Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну



Pdf көрінісі
бет349/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

242- 
6 а п. Банк операциялары туралы көрінеу жалған мәліметтер ұсыну 
Банк жумыскерлерінің заңды немесе жеке тулгалардың банк шоттары бойынша опера- 
циялар туралы көрінеу жалган мәліметтер ұсынуы, сол сияқты осы банктің іс жүзіндегі 
қаржылық жагдайымен көрінеу қамтамасыз етілмееен кепілгерліктер, кепілдіктер және өзге 
де міндеттемелер беруі, егер бұл әрекеттер азаматқа, ұйымга немесе мемлекетке ірі залал 
келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса
 -
 
белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқыгынан үш 
жылга дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде 
айыппұл салуга не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жүз сагатқа дейінгі мерзімге 
қогамдық жұмыстарга тартуга не тоқсан тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуга жазаланады. 
Банк қызметкерлерінің занды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша опе- рациялар 
туралы көрінеу жалған мэліметтер беруі, сондай-ақ осы банктің іс жүзіндегі каржы жағдайымен 
көрінеу камтамасыз етілмеген кепілдемелер, кепілдіктер және өзге де міндеттемелер беруі, егер бұл 
іс-әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе немесе келтіруі мүмкін болса 
Қылмыстық кодекстің 242-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық туындайды. 
Қылмыстык кұқык бұзушылықтың объектісі - банк операцияларын реттейтін қоғамдык 
катынастар. 
Қылмыстык кұкық бұзушылық объективтік жағынан мынадай белгілермен сипатта- лады: 1) 
белсенді әрекет арқылы; 2) заңда көрсетілген зардапты келтіру; 3) әрекет пен келтірілген зардаптың 
арасындағы себепті байланыс. Әрекет: 1) заңды немесе жеке тұлғалардың банк шоттары бойынша 
операциялар туралы көрінеу жалған мэліметтер бе- руі; 2) банктің іс жүзіндегі қаржы жағдайымен 
көрінеу камтамасыз етілмеген кепілдеме- лер, кепілдіктер жэне өзге де міндеттемелер беруі; 3) осы 
әрекеттердін азаматқа, ұйымга немесе мемлекетке ірі зиян келтіруі немесе келтіру мүмкіндігін 
тудыруы аркылы жүзеге асырылады. 
Көрсетілген қылмыстық құкық бұзушылық құрамының диспозициясы бланкеттік бо- лып 
табылады. Банк операциялары туралы мәліметтерді берудің тэртібі Азаматтық ко- дексте, Қазақстан 
Республикасының банк жэне банк жүйелері заңында, Ұлттык Банктін нормативті актілерінде, әр 
түрлі нұскауларында көрсетілген. 
Осы заң жэне басқадай нормативтік құкықтық актілер тыйым салған эрекеггерді жүзеге асыра 
отырып, банк шоттары бойынша операциялар туралы өтірік мәліметтер беру, баиктіп қамтамасыз 
ете алмайтын жағдайына карамастан кепілдемелер мен кепіл- діктер беру - ірі зиян келтіре 
отырылыи немесе ірі зиян келтірілу мүмкіндігі 
туғызылып 
жүзеге асырылса, қылмыстык кұкык 
бұзушылык болып табылады.



449
 
Қылмыстық құкык бұзушылык құрамы материалдык-формальдык. Ол заңда корсетілген іс-
әрекеттерді істеу арқылы зиян келтірілсе немесе зиян келтірілу мүмкіндігі болса аякталган деп 
танылады. 
Субъективтік жағынан кылмыстық құқык бұзушылык тікелей касаканалыкпен жүзеге 
асырылады. Кінәлі адам банк операциялары туралы азаматка, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян 
келтіретінін немесе келтіруі мүмкін екенін сезеді жэне одан зардап болуы мүмкін екенін күні бұрын 
біледі және соның болуын тілейді. 
Қылмыстық кұқық бұзушылыктың субъектісі арнаулы — банк операцияларын жүргізуге 
құкылы банк кызметкері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет