык көзделген. Осы көрсетілген белгілерге сипаттама ауырлататын жагдайда
274
кісі өлтіргені үшін қылмыс құрамына (99-баптың 2-тармағы) тал- дау жасалғанда толық берілген.