272
катысты;
4) алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы,
қылмыстық топ жасаған;
5) бұзақылық ниетпен;
6) әлеуметтік, үлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық уэжі бойынша;
7) бірнеше рет;
8) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған дәл сол іс-эрекет - осы құрамның
ауырлататын түрі болып табылады (ҚК-тің 107-бабы).
Қылмыстық кодекстің 107-бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыкка
касакана ауыр зиян
келтіруден өзгешелігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр зиянға карағанда орташа ауырлықтағы
зиян келтіру мынадай өзіндік белгілермен: 1) адамның өміріне қауіптіліктің болмауынан; 2)
Кодекстің 106-бабында көрсетілген зардаптарға экеп сокпауынан; 3)
денсаулықтың ұзақ уакытқа
бұзылуына; 4) жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп
соғумен сипатталады. 3 апта- дан (21 күннен әрі) артық уақытқа уакытша еңбек кабілетін жоғалту
денсаулықтың үзак уақытқа бүзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10-нан 30%-
ке дейін) жогалту түрақты жоғалту деп танылады.
Денсаулықка қасақана орташа ауырлықгағы зиян келтірудің ауырлататын түрлері Қылмыстық
кодекстің 106-бабында көзделген осындай белгілермен бірдей, сондықтан да оларды қайталап талдап
жатудың қажеті жоқ.
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі 104-баптың 1-тармағы бойынша 16-ға толған, ал осы баптың 2-тармағы
бойынша 14-ке толған адам болады.
Достарыңызбен бөлісу: