438
мүлкі мен істерін баскару жөніндегі өкілеттіктер берілген адам оңалту немесе банкроттык кезінде
немесе банкроттықты күнілгері біле отырып, жасаса және олар ірі залал келтірсе, банкроттык
жағдайындагы заңсыз іс-әрекеттер деп танылады деп белгіленген.
Қылмыстык құкык бұзушылыктын тікелей объектісі -
банкроттық жағдайдагы несие
берушілердің талаптарын қанагаттандыруды реттейтін қогамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық мынадай іс-эрекеттер нысанын істеу
аркылы жүзеге асырылады; 1) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрган
жері туралы мэлімет-терді, не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру; 2) мүлікті өзгенің иелігіне
беру; 3) мүлікті иеліктен шыгару; 4) мүлікті жою;
5) экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою,
бұрмалау.
Қылмыстың накты жасалу нысандарына қарап кылмыстык кұкық бұзушылыктын заты - мүлік,
мүліктік міндеттеме, мүлік
туралы мәліметтер, бухгалтерлік және өзге де есеп құжаттары болуы
мүмкін. Іс-әрекет белсенді эрекет күйінде (беру, иеліктен шыгару, жою, бұрмалау) немесе
эрекетсіздік нысанда (мүлікіік міндеттемелерді немесе мүлік жөніндегі өзге де акпаратты жасыру)
арқылы жасалады.
Құрылысы жагынан бұл қылмыстық құқық бұзушылық материалдық құрамга жата- ды. Осыган
орай қылмыстың зардабы - ірі зиян келтіру орын алуы шарт жэне де себепті байланысты анықтау
қажет.
Осы қылмыстық құкық бұзушылық кұрамының объективтік жагының міндетті бел- гісі -
кылмыстык кұкык бұзушылықтың істслу жагдайы болып табылады. Бұл несие берушілердің
талабын канагаттандыра алмайтын банкроттык немесе банкроттықты күн ілгері білу жағдайында
істелген әрекет. Қылмыстық кұкық бұзушылык ірі зиян кел- тірілген уақыттан бастап аякталған деп
танылады.
Бұл зиян азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке келтірілуі мүмкін. Қазакстан
Республикасының Азаматтык кодексінің 21 жэне 51 -баптарында несие берушілердің талаптарын
қанағаттандыру тэртібі белгіленген, оларға: 1) кәсіпкер немесе занды ұйымның азаматтардың
өміріне және денсаулығына кел- тірілген зиян үшін, сондай-ак алимент өндіріп алу жөніндегі
талаптарын канагаттандыру жөніндегі жауапкершілігі; 2) еңбек шарты
бойынша жұмыс істейтін
адамдардың еңбегіне акы төлеу жэне авторлық шарттар бойынша сыйакы төлеу; 3) бюджетке немесе
бюджет- тен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі мемлекетке берешек; 4) несие берушілер
жатады.
Зиян осы жоғарыда көрсетілген кез келген адамга, сондай-ак міндетті төлемдерді алмаған
жағдайда немесе несие беруші болып табылған ретте мемлекетке де келтірілуі мүмкін.
Субъективтік жағынан қьшмыстық құкык бұзушылық касаканалықтың екі түрімен (тікелей
немесе жанама) жүзеге асырылады. Кінэлі адам мүлікті немесе мүліктік міндет- темелерді, мүлік,
оның молшері, тұрған жері туралы мәліметтерді не мүлік туралы
өзге де акпаратты жасырғанын,
мүлікті өзгенің иелігіне беретінін, оны иеліктен шығаратынын немесе жоятыны, сондай-ақ
экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік және өзге де есеп қүжаттарын жасырганын,
жойганын, бүрмалағанын сезеді, одан ірі зиян ке- летінін күні бүрын біледі және оның болуын
тілейді (тікелей касақаналык) немесе оған саналы түрде жол береді не оған немқүрайды қарайды
(жанама қасақаналық).
Қылмыстық қүқық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, ол үйымның басшысы неме- се меншік
иесі, не жеке кәсіпкер.
Қылмыстык кодекстің 237-бабының 2-тармагында осы қылмыс кұрамының ауырла- татын түрі
көрсетілген. Ол өзінің шын мэнінде дэрменсіздігін (банкроттығын) білетін құрылтайшы (катысушы),
лауазымды адам, заңды тұлғаның органдары, дара кәсіпкер, сол сияқты дэрменсіз борышкердің
мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берілген адам банкроттық рэсімі немесе оңалту
рәсімі кезінде басқа кредиторларға көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың
439
мүліктік талаптарын қүкыкка сыйымсыз канағаттандыруы, егер бұл іс-эрекет ірі залал келтірсе -
келтіре отырып канағаттандыруы болып табылады. Бұл жерде кінэлі адам Азаматтық кодекстің
арнайы баптарының талап- тарын бүзу аркылы несие берушілердің
талабын қанагаттандырудың
заңды белгіленген кезегін өрескел бүзады, сөйтіп жекелеген несие берушілерге артыкшылык жасай
оты- рып, басқа несие берушілерге ірі молшерде зиян келтіреді.
Қылмыстық кұқық бұзушылык тікелей қасаканалықпен істеледі. Өйткені үйым бас- шысы
немесе меншік иесі жекелеген несие берушілердіңталабын заңсыз қанағаттандыра отырып, басқа
несие берушілерге мүліктік залал келтіретінін сезеді жэне сол зардаптың болуын тілейді (тікелей
қасақаналык) немесе соған саналы түрде жол береді немесе бұған немкүрайды қарайды (жанама
қасақаналық).
Қылмыстык құқық бүзушылықтың субъектісі - ұйым басшысы, не меншік иесі неме- се жеке
кәсіпкер.
Достарыңызбен бөлісу: