Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзуы



Pdf көрінісі
бет326/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

224- 
6 а п. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар шығару тәртібін бұзуы 
Эмиссиялық багалы қагаздарды шыгару проспектісіне көрінеу анық емес мәліметтерді 
енгізу, сол сияқты эмиссиялық багалы қагаздарды орналастыру қорытындылары туралы 
керінеу анық емес есеп жасау, егер бул іс-әрекеттер ірі залал келтірсе
 -
 
бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппул салуга не сол мөлшерде 
түзеу жумыстарына не үш жылга дейінгі мерзімге бас бостандыгын шектеуге не сол мер- 
зімге бас бостандыгынан айыруга жазаланады. 


425
 
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында мемлекеттің шаруашылық қызметінде багалы 
қағаздардың айналымының рөлі арта түспек. Бағалы кағаздар белгілі құндылыққа ие бола отырып, 
ол ақша каражатымен бірдей төлем немесе айналым кұралы ретінде неме- се заңда белгіленген басқа 
да қызметті атқарады. Осыған байланысты бағалы қагаздарды шығару тэртібін бұзу саласындағы эр 
түрлі киянаттардың коғамға кауіптілік дәрежесі ерекше зор. Бұл туралы «Бағалы кағаздар рыногы 
туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңында ерекше атап көрсетілген. 
Қылмыстыккодекстің224-бабында корсетілген осы кылмыстыққұқыкбұзушылықтың объектісі - 
багалы қағаздарды шыгару (эмиссия) тәртібін реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. 
Бағалы қағаздарды шығару тәртібі Қазакстан Республикасының арнау- лы заңымен белгіленген. 
Қылмыстык кұкық бұзушылыктың заты - эмиссиялык бағалы қағаздар. 
Азаматтык кодекстің арнайы бабында бағалы қағаздың түрлері — облигация, вексель, чек, банк 
сертификаты, коносамент, акция және бағалы қағаздар қатарына жатқызылатын баска да кұжаттар 
деп көрсетілген. 
Осы кылмыстык кұқық бұзушылықтың затына тек кана нарыктық айналымга шығарылатын 
бағалы қағаздар ғана жатады. Мұндай бағалы қағаздардың эмитенті бо- лып Қазакстан 
Республикасы Үлттық Банкінен бағалы кағаздарды шығаруға арнаулы рұқсат-лицензия алған қаржы 
ұйымдары болады. 
Бағалы қагазға койылатын барлықталаптарды куэландыратын ресми құжат - эмиссия 
проспектісі деп аталады. 
Қылмыстық кұкык бұзушылыктың объективтік жағы мына әрекеттерді істеу аркылы жүзеге 
асырылуы мүмкін: 
1) Көрінеу сенімсіз ақпараты бар эмиссия проспектісін бекіту. Бұл ресми құжатка жалғандык 
жасаудын бір көрінісі болып табылады. Бұл әрекетті эмитент акпараттың көрінеу сенімсіз екендігін 
және оны белгілі бір зардапқа әкеліп соғатынын біле тұра эмиссия проспектісіне енгізіп, бекітеді. 
2) Эмиссиялық бағалы қагаздарды шығару жөніндегі көрінеу сенімсіз есепті бекіту. Көрінеу 
сенімсіз есеп жалған құжаттың бір түрі, онда бағалы қағаз шыгарудың көлемі, эмиссияланған багалы 
кағаздарды шығарудың саны; оларды орналастыру мерзімінің ба- сталуы жэне аяқталуы; бағалы 
қагаздардың бағасы жэне оны төлеу тәртібі; эмиссияланған бағалы кағаздардан алынатын табыс; 
эмиссияланған бағалы кағаздарды тіркеуді жүзеге асыратын органның атауы туралы корінеу 
сенімсіз мәліметтер әдейі бекітіледі. 
3) Егер бұл іс-әрекеттер ірі залал келтірсе - қылмыс аяқталган деп танылады. 
Құрылысы жагынан бұл қылмыстық кұкык бұзушылык материалдық құрамға жата- 
ды. Қылмыстык кұқық бұзушылык объективтік жақтың белгілерінде корсетілген балама 
әрекеттердін біреуін істегеннен соң аяқталды деп танылады. 
Субъективтік жағынан кылмыс қасаканалыкпен жасалады. Кылмыстың субъектісі арнаулы. 
Бағалы кагаздар рыногы туралы заңға сәйкес эмитент болып табылған лауа- зымды адамдар немесе 
бағалы кағаздың иеленушілері алдында өз атынан міндеткерлік алатындар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет