419
қызметіне араласуға міндетті. Экономика сала- сында шаруашылық жүргізуші субъектілердің
нарықтағы заңсыз үстемдікке жол бермеу, әр түрлі киянаттарын тойтару мақсагымен мемлекет
антимонополиялық реттеу аркылы экономикаға мемлекеттік ыкпал етеді. Мемлекеттің
монополиялық (мемлекеттік жэне табиги) реттеуінің кұқықтык базасы Қазақстан Республикасының
1998 жылғы 9 шілде- де қабылданған «Табиғи монополиялар туралы» Заңы болып табылады. Осы
тұрғыдагы коғамға қауіпті іс-әрекет кылмыстық құқық
бұзушылық ретінде қарастырылып, оның
жауаптылығы ҚК-тің 221-бабында көрсетілген.
Қылмыстық кұкык бұзушылықтың тікелей объектісі - адал бәсекеге негізделіп, нарықта
үстемдік жағдайға ие болган шаруашылық субъектілерінің қызметін реттейтін қоғамдык
қатынастар.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан мынадай әрекеттерді істеу арқылы көрініс
табады:
1) монополиялык жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру; 2) үстем немесе
монополиялык жағдайға ие нарық субъектілерінен сатып алынган тауарларды (жұмыстарды,
көрсетілген қызметтерді) қайта сатуға, бөлуге шектеулер қою; 3) бэсекені шектеу монополиялық іс-
әрекеттер және бәсекені анықтау заңдарына сэйкес монопо- листік іс-әрекеттер бәсекені шектеуге,
тежеуге немесе жоюга жол бермеуі қажет. Осыган байланысты монополиялык жоғары немесе төмен
бағаны белгілеу мен ұстап тұру заңға кайшы әрекет болып табылады. Монополиялық жогары баға
белгілеу деп тауар нарығында үстемдік жағдайға ие болган
шаруашылык субъектісінің, сапасы
төмен тауа- рына көтеріңкі, жоғары баға койып оган жұмсалған шығынын өндіріп алумен бірге одан
пайда табуын айтамыз.
Монополиялық төмен бағаны белгілеуге нарыкта үстемдік жағдайға ие болган шаруашылык
субъектілерінің өзара келісіп бәсекені шектеу мақсатымен, бәсекелесін нарыктан ығыстыру үшін
сатылатын тауарға көрінеу төмен баға белгілеп сатып алу, сөйтіп тауар өндірушіге зиян келтіру,
тауар сатушылардың есебінен косымша пайда табу сияқты әрекеттер жатады.
Үстем немесе монополиялык жағдайға ие нарық субъектілерінен сатып алынган та- уарларды
(жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) кайта сатуға аумақтык белгісі, сатып алушылар тобы, сатып
алу шарттары, саны не бағасы бойынша шектеулер белгілеу не- месе тауарлардың (жұмыстардың,
көрсетілетін қызметтердің) ассортименті, олардың өткізілу немесе сатып алу көлемі, сатушылар мен
сатып алушылар тобына сәйкес қосу эрекеттері арқылы көрініс табады.
Бәсекені
шектеу - рынокты бөліп алу, рынокқа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің
басқа субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру эрекеттері аркылы көрініс
табады.
Рынокты бөліп алу дегеніміз тауар өндірушілердің өзара келісіп сауда алаңын өзара бөліске
салып, басқа тауар өндірушілерді сол жерге кіргізбеу амалын жасауы болып та- былады. Немесе
каржысы көп кәсіпкер сауда орнындагы барлык коймаларды, тауар сата- тын, сақтайтын орындарды
жалға алып, оны мақсатты пайдаланбай, баска субъектілердің рынокқа кіруіне қолдан шектеу
жасайды. Кәсіпкерлер езара келісіп басқа субъектілерді ығыстыру мақсатымен тауарларға бірыңғай
жоғары немесе төмен баға белгілеп белгілі бір уақытқа ұстап тұруы мүмкін,
сөйтіп олар рынокта
өздерінің үстемдігін орнату арқылы баска кәсіп-керлерді сол орыннан ығыстырып шығарады. Осы
көрсетілген әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе немесе нарық
субъектілерінің ірі молшерде табыс алуымен ұштасса, қылмыс кұрамы аяқталған деп танылады.
Осы кылмыстық құқық бұзушылық құрамы материалдық құрамға жататындықтан қоғамға қауіпті іс-
әрекет пен оның зардабының арасындагы себепті байланысты анықтау кажет. Ірі залал түсінігі
Қылмыстық кодекстің 3-бабының 38-тармағында берілген.
Ірі мөлшердегі табыс түсінігі 3-баптың 38-тармағында көрсетілген.
420
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылык тікелей қасақаналыкпен істе- леді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі - кәсіпкерлер немесе коммерциялык ұйым
жетекшілері.
Қылмыстық кодекстің 221 -бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын бел- гілері
көрсетілген: 1) бірнеше рет; 2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойын- ша; 4) адамның
кызмет бабын пайдалануымен жасалған әрекеттер.
Қылмыстық кодекстің 221-бабының 3-тармагында 1) кылмыстык топ; 2) жалған көрсетілген
қылмысты ерекше тәсілмен істеу арқылы монополиялық бага белгілеуге не- месе бәсекені шектеуге
қол жеткені үшін жауаптылық белгіленген. Бұл күш қолданып немесе күш қолданамын деп
қорқытып, сол сияқты бөтеннің мүлкін жойып не бүлдіріп, не оның мүлкін жоямын немесе
бүлдіремін деп қоркытып жасалған (қоркытып алу бел- гісі жоқ) әрекеттер болып табылады.
Бұл жерде қорқыту қылмыстық кұқық бұзушылықтың тәсілі ретінде қарастырылады. Осындай
корқыту әрекеттері арқылы субъект монополиялық баға белгілеп бэсекені шек- теуге әрекет етеді
немесе мақсатына жетеді. Мұндағы күш колдана, күш
қолданамын деп қорқыту, мүлікті жою,
бүлдіру, немесе мүлікті бүлдіремін, жоямын деп коркытудың түсінігі ҚК-тің 194-бабындағы
осындай түсініктермен бірдей. Егер кінэлінің іс-әрекеті жогарыда көрсетілген әрекеттерді істеу
арқылы мүлікті немссе мүлікке құқықты беруді талап етумен ұштасса, онда оның әрекеті
Қылмыстық кодекстің 194-бабымен саралана-
ДЫ.