435
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының
уәкілетті банкіндегі
шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын ұлттык және шетел валютасындағы қаражатты
шетелден ірі мөлшерде кайтармауы - кылмыстык кұкык бұзушылык болып табылады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей обьектісі - мемлекеттің сыртқы экономикалык
кызметін реттейтін коғамдык қатынастар.
Қылмыстық құқык бұзушылықтың заты - ұлттык жэне шетел валютасы.
Шетел валютасы дегеніміз мемлекеттердің акша жүйесінде
айналымға шығарылған
банкноттары болып табылады. Олар мысалы АҚШ-та - доллар, Англияда - фунт стер- линг, ГФР-де
неміс маркасы т.б. Бұл каражаттар Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіндегі шоттарға
аударылугажататын болса, бірақсолай етілмей шетелде қалып қойса, онда ол осы қылмыстык кұкық
бұзушылык құрамының заты болып қарастырылады. Бұл ретте қылмыстық кұкық бұзушылықтың
жауаптылықтың негізгі шарты - қайтарылмаған ұлттық және шетел
валютасы ірі мөлшерде болуы
қажет. Қылмыстық кодекстің 3- бабының 38-тармағына сәйкес егер қайтарылмаған ұлттық және
шетел валютасындагы қаражат сомасы он бес мың айлык есептік көрсеткіштен асса ірі мөлшерде
жасалған деп танылады деп түсінік берілген.
Қылмыстық құқық бұзушылыктың объективтік жағы
шетелден аударылуға жататын
ұлттықжэне шетел валютасын қайтармау, яғни эрекетсіздік арқылы сипатталады. Мұндай ұлттық
және шетелдік валюта Қазақстан Республикасынан сыртқары жерлерге сатыла- тын тауарлар үшін
немесе
аткарылған жұмыс, кызмет көрсетулер үшін Республиканың уэкілетті банкіндегі шоттарға
белгіленген уакытта міндетті түрде аударылуға тиіс. Қылмыстык құкық бұзушылық үшін
жауаптылық нақты адамның осы ұлттық жэне ше- телдік валютаны Қазақстан банкіне аударуга
нақты мүмкіндігі болған ретте жэне соған міндетті болса, бірақ соған карамастан бұл әрекетті жүзеге
асырмаған жағдайда орын ала- ды. Яғни ұлттық және шетелдік валюта шетелдік банктің шотында
немесе баска жерде болуы, оны Қазақстан Республикасының уәкілетті банкіне аударуға
белгілі бір
адамның міндетті бола отырып, соны жүзеге асыруға, нақты мүмкіндігі бола отырып, соны істеме-
уін кінэлі адамның әрекетсіздігі деп білеміз. Егер ұлттык жэне шетелдік ұйымның теріс
әрекеттерінен (мысалы коммерциялық алаяқгықтан) басқа көрсетілген валюталар басқа мақсаттарға
жұмсалса немесе ондай қаражаттарды табу мүмкіндігі болмаса, онда адам- ды осы қаражатты
шетелден қайтармады деп жазықсыз жазғыруға негіз жоқ.
Қылмыстық кұкық бұзушылықтың объективтік жағының
тағы бір белгісі шетел- ден
қайтарылмаган валютаның мөлшері болып табылады. Заңда ол ірі мөлшер деп көрсетілген.
Қылмыстық кұқык бұзушылык ұлттық және шетел валютасындағы қаражатты қайтармаған
уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Осыған орай арнаулы норма- тивтік актілер мен басқадай
ресми құжаттар негізінде валюталық қаражатты шетелден қайтарудың мерзімін дәлме-дәл анықтау
қажет.
Қылмыстық кұқық бұзушылықтың субъективтік жагы - тікелей қасақаналық. Кінэлі адам ірі
мөлшердегі ұлттық және шетел валютасындагы қаражатты ше-
телден қайтармаганын және
қолданылып жүрген заңдарга сэйкес оның Қазақстан Республикасының уэкілетті банкісіндегі
шотына міндетті түрде аударылуга жататынын сезеді және оны Қазақстан Республикасына
қайтармауды тілейді.
Қылмыстық құқык бұзушылыктың субъектісі - арнаулы ұйым басшысы немесе жеке кэсігікер.
Достарыңызбен бөлісу: